Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
абай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

Жакишева Жанаргүл Кенжегалиевна –Қарағанды қаласындағы №39 мектеп –гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   1І сынып  Қазақ әдебиеті                                                                                                    Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман –эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті  Сабақтың мақсаты:  Білімділік- М.Әуезов шшығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау; Дамытушылық – жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;Тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы   Сабақ типі: іздендіру сабағы   Әдіс-тәсілі: түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту. Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясы, топтау стратегиясы.  Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, сурет

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, on –Iine жүйесі бойынша сабақ өткізу, ақын портреті, шығармалар жинағы, жазылған рефераттар, слайдтар. Пайдаланылған әдебиеттер: Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары», Рауан-1990ж. 2. М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» А., 1980ж.3.Қазақ әдебиеті журналы, №12. 2000ж.4. «Біздің Мұхтар» (М.Әуезов туралы естеліктер)                                                                                                                                                               Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана. Қалайша бас имессің оған, сірә. Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып даярлығын тексеру;ә) кезекші арқылы түгендеу.             Жаңа сабақты түсіндіру.   Мұғалімнің кіріспе сөзі:Әр елде, әр кезде халық анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық –анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі-Мұхаң. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу-маржандай жалтылдаған сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің «Илиадасымен» тең түсетін «Абаймен» әлем халқын шарлауда.  Сұрақ: Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?   Жауап:оның сыры-жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз. Сол себептен де ол әлемнің түпкір-түпкіріне тоқтаусыз сапар шекті ақ па, қара ма, сары ма, мұсылман ба, христиан ба- барлық адамзат баласының жүрегіне жол тапты.                                         І. Даңқы өлмес, даусы сөнбес (Шетел жазушыларының ортақ лебізі)   Л.Арагон (француз жазушысы)        Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман-«Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп талай терең толғаныстар тудырады.   Комерундық Бенжамен Матип:     Шынында, бұл қазақтар-неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын... 1.    Эпопея дегеніміз не? 2.    М.Әуезов романындағы кейіпкерлер  жайында бір сөзбен дәлме-дәл сипаттама береді. Мінездемелерге тоқталу. Тараулар арқылы санамалап Абай жолын, Құнанбай жолын көрсету.  «Қайтқанда» «Шытырманда» «Бел-белесте» «Өрде» «Қияда» «Биікте»    

Қат-қабат шытырмандар арқылы өрге, қияға, биікке шығып келе жатқан Абайды көреміз. «Қияда» «Өрде» «Бел-белесте» «Шытырманда»  «Қайтқанда»      Жоғарыдан ылдилап төмендеп келе жатқан Құнанбайды көреміз.

ІІ. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі) №1 Кесте бойынша жұмыс 1.    Абай неге халық жағына шықты? Жауап:  Абай оқудан келгеннен кейін Құнанбайдың қасында жүріп, ел есіне араласа бастайды. Ел ішінде болып жатқан зомбылықты, қараңғылықты, теңсіздікті өз көзімен көреді. Әрі сол қарапайым халық ішінен өзіне дос таба біледі. Жуан бел надан, содыр ру басшыларынан бөліне кеткен бетінде, біреуден халықты, халықтың мұңын таба білді. Сол халықтың жоғын берер жаңалығын іздеді. Оған: «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы-бауырың» деген ойы дәлел. «Алда өмір, тартыс.Сол тартыста бұл жалғыз. Қуаты –ақылдық, үміті-халық. Өмірдің беліне шығыпты. Сол өткен жолында жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоғалтқанының көбіне өкінбейді. Жақында әке-Құнанбай кетті жат болып. Туысқаннан-Тәкежан... Тәкежандар кетті жауығып. Келер, кете берсін.Бірақ халық қалса, халыққа жалынды 2.    Абайдың өнер-білім жолына бет бұруының себептері неде? 3.    Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік, қайшылық тек әке мен бала арасындағы өкпе, наразылық па? 4.    Абай бейнесін жасаудағы жазушы жеткен биіктікті немен түсіндірер едің? Топтау Абай жолы

ІІІ. Адамның емес, ата ұлдары (Құнанбай бейнесі)   №2 Кесте бойынша жұмыс 1.    Құнанбай бейнесін қатыгез, кері кеткен кер заманның жанкешті жоқтаушысы ретінде суреттеуінің себебі неде? 2.    Құнанбайдың дәуренінің өтіп, заманының кетіп бара жатқанын романнан үзінді келтіре отырып дәлелде. 3.    Қодар мен Қамқа өлімінің басты себаптері неде? Топтау стратегиясы бойынша жұмыс Құнанбайлар жолы ІҮ Атаның ұраны емес, аталының қорлығы қосқандар (Эпопеядағы халық өкілдерінің образы)    Эпопеядағы басты кейіпкерлер келбетінің бір жүйесі – Дәркембай мен кедей жатақтар. Дәркембайлар арқылы автор XIX ғасырдың II жартысында қазақ даласында оянып келе жатқан таптық жіктеуді, кедейлердің ауыр өмірін суреттейді. Олар арқылы қаналушы халықтың  ең дана, ең жақсы қасиеттерін жинақтай білген.1. Дәркембайдың халық даналығын бойына жинаған, жиынтық, типтік бейне. Дәркембай қандай типтік бейнедегі кейіпкер екеніне тоқтал? 1.    Базаралы арқылы таптық санасы ояна бастаған күрескер қазақ кедейінің жиынтық бейнесі екенін дәлелде.

Дәркембай  

Базаралы

V. ... Қарашығым қоңыр қозым... (Абайдың сүйікті аналары – Зере, Ұлжан)    Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан  біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар. 1.    «Ел анасы » атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз? Жауап:  1.Зере Құнанбай алдында ешқандай да әлсіздік көрсетпейді. Қайта оны ықтырып отырады. Мысалмен дәлелдесек: -Қорқытпа келіндерімді!... О, несі?-деп қатты зекіп қап. Ілгері жылжып кеп екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне суық қарайды. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. Заман басқа, әйел сөйлеп, әйел ел басқаратын, билік айтатын заман емес еді. Әдет-ғұрып, ескі салттың заманы болатын. Ол сол феодалдық замандағы әйелдер теңсіздігі тудырған әлсіздік, замана әлсіздігі. Туған анасы туған баласына үкім айта алмайды. Себебі: әйел қоғамдық іске араласпауы керек. Өйткені ол қандай ақылды болса да «төмен етекті», отбасының ғана адамы. 2.    Ұлжан бақытты әйел ме?

VI. Тест жұмысы

VII. Маған ұнаған кейіпкер. (Оқушылар пікірі, ойтолғау) VIII. Сұрақтар топтамасына  жауап беру. 1. АБАЙ ЖОЛЫ ӨМІР ЖОЛЫ. ӨМІР ДЕГЕН ТУЛАП АҚҚАН ТЕҢІЗДЕН ӨЗ ОРНЫМЫЗДЫ ТАБУ. Абайша айтсақ, «Атаның ұлы болмай, адамның ұлы болу» біздің мақсатымыз. Біз қандай мамандық таңдасақ та, қандай өмір жолында жүрсек те, біз Абай атамыздың әділдігін, оқу-білімге ұмтылуын ту етіп биік ұстауымыз парыз! IX. Қорытынды.      Туған әдебиеттері үшін Сервантес, Шекспир, Бальзак, Диккенс,  Тиккери, Толстой, Достоевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлтын адамзатқа тегіс танымал, рухани туысқан етсе, ұлттық әдеби дамуымызды әлемдік биікке алып шығып, қазақ сөзі мен қазақ пікірін жалпы адамзаттық мәшурада алғаш рет паш етті.     Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық..  Бағалау. Сабаққа қатысуларын айта отырып бағалау. Үйге тапсырма. М.Әуезов өмірі мен шығармашылығын  оқу. Кейіпкерлер галереясына сипаттама жазу.

Тақырыбы: «Қыс» өлеңі. Абай Құнанбаев

Мақсаттары: 1. Абайдың “Қыс” өлеңімен таныстыра отырып, сол кездегі

табиғаттың адамдардың бейнесі арқылы өмірін білгізу.

2. Байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте

сақтауға үйрету, өз беттерінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

3. Іздемпаздыққа, табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу,

Абай өлеңдерін оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс – тәсілдері: «Ассоциация» құру, зерттеу жұмыстары, Венн диаграммасы, «эссе» жазу, «Автордың» орындығы стратегиялары.

Көрнекілігі: Қыс суреттері, көрме, интерактивті тақта.

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жұртты құрметтеп,

Бас иеміз біз.

II. Қызығушылығын ояту.

- Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Қыс айларын ата.

(Топтарға бөлу: 1топ-Желтоқсан, 2топ-Қаңтар, 3топ- Ақпан).

-Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді?

III.Мағынаны тану.

1..Жаңа тақырыпты хабарлау.

  • Ендеше, бүгін Абай Құнанбайұлының “Қыс” өлеңімен танысамыз.

2.Абай Құнанбайұлы туралы мәлімет беру.

Абай-ақын, аудармашы, ғұлама ойшыл, сазгер.

  • Абай атамыздың қандай өлеңдерімен танысып едік? Есімізге түсірейкші.( “Күз”,”Ғылым таппай мақтанба”,”Әсемпаз болма әрнеге” өлеңдері жатқа айтылады).

  • «Қыс» өлеңін үнтаспадан тыңдайық.

3. Оқулықпен жұмыс.

  • Бұл өлеңді оқулықтан өздерің іштей оқып шығыңдар.

  • Өлеңді шумақтап оқиық.

4. Жаңа сөздермен таныстыру.

  • Өлеңде түсініксіз сөздер бар ма?

.

5.Сұрақ – жауап:

6.Сергіту сәті.

- Қыста қандай мерекелер бар?

- Мерекеде адамдар бір-біріне тілектер айтады. Ендеше сендер де бір-біріңе

тілектер жазыңдар. Енді қағаздан қарлы кесек жасап, қар атысып ойнаңдар.

Жазылған тілектерді оқып шығыңдар.

7. Топпен жұмыс:

IV. Ой-толғаныс

V.Қорытынды.

- Абай атамыз туралы не білдіңдер?

- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

- Несімен?

VІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а). білімділік – Абай шығармашылығына талдау жасай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту.

ә). дамытушылық – мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.

б). тәрбиелік – оқушыларды адамгершілікке, табиғатты, қоршаған ортаны қадірлеуге, туған жерінің қадір-қасиетін ұғындыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Топтастыру» стратегиясы, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекіліктері: Абай портреті, 1, 2 кестелер, сөзжұмбақ, қыс бейнесі бейнеленген плакат.

Сабақтың құралы: Слайд.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  • Оқу құралдарын тексеру.

  • Сабаққа назарын аудару.

2. Үй жұмысын сұрау.

- Өтілген тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру

- Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»

- «Еңбекпен табылған нан тәтті» тақырыбына ой толғау жазу

3. Жаңа сабақ

а). Абай Құнанбаев кім?

ә). Абайдың шығармалары.

б). Абайдың «Қыс» өлеңімен оқып, танысу.

Өлеңді екі бөлімге бөліп оқу.

  1. «Қыстың сипаты»

  2. «Қысқы ауыл»

«Топтастыру» стратегиясы бойынша Абайды жан-жақты таныту

Өлеңді мәнерлеп оқу (Оқулықпен жұмыс).

(Бес шумағын бес оқушы мәнерлеп оқиды)

Қыстың жеке-жеке көріністері: (Ауызша)

  1. Кейпі (портреті);

  2. Әрекеті (демалысы6ьасқан жері, сілкінісі, бурандай долдануы);

  3. Қыстағы балалар;

  4. Қыстағы малшы күйі;

  5. Қыстағы малшы күйі;

  6. Қыста жылқыға қасқырдың тиюі;

  7. Малды ит-құсқа жем еткенше, тарығып отырған кедей ауылдарға бер деуі;

  8. Ант ұрған кәрі қысқа малды бермеу керектігі;

Дәптермен жұмыс

Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма.

Кейіптеу – жансыз нәрсеге жан бітіре суреттеу.

Сөздікпен жұмыс

Ұшпа – жеке, шоқ бұлт

Қондыбай, Қанай – адам аттары

Венн диаграммасы

(Қыс пен жазды салыстыру)

Сөзжұмбақ «Абай - ұлы ақын»

А

б

а

й

и

б

р

а

х

и

м

д

і

л

д

а

с

е

м

е

й

 м

ұ

х

т

а

р

ұ

л

ж

а

н

т

о

б

ы

қ

т

ы

т

е

л

қ

а

р

а

қ

ұ

н

а

н

б

а

й

а

қ

ы

л

б

а

й

о

с

п

а

н

Сұрақтары:

  1. Анасы Ұлжанның қойған аты.

  2. Абайдың азан шақырып қойған аты.

  3. 13 жасында атастырған Алшынбайдың немересі.

  4. Абайдың туған елі.

  5. «Абай жолы» эпопеясының авторы.

  6. Абайдың анасы.

  7. Абайдың руы

  8. Жеңгесінің еркелетіп қойған аты.

  9. Абайдың әкесі.

  10. Абайдың тұңғыш баласы.

  11. Абайдың тентек інісі.

4. Жаңа сабақты бекіту

1. Абайдың табиғат лирикасы жайында не білеміз?

2. Қыс суретін өлеңмен қалай өрнектеген?

3. Абайға дейінгі әдебиетте мұндай жағдай болды ма?

4. Лирика, оның тақырыптық түрлері дегеніміз не?

5. Кейіптеу дегеніміз не?

5. Үйге тапсырма: - Абай өмірі мен шығармашылығын оқу.

- «Қыс» өлеңін жаттау.

- «Қыс бейнесі » тақырыбына шығарма жазу.

6. Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау, күнделігіне қою.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жат тоқы көңілге.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы жан - жақты мәлімет беру; дамытушылық - оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру және өлеңді құрылысына қарай талдау дағдысын қалыптастыру; тәрбиелік - ұлы ақынның шығармаларынан үлгі - өнеге алу, өнерді құрметтеуге, әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы. Сабақтың әдіс - тәсілі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топтық жұмыс. Көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың портреті, шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасып, сыныпты 3 топқа бөлемін. І топ Жүрек ІІ топ Қайрат ІІІ топ Ақыл Сабаққа кіріспестен бұрын оқушылардан бүгінгі ауа райы туралы пікірлерін білу. - Оқушылар, әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі болатыны белгілі. Яғни, жыл мезгіліне байланысты ауа - райының құбылып, өзгеріп отыратынын сіздер жақсы білесіздер. Олай болса, қазақ жұлдызшыларының қыс мезгіліне қатысты ауа райын қалай болжағандығына назар аударайық. Айдың туу, тоғысу және аралық шағын байқап, бағамдай білген қазақ халқының көріпкелдері, жұлдызшылары қай кезде ауа райының қандай болатынын дәл тауып, айтып берген. ҚЫРБАСТЫҢ ҚЫЗЫЛЫ - желтоқсан айының басында болатын алғашқы аязды халқымыз осылайша атайды. Сарыарқа өңірінде қыс ерте түсіп, қатты аяздар, бұрқасын борандар басталады. КҮННІҢ ТАЛАСУЫ - бұл мезгіл қаңтардың алғашқы күніне тұспа - тұс келеді. Осы кездері күн бойы көтереді, ауа райы өзгеріп, қар жауады. Боран болуы да мүмкін. ҚЫС ШІЛДЕСІ. Бұл - қаңтардың соңғы күндері. Осы кездері қыс күшіне еніп, сақылдаған сары аяздар орнайды. Қыстың осындай нағыз қақаған уақыты «қыс шілдесі» деп аталады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу және өлең құрылысына талдау жасау. ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі. 1. Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары? (1841 - 1889) 2. Ыбырай Алтынсарин қайда дүниеге келген? (Қостанай облысы Затобол ауданында) 3. Ыбырай кімнің тәрбиесінде болады? (атасы Балғожа бидің) 4. Ыбырай қандай игі іс атқарды? (1864 жылы мектеп ашады) 5. 1864 жылы ашылған мектебінде Ыбырай қанша бала оқытты? (14 бала) 6. Бала оқытқанына қатты қуанған Ыбырай бір хатында не деп жазған? (Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балалар да менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды) 7. Ыбырайдың табиғат лирикасына арнаған өлеңін ата. (Өзен) ІҮ. Жаңа сабақ. 1) «Қызығушылықты ояту» сәті Оқушыларға «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдатамын. - Оқушылар, бұл әннің авторы кім? - Абай Құнанбаев. 2) «Топтастыру» стратегиясы - Абай Құнанбаев туралы не білесіздер? Ұлы ақын Сазгер Аудармашы Шешен Ағартушы Қоғам қайраткері Саясаткер Әділ би табиғат жыршысы Қазақ әдебиетінің көшбасшысы Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» 3) «Түртіп алу» стратегиясы ( Оқушылардың қолдарына Абай туралы жазылған деректі беріп, дайындалуына 5 мин. уақыт беремін) «Ү» «-» «+» «?» білемін білмеймін жаңалық Күдікті, таң қалу Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шыққан руы – Тобықты. Ата - тегі сол тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскенбай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын боп кеп, бір уақыт Қарқаралы округіне аға сұлтан да болады. Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Смағұл атты балалары болған. Бұлардан Абай жас кезінде - ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі - аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр - қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан - жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар. Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул - Жаппар, кейін Ахмет - Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады. Оқуының соңында Абай мұсылманшамен бірге Семейдегі «Приходская школадан» үш ай орысша білім алады. Осы үш ай Абайдың өз бетімен орыс тілін, әдебиетін игеріп кетуде, қазақ әдебиетіне жаңа сарын әкелуде көп әсері болады. 1904 жылы 23 маусымда қайтыс болады. Сүйегі өз қыстауы Жидебайға қойылады. 1888 - 1890 жылдардағы табиғаттың төрт мезгіліне арналған «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» өлеңдерін жазады. Абай - әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен, жай мағынасын ғана аударумен шектелмей, алғаш Абай Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударған. Абайдың поэмасы үшеу: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім». Бұл поэмалар қазақ өмірінен алынған емес, шығыстық сарынында жазылған. Абайдың 45 қара сөздері бар. Абайдың әндерінің бәрі - қазір нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар. 4) Термин сөздермен жұмыс. Лирика - адамның көңіл күйін білдіретін сыршыл өлең түрі. Лириканы: саяси, махаббат, философиялық, табиғат, азаматтық деп бөлеміз. Кейіптеу - жансызды жанды түрінде суреттеу, яғни жандының іс - әрекетін, қимылын бере суреттеу. 5) Өлеңмен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. І топ Қайрат тобына: - Табиғат лирикасы туралы айту; - Өлеңде кездесетін жаңа сөздерді теріп жазу. ІІ топ Ақыл тобына: - Өлеңнен кейіптеуді табу; - Қыстың жеке - жеке көріністерін дербес алып қараңдар. ІІІ топ Жүрек тобына: -«Қыстың сипаты» немесе «Қысқы ауыл» деген тақырыптар бойынша суреттер салыңдар. - Ы. Алтынсарин «Өзен» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін салыстырыңдар 6) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. Өлеңнің авторы: А. Құнанбаев Өлеңнің тақырыбы: Қыс Идеясы: Қысқы табиғаттың көрінісі Жанр түрі: табиғат лирикасы Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Қазақ ауылының тұрмыс - тіршілігі Кейіптеу: жансызға жан бітіріп сипаттау. Шумақ Тармақ Бунақ Буын Ұйқас Көркем сөздер 5 22 2 11 А А Б А Ақ киімді, // денелі, // ақ сақалды, - А 11 б Соқыр, мылқау,// танымас// тірі жанды. – А 11 б Үсті - басы//- ақ қырау,// түсі суық, - Б 11 б Басқан жері// сықырлап// келіп қалды. – А 11 б (Қара өлең ұйқасы) Дем алысы -//үскірік, // аяз бен қар, - А 11б Кәрі құдаң // қыс келіп,// әлек салды. – Ә 11 б Ұшпадай// бөркін киген// оқшырайтып, - Б 11 б Аязбенен // қызарып // ажарланды. – Ә 11 б (Кезекті ұйқас) Бұлттай // қасы жауып // екі көзін, - А 11 б Басын сіліксе, // қар жауып, // мазаңды алды. – Ә 13 б Бурадай // бұрқ - сарқ етіп // долданғанда, - Б 11 б Алты қанат // ақ орда // үй шайқалды. Ә 11 б (Кезекті ұйқас) Ү. Сабақты бекіту. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша І топқа «Табиғатым - мекенім» эссе жазу. ІІ топқа «Абай ата ізімен» қыс мезгіліне өлең шығару. ІІІ топқа 5 сұрақ әзірлеу. ҮІ. Үй тапсырмасын беру. «Қыс» өлеңін жаттау. ҮІІ. Бағалау.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Абай Құнанбаевтың қыс өлеңі

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды. Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/olen/1216-kunanbaev.html?Like © www.ZHARAR.com

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы«Қыс» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік Оқушыларға ұлы Абай өмірінен баяндай отырып, оның лирикаларының мазмұнын ұғындыру, табиғаттың сұлу да бай көрінісінің

жанды тіршілікпен суреттелуін түсіндіріп, білімдерін тереңдету

2) Дамытушылық Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіріп,

шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау

3)Тәрбиелік Табиғатты аялауға, елін, Отанын сүюге, адамгершілікке

тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, кубик, тапсырма материалдары, тест қағаздары,

интрактивті тақта, қыс суреті, сөзжұмбақтар, таратпалар, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі:CТО, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, талдау, топтастыру, тест, кубизм

стратегиясы, бейнебаян, музыка

Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі, тарих, музыка, бейнелеу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Амандасу (Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау)

-Сәлеметсіңдер ме?

-Отыра қойыңдар

-Сабақта қай оқушы жоқ?

Қазір бізге қай сабақ?(оқушылар хормен)

-Адамға мол тәлімің,

Ақыл ойдың бәрісің,

Әдеп тәртіп үйреткен,

Әдебиет пәнісің.

— Олай болса, әдебиет пәнінен үйге не беріліп еді?

2. Үй жұмысын сұрау.

Ыбырай алтынсариннің «Өзен» өлеңін жаттау

Поэзия минуты

Сонымен бірге, сыныптан тыс жұмыс берілген болатын: өз еркімізше сөзжұмбақ, ребус жасап келу.

Оқушы өлеңді жатқа оқып, өзге балалар тапсырмаларын көрсетеді.

3.Үй жұмысын қорыту

ØТест жұмысымен

(Әр қайсысына тест жұмысы таратылады. Алмастыру минуты болып, жауабын тақтамен тексеру)

ØТоптастыру әдісімен Ыбырай кім?

4.Жаңа сабақ Таңдамалы тәтті тіл – Абай тілі,

Ақынға дос, жаныңа тиеді жылы.

Шымырлатып денеңді сүйсіндіріп,

Шертіледі жүректің нәзік қылы,- деп Иса Байзақов айтқандай шығармашылығы түпсіз терең мұхитпен тең келер, ғажайып суреткер, нәзік лирик, көркемсөз шебері, ойшыл ақын – Абай Құнанбайұлы. Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлынының табиғат лирикаларының ішіндегі «Қыс» өлеңіне тоқталмақпыз. Мақсатымыз – Абай өмірінен мағлұмат ала отырып, ақынның табиғат лирикасын жете түсініп, жан-жақты білім алып, қоршаған ортамызды тануға үйрену.

Абай өмірі.АбайИбраһим Құнанбаев 9,07.1845-23,06,1904 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі,әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған. Әкесі Құанбайдың қатал тәрбиесінде, әжесі Зеренің мейірімді ортасы Семей өңірі Шыңғыстаудың баурайында тәрбиеленіп өседі.Кішкене кезінде ақын те сенгіш және тентектеу болған екен. Бірақ, сондай мінезі бола тұрса да, өзге балалардан ерекшелгі үйге келген қонақтардың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әңгімелерін бар ынтасымен тыңдайтын. Оқуда жүрген кезінде де өзге балаларға қарағанда өте зейінді, ұғымтал болған. Білімге деген ерекше ынтасының арқасында бос уақыттарында араб, парсы, түркі тілдеріндегі кітаптарды көп оқыған. Ол өлеңдері арқылы жалпақ жұртты, жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен, табиғаттың әсем бейнелерін жандандыра, көз алдымызға елестете отырып, суреттейді.

<p