Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523.38 Кб
Скачать

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, а. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қарасөзі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1. Жиырма тоғызыншы қарасөздін мазмұнын білу.

2.Жиырма тоғызыншы қарасөздін мазмұнын талдау арқылы түсіну.

3. Жиырма тоғызыншы қарасөздегі мақал –мәтелдерге айтылған сыни пікірді салыстырып үйрену.

Күтілетін нәтиже

1. Жиырма тоғызыншы қарасөзінің мазмұнын білетін болады.

2. Жиырма тоғызыншы қарасөздін мазмұнын талдау арқылы түсінеді.

3. Жиырма тоғызыншы қарасөздегі мақал –мәтелдерге айтылған сыни пікірді салыстырып үйренеді.

Негізгі идеялар

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Тапсырмалар

  1. Ойқозғау (сұрақ-жауап)

  2. Топтық жұмыс (мәтінді талқылау)

  3. АКТ-ны пайдалану (бейне сюжет көрсету)

  4. Жұптық жұмыс (кесте толтыру)

  5. Жеке жұмыс (блум таксономиясы)

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау

3 минут

2 минут

6 минут

1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру;

2.Түрлі түсті қағаз бетіне Абайдың өлеңі, әні және нақыл сөзі жазылған қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөлу;

«Желсіз түнде жарық ай»,

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,

«Жаман дос – көлеңке»

3. Тақырыпты анықтау мақсатында үнтаспадан Абай Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қара сөзін тыңдату

4. Ой қозғау кезеңі

(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру)

Алған сурет қиындылары арқылы топтасып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау

7 минут

«Мағынаны тану »

Абай Құнанбайұлының жиырма тоғызыншы қара сөзінің мағынасын ашу,түсіну мақсатында оқулықты пайдалану. Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді абзац бойынша бөліп беремін

Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын постер арқылы жеткізу.

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді

Өз ойларын еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

«Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» немесе Абай атаға хат

Шығармашылық жұмыс. Оқушылар өз ойларын жазады.

Талдау

Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру

7 минут

Қазақ мақалдары

Абайдың көзқарасы

Менің ойымша

Жарлы болсаң ,арлы болма

Қалауың тапса, қар жанады

Атың шықпаса, жер өрте

Алтын көрсе, періште жолдан таяды

Ата – анадан мал тәтті,

Алтын үйден жан тәтті

Оқушылар берілген кестені толтырады.

Жинақтау

Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау

7 минут

Ойлау деңгейлері

Сұрақтармен тапсырмалар

Оқушының жауабы

Білу

А.Құнанбаевтың қандай шығармаларын білесің?

Түсіну

Сенің өмірінде Абай шығармашылығының алатын орны қандай?

Қолдану

Ақынның қарасөз жазудағы мақсаты не ?

Талдау

Неліктен Абайдың қара сөздерін - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы дейді ?

Жинақтау

Қарасөздерден қандай тағылым, үлгі алдыңдар ?

Бағалау

Абай шығармашылығымен танысу сіз үшін қаншалақты маңызды?

Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген кестені толтыруға тырысады.

Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

Рефлексия 2минут

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді ?

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз

Сабақтың тақырыбы :А.Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі туралы білу.

2.Өлеңді құрылысына талдау арқылы түсіну;

3.Өлеңнің құрылысын және мәтінін әдеби –теориялық тұрғыда талдап үйрену;

Күтілетін нәтиже

1.«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі туралы білетін болады;

2. Өлеңді шумағына, ұйқасына талдау арқылы түсінеді;

3. Өлеңді құрылысын және мәтінін әдеби –теориялық тұрғыда талдап үйренеді;

Негізгі идеялар

Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тапқан тағы бір тың тақырып, ол қазақтың әніне арналған өлеңі. Бұл өлең 1896 жылы жазылған, көлемі 38 жолдан тұрады.

Тапсырмалар

  1. «Радиоға қоңыраулар шалу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

  2. Сұрақ қою техникасы

  3. Топтық жұмыс (мәтінді талдау)

  4. АКТ-ні пайдалану

3. Жұптық жұмыс

4. Жеке жұмыс

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау

3 минут

2 минут

1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру;

2. Алған білімдеріне сүйене отырып нені білетіндіктерін анықтау мақсатында «Радиоға қоңыраулар шалу»арқылы үй тапсырмасын сұрау

3. Тақырыпты анықтау мақсатында түрткі сұрақ қою

(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру)

Оқушылар радио жүргізушісі болып өз білімдерін пысықтайды

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

Сынып оқушылары смайликтер арқылы үш топқа бөлінеді

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау

10 минут

Абай Құнанбайұлының " Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа " өлеңінің мағынасын ашу,түсіну мақсатында оқулықты пайдалану. Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді бөліп беремін:

1-топ өлеңнің 1,2,3- ші шумақтарын мәнерлеп оқиды, өлеңнің авторын, тақырыбын, жанр түрін, идеясын табады;

2-топ өлеңнің 4,5,6-ші шумақтарын оқиды, мазмұндайды, шумағын, тармағын, бунағын, ұйқасын табады

3-топ 7,8,9 –ші шумақтарын оқиды өлеңнің ішінен әдеби теориялық ұғымдарды табады.

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды.

Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.

Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

1-топ ­«Ән өнері» тақырыбында постер толтыру

2-топ Интернет желісін пайдалану арқылы ақынның басқа ән туралы өлеңін тауып, мәнерлеп оқып береді

3-топ Алған әсерлері бойынша сурет салу немесе бір шумақ өлең шығару

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, интернен желісін пайдалану арқылы жаңа өлеңмен таныстырады, өз ойларын сурет арқылы еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Талдау

Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру

7 минут

Кестемен жұымыс (жұптық жұмыс)

Өлеңдер

Шығарма стилі

Шығарма стиліне сай таңдалған сөздер

Қансонарда бүртікші шығады аңға

Қараңғы түнде тау қалғып

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Оқушылар берілген кестені толтырады.

Берілген тапсырманы ой елегінен өткізіп, салыстырады.

Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда өзара бағалауы жүзеге асады.

Жинақтау

Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау

7минут

­«Әнді сүйсең , менше сүй» тақырыбында эссе жазу

Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырманы орындауға тырысады.

Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

3 минут

Рефлексия

Критериалдыбағалау жүзеге асады

Рефлексия

Үйрендім ? Қиын болды

Оқушылар өздерін бағалау парақшалары арқылы шынайы бағалайды

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

«Талаптыға нұр жауар» кезеңі

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. 19 ғ.-дың 90-жылдардың аяғында жазған «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін  Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге арнаған.Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы

Өлең аттары

Эстетикалық көзқарас

Өлең – сөздің патшасы

Өлеңге анықтама беру, ақын мақсаты, тыңдаушыға, ақынға қояр талабы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Өлеңді жастарға үлгі беру мақсатында жазу;

жастарға қояр талабы; өнерді қор етпеу

туралы пікірі

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Адам өміріндегі әннің орны, әнге,әншіге,тыңдаушыға қояр талабы. Ақын мақсаты

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән, тәтті күйдің адам өміріндегі орны. Ақынның махаббаты. Ақын және өнер

Адамның кейбір кездері

Сөздің, өлеңнің  туу сипаттары. Ақын және

халық мұңы, зары. Ақын және замана.

Ақынға қояр талабы

Берілген өлеңді оқып, бір – біріне түсіндіреді.

Топпен жұмыс

Қолдану

-          Ақынның айтайын деген ойы қандай?

-          Адам,қоғам,әдебиет, өнер проблемасын қалай көтерді? (әдебиет пен өнердің қоғам,адам тіршілігіндегі ролі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырды)

3.Мына салыстырмалы бағандарды пайдалана отырып, өлеңдедегі ақынның эстетикалық  көзқарасын, көркемдік тәсілін талда.

Өлеңі

Әнге қояр талабы

Тыңдаушы және әнші

Поэтикалық ерекшелігі

Ақынның жетістігі, табысы

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

«Әннің де естісі бар» «көбінесе ән басы келеді ащы»

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай тұнық»

Ұйықтап жатқан ойды ән оятар

Әннің адам өміріндегі маңызын ашып береді.Әншіге, әнге эстетикалық талап қоя біледі.

Сергіту сәті

Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

«»

Талдау

Өлең құрылысына талдау

Өлеңді талдайды.

«Бірге ойлаймыз»

. 1. «Менің сүйікті әншім» 2. «Сүйікті әншім»

  1. «Әнді сүйсең менше сүй»

«RAFT» әдісі

Қорытындылау

«Мен қазақтың қарапайым әнімін» тақырыбына әр оқушы сол рольге еніп, өз ойын жазады. Ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

Өткен тақырып бойынша түсінгендерін жіпке тізіп айтып шығады.

Оқушылар рөлге еніп ойларын еркін жазады.

«Авторға хат»

Бағалау.

«Авторға хат жазу»

Оқушылар өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма

1. Өз қалаулары бойынша өнерге, әнге  байланысты өлең жаттап келу. (Абай шығармашылығынан)

2.     Шығарма «Абай — сазгер», «Абай – тұңғыш өнер, әдебиет сыншысы»

Кері байланыс

Рефлексия

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады.

Кері байланысты іске асырады.

Қорытынды сөз

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

   Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс,

  Басқа біреу қол ұшын келіп маған бере ме?-деп Т.Молдағалиев жырлағандай, Абай-дара,дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

2-апта (16.10.12ж)

2-күн

1-сабақ

Сыныбы

6 «А»-сыныбы

Пәні

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі

Жалпы мақсаты

Абай туралы 5-сыныпта өткен Мұхтар Әуезовтың «Ақын қонақтар» әңгімесіндегі Байкөкшенің батасын жасыра отырып еске түсірдік. Топтастыру стратегиясы арқылы Абайға кеңірек еске түсіріп тоқталдық. Диалог әдісін қолдана отырып «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңнің тақырыбын ашқыздым.

Өдеңді мәнерлеп оқыта отырып оқушылардың дарындылығын анықтау, поэзия деген сүйіспеншілігін оятуды бағалау арқылы оқушы деңгейін сараладық.

Сілтеме

6-сыныптың Әдебиет оқулығы, Абай Құанбаевтың өлеңдер жинағы, 1-2 том, «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы «Мұғалімге арналған Нұсқаулық»,тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.

Оқыту нәтижелері

А.Мослоу қажеттілігі жүзеге асырылды. Абай суреттеуіндегі жүйрік ат бейнесін тану. Оқушылар пікірлеседі, бір мәмлеге келе алады. Өз ойын еркін жеткізеді, өлең идеясын ашады,құрылысына,тіл ерекшелігіне талдай алады.

Негізгі идеялар

Тай құнанға жеткізер, Құнан атқа жеткізер, Ат мұратқа жеткізер (Халық).

Топқа бөлу (құрастырмалы Баянауылдың табиғат көрінісі арқылы).

Тапсырма көздері

69-бет Мұхтар Әуезовтың Абайға берген бағасын оқу,оны үш топ үш түрге түсіндіру

Абай кім? Қандай білім нәрімен сусындап өсті.

Постер қорғау

Абай туралы не білеміз?

Постер қорғау

Абай өмірінің бір сәтінен Көрініс көрсету

Абай сонымен кім болды? дей келе топтастыру стратегиясына электрондық тақтаны пайдаландық

сазгер

аудармашы ← Абай → ақын

лирик

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін 3 топтан 2 оқушы мәнерлеп оқыды

Тапсырма көздері

Өлеңді тіл ерекшелігіне талда

Эпитет, метафора, теңеу

Өлең құрылысына талдау (бунақ, шумақ, тармақ, ұйқас)

Оқулықтан №2,3 тапсырма «Ер қанаты- ат» мақалын түсіндіру

Ойтолғау

Бағалау критерийлері арқылы топ топты бағалайды.

Міндеттері

Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып жылқы малының қасиетін ұғындыру. Топтарға тапсырма беру арқылы әдебиет теориясынан білімін шыңдау. Мұғалім көшбасшылығын дамыту арқылы оқушының қызығушылығын арттыру

Кері байланыс

Өзін өзі бағалау.Диалогтік әдіс,Зерттеушілік әңгіме

Үй тапсырмасы

Абай өмірі, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін мәнерлеп оқу.Әдемі жылқы суретін бейнелеу