Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523.38 Кб
Скачать

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі

Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, қазақ поэзиясының асқар биігі Абайға,  оның шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін туғызу. 

Міндеті: білімділік-өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту; тәрбиелік- адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу. 

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.

Көрнекілігі: Абай суреті, сабақ кезеңдері (слайд).

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралын тексеру. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту “Кім жылдам?”

1. Абай кім? 2. Қашан. Қай жерде, дүниеге келген? 3. Абайдың шын есімі кім? 4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? 5. Қандай әндерін білесіңдер? 6. Қанша қара сөзі бар?

7. Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады? 8. Оның авторы кім? 9. Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар? 10. 31 қара сөзі не туралы? 

Топтастыру әдісі

 

 

Мағынаны тану.

ІІІ. Жаңа сабақ.

- Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның “Әсемпаз болма әрнеге” өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге  баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық  болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады. 

ІV. Оқулықпен жұмыс.

“Әсемпаз болма әрнеге” өлеңін мәнерлеп оқыту. 

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау. 

1. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

3. “Алдың-жалын, артың – мұз” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

4. “Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру,” сөздерінің мағынасын ашыңдар?

5. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?

V. Дәптермен жұмыс. “Пайда, мақтан, бәйге, жасыру”  сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу. 

    Ақыннң нақылға айналып кеткен өлең жоладарын дәптерге түсіріп алу. 

Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі. 

Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған. 

Шалыс ұйқаспен жазылған.

Ә-сем-паз // бол-ма// әр-не-ге      8 буын       а)

Ө-нер-паз // бол-саң// ар-қа-лан,  // - //          б)

Сен/-де бір // кір-піш // дү-ние-ге, // - //         а) 

Ке-ті-ген // тап та //бар қа-лан!  // - //             б)

VІ. Сөздікпен жұмыс.

Шапқат (шапағат) - мейірім, жәрдем, көмек.

Ез (езбе) – мезі етуші, мыжыма.

VІІ. Үйге тапсырма. 1. Өлеңді жаттау; осы тақырыпқа ой толғау жазу.

Сабақ тақырыбы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

Сабақ тақырыбы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі Сабақ мақсаты:  1. өлеңнің идеялық мазмұнын түсіндіру, талдай оқуға үйрету. 2. бірлесіп  жұмыс жасауға баулу, оқу-білімге, еңбекшілдікке шақыру, өмірден өз орнын таба білуге тәрбиелеу. 3. тіл дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру,  шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.

Сабақ түрі: жаңа білімді игерту. Сабақ үш фазадан тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту.

  2. Мағынаны ажырату

  3. Ой-толғаныс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру, сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, мәселелі сұрақтар, эссе, АКТ Пәнаралық байланыс: ән-күй, тарих, сурет Сабақ көрнекілігі: ақын портреті, бүктемелер, слайд Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

/Сыныпты екі топқа бөлу, топбашысын тағайындау, бағалау парақтарын үлестіру/ 1 топ «Болашақ» тобы 2 топ «Аманат» тобы

Үй тапсырмасын тексеру: Отыз бірінші қара сөз бен «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі –         жатқа мәнерлеп оқыту –         ақын шығармаларының тақырыбы мен идеясына байланысты  топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

Үй тапсырмасын қорытындылау: –         жазған ой толғауларын оқыту

Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі 1 слайд. Абай- дария, мен  одан шөмішпен қалқып алдым. М.Әуезов

Оқушыларға ақынның болашаққа аманаттаған жаңа бір өлеңімен  танысатындығымызды айтып, сабақтың эпиграфымен, /М.Әуезовтың сөзі/  жоспарымен таныстырып өтемін.

Слайдты қолдана отырып, топтастыру әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.

2 слайд. Сабақ жоспары: 1. Өлең  туралы мәлімет 2. Сөздік жұмысы 3. Өлеңнің идеялық мазмұнын талдау 4. «Әнді сүйсең, менше сүй» ақынның  музыкалық шығармалары 5. Әдеби-диалог журналы

Мына сызба нұсқаны қолдана отырып, өлең туралы  мәлімет беремін. 3 слайд. 1909 жылы                                                                           ағылшын, түрік,  араб                                                         Санкт-Петербург қаласында                                          т.б тілдерге  аударылған.                                    Басылған «Абай Құнанбайұлы өлеңдері»                                                                 жинағына жазылған.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі 1894 жылы жазылған                                                        4 тармақ, 6 шумақ Мағыналық құрылымы жағынан                                                        Төрт бөлікке бөлінеді.

4 слайд. Өлеңнің идеялық мазмұнымен жұмыс –         Өлеңді мәнерлетіп оқыту –         Түсініксіз сөздермен жұмыс Шапқат /шапағат/-мейірім, жәрдем, көмек                                                                    Ез /езбе/- мезі ету                                                                                                    Әсемпаз- көрсеқызар, қызғаншақ                                                                     Майданға түспей-еңбектенбей

Өлеңді талдай оқытып, әр шумақтың мағыналық құрылымдарын анықтатып, жазғызамын.

1 шумақ

Ақын адам алдына нақты міндет қояды, оған белгілі бір игі іс атқару парызын жүктейді.

2-3 шумақ

Сол міндетті орындауға, істі атқаруға қажетті адамгершілік ізгі қасиеттер көрсетіледі. 

Қайрат, ақыл бір болып, әділет пен шапағат шет қалса, адамгершілік негізі кемелденбей, өмірі бағдарсыз, баянсыз өтетіндігі туралы ой  тұжырымдалады.

4-5 шумақ

Адамгершілік кемелдікке  жетуге ниет еткен  кісінің қандай жаман  қылықтардан бойын  аулақ салуы парыз екендігі көрсетіледі.

6-шумақ

Адамгершілік кемелдікке  жетуге ниет қылған  адамның  қандай  жақсы қылықтарды әдет етуі қажеттілігі туралы ғақылымен аяқталады. Бұл шумақ алдыңғы  шумақтардың қорытындысы, түйіні.

Өлең құрылысына талдау

Оқушылар интерактивті тақтада талдайды, өлең құрылысы туралы алған теориялық  білмдерін қайталайды, шалыс ұйқас өлең өлшеміне енгізген ақынның жаңалығы екендігі айтылды,

 

Әсемпаз болма әрнеге,                 а 8 буын                                                           Өнерпаз болсаң арқалан.              б 8 буын                                                                               Сенде бір кірпіш дүниеге,            а 8 буын                                                                        Кетігін тап та, бар қалан.              б 8 буын

2  бунақ, 8 буын, шалыс ұйқай

Ақырын жүріп, анық бас,             а 8 буын                                                           Өнерпаз болсаң арқалан.              б 8 буын                                                                               Сенде бір кірпіш дүниеге,            а 8 буын                                                                        Кетігін тап та, бар қалан.              б 7 буын

2 бунақ, 7-8 буын, шалыс ұйқас

Сұрақ: –Өлеңде ақынның  афоризмге айналып кеткен қандай тармақтары бар?

-Тағы да қандай қанатты сөздерін білесіңдер?

Танымдық деңгей

«Әнді сүйсең, менше сүй»   /ақынның музықалық шығармалары/

Ақын өзі де ән айтып, домбыра шерткен. Өлеңдерімен бірге әндерінен де өзінің тәлімгерлік тәрбиелік, ағартушылық дана ойларын нәзік әнге арқау, кейінгі ұрпаққа мұра етті

Ақынның музыкалық мұрасы

3 күй                                                                            27 әні

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің сазын тыңдап, әнін үйретемін.

Қорытындылау: өлең мазмұны бойынша әдеби-диалог  журналын жазғызу

Ақынмен тілдесу

Ой-толғаныс, пікір жиынтығы

Бүгінгі сабақта  Елбасының  сөзімен байланыстыра отырып  қорытындылаймын:

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

Бағалау: топбасшыларға сөз беру

Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау, «Менің болашағым» тақырыбына эссе жазу.

Абай ( Ибраһим ) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.Қазақтың классик жазушысы Әуезовтың бас кітабы-”Абай жолы” ұлы ақынға арналған.1993 жылы ”Абай жолы” эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. 

Қазақ еліне 550 жыл» Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққ, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу. Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді. 1 - жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. /Қ. Р. Гимні орындалады./

2 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. Оқушы: Рухы мен тілін жанындай сүйген, Адамдар неге санаулы? Ұлт үшін дәуір отына күйген, Аталар болды алаулы. Армандай асқар, Жолдарға бастар, Ісіңнен ұрпақ от алар. Қалмайсың көштен, Шықпайсың естен, Тағдыры шыншыл аталар.

1 - жүргізуші: Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. Көрініс. «Сұлтандар кеңесі» /Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/ - Ассалаумағалейкум, ағалар. - Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер. Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен? Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді. Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін. Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік. Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз. Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз. Керей: Жолыңды Алла қолдасын, Жаманшылық болмасын. Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы, Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы. Барған жерде құшақ жая қарсы алсын Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы. Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын, Көңілің шат, ат - көлігің арымай, Отбасыңмен аман - есен табысқын. Әумин. 1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. 2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек. Оқушы: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.» Оқушы: М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары. 1 - жүргізуші: 1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды. 2 - жүргізуші: Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды. Оқушы: Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен. Оқушы: Ғасырдың құрдасы, Ақындар жырлаған, Көненің сырласы Тарихты тыңдаған. Шежіре шертеді, Көшесі, әр тасы, Ғажайып ертеңі, Жетісу алқасы.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 6 жалпы білім беру орта мектебі»Қазақ тілі мен әдебиет пәні мүғалімі Нурсултанова Джаумбиби Жаксилыковна