- •С.М. Исаев
- •Морфология
- •1. Грамматика және оның салалары
- •Сабақтың мақсаты
- •Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым
- •Сабақтың мақсаты
- •Пысықтау үшін сұрақтар
- •Әдебиеттер:
- •Ііі. Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі
- •Сабақтың мақсаты
- •Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасы
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі
- •Пысықтау үшін сұрақтар
- •Әдебиеттер:
- •Іy. Грамматикалық категория
- •Сабақтың мақсаты
- •Грамматикалық категорияның сипаты
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Әдебиеттер:
- •Y. Сөздің морфологиялық құрамы
- •Yі. Қосымшалардың жіктелуі
- •Әдебиеттер:
- •Yіі. Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері
- •Сабақтың мақсаты
- •Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері
- •Yііі. Жалғаулар
- •Сабақтың мақсаты
- •Іх. Тәуелдік жалғау
- •Сабақтың мақсаты
- •Оңаша тәуелдеу үлгісі
- •Ортақ тәуелдеу үлгісі
- •Х. Септік жалғау
- •Сабақтың мақсаты
- •Хі. Септік жалғаулардың мағыналары мен қызметтері
- •Сабақтың мақсаты
- •Септік жалғауларын грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлудің мәні
- •Сабақтың мақсаты
- •Сөзге жалғаулардың жалғану реті
- •Хііі. Нөлдік форма
- •Сабақтың мақсаты
- •Хіy. Сөздерді таптастыру принциптері
- •Сабақтың мақсаты
- •Сөздерді топтастыру принциптері және сөз таптары
- •Сөз таптарының шығуы мен дамуы.
- •Сабақтың мақсаты
- •1.Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
- •2.Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
- •Сабақтың мақсаты
- •2.Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.
- •Сапалық сын есімнің шырай категориясы
- •Сабақтың мақсаты
- •Сабақтың мақсаты
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.
- •Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.
- •Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі
- •Өздік сімдіктерінің септелу үлгісі.
- •Сабақтың мақсаты
- •Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Күрделі етістіктер
- •Хх. Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтың мақсаты
- •Етістіктің сабақтылық-салттылық категориясы
- •Етіс категориясы
- •Етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Ххі. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері
- •Сабақтың мақсаты
- •Ххіі. Етістіктің грамматикалық категориялары
- •Рай категориясы
- •Жақ (жіктік) категориясы (жіктелу)
- •Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
- •Ххііі. Үстеу
- •Сабақтың мақсаты
- •2.Лексика-семантикалық тәсіл:
- •Ххіy. Еліктеу сөздер
- •Сабақтың мақсаты
- •Ххy. Шылаулар
- •Сабақтың мақсаты
- •Пысықтау үшін сұрақтар:
- •Ххyі. Одағай және модаль сөздер
- •Сабақтың мақсаты
Етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық (лексика-грамматикалық) тұлғаларында қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Сонымен бірге қимылдың, іс-әрекеттің болуы да өмірде болатын құбылыс. Міне, қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сөйтіп, етістік білдіретін қимыл, іс-әрекетгің қарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етістік) тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -на, -не қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды.
Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Әрине, етістіктің болымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалық жолдары бар. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірақ бұлар болымсыздық категориясына жатпайды, оның грамматикалық сипаты (түбірмен 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктеле алмауы етістіктің таза грамматикалық тұлғаларына негіз болуы) сәйкес емес. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:1) бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, оңымен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді; 3) сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады; рай, шақ, (есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік) тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, керісінше болмайды. Сондықтан И. Маманов „болымсыздық қосымшалар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -негізгі етістіктер (етістік түбірлер мен модификациялы етістіктер" яғни етістіктің лексика-грамматикалық категориясы (И.С.) мен функциялық етістіктердің яғни етістіктің таза грамматикалық қатегорияларының (-И.С.) шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады", - деп көрсетеді. (М.И. -ҚҚТ, 9-10)
Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады; айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т.б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, стильдік жүк атқарады, егер болымсыздық форма екі етістікке (әрі негізгі, әрі көмекші) де жалғанса, онда ол болымдылық мән білдіреді, онда да әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояу болады: айтпа-й қойма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.
Пысықтау үшін сұрақтар
1.Етістіктің қандай категориялары бар?
2.Етістіктің лексика-грамматикалық категориясының ерекшелігі неде?
3. Салт-сабақтылық категориясына қандай белгілер тән?
4.Етіс деген не, оның түрлері қандай?
5.Негізгі етіс проблемасы деген не?
6.Болымды-болымсыздық категориясына қандай белгілер тән?
Әдебиеттер:
Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 162-174- беттер.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 293-301-беттер.
Исследования по сравнительной грамматике тюркских
языков, морфология. М.,1956.
Ы. Маманов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1966. 3-79-б.
А. Қалыбаева. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. А.,1951.
Н. Оралбаева. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. А.,1980.
Н. Сауранбаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. А.,1982. 28-33-б.
Ә. Төлеуов. Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары (көмекші құрал). А.,1975. 72 б.
И. Ұйықбаев. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері. А.,1958.
А. Хасенова. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. А.,1959.
Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. (глагол). Л.,1981. 22-134-б.
