Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби тақырыптар. 2-семестр 16г.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596.99 Кб
Скачать

«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері

Жалпы шығарылым Ұлттық шоттар жүйесінде (ҰШЖ) экономикалық өндіріс нәтижелерінің жалпы көрсеткіші болып табылады. Осы әдістеменің мақсаты өнеркәсіп өнімінің жалпы шығарылымына баға беруге және ҰШЖ шеңберінде макроэкономикалық есептеулердің сапасын жоғарылатуға мүмкін тәсілдерін анықтау болып табылады.

Өнеркәсіп саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымы кәсіпорындардың өндірістік қызметінің соңғы нәтижесін және үй шаруашылығында қамтылған жеке тұлғалармен өндірілген өнім көлемін көрсетеді және құндық көріністе есептеледі. Өнімнің жалпы шығарылым көрсеткішін зерттеу бағыттарына байланысты оны бағалау қолданыстағы бағалармен жүргізіледі, сонымен қатар базисті кезеңнің тұрақты бағаларымен есептелінуі мүмкін.

Ұлттық шоттар жүйесінің қағидаттарына сәйкес өнеркәсіптік шығарылымға мыналар жатады:

- дайын өнім (кәсіпорынның барлық бөлімшелерімен өндірілген тауарлар);

- кәсіпорынмен орындалған өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер;

- өңделме шикізаттан жасалған өнім;

- өзі өндірген жартылай фабрикаттар;

- ішкі зауыттық айналым, яғни кәсіпорынның өзінің өнеркәсіптік-өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылатын өнімі;

- аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгерісі;

- үй шаруашылықтарымен өндірілген өнім көлемдері.

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес өнеркәсіп статистикасы саласы 4 бөлімнен тұрады:

  • кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (В секциясы);

  • өңдеу өнеркәсібі (С секциясы);

  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау (D секциясы);

  • сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау (Е секциясы).

Өнімнің жалпы шығарылым көлемі әр түрлі кезеңділікпен есептеледі: жылдық, тоқсандық және айлық. Үй шаруашылықтары бойынша көлем, тоқсандық және жылдық ішінара зерттеу деректеріне сүйене отырып, есептеу жолымен ай сайын қосымша қосылып отырады. Жылдық бағалау өнімнің жалпы шығарылымының негізгі көрсеткіші болып табылады.

1-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік құраңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз таптарына және сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

Үй шаруашылықтары бойынша көлем, тоқсандық және жылдық ішінара зерттеу деректеріне сүйене отырып, есептеу жолымен ай сайын қосымша қосылып отырады.

4-тапсырма. Берілген сөздерді және сөз тіркестерін пайдалана отырып, құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Дайын өнім, өнделме шикізат, жасалған өнім, жартылай фабрикаттар, ішкі зауыттық айналым, өндірістік қажеттіліктер, аяқталмаған өндіріс, өнім көлемі, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау.

5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жазбаша жауап беріңіздер.

СОӨЖ:

  • «Қазақстандағы өнім түрлерін өндіретін ірі компаниялар» тақырыбына әңгіме жазу.

  • «Қазақстанда жасалған» пікірталас.

СӨЖ:

  • «Қазақстан аймағында өндірілетін өнім түрлері» тақырыбына реферат жазу.

  • «Қазақстанда жасалған» тақырыбына презентация.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Өнеркәсіп» саласы бойынша өнімдердің (қызметтердің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемеcі. 2009ж. №17