- •Кәсіби тақырыптар
- •Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
- •Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •1. Мәтінді оқып аударыңыз.
- •6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
- •Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Өнім сапасы
- •Экспорт
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Авторлық құқық
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
- •Кәсіби мереке
- •Отан қорғаушы күні
- •Энергетик күні
- •Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант
- •Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар
- •Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар
1. Мәтінді оқып аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, сұраққа жауап беріңіз.
3. Мәтіндегі етістіктерді тауып, етістіктің келер, өткен шақтарын жасаңыз.
4. Ә.С.Сағынов атындағы көрме туралы әңгіме жазыңыз.
5. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Оқу, ғылым саласындағы жоғарғы нәтижелері үшін Қарағанды политехникалық институты Жоғарғы үкіметтік наградаларға ие болды.
6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9-том, 640 б. Алматы - 1976.
2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
СӨЖ. 1. Әбілқас Сағынұлы Сағынов жайлы слайд жасаңыз.
2-тақырып.
Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіннен табу.
Тапсырмаларды орындау.
Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.
Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақ қою.
КӘСІБИ САЛА МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАЙТЫН БІЛІМ ОРДАЛАРЫ
Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.
Оқу процесі – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты.
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
• Бастауыш кәсіптік білім;
• Орта кәсіптік білім;
• Жоғары кәсіптік білім;
• Қосымша кәсіптік білім.
Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін
дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Кәсіптік лицей – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Оның мақсаты – азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін -1,5 жыл.
Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз – инженер-педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. жоғары оқу орындары да бар.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – жоғары білікті, сапалы, теорияда және тәжірибеде кәсіптік мәселелерді шеше алатын, сонымен қоса кәсіптік іс-әрекет жүйесін құратын, іс жүзінде қолдана алатын және түзететін мамандарды дайындау болып табылады.
Сапалы кәсіптік білім беруді дамытуды қамтамасыз етіп отыратын негізгі тұтас жүйе - барлық білім беруге қатысты қоғамның және мемлекеттің талаптар жүйесі.
Елбасы айтқандай «Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту – бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты». Елімізде нақты инженерлер дайындайтын ЖОО-ның саны – 14. Олардың 7-8-і ғана мемлекеттік. Қазақстан жоғарғы технологиялы өндіріске аяқ тірегеннен кейін, оны игеретін кейбір мамандықтарға да тағы сұраныс туары сөзсіз. Біз кәсіптік техникалық білім беруді жедел дамытуымыз қажет. Біздегі алдыңғы қатарлы лицей, колледж базасында дамыған мемлекеттермен біріккен кәсіби мектептерін ашып және инженер мамандарымызды ол елдерге жіберіп, кәсіби жағынан шыңдауымыз қажет. Бүгінде Қазақстан жоғары оқу орындары жаңа, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономиканы құруға өзінің қомақты үлесін қосу үшін талпыныстар жасауда.
Тапсырмалар
Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.
Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.
Мәтіннен бір сөйледі сөз құрамына талдаңыз.
Мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтыңыз, не досыңызбен сұхбат жасаңыз.
СОӨЖ.
Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары. Реферат жазу.
СӨЖ.
Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары. Әңгіме.
3- тақырып. Мекеме. Кәсіпорын. Серіктестік. Кәсіби сала субъектілері.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіннен табу.
Тапсырмаларды орындау.
Мәтіндерден жаңа сөздерді жаттау.
Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақ қою.
КӘСІБИ САЛА СУБЪЕКТІЛЕРІ. МЕКЕМЕ. КӘСІПОРЫН. СЕРІКТЕСТІК.
Мекемелер — пайда таппай әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси, ғылыми қызметтер атқарады. Олар өндірістік емес сипаттағы әлеуметтік құндылықтар жасайды, бұлар — білім, мәдениет, спорт және басқа мекемелер. Кәсіпорындары мен мекемелер меншігіне қарай мемлекеттік және жекеменшік болып бөлінеді.
Кәсіпорындар — бұл дербес шаруашылық жүргізуші субъект, олар өнімдер шығару үшін құрылады, шаруашылық-коммерциялық қызметті және пайда табуды жүзеге асырады.
Кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілік құқығының субъектілері болып табылады. Олар қоғам мен мемлекет азаматтарының материалдық, рухани және өзге де қажеттерін қанағаттандыру мақсатында экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері жоқ және басшылық жасамайды.
Мемлекеттік кәсіпорындарының мақсаты — мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қоғам мүдделерін қорғауды материалдық жағынан қамтамасыз ету; экономиканың жекеменшік секторы қамтымайтын не жеткіліксіз қамтитын қоғамдық өндіріс салаларында күнделікті аса қажет тауарлар (жұмыс, қызмет) шығару болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мекемелері мемлекеттік органдар қарамағына жатады, өйткені мұндай кәсіпорындар мемлекет меншігі болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындар барлық кәсіпорындары үшін белгіленген әкімшілік-құкықтық тәртіп шегінде әрекет етеді. Ұйымдардың басқару органы әкімшілік болып табылады.
Серіктестік — коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны.
Серіктестік деп кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуін айтады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.
Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:
- басқару істеріне қатысуға;
- серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға;
- оның құжаттарымен танысуына;
- несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге;
- тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.
Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:
- негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар);
- айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар);
- ақша қаражаты;
- басқа да құндылықтар кіреді.
Серіктестіктің мүшелері:
- құрылтайшылар атынан талап етілген құжаттарды дайындап беруге; .
-алдын-ала белгіленген жарналар мен салымдарды толық және уақытында төлеулеріне;
- коммерциялық құпияларды сақтауға;
-құпия ақпараттарды жария етпеуге міндетті.
Тапсырмалар
Мәтіндерді оқып шығып, аударыңыз.
Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.
Мәтіннен бір сөйледі сөз құрамына талдаңыз.
Мәтін бойынша дәптерге сұрақ-жауап жазыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтыңыз, не досыңызбен сұхбат жасаңыз.
СОӨЖ
Кәсіби сала субъектілері. Мекеме. Кәсіпорын. Серіктестік. Реферат жазу.
СӨЖ
Кәсіби сала субъектілері. Презентация жасау.
4-тақырып. Саян Ақылжанович
5-тақырып.
