Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби тақырыптар. 2-семестр 16г.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596.99 Кб
Скачать

Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар

Мемлекеттік ақпарат саясатының ең ықпалды ресурстарының бірі саналатын «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ құрамында «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Қазақ радиосы»«Шалқар» және т.б. атауға болады. Қазақстан арнасында кәсіби сала оның ішінде заң органдарына қатысты «Заман және Заң» бағдарламасы. Бағдарлама студиялық ток-шоу форматында өткізіледі , студияға шақырылған барлық қонақтар кәсіби маман иелері. Әр хабарға прокуратура, адвокат, сот, әділет қызметі,т.б саланың білікті мамандары қатысады. Олар сценарий желісімен оқиғаға араласып, қолданыстағы заң шеңберінде қаралып отырған тақырыпты талқылайды. Осы орайда көгілдір экранның ар жағындағы көрермен әр апта сайын өзін мазалаған сан тақырыпқа сапалы да білікті кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі таңда мамандық көп. Тек басты мәселе - дұрыс таңдау жасай білуде. «Мың түрлі мамандық» бағдарламасы осындай жауапты сәтте көмекке келеді. Қазақ жастары сұранысқа түрлі кәсіби сала ішінде қай мамандықты меңгеріп, сол саланы жіті білу үшін кімді үлгі тұту керек?  Тележоба әртүрлі кәсіпті нәсіп қылып жүрген білікті мамандарды көрсете отырып, жоғарыдағы сұрақтарға жауап береді. Қоғамды, әсіресе, оның ішінде жастарды болашақта мамандық таңдау қатты толғандырары анық.  Міне, осы ретте «Мың түрлі мамандық» бағдарламасы жас маманға көмекке келіп, болашағына бағыт-бағдар береді. Бағдарламаның идеясы - мамандық таңдаушы жастарға қоғамға кеңінен танымал, әрі сирек кездесетін мамандықтардың қыр-сырын ашып, ерекшеліктерін көрсету.  Себебі кез келген адамның күрделі мамандықты тез игеріп кетуі оңай емес.  «Мың түрлі мамандық» жастарға шатаспай, тура жолды табуға септігін тигізбек. Сонымен қатар шетелдік ТНТ, РенТВ, Россия сынды телеарналардағы бағдарламалар бірқатар ақпараттық, танымдық, мәдени,түрлі кәсіби салаға қатысты және спорттық бағдарламалар «Еуроньюс», «Дискавери», «Анимал планет», «ВВС», «Спорт», «Культура», т.б. халыққа зор пайдасы бар.

Қазақ радиосы – Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желісі. Қазақ радиосы хабарлары  Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялары арқылы таратылады. 

Отандық радио қазақ, орыс, неміс, ұйғыр,әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық «Шалқар», «Еңбекші қазақ»,«Қазақстан туризмі», «Жаңа қадам, ұлы міндеттер» бағдарламаларында кәсіби сала қызметіне қатысты сұрақтар да қамтылады.Сонымен қатар Ресейлік «Классик» радио кәсіби саладағы қызметтерге арналған «Советская степь», «Современные биотехнологии», «Территория права» және т.б.бағдарламалар жүргізеді.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөздермен сөздік жұмысын жасаңыз.

3-тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз.

4-тапсырма.Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

5-тапсырма. Мәтіннен септік,тәуелдік жалғауларын табыңыздар.

СОӨЖ

1. Білікті маман қоғам сұранысы. Сұхбат құрыңыз.

2.Грамматикалық тапсырмалар орындау.

СӨЖ

1. Мен таңдаған кәсіп. Шағын әңгіме жазу.

2.Мәтінді баяндау. Слайд әзірлеу.

13-тақырып. КӘСІБИ САЛА БОЙЫНША ОТАНДЫҚ ИНТЕРНЕТ САЙТТАР

Сайт (ағыл. website: web - "шырмауық, желі" және site - "орын", шын мәнінде "желідегі бір орын") - белгілі бір адамның немесе компанияның электронды құжаттарының белгілі бір адрес (домен) бойынша жиналған орны.

Сайттың ең көп таралған түрлері:

1 - Ақпараттық сайт. Яғни адамдарды ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратың сайттар. Көбінесе осындай сайттар жаңалық сайттары болып табылады.

2 - Көңіл-көтеру сайты. Осы секілді сайттарда адамдар тіркеліп, бір-бірімен сөйлесе алады немесе қызықты оқиғаларды оқып біле алады. Бұл секілді сайттар - социалды желілер (Mail.Ru, Vk.Com, Skype.com, Nur.kz) және анекдоттар сайттары жатады.

3 - Визитка-сайт. Бұл белгілі бір адамның интернеттегі визитка сайты болып табылады. Олар көбінесе бір беттік болып келеді. Адамның аты-тегі, суреті болады.

4 - Wap-сайт. Бұлар мобильді сайттар, яғни телефонға (сымтетікке) арналған сайттар. Мысалы: pux.su осындай wap-сайттар тағы да белгілі үлкен порталдарда да қолданылады. Мысалы: m.mail.ru немесе m.yandex.kz. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда орыс тілінде — 32 680, ағылшын тілінде 4500 сайт бар. Ал мемлекеттік тілдегі сайттар саны тіпті 4 мыңға да жетпеген.( http://serke.org/news/kazak-tіlіndegі-internet-saittardyn-karymy-kalai) Сіз енді ғана өз кәсіби сала бойынша сайтыңызды жасадыңыз делік, ол туралы интернет ғаламтор желісінің миллиондаған қолданушылары білсе екен дейсіз бе? Қазақстанның сайттар каталогында веб-сайтты орналастыру арқылы өз қорыңыздың сапалы, қызықты және өзінің мақсатты тыңдаушыларына пайдалы екенін көрсете аласыз. Қазақстан сайттарының ең толық және келушілері көп Resurs.kz порталына сіз 20 000-нан астам сипатамасы бар сайтыңызды жүктей аласыз.

Солардың интернетте ең көп таралған түрлері:

Авто және мото, оHYPERLINK "http://www.resurs.kz/kaz/category/entertainment"йын-сауық, оHYPERLINK "http://www.resurs.kz/kaz/category/education"қу мен курстар, бHYPERLINK "http://www.resurs.kz/kaz/category/business"изнес, мәдениет, білім және ғылым, сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық, өндіріс, табиғат, демалыс, қоғам.

Кәсіби сала сайттары: www.mitsubishi-motors.kz, www.power-kz.narod.ru , www.electro.com.kz, www.asia-electric.kz, www.santo.kz., т.б.

Тапсырмалар:

  • Сайтқа анықтама беріңіз?

  • Жаңалықтар топтамасын қандай сайт түрі береді?

  • Кәсіби сала бойынша отандық сайттарды атаңыз ?

3. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

4. Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

5. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.

14-тақырып. Кәсіби сала қызметінің (химия саласы) басқа сала қызметімен байланысы

Химиялық өнеркәсіп - бұл жекелеген сала аралық кешен болып табылады. Құрылыс материалдарының өнеркәсібі - ірі кешендік құрылысқа жатады. Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады. Химияның сала аралық байланыстары ауқымды. Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады. Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән.

Олар: 1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар; 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді; 3) көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (кокс-химия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) құрамдасады.

Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің, құрамында болады.

Күкірт қышқылын: 1) ауыр металдардың металлургиялык орталықтарында (Жезказған, Балкаш, Өскемен, Риддер); 2) уран алатын орталықтарда (Степногор);

3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Бірінші жағдайда негізгісі - шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде - тұтыну факторы.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен колданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат - хром кені. Ауыл шаруашылығына әр түрлі фосфор, азот, калий және кешенді минералдық тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл - материалды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады. Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат). Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі - пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетиқалық) каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Олардың өндірісі сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналасады. Қазақстанда Ақтау (полистирол) мен Атырауда (полиэтилен мен полипропилен) 2 пластмасса зауыты бар. Құрылыс материалдары өндірісінде тау-кен өнеркәсібінің (беткі жыныстар), металлургияның (қож) және электр қуатының (күл) қалдықтары кеңінен қолданылады. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамына:

1) минералды шикізат өндіру; 2) ұстастыратын материалдар өндірісі (цемент,әктас, гипс) және т.б.; 3) үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі (бетон, темір-бетон, кірпіш). Цементті сумен жәңе толтырушы заттармен (құм, қиыршык. тас немесе ұсақ тас) араластырып бетон алады. Беріктігін одан әрі арттыру үшін бетонның ішіне болат өзектер (арматура) салып, темір-бетон алады. Темір-бетон бұйымдарын Қазақстанның барлык облыстарында шығарады. Өндірістің ең ірі орталықтары - Астана мен Алматы. Қазақстанның бұл салыстырмалы түрде алғандағы жас шаруашылық саласы машина жасаумен, химиямен, жеңіл өнеркәсіппен, көлік және байланыспен тікелей өндірістік қарым-қатынас жасайды. Құрылыс орман өнімдерінің ірі тұтынушысына айналды. Өз кезегінде машина жасау оған ағаш өңдейтін станоктар мен барлық жерлерде жүре алатын тягач машиналар, химия - лактар мен бояулар (жиһаз өндірісіне) және ағартқыш заттар (қағаз дайындауға) жеткізеді.

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңдар.

2-тапсырма. Мәтінді тізбектей оқып, аударыңдар.

3-тапсырма. 4-5 жаңа сөзбен сөз тіркесін жасап, сөйлем құрастырыңдар.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар жазыңдар.

5-тапсырма. Мәтіннен жалқы зат есімдер мен химиялық элементтерді теріп жазыңдар.

6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөз таптарына талдаңдар.

Құрылыс орман өнімдерінің ірі тұтынушысына айналды. Өз кезегінде машина жасау оған ағаш өңдейтін станоктар мен барлық жерлерде жүре алатын тягач машиналар, химия - лактар мен бояулар (жиһаз өндірісіне) және ағартқыш заттар (қағаз дайындауға) жеткізеді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Сәулет және құрылыс. – Алматы: Рауан, 2000. -366 б

2. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы, 2008.

3. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2009

4. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. -Алматы.

5. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

6.Интернеттен де қарауға болады.

СОӨЖ

СӨЖ

Кәсіби сала түрлерін және олардан өндірілетін өнімдердің пайдасы мен зияны туралы шағын әңгіме жазыңдар.

15-тақырып. КӘСІБИ САЛА ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ

Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан.

Экология ерте заманда пайда болған. Себебі тірі организмдердің оны қоршаған бейорганикалық және органикалық заттарға әсері қандай болатынын білу қажет болды. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра бастаған.

Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) және «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді.

«Экология» грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (ойкос – үй, тұратын жер; логос – ілім, білім). Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай берді: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдіктердің өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық өркениеттерінің бүкіл жиынтығын зерттейтін ғылым деп айтамыз.

ХХ-шы ғасырдың басында экология өз алдына ғылым болып шықты. Осы аралықта Ч.Адамс (1913ж) экология туралы бірінші анықтама берді және оданда басқа негізгі шолулар басылып шықты.

Тау-кен, жол-көлік, машина жасау, ақпараттық технологиялар, сәулет және құрылыс, энергетика және телекоммуникация, экономика және менеджмент, әскери-техника мамандықтарының да экологияға келтіретін өздік зияндары бар. Әр саланың ауаны, қоршаған ортаны ластайтын, лақтыратын зиянды қалдықтары бар, сондықтан экология мәселесі қазіргі уақытта барлығымызды толғандыруда. Жаһандану заманының басты мәселесі - қоршаған ортаны ластамау және қорғау.

Тапсырмалар:

1. Сөздікпен жұмыс жасаңыз, мәтінді аударыңыз.

2. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, әр бөлімге атау беріңіз.

3. Мәтінді мазмұндаңыз.

4. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз.

5. Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырыңыз.

6. Грамматикалық тапсырма.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

2. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 2004.

4. Ибатов М.К. Безопасность автомобильного транспорта: Учебное пособие – Караганда: КарГТУ, 2004. 170 с.

5. Фанк В.Ю. Қазақ тілі. Алматы, 2003.

СӨЖ

1. «Экология және мен» тақырыбына өз ойыңызды жазыңыз.

СОӨЖ 1. «Шахта, машина жасау, құрылыс, энергетика салаларының экологияға әсері» тақырыбына әңгіме жазыңыз.

2. Экология тақырыбына презентация дайындаңыз.