- •Кәсіби тақырыптар
- •Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
- •Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •1. Мәтінді оқып аударыңыз.
- •6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
- •Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Өнім сапасы
- •Экспорт
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Авторлық құқық
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
- •Кәсіби мереке
- •Отан қорғаушы күні
- •Энергетик күні
- •Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант
- •Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар
- •Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар
Кәсіби тақырыптар
1-тақырып.
КӘСІБИ САЛА
Кәсіби сала — бұл кәсіби одақ. Барлық адамдарды біріктіретін кәсіп. Бір кәсіптегі адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір сүруінде ұқсастықтар болады. «Кәсіп» - сөзінің тағы бір мағынасы - белгілі бір адамдарға тән білім, іскерлік және дағдылар жүйесі. Мысалы: «Ол кәсіпті меңгерді», «Оның кәсібі бар» деп айтып жатамыз. Кәсіп деп, сонымен қатар, қызмет түрлерін де айтады. Сонымен бірге адамдардың өмір сүріп, дамуына мүмкіндік беретін, оның өз армандарын ары қарай дамытуына күш-қуат беретін және қоғамға қажетті қосымшаны айтамыз. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша, 1965 жылы 22 қызмет саласы бойынша 114 топқа бөлінген 35,5 мың мамандық түрі болған екен. Сонымен қатар «мамандық» деген түсінік бар. Бұл «кәсіп» сөзінің мағынасына ұқсас. Әр саланың өз мамандығы бар. Мысалы, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, машина жасау саласы, өнер саласы, ақпарат технологиясы саласы, тасымалдауды ұйымдастыру саласы, тау-кен ісі саласы т.б. Мамандық - кәсіптер ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілген.
Мамандық бойынша білім — түлектің алған біліктілігіне сәйкес, қандай да бір кәсіби істің түрімен айналысуға мүмкіндік беретін және жоғары білімнің негізгі кәсіби білім бағдарламалары бойынша оқу үрдісінде алған білімі, түсінігі, іскерлігі мен дағдыларының жиынтығы болып табылады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып аударыңыз.
2. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
3. Мәтіннен әр сөз табына мысалдар тауып, сөйлемдер құрастырыңыз.
4. Әр саланың мамандық атауларын жазып, өз мамандығыңыз жайлы әңгіме жазыңыз.
5. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Бір кәсіптегі адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір сүруінде ұқсастықтар болады.
6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
СӨЖ. 1. Белгілі бір кәсіп бойынша термин сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.
Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
Жоғары білім бағыты маманды кәсіби істің анағұрлым кең саласымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, техникалық, жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін «мамандықтар тобы» және «кәсіби білім саласы» деген терминдерді де кездестіреміз. Бағыты немесе жоғары кәсіптік білімі бойынша біліктілік - мамандығы бойынша белгілі бір кәсіби қызмет түрін орындай білуге даярлық, оқу деңгейі болып табылады. Мамандандыру — бұл көрсетілген мамандық шеңберінде адамның өз саласындағы кәсіби ісінде қолдануға бағытталған білім, іскерлік және дағдылар жиынтығы. Мамандықтар әлемі құбылмалы. Білім мекемелері өздері мамандықтарды ойлап табады, біріктіреді, бөледі, мамандықтарды өздері ашуы мүмкін және ескірген мамандықтарды жойып отырады. Қай саланың болсын еліміздің экономикасы үшін атқаратын ролі үлкен. Мысалы, білім беру, машина жасау, өнеркәсіп, өндіріс, құрылыс, тау-кен ісі, өнер, денсаулық сақтау, туризм және спорт, энергетика саласы т.б.
Білім беру— тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
Машина жасау- кешенінің құрылымы өте күрделі.
Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тығыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады.
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.
Тау-кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.
Сондықтан да тау-кен ісі дүниежүзілік экономикада өнеркәсіп өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады.
Лауазым — мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік. Қазақстан Республикасында атқаратын қызметі өте маңызды, құзыреті үлкен лауазымдар Конституцияда бекітілген. Лауазымды тұлға - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы күштер жүйесінде арнайы қүзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі кызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам. Лауазымды тұлғаның Конституцияда, заңда немесе қаулыда, ережеде көрсетілген өз өкілеттігіне сәйкес қызметін атқаруға қажетті өзіндік құқықтары мен міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасының 40-бабы бойынша Қазақстандағы ең жоғарғы лауазымды тұлға - Қазақстан Республикасының Президенті.
Қызмет— сізге жүктелген еңбек міндеттерінің жиынтығы, ал қызмет орны деген түсініктің ішіне - нақты ұйымдағы нақты лауазымды сипаттайтындардың бәрі - мақсат та, қаражат та, еңбек шарты да жатады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз: кәсіби сала, дағдылар жүйесі, түлектің біліктілігіне, кәсіптік білімі, іскерлік дағдылар жиынтығы, мамандық деңгейі, лауазымды тұлға, тұрақты билік, білім мекемелері.
3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.
4. Осы тақырып бойынша сұхбаттасыңыз.
5. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар. Бір кәсіптегі адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір сүруінде ұқсастықтар болады.
6. Кәсіп, білім, еңбек, мамандық, оқу, еңбекқорлық жайында мақал-мәтелдерді аудармасымен жаттаңыздар.
СӨЖ. 1. Әр сала бойынша бір мамандықтан алып, толықтырып әңгімелеңіз.
