Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
часть 3.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.37 Кб
Скачать
    1. Сапа көрсеткіштерінің өлшеу әдісі

Тиімділік коэффициентін оптималды басқаруы, капиталды салым және еңбек шығынын төмендету үшін үлкен мәні қажет өлшеу жургізілетін, бақылау нуктесін таңдауға ие болады. ТК электрқабылдағыш шығысында нормаланады. Алайда әрбір ЭҚ (электр қоректену) қысқышында ТК туралы апаратты алу мүмкін емес. Бақылау нүктесі ретінде қоректену орталығын жане жуктемелік түйінді таңдау керек.

Тұрақты бақылау қорек орталығының 6-10 кВ шинасында жүзеге асады: ГЭО, ПГВ және ГРП, сонымен қатар жақын және біршама жойылған қосалқы станцияның 0,4; 6 және 10 кВ шинасында. ЖЭО және көрсетілген қосалқы станцияда үш сызықты кернеуді өлшеу үшін қоректің ортасында реттегіш және көрсеткіш волтьтметрлер орнатылады. Телемеханикаланған пункт бар болғанда бақыланатын пунктта кернеудің тұрақты телеөлшеуін жүргізуге болады. Егер электрмен қамтамасыздандыру жұмысының сұлбасы бойынша кәсіпорынның электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің жұмыс ұзақтығы тәуліктен аз боғанда, және жерге жаңа тұтынушылар және қорек көзі қосылған кезде бірфазалы тұйықталудың сыйымдылықты тогын азайту мақсатымен желінің бөлінуі нәтижесінде электрмен қамтамасыздандыру сұлбасының өзгеруі кезінде өлшеуді жүргізу керек.

Жүктеменің тұрақсыз графигі кезінде жауапты тұтынушылар шинасында кернеу ауытқуына эпизодтық бақылау қажет, бақылау үшін САКН-1(2) аспабын қолдануға болады.

Кернеу ауытқуын бақылау бойынша шаралар көлеміне трансформатор кернеуінің автореттегіш қойылымының, синхронды қозғалтқыштың қозуының және конденсаторды реттегіш батареясының периодты бақылауын қосу қажет.

Электрэнергия сапасын көрсеткішінің оперативті бақылау кәсіпорынның электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің кезекші диспетчерімен, немесе диспетчер пункті болмаған жағдайда желінің цех ауысымының, қосалқы станция және электрцехтің бастығымен жүзеге асуы қажет.

Кернеудің симметрия еместігінің бақылауы барлық кернеу желісінде жүзеге асады. Электрленген темір жол көлігінің желісімен байланысты немесе бірфазалы жуктемесі болмайтын, кәсіпорында жылына екі рет жүргізілетін, периодты бақылаумен шектелуге болады. Жоспарсыз бақылау қатарға жаңа қосалқы станциялар немесе цехтар қосылғанда, секционды реакторлар жалғанған элекрмен қамтамасыздандыру сұлбасының өзгеруі жүргізілуі керек. Өзгерістер максималды жүктеме кезеңінде ПГВ, блок –станция және күрделі цехті қосалқы станция шинасында болады. Егер кернеудің симметрия еместігіні және тепе теңсіздігінің коэффициенттері рұқсат етілген шектен асып кетпесе, онда нәтиженің статикалық өңдеу қажет көлемді өлшеу талап етілмейді. Тартылым жүктемені қоректендіретін, энергожүйемен байланыстың бар болуы кезінде кернеу симметрия еместігін, турбогенератор тогын, және күрделі синхронды қозғалтқыштарды тұрақты бақылау ұйымдастыруға болады. Осы мақсат үшін мысалы, ИНН-2 ИЭД АН Украина, немесе көрсеткіш тіркеуімен АНЕС аспабын қолдануға болады. Аспаптар ПГВ және ГРП болу керек, егер осы қосалқы станциялар қызмет көрсететін болса; ПГВ немесе ГРП 6-10 кВ шинасында кернеу симметрия еместігінің тұрақты телеөлшеу коэффициентін қарастыратын, электрменқамтамасыздандыру жүйесінің басқару пунктінің телемеханикаландырылған диспетчер пункті бар болатын, кәсіпорында.

Кәсіпорынның қалған қосалқы станциясында кернеудің тепе теңсіздігін және симметрия еместігін бақылау максималды жүктеме кезеңінде жылына екі рет жүргізілуі қажет. Бақылау орын ауыстыратын аспаптардың көмегімен жүзеге асады. Эпизодтық жоспарсыз бақылау жоғарыда сипатталған жағдайда жүзеге асады. Бақылауды сонымен қатар кәсіпорынның ПГВ 110-220 кВ шинасында жүргізген жөн. Егер қосалқы станция энергожүйе кірісінде орналасса, онда кернеу симметрия еместігін бақылау кәсіпорынмен келісе отырып, энергожүйе персоналымен жүзеге асуы керек.

Кернеу синусойдалы еместігінің жүйелік бақылауы блок – станцияның жоғарғы және төменгі кернеу шинасында, ПГВ, ГРП және гармоника көзі бар, барлық қосалқы станцияларда жүргізген жөн.

Осы мақсатпен көрсетілген объектердің шинасында АН типті кернеу синусойдалы еместігінің анализаторларын орнатады. Телемеханикаландырылған қосалқы станцияда синусойдалы еместің коэффициент шамасынын пайда болуы бойынша телеөлшеу қарастырылады; синусойдалы еместің шамасының нормаланған коэффициентінің жоғарылауы кезінде <<Қосалқы станция бойынша түзелмейтін>> жалпы сигналға қосылатын, қарастырылған сигнал берілуі керек.

Кернеу және токтың жеке гармоникасының деңгейін бақылау жылына екі реттен кем емес, жеке орнатылған, мерзімінде жүзеге асырылады. Гармоникалар энергожүйе және кәсіпорын желісінің бекітілген қалыпты және жөндеулік сұлбасына сәйкес, сипаттамалы эксплуатационды режимдерде өлшенеді. Жеке гармоника деңгейінің және синусойдалы еместің коэффициентінің өлшеуін жаңа сызықты емес жүктеме қосылған кезде жүргізген жөн. С5-3 және С4-48 типті аспаптарды қолданған жөн.

ЭСК өлшеу кезінде олардың бақылау мақсатында өлшеу ұзақтығы және келесі өлшеу арасындағы аралық МЕСТ 13109-91 өлшеуіне сәйкес болуы керек:

1. Кәсіпорын үшін кернеу ауытқуын бақылау кезінде: 5 күндік жұмыстық апталы кәсіпорын және энергожүйенің түйіні үшін бір жұмыстық және бір жұмысты емес тәуліктен кем емес; үздіксіз өндірісті кәсіпорын үшін бір тәуліктен кем емес; қалған барлық жағдайда екі жұмыстық және бір жұмысты емес тәуліктен кем емес. Келесі есепке дейінгі арасындағы аралық 30 минуттан кем болмауы керек.

2. Синусойдалы еместің коэффициентінің және кернеу тербелісінің бақылауы кезінде: электрдоғалы болат балқыту пешімен желіде – келесі есептеу арасы 0,5 с максималды жүктеме кезінде 30 мин. аралығында; электрдоғалы және түйіспелі дәнекер қондырғылы желіде келесі есептеу арасында 0,5 с аралықпен 30 мин ішінде; прокатты станды желіде келесі есептеу арасындағы 10 с интервалмен прокатты 10-12 цикл аралығында; қалған барлық жағдайларда келесі есептеу арасында 10 с интервалмен тәулік арасында.

3. Кернеу симметрия еместігін бақылау кезінде: <<қалыпты>> режимде жұмыс істейтін, бірфазалы электрпештермен желілер келесі есептеу арасындағы 5 мин интервалмен максималды жүктеме кезеңінде 1 сағ ішінде; тезайнымалы режимде жұмыс істейтін, бірфазалы электрпешті желіде келесі есептеу арасындағы 1 минут интервал максималды жуктеме кезеңінде 1 сағ ішінде; қалған барлық жағдайда келесі есептеу арасындағы 5 минут интервалмен тәлік ішінде.

Кернеудің тепе теңсіздік коэффициентінің және түзетілген кернеу пулсациясының бақылауы тәулік және 30 минут ішінде жүзеге асуы керек. Жиіліктің ауытқуын бақылау тұрақты болуы қажет.

Электр энергия сапасын бақылау нормамен бекітілген көрсеткіш бағасын, және электрэнергия сапа анализін, яғни осы көрсеткіштерді нашарлататын себепті анықтауға көмекші болады.

Электр энергия сапа көрсеткішін анықтау оңай емес. Бұл электр желісінде болатын көптеген үрдістер тезөтетін болады, барлық нормаланатын электр энергия сапа көрсеткіші тура өлшене алмайды, оларды есептеу қажет, содан кейін статикалық өңделген нәтиже бойынша ғана қорытындылауға болады. Сондықтан элекрт энергия сапа көрсеткішін анықтау үшін мәнді өлшеуді жүзеге асыруға болады.

Өлшеудің ең көп ағымы кернеудің синусойдалы еместігін анықтау үшін керек. Барлық 40 дейінгі гармониканы анықтау үшін және рұқсат етілген қателік шегінде кезеңінде 256 рет фаза аралық кернеудің мәнін өлшеу талап етіледі (секундында 3*256*50=38 400). Себепші жақты анықтау үшін кернеу және ток арасындағы фазалы токты және фаза ығысуының мәнін біруақытта өлшеу керек, тек осы жағдайда қай жағынан және фаза қай шама кедергі келтіргенін анықтауға болады.

Өлшенген кернеу және токтың бірінші өңдеуі олардың гармоникалы құрамын анықтаудан тұрады, барлық өлшенген мәнмен Фурьенің тез түрленуі болады. Содан кейін орнатылған уақыт интервалында алынған мәннің орташалануы болады. МЕСТ 13109-91 орташаквадратты мәнді анықтауды талап етеді, ол аспаптарды жалғауда екіүрдісті сұлбаны пайдаланудың қажет болуына әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]