- •Сурет 1.1 Кернеудің ауытқууы
- •Сурет 1.2 қо-нан тұтынушыға дейінгі тораптың телімінің бойымен кернеудің ауытқу деңгейінің өзгеруі
- •3.2 Кернеудің тербелісі
- •Сурет 1.3 Кернеудің тербелістері
- •3.3 Кернеудің синусоидалы еместігі
- •Сурет-1.6 Жоғары гармониканың фильтрлары жұмысының принципі
- •3.4 Кернеудің ипмульстары мен құлауы, қысқа мерзімді асқын кернеулері
- •Сурет 1.9 Уақыттық асқын кернеу
- •1.1 Кестеде электрэнергиясының құрылымы, оларды сипаттайтын көрсеткіштері мен эқ нашарлауының мүмкін болатын себепкерлері келтірілген.
- •Сапа көрсеткіштерінің өлшеу әдісі
Сурет 1.2 қо-нан тұтынушыға дейінгі тораптың телімінің бойымен кернеудің ауытқу деңгейінің өзгеруі
Кернеуді реттеудің тиімді құралы болып реактивті қуат көздері табылады (РҚК). Олардың йсері қоректеуші тораптың желісі бойынша реактивті қуаттың қайта ағылуын төмендетуге негіздеоген, яғни кернеу шығынының төмендеуіне. РҚҚ ретінде асқын қоздырылу режимінде жұмыс істейтін синхронды қозғалтқыштар, конденсаторлық батареялары, синхронды қарымталаушылар мен статикалық тиристорлық қарымталаушылар.
3.2 Кернеудің тербелісі
Нормаландыру көрсеткіштері: кернеудің өзгеру қарқындылығы; фликер дозасы.
Көрсеткіштердің қалыптан тыс шығуының себептері жүктеменің қуатының тез өзгеруімен бірге жүретін тез ауыспалы жұмыс режимдері бар ЭҚ қолдануында. Кернеудің тербелісін тудыратын ең көп тралған ЭҚ ол: тартым қосалқы стансалары; реверсивті прокатты стандардың жетектері; доғалы болат балқытқыш пештер; дәнекер құралдары; электролзді қондырғылар.
Кернеудің өзгеруінің шекті рұқсат етілген аралығы қайталау жиілігіне тәуелді айтарлықтай күрделі функционалдылыққа ие. 380/220 В элеткрлік торапқа жалғану нүктесіндегі кернеу ауытқууының және кернеу өзгеруінің диапазондарының қосындысы номиналды кернеуден 1.3 суретте көрсетілгендей +10% аспауы керек.
Әр түрлі ЭҚ жұмысына әсер етуі.
Токтық жүктеменің кенет өзгеруі кезінде ЭҚ эквивалентті параметрлерінің сондай кенет өзгеруі болады, соның нәтижесінде негізгі және оған еселі арқалаушы жиіліктің лездік тогының мәжбүр құраушыларының фазасы мен амплитудасының уақыт ішіндегі модуляциясы орын алады.
Осының бәрі табиғи жолмен тораптағы қосынды активті шығындардың ұлғаюына әкеледі. Кернеу тербелісіне тым сезімтал ЭҚ ішіне жарықтандыру аспаптары, әсіресе, қыздыру шамдары мен электрондық техника жатады.
Сурет 1.3 Кернеудің тербелістері
Кернеудің тербелістері қыздыру шамдарының мигание әкелуі мүмкін (фликер-эффект), ол адамның жағымсыз психологиялық эффектісін тудырады, көздің көруі мен тұтас организиге зиянын тигізеді. Бұл еңбектің өндімділігінің төмендеуіне, ал кей жағдайда жарақатқа да әкеледі.
Кернеудің тербелісі қалыпты жұмысты бұзады және электрондық аппаратураның ызмет мерзімін қысқартады: телефонды-телеграфты байланыс қондырғыларын, теле-, радио-, қабылдап-жіберуші аппараттары, кеңселі мен тұрмыстық техниканың.
Кернеудің айтарлықтай тербелісі кезінде электрқозғалтқыштардың қаыпты жұмысының жағдайы бұзылуы мүмкін, жұмыстық қозғалтқыштардың сәйкес ыжыратылуымен магнитті жібергіштердің түйіспелері түсіп қалуы да ғажап емес.
Кернеу тербелісі (10 ... 15) % болған кезде конденсатор батареяларының, сонымен қатар вентильді түрлендіргіштердің істен шығуы мүмкін. Металлургиялық зауыттарда индукционды балқыту пештерінде өзекшелердің бұзылуы мүмкін. Электролизді қондырғылардың өнімділігі қысқарады, анодтардың қарқынды тозуының салдарынан олардың қызмет мерзімі қысқарады. Кернеудің амплитудасы мен фазаларының тербелістері блок стансалы кәсіпорынның синхронды генератордың электромагниттік моментінің, активті мен реактивті қуаттарының тербелісіне әкелуі мүмкін, ал бұл стансаның жұмысының үнемділігіне әсер етеді. Синхронды генераторлар мен қозғалтқыштарының реактивті қуаты мен қозуды автоматты реттеу жүйесінің тұрақсыз жұмысының пайда болу жағдайлары да, сонымен қатар қоздырудың форсировкасының жалған жұмысы жағдайлары болған.
Кернеу фазасының тербелісі электр қозғалтқыштарының, механикалық құрылыстардың және құбыр өткізгішті арматураның діріліне әкеп соғады. Соңғ жағдайда металлдың беріктігі төмендейді, оның қызмет мерзімі қысқарады.
Қарымталаудың шаралары мен жауапкершілігі.
МемСТ-қа сәйкес кернеудің тербелісінің пайда болуы себепкерлері болып тезауыспалы жүктемесі бар тұтынушылар табылады. Олардың қарымталануы реактивті қуаттың өзгеруін қарымталай алатын реактивті қуаттың тез әрекетті көзін қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Сезімтал ЭҚ-на тез ауыспалы жүктеменің әсерін төмендету үшін тезауыспалы және кернеудің тербелісіне сезімтал болатын жүктемені әр түрлі трансформаторларғы жалғайтын бөлу тәсілдерін қолданады. Сонымен қатар, осы мақсатта 1.4-сертте көрсетілген еселенген реакторлар мен тармақталған орамдары бар трансформаторларды да қолданады.
Реактордың орамдарының электромагнитті байланысының арқасында кернеудің түсуі 50-60 % қысқарады.
