Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.04 Кб
Скачать

Қазақ тілі 2 сынып 12.11

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Мақсаттары: сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы білімдерін еске түсіріп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік жасау;

ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ребус шешу, топтық жұмыс, тест, іздендіру, ойын элементтері.

Көрнекілігі: оқулық, ребус, интерактивті тақта, портрет, слайдтар, өзін-өзі бағалау парағы, белгілер.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

3. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. - Сұрақ – жауап:

* Сөйлем дегеніміз не?

* Сөйлем туралы не білесіңдер?

* Сөйлемнің қандай түрін білесің?

* Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

* Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

* Лепті сөйлем дегеніміз не?

- Сұраққа дұрыс жауап бердік. Мен сендерге қосыламын. Ендеше бір әріп ашылады.

4. Мағынаны тану.

- Балалар, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады дедік. Олардың байланысын қалай анықтаймыз?(сұрақ қою арқылы).

Тапсырманы оқы. Не істеу керек?

  • Байланысын тап.

  • Үлгісі бойынша сөйлемді оқу. Сөздердің байланысын анықтау.

Үлгі: Бұлт қайтті? – Бұлт торлады. Нені торлады? – Аспанды торлады.

Оқушылар тақтаға, дәптерге сөйлемдегі сөздердің байланысын бөліп жазады.

  • Жаттығуды дұрыс орындадыңдар.

  • Ойын: «Адасқан сөздерді орнына қой»

  • Тапсырманы оқы. Не істеу керек?

  • Нелер жазылған? Мағынасы түсінікті ме?

  • Сөйлем болу үшін не істеу керек? (Орындарын ауыстыру керек)

Тапсырманы оқушылар кезекпен тақтаға шығып орындайды. (1 сөйлемді дұрыс құраған оқушы қолын көтереді. Дұрыс болмаса екінші оқушы түзетеді.)

  • Қандай тыныс белгі қойдың?

  • Неге нүкте қойдың?

Өзіндік жұмыс.

1 қатар: 3 сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талдау. Дәлелде.

2 қатар: «Баян» - деген сөзге дыбыстық талдау жаса. Неге 5 дыбыс, 4 әріп?

- Тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. 3-ші әріп ашылады.

- «Сергіту сәті».

-« Ребус шешу». (Дымбілместің тапсырмасы).Топпен жұмыс.

- Мынау кім, балалар? Ендеше Дымбілмеске көмектесіп, бәріміз бірігіп, көмектесіп жіберейік. Қане, қай қатар тез және дұрыс шешеді? 209 жаттығу.

Сөз санын өсір».

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз) Нені көріп тұрсыңдар? (аю) Аюдың күзде не істейді, естеріңе түсіріңдер. Ендеше аюға көмектесіп, ол қыста ашығып қалмай жайлы ұйықтасын деп, оған көп сөз толтырып берейік.

- 2 сөзден тұратын сөйлемге мағынасына қарай сөз қосып отыру.

Дүкенге барды.

Тақтаға, дәптерге жазу.

  • Тапсырманы орындадық.

5. Ой толғаныс. Тестік тапсырмалар.

1) Сөйлем неден құралады?

а) буыннан ә) сөзден б) дыбыстан

2) Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады?

а) сызықша ә) үтір б) нүкте

3) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

а) сөздер бір-бірінен бөлек жазылады;

ә) сөздер бірге жазылады.

4)Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемнің атауын көрсет.

а) хабарлы сөйлем ә) сұраулы сөйлем б) лепті сөйлем

5) Дұрыс құрылған сөйлемді тап.

а) тақтайды, кесті, Ержан.

ә) Ержан тақтайды кесті.

б) кесті тақтайды Ержан.

6. Қорытынды.

- Бүгін сабақта не туралы айттық, нені қайталадық?

Үйге тапсырма 210 жаттығу 77 бет түсіндіріліп беріледі.

Бағалау.

Қазақ тілі 2 сынып 13.11

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

 Сабақтың мақсаты:  а) Сөйлемдегі сөздердіңбайланысы тақырыбын қайталатай отырып.Сөйлем туралы жетік білуге жаттықтыру.

ә)Балалардың сөздік қорынбайыту.ой-өрісін дамыту.

б) Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:плакаттағы сөздер, карточкалар, сюжеттік ойындар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Жеке жұмыс: Орынбасар Әділет, Нұрқасым Нұрсұлтан, Аширбай Құдайберген, Бейсембай Әбдінұр, Бекболатова Шұғыла

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.