Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
albina_referat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.38 Кб
Скачать

1.3 Үйдегі өндіріс пен қолөнер

Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды. Еңбек құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде өндіріп, өңдеді. Өнерлі шеберлер өз қауымы мүшелерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылығы өнімдерін алды. Қауым ішіндегі айырбасқа қоса ру аралық және тайпа аралық айырбас та кеңінен тарады. Кен-руда шикізаты, бірқатар шаруашылық бұйымдары, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасылатын болды.

Сақ заманының өзінде-ақ өндірістің мамандандырылған түрлері болған еді. Бұлар руда өндіру мен өңдеу, темір ұсталығы, құю және зергерлік ісі болды. Бірақ неғұрлым кейінгі кезеңдегі қолөнер өндірісімен салыстырғанда, сақ қолөнері әлі кемелденбеген еді және мал шаруашылығымен тығыз байланыста болды.

СССР-дің осы заманғы территориясының оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген көптеген тайпалар мер xалықтар үшін б.з.б. I мың жылдықтың басы, Ф.Энгельс атап көрсеткендей, “тариxта .революциялық рөл атқарған шикізат түрлерінің ішіндегі соңғысы және ең маңыздысы болған темір адамзатқа қызмет ете бастаған” уақыт болды. Алайда “.бұл бірден бола қойған жоқ; алғашқы т.емір көбінде әлі қоладан жұмсақ болды”.

Қазақстан, Орта Азия және Сібір территорияларының ертедегі xалықтары өздерінің батыстағы көршілері- скиф-сармат тайпаларына қарағанда темірмен неғұрлым кейінірек танысты деп топшаланатын еді. Мәселен, Геродот массагеттер тайпаларын суреттей келіп, “темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында мүлде жоқ, өйткені бұл елде жаңағы металдарды атымен кездестірмейсің. Мұның есесіне онда алтын мен мыс мол” деп тура айтады. Алайда мұндай пікір тым асырып айтылған пікір боп шықты. Б.з.б. I мың жылдықтың басында Қазақстан территориясының ежелгі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын рудалармер таныс болған. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс-жұртын қазу кезінде табылған жақсы сұрыпталған темір рудасының үйіндісінен қарап білуге болады,бұл руда жақын маңдағы Тоғай кен орнынан әкелінген. Б.з.б. VII-VI ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан табылған едәуір жиынтыкғы, сондай-ақ Аралдың шығыс өңірінің ертедегі сақтар тұрақтарындағы тікелей рудадан алынған балқымасының көптеген іздері де осыны дәлелдейді. Қазақстанның бірқатар аудандарында, негізінде орталық бөлігінде темір өндірілген ескі орындар сақталған, олардың біразы, шамамен, б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде пайдаланылған.

Дегенмен, ежелгі Қазақстанда мыс пен қалайы өндіру неғұрлым басым болды. Саяқ пен Жезқазғандағы, Қалба мен Нарындағы ірі-ірі түсті металлургия орталықтарынан алынған құрамында қүшала және қалайы бар қоладан жасалған жоғары сапалы қола бұйымдары тері бұйымдарынан кем түскен жоқ, сондықтан адамдар темірден көміртегі мол болат қорытуды үйренген кезде барып қана қоланың орнына темір қолданылатын болды.

Сақ заманында кен өндірісі мен руда шикізатын алғашқы өңдеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ тайпалары әсіресе қола құю ісінде ірі-ірі табыстарға жетті.

1-сызба;

2-сызба; 3-сызба;

Сақ шеберлері өндірістік және шаруашылық –тұрмыстық мақсаттарға арнап алуан түрлі бұйымдар жасады. Құйма қалыптар ретінде қышты, металды, кейде тасты пайдаланады. Жебенің құйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі немесе үш ұялы жармалардан тұратын қарапайым құйма қалыптарды қолданды. Ертедегі металлургтерге металл бұйымдарын жасаудың «жойылатын үлгі» тәсілімен құю сияқты күрделі әдістер де мәлім болған. Оның мәні балауыздан немесе тоң майдан үлгі жасап алып, оның сыртын балшықпен қаптайтын болды.Балшық кепкеннен кейін қалып тұтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздың немесе майдың орнына металл құйылады. Нақ осындай тәсілмен ірі-ірі және өте әсем бұйымдар: үлкен мыс қазандар, көлемді құрбандық столдары құйылды. Құйма қалыптарда олардың салмақты жарнамаларын бөлетін тіректер ретінде құбырлар деп аталатын арнайы істелген кішкентай целиндрлер қолданылды. Жануарлардың қуыс бітім-мүсіндерін жасау үшін мәнерлі біліктер мен құйма жалғамалар пайдаланылды.Құйып жасалған заттардың көбі кейін қырналып, тегістелді, қажет жерлері бұрғымен тесілді.

Металл өңдеу мен көркем құйма өнерінің биік деңгейге жетуі сақ заманы қола индустриясының кемелденген кезеңі болғанын дәлелдейді. Қалайы мен аптау техникасын игеру ертедегі құймашылардың елеулі жетістігі болды. Қалайымен апталған бұйымдар тоттана қоймайды, әрі көпке шыдайды.

Шаруашылықтардың жаңа формалары, мәдениеттің біршама биік деңгейге жетіп дамуы,тұрмыстың күрделене түсуі келе-келе алуан түрлі еңбек құралдарын қажет етті.

Ертедегі құймашылар ат-тұрманын, қару-жарақ пен үй-ішінің керек-жарағын жасауға ерекше назар аударды. Көне сақ заманының жүгендері ебедейсіз әрі күрделі болатын. Оның қолы, ауыздықтары, екі ұшы кішкентай үзендегі тәріздес етіліп жасалды. Үзенгі тәріздес ауыздықтар жүген жақтауларына айшықтармен жалғастырылды; үш тесігі немесе ілгегі бар бұл айшықтар қоладан,сүйектен, мүйізден жасалды. Б.з.б. V ғасырдан бастап жүгендер барынша ыңғайлы етіліп жасалатын болды; ауыздықтардың ұштары шығыршықталып, екі тесікті айшықтар шықты, тұтастай алғанда жүгеннің конструкциясы біршама қарапайым бола түсті. Осы уақыттан басталып, ауыздық темірден жасалатын болды.

Қару-жарақ жасау ісі кең өріс алды. Ертедегі қару-жарақ жасаушылар жебелі шағын садақтар, парсылар ақинақ деп аталған, шабуға да, түйреуге де ыңғайлы қанжарлар, ұзын семсерлер, сүйменшелер, найзалар, бітімі әр-түрлі балталар (бір жағы істік не жалпақ жүзді, екінші жағы балға секілді ұзын сапты қарулар) жасалды.Сақ жүгерінің сауыт-сайманы қоладан істелген дулығадан, шағын қалқаннан және жебе салынған қорамсақ ілінген белдіктен тұрды. Жебелердің ұшы әр түрлі: қоладан жасалған неғұрлым ертедегі ұңғылы және қысқа сапты түрлері болды. Ұңғылы түрлері сүйір жапырақ тәрізді, ромб тәрізді немесе бір жағы сүйір ромб тәрізді болды. Жебелердің сапты ұштарының қанды басы үш қырлы етіліп жасалды.

Б.з.б. V ғасырдан бастап Қазақстан территориясында, сірә, скифтерден ауысқан болса керек, қанды басы үш қырлы, ұңғылы жебелер тараған. Жебелердің ұштары көптеп жасауға неғұрлым ыңғайлы болуы үшін біркелкі түрге келеді де, бұрынғы үлгілер біртіндеп қала бастайды. Темірден жасалған жебелер шыға бастайды, бұлардың бастапқылары үш қырлы сапты қола ұштардың бітіміне ұқсас болды. Б.з.б. I мың жылдықтың аяғында темір жебе ұштары барлық жерде тарала бастайды.

Қорамақтар мен ақинақтар әдетте жауынгерлердің белбеулерімен бірге табылады. Сақтардың белбеулері салмақты келетін, көбінде құрастырмалы болатын болды да, іші қуыс ірі-ірі қола қаптырмалардан құралды. Мұндай қаптырмалардың сыртқы беті ою-өрнекпен әшекейленді, олардың кейбіреуі әр түрлі мүсіндер тәріздендіріп жасалды.

Үй-ішінің керек-жарағынан ең көп табылатыны- пышақтар. Олардың барлығының да жетесі шағын тікше, сабының ұшы дөңгелетіліп жасалған немесе тесілген. Б.з.б. VI ғасырдың аяғында-ақ қола пышақтардың орнына түгелдей дерлік темір пышақтар жасалатын болды. Олар қарапайым әдіспен – б.з.б. VII-V ғасырларда-ақ қолданыла бастаған темірді суықтай соғу әдісімен жасалды.

Сақ заманында металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылық сияқты басқа түрлері де болды.

Сақ тайпаларының басым көпшілігінің көшпелі тұрмысы ыдыстың жаңа түрлерін, жаңа материалдарды – металл, тері және ағашты қажет етті. Халқының көпшілігі көшпенді малшылар болған Орталық Қазақстанда керамикалық ыдыс тым аз жасалды, тері, ағаш және металл ыдыстар ұсталды. Жетісу, Ертіс жағалауы және Батыс Қазақстанның орманды-далалық аудандары сияқты басқа аудандарда керамикалық ыдыстар бұрынғысынша жасала берді, бірақ олардың бітімі қола дәуіріндегі отырықшы бақташы тайпалардың ыдыстарынан басқаша болды.

Іле өзеніндегі Бесшатыр қорымының Тянь-Шань шыршасымен жабылып, шірімей сақталған қабірлері ағаш өңдеу мен ағаш құрылыстарды салудың кейбір ерекшеліктерін білуге мүмкіндік берді. Бесшатыр мазарларын салу үшін құрылыс ағашы Іленің қарсы беттегі жағасында 200-250 км жерде, Іле Алатауының сілемдерінде дайындалған.

Сақ заманында ағаш ұсталығы да дамыды. Ағаштан сүт құятын ыдыстар, ағаш аяқ-тостағандар, табақша, келілер және үй-ішінің басқа да керек-жарақтары жасалды, қабықтан зооморфтық және өсімдік бейнелес күрделі өрнектер қиылды, олармен ер-тоқымдар, ағаш табыттар, қорамсақтар, әр түрлі қиын-қынаптар әшекейленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]