1.2 Сақтардың шаруашылығы
Байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Баяғы заман авторлары сақтар туралы: «Олар әсте егіншілер емес, көшпелілер» деп жазғанда немесе солардың тіршілігіне: «Еркін кеңістікке, от пен судың молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді»- деп анықтама бергенде, біршама сыннаржақ пікір айтқан. Шын мәнінде сақтар шарушылығының түр-түрі табиғи жағдайға , қала орталықтары мен сауда жолдарына алыс-жақындығына байланысты анықталып отырған.
Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Сақтар өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды. Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі.
Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс жорықтарында пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүні пайдаланылды. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірді.
Шөл және шөлейт жерлерді мекендеген сақ малшылары өркешті түйе өсірген. Түйенің етін жеп, сүтін ішіп, жүнін, терісін пайдаланған. Көшкенде түйені кейде өгізді күш-көлік ретінде қолданған. Сақтар жемшөпті көп қажет ететін ірі қара малды аз өсірді. Еуразия далаларының мал өсіретін тайпаларының шаруашылығы мен тұрмыс салты сипатталатын ежелгі авторлар еңбектерінде: “суы мол, шөбі шүйгін өріс қарап, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді” деген бір ғана тұжырым жиі қайталанады.
Арxеологиялық және этнографиялық материалдар сол уақытта мал шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлері болған деуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығының сипатына сәйкес шаруашылықтың басқа салаларының үлес салмағы да өзгеріп отырды.
Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақшылық далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге негізделді. Бұл жерлерде егіншілік дами қоймады, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана тарады. Тайпалар өздерінің малдарымен бойлық, сондай-ақ ендік бағыттарда да шалғай қашықтықтарға: ерлер салт атпен, балалар, әйелдер мен қарттар – терімен және киізбен жабылған күркелі арбаларда көшіп-қонып жүрді. Жылдың суық мезгілін көшпелілер жел мен күшті борасыннан ықтасын құм жоталарының ығына орналасқан қыстау-мекен-жайларда, не далалық ірілі-уақты өзендердің жағаларында өткізді. Бұл мекен-жайларға олар ұзақ тұрақтамады, тағы да көшіп, келесі қыстауға қолайлы жайылымдар таңдап, жаңа жайылымдық жерлерді игере берді. Шауашылықтың қосалқы салаларынан аң аулау ерекше дамыды.
Екінші, жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралып отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала өңірлерінде немесе биік таулы жерлерде кеңінен тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауы сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары болды. Маусымдық жайылымдар бір-бірінен онша шалғай болған жоқ, сондықтан шаруашылықтың бірінші түріне қарағанда көшіп-қонатын жерлердің арасы біршама жақын болды. Бәрінен де көшіп-қонудың тік әдіс деп аталатын әдісі кең тарады: өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымдарға, одан әрі биік таулардағы шөбі шүйгін жайлауларға көшетін болды. Осыған байланысты Жетісуда, Шығыс Қазақстанда және табиғи-климат жағдайлары осыған ұқсас басқа аудандарда жерді қауымдық-рулық және тайпалар аралық шекаралар көлемінде пайдаланудың жайылымдық жерлер мен су көздерін әр маусым үшін бөліп отырумен осипатталатын көшпелі-жайылымдық жүйесі өте ертеде қалыптасты. Қыстау маңындағы жерлерде тәлімі егіншіліктің маңызы сақталды, оларда әдетте , арпа, бидай өсіретін болды. Пішен дайындалып, малдың неғұрлым бағалы тұқымдарын қыста қолда ұстау мүмкіндігі туды.
Шаруашылықтың үшінші түрі- отырықшы мал шаруашылығы-бәрінен де гөрі Оңтүстік Қазақстан аудандарында, Сырдария,Шу,Талас,Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жотасы баурайларында , табиғи су қоймалары мен ұлан-ғайыр шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады. Табиғат жағдайлары және Соғды мен Ферғананың егіншілік орталықтарына жақын орналасуы шаруашылықта суармалы және тәлімі егіншіліктің басым болуына, xалықтың тұрақты отырықшылануына және әсіресе б.з.б. I мың жылдықтың аяғында, мал өсіретін ірі-ірі қауымдардың жерге жаппай отырықшылануы кезеңінде ірі-ірі егіншілік қоныстарының ерте пайда болуына себеп болды. Ішінде ірі-қара әжептәуір көп болған малды көктемгі-жазғы және күзгі жайылымдарға жайып, бағу жұмысын егіншілік-малшылық қауымы шеңберінде жекелеген отбасылар атқаратын болады.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды.Бұған зерттелген обалардың көпшілігінен қой сүйектерінің - әдет-ғұрыптық ет тағамдары қалдықтарының табылуы дәлел обола алады. Б.з.б. I мың жылдықтың орта шеніндегі грек авторы Хэрил сақтарды тура қой бағушылар деп атаған. Қойдың еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін және жіп иіру үшін жүні де пайдаға асырылды. Бесшатыр обаларынано табылған заттар дәлелдеп отырғанындай, сақтар киіздің неше түрін: киіз үйге ұстауға және жерге төсеуге арнапо қалың, қара киіздер және киім мен бас киім тігу үшін жұқа әрі жұмсақ талдырма киіздер баса білген.
Обалы қабірлерден шыққан мал сүйектерін зерттеу мынаны көрсетті: сақтар осы заманғы қазақтың құйрықты және ұяң жүнді, өсімтал тұқымдарына жақын қой өсірген. Отарда қылшық жүнді қой басым болды, сонымен бірге биязы жүнді қойлар да өсірілді.
Көшпелі малшы және жауынгер сақтың тұрмысында жылқы маңызды рөл атқарды. Сақ заманындағы жылқының екі тұқымы болды. Тез семіретін және қысқы тебінге әбден төзімді, жатаған тебін жылқысы ең көп тараған тұқым болды. Олар жабы тұқымдас далалық қазақ жылқысына ұқсас еді. Сақ жауынгерлері мен ақсүйектерінің қ.абірлерінен жылқының шоқтығы биік., м.іністік тұқымы да ұшырасады.
. Жауға мінетін е.ң жақсы сайгүліктерге ерекше күтім қаже.т болды,о.ларды көшпелілер айырықша бағалады, сірә, оған тек ру-тайпа ақсүйектерінің қолы жететін .болған. Олар жауынгердің жеке меншігінде болды және иесі өлсе, моласының басында бауыздалатын болған.
Табылған сүйектердің біршама аздығына қарамастан, Қазақстанның орманды-далалық және таулы-далалық аймақтарында ірі қара мал өсірген деуге болады. Шөлдер мен шөлейт жерлерді мекендеген сақ малшылары айыр өркешті түйе өсірген. Б.з.б. II мың жылдықтың орта шенінен бастап-ақ қолда өсірілген түйелердің сүйектері Қазақстанның андроновтық тайпаларының қоныстары мен қорымдарында кездеседі. Бұл түліктің көптеген бейнелері Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандарының жартастарындағы суреттерінде көп кездеседі.
Сақ заманында доңғалақты транспорт та одан әрі дамыды. Қаратау жотасы мен Шу-Іле тауларының жартастарындағы суреттері, Таулы Алтай обаларынан табылған заттар соғыс күймелері, екі-төрт және алты доңғалақты жүк арбалары сияқты т.ранспорт түрлері болған деуге мүмкіндік береді. Олар жөніндегі деректер жазба деректемелерде жазылған. Мәселен, Гиппократ скифтердің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: “ Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты болады. Б.асқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылады; үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған күркелі арбалар жасалады, олар жаңбыр мен желден пана болады...Бұл арбаларда балаларымен әйелдер тұрады, ал ерлер қашанда ат үстінде болады”. Мұндай арбаларға өгіздер, жылқылар мен түйелер жегілген.
Соғыс пен аңшылық күймелері әр кезде екі доңғалақты болған. Доңғалақтардың .конструкциясы сан алуан. Олардың ең ертедегілері бұдан бұрынғы дәуірлердің а.рбаларына орнатылған тұтас доңғалақтардың орнын басқан төрт шабақты доңғалақтар болған.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жартастағы суреттерінде ұшырасқан күймелер мен жүк арбалардың көптеген бейнелері кейінгі андроновтық тайпалар мен сақ тайпаларында осындай транспорт түрлерінің тарағанын көрсетеді. Солтүстік Қаратау жартастарынан жеңіл күймеге жегілген қос аттың ілуде бір ұшырасатын суреті және осындай .арбамен жүріп аң аулаудың сирек кездесетін көрінісі табылды. Соғыс күймелеріне көбіне ат жегілетін болды. Алдыңғы Азиядан, К.авказдан, Шығыс Еуропадан және жер шарының басқа да аудандарынан осындай ондаған суреттер табылды. Ат жегілетін күймелер туралы көптеген деректер ежелгі иран және ежелгі үнді текстерінде- Авестада, Ригведада, Маxабxаратта бар. Қаратау жартастарындағы суреттерде, бұлардан басқа түйе жегілетін соғыс күймелері табылды.
Ежелгі сақ заманының (б.з.б. VIII-VI ғғ.) жүк және соғыс арбаларына тән ерекшелік – көлік жегудің тертелі деп аталатын қарапайым әдісі баолды: пар ат немесе түйе айыр тертеге жегілді немесе тертенің ұшына бекітілетін мойынтұрықтың аекі жағына салынған қарапайым “қамытқа” жегілетін болды.
Шаруашылықтың негізгі формалары – мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа бірқатар сақ тайпаларында қосалқы кәсіпшілік ретінде аңшылық пен балық аулау кәсіптері де қоса жүрді. Тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ ауланды. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпаларда аңды салт атпен қаумалап аулау болғандығын да көрсетеді.
Балық аулау Ертіс жағалауында және Страбон “батпақты,ылғалды ел” деп атаған Сырдария атырауында тарады. Қуаңдария мен Жаңадарияның көне арналары бойындағы қоныс-жұрттарынан балық аулайтын көптеген құралдар табылған.
Б.з.б. II мың жылдықтың аяғында және I мың жылдықтың басында басқа да далалық аудандардағы сияқты Қазақстан территориясында да климат өзгеріп, ол барған сайын неғұрлым құрғақшылыққа айналды. Табиғи су қоймалары тартылды, мұның өзі ірілі-ұсақты өзендердің сағаларында егіншіліктің өрістеуін тежеді, ал кейбір аудандарда күрт қысқартты. Уақыт өткен сайын малшылық-егіншілік тайпалары .ішінде үздіксіз көбейе түскен xалық пен өндіргіш күштердің осы xалықты күнкөріс құралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Алғашқы қауымдық экономиканың меxанизмін түсіндіре келіп, К.Маркс “өндіргіш күштердің жете дамымауы азаматтық правоны бұзуға болмайтын белгілі бір сандық атақатынасқа тәуелді етіп қойды” деп жазды. Ежелгі тайпалар өз өндірісін тез арада жетілдіре алмады. Мұндай жағдайдан шығудың бір ғана амалы- өз қарамағындағы территорияны кеңейту еді.
Жердің құнарсыз әрі суы аз болуы салдарынан Қазақстанның далалық аудандары xалықтарының көбі суармалы егіншілікті дамыта алмады, сондықтан алғашқы экономиканың “басы артық xалықтың өндіргіш күштерге қысым жасауын жоятын” бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне көшу болды. Мұндай шаруашылық бағыт жайылымдық жерлердің ұлан-ғайыр мол болуы жағдайында мүмкін ә.рі тиімді бағыт болған еді.
