“Қалалық лицейі”КММ
РЕФЕРАТ
Сақтар мәдениеті
Орындаған: 10“А” сынып оқушысы
Ізбасар Альбина
Тексерген: тариx пәні мұғалімі
Рамазан Асланбек
Атырау,2015 жыл
Жоспар
Кіріспе…………………………………………………………………….....…......3-4
I бөлім. Сақ тайпалық одақтары.............................................................................5-7
«Аң стилі» өнері.................................................................................................5-7
Сақтардың шаруашылығы .............................................................................8-11
Үйдегі өндіріс пен қолөнер ...........................................................................12-15
Тұрмысы мен қоғамдық құрылыы ...............................................................16-17
Қорытынды ................................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................................19
Кіріспе
Менің «Сақтар мәдениеті» атты рефератымның зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне шолу жасап өтейін. Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Қазақ жерін алғаш мекендеген тайпалық одақтың мәдениеті көп нәрсені қалыптастыратындықтан екі негізгі мақсат пен міндеттерді қарастырдым. Біріншісі, білімділік.Сақ қоғамын жан-жақты айқындап, мәдениетін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік алу. Ал екіншісі, тәрбиелік жұмыс барысында еліміздің өткен тарихын сөз ете отырып, үлкен құрметпен қарау мақсатын алға тарттым.
Тақырып өзектілігі. Тәуелсіздік тізгінін қолға алғанан кейін,өткенді еске түсіру,ұлттық мемлекетіміздің қалай пайда болғанын білу ұрпақ үшін үлкен маңызға ие.Дəл қазіргі уақытқа дейін тарихи мемлекеттердің мәдениетін айқындау ерекше мәселелер қатарында болмақ. Сақтар – б. з. б. І мыңжылдықта орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым - қатынас жасаған. Жалпы,, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндірсе, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары «азиялық скифтер» деп атады. Соған сай сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді.
Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзаен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның абиік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастады. Жұрт темірді қажетіне жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген. Сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі-бай феодолдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі түрі белгілі. Олар парсы патшаларының тасқа қашалған суреттері мен жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары. Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбонды айтуға болады. Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясында, Персияда, Египетте, Үндістанда көшпелілерді жақсы білген.
Сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. “Сақ” сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар дейді. Ежелгі грек авторлары сақтарды “азиялық скифтер” деп атады. Ежелгі грек тариxшысы Геродот өз жазбаларында сақтарды массагет деп атаған. грек тариxшыларының айтуына қарағанда, сақтар “дұшпанға – қатал, досқа – адал” болған. Олар батыр жауынгерлерді ардақтап, құрмет тұтқан. Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына көсемі болған. Грек авторы Ктесий: “сақ әйелдері де ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады” деп баяндайды.
Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны арxеологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Бір кездегі ру, тайпа көсемдерінен өсіп шыққан сақ патшалары құдіретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды. Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар- шаруа-малшылар құрады. Халық жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиналысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге де ықпал жасады. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның, мемлекеттік құрылымдардың пайда бола бастаған кезі болатын.
Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер деп аталатын үш топтан тұрды. Жауынгерлерді ежелгі үнді-ирандық тілінде “ратайштар”, яғни “арбада тұрғандар” деп атаған. Абыздардың танымал белгісі болып тостаған мен айрықша баскиімдері саналды. Малшылар мен егіншілердің “сегізаяқты” деп аталатындары да болған. Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.
Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын. Мысалы, сақтардың бір бөлігін патшайым Томирис басқарды. Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы: “Егер
сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептелініп, оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады” деп жазды. Тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын xалық жиналысына ерлермен бірге әйелдер де қатысуға құқылы болған.
I.Сақ тайпалық одақтары
1.1 «Аң стилі» өнері
Б.з.б. 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Бұл сол кездегі өз тірлігін жасап жүрген сақтар үшін өте қажет әрі пайдасы мол істердің біріне айналды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат-әбзелдері мен киімдер әшекейленді.
«Аң стилі» өнері дәстүрмен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасалған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян белгілеріне ауысты.
Аң стиліндегі бұйымдар — Үйғарақ пен Түгіскеннің жерлеу мүліктерінің ішінде бейнелеу өнерінің көз тартар үлгілері де кездеседі. Бұлар - ер-тұрмандағы, алтын қаптырмалардағы, алтын шеттіктердегі хайуандардың бейнелері. Хайуанаттар бейнелерінің арасында бұғы, киік, жылкы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, жыртқыш құс, түйе бар. Бұл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал өңірі сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік өнер дүниесіне енгізеді.
Құйрығының ұшы мен аяқтары иілген, құлағы айқын көрінбейтін, көзі мен мұрны бір сызық бойында жатқан концентрациялық шеңберлер түріндегі, денесінің бұлшық еті білемделген Үйғарақ тоғалары — Еуразияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өнері заттарына ұқсастығы байқалады. Үйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып, тек өз ерекшеліктерін енгізу ғана байқалады.
Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының өңіріндегі тұрақты такы- рыптардың бірі болып табылады. Оңтүстік Түгіскеннің № 45 обасындағы б. з. б. VII—VI ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның бейнесі салынған тартпаның екі тоғасы (дәл сондай тоға Үйғарақта да бар), басы артына қарай бұрулы отырған арыстандарды ойып салған төрт алтын тілік табылды. Аңның басы арыстанның басына оңша ұксамайды, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бірақ стиль әбден ұстамды әрі дәстүрлі. 31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түріне ұқсас түрегеп тұрған арыстан мүсіні бар алтын қаптырма табылды. Арыстанның кұйрығы ширатылған, бірақ аяқтары нағыз реалистік тұрғыда берілген, мысық көзді және жалы бар. 53-обадан табылған жүріп келе жатқан арыстандардың мүсіндері осындай үлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мүсінін орналастыруда өзгеріс бар, көздерін дөңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ. Ақырында, арыстан бейнеленген тағы бір нүсқа — Түгіскендегі 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасында тұмсығын аяғының үстіне салып жатқан жыртқыштың бейнесі өте табиғи түрде берілген.
Құйрығының ұшын қайқита иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір ірі аңның (жыртқыштың) мүсінінің бергі жағына өзінің көрнектілігі жөнінен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтынның жалпақ тілігі (Оңтүстік Түгіскен б. з. б VII ғасыр)Арал өңірі сақтарының бейнелеу өнерінің ертедегі үлгілері қатарына жатады. Бұлардың тұмсықтары, көздерінің бітімі ертедегі Алдыңғы Азия мөрлеріндегі бейнелерге өте- мөте ұқсас, бірақ мүйіздерінің салынуы бейнелерді скифтер заманындағы қазақстандық-сібірлік мәдени ортамен жақындастырады. «Тұяғының ұшымен» тұрған бұғының қола мүсіні де осы мәдени ортаға бейімделеді.
Көбіне өз ерекшеліктерімен салынған жыртқыш кұстың басы түріндегі қаптырмалар көп. Құрбандық шалатын кішкене тас мехраптың езінше бір үлгідегі бітімі осындай әуенді, бірақ өз ерекшеліктеріне әбден бейімдендіріп бейнелейді.
Аң стиліне кеңінен мәлім әуен — таутеке мен қабанды бейнелеу де Үйғарақ пен Түгіскеннен кездестірілді. Үйғарақтағы түйенің басы түрінде жасалған алқада және Түгіскендегі 66-обадан табылған киік мүсіні түріндегі алтын қаптырмада жергілікті сюжеттің бейнеленгені сезсіз. 53-обадағы арыстандарды бейнелеу тәсілімен жасалған Түгіскен қаптырмалары Қазакстан аумағы мен Минуса ойпатынан табылған аяқтары бүгулі бұғылардың бейнелеріне әте катты ұқсайды.
Б. з. б. V ғасырдағы қорғандардан табылған алтын астарлардағы бейнелер Оралдың және Оңтүстік Орал өңірінің саврамат дүниесінің өнеріне жақын. 53-обадан табылған қынның алтын қалақша-астарында бірінін артында бірі «жер бауырлап» жатқан ғажайып екі аң бейнеленген; олардың жөні мысық тұқымдас хайуанға ұқсайды, басы жылқының басы сияқты, ал иығына үш бұрыш түріндегі скифтердің аң стилінде қабылданған геометриялык өрнектер салынған. Түгіскен мен Ұйғарақтың оба- ларынан табылған барлық өнер заттары Арал өңірі ауданын скифтік- сібірлік аң стилі ареалына әкеліп қосады. Соңғы жылдардағы зерттеулер оның шекараларың шығысқа, тек Қазақстан далаларына ғана емес, Туваға дейін де кеңейтті. Бұл орайда шығыс ескерткіштерінің бәрі аң стилінің пайда болу мерзімін б. з. б. VII—VI ғасырлармен, бірқатар жағ- дайларда тіпті б. з. б. VII ғасырдың басымен белгілейтіні, оның жекелеген мәдени аймақтарда өзіндік ерекшеліктермен пайда болтаны айқын көрсетіледі. Мысалы, Тува, Алтай, Оңтүстік Сібір және Қазақстан аумағының дені еуропалык скифтік-сарматтық және Жайық, өңіріндегі сарматтық аймақтардан ерекше аймақ құратыны анық. Арал өңірі сақтарының негізінен батыс савроматтық бағдардағы, бірақ азиялық төлтума ерекшеліктері басым аң стиліндегі ескерткіштері әлдебір аралық жағдай секілді сипатта болуы ықтимал, ал Арал өңірі сақтарының өздері аң стилінің ареалы болған ең басты екі аймақтың мәдени жалғастыру- шылары болуы мүмкін.
Алдыңғы Азиядан шыққан кейбір бейнелеу үлгілері Орта Азия аркылы скифтер заманындағы Алтай мен ОңтүстікСібір өнеріне үйлесіп, сол арқылы орнығуы мүмкін деген жорамал расталып отыр. Бұл Оңтүстік Орал өңірінің савроматтық ескерткіштеріндегі кейбір бейнелер жөнінде де сондай дәрежеде дұрыс.
