Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БД - Педагогикалык бадарлама.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
732.16 Кб
Скачать

4. Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу

Педагогикалық іс-тәжірибенің түрі және ұзақтығы оқу жоспарларымен, ал іс-тәжірибенің мазмұны бағдарламалармен анықталады.

Педагогикалық іс-тәжірибе басталу алдында факультет деканаты Дене мәдениеті кафедрасымен бірлесе отырып орнықтыру конференциясын өткізеді, онда студенттерге педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты, мазмұны мен міндеттері түсіндіріледі

Іс-тәжірибенің алғашқы күндерінде студенттерді оқу орнымен (құрылымымен, тарихымен, ішкі ережелерімен т.с.с.) және ондағы мектеп басшыларымен мектеп ұжымымен, оқушылармен, жоспарларымен оқу- тәрбие жұмыстарымен, т.б. таныстыру қажет.

Практиканттар өздеріне бекітілген сынып сабақтарына қатысады, сабақтан тыс жұмыстармен танысады. Топ жетекшісімен бірге практика кезіндегі жұмыс жоспарын құрады, онда мамандығы бойынша факультативтік асбақтар болсы, олардың көлемімен, мазмұнымен танысады.

Топ жетекшісінің нұсқауымен студенттер жалпы педагогикалық практиканың жоспарын құрады, бекітеді және жеке жоспарлары бойынша жұмыс жасайжы.

Тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін студенттерге бір сынып бекітіліп беріледі, онда олар сынып жетекшісінің міндеттерін орындайды.

Сонымен қатар практикант өз мамандығының пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар өткізеді.

Іс-тәжірибе кезінде студенттер педагогика және психология кафедраларының жетекшілігімен сынып оқушыоарына психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындайды.

5. Студент-практиканттардың құқығы мен міндеттері

Студент-практиканттар іс-тәжірибе кезінде туындаған сұрақтар бойынша практика жетекшілерінен көмек алуға, оқу-тәрбие процесіне өзінің жаңалықтарын енгізуге, конференцияға қатысуға, қітапхана және кабинеттерді пайдалануға құқылы.

Практикант педагогикалық практика бағдарламасында көрсетілген жұмыстарды орындауға тиіс. Әр сабаққа тыңғылықты дайындалуға және сыныптан тыс сабақтарды өткізуге міндетті. Олар оқушыларды еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке үйрету керек. Практиканттар оқу орнының ішкі ережелерін қатаң орындауы шарт.

Студенттер қойылған міндеттерді орындамаған жағдайда, практикадан шеттеледі. Практика кезінде студенттердің арасынан топ басшысы тағайындалады

6. Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде студенттер жүргізген жұмыстарды аттестаттау және оның есебі

Студенттер іс-тәжірибе кезінде күнделік жүргізуі тиіс. Күнделік материалдары іс-тәжірибеде орындалған жұмыс туралы есеп беру үшін пайдаланылады.

Студенттер педагогикалық тәжірибе аяқталған кезде топ жетекшілеріне жазбаша есеп жұмыстарын тапсырады:

  • Жүргізілген жұмысқа есеп беру топ жетекшісінің, кафедра әдіскерінің берген тапсырмалары бойынша практиканың мазмұнына қарай анықталады;

  • Студент-практиканттың өткізген есебіне байланысты топ жетекшісі, әдіскерлер, мектеп оқытушылары (сынып жетекшісі, пән мұғалімі) бірлесіп аттестаттайды.

Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы оқу орнының бірлескен педагогикалық кеңестерінде студенттердің есептері бекітіліп, қорытынды жасалады

Факультеттің іс-тәжірибеге байланысты қорытынды конференциясында студенттердің есебі бойынша топ жетекшілері баяндама жасайды.

Қорытынды конференцияға мектеп басшылары, мұғалімдері, университеттің практика жетекшісі, іс-тәжірибеге қатысқан кафедра әдіскері және студенттер шақырылады. Іс-тәжірибе нәтижелері бойынша арнайы көрме ұйымдастырылып, іс-тәжірибе қорытындыланады.

-курсқа

ЖОЛДАМА

_____________________________ факультеті

____________________________ курс студенті

Іс-тәжірибеден өту үшін

____________________ - ____________________ аралығында арнайы жолдамамен жіберілді.

Бұйрық №____________________ 20__ ж

Іс-тәжірибе жетекшісі____________________________________________

Әдіскерлер

Факультет деканы_________________________________________________

7. ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДІҢ ЖОСПАРЫ

1-апта

  1. Орнықтыру конференциясы

  2. Мектеп директоры, орынбасарларымен пікірлесу

  3. Студенттерді сыныптарға бөлу, бір сыныпқа 1 немесе 2 студенттен.

  4. Педагогикалық практиканы өткізу барысында оқу-тәрбие жұмысының жеке жоспарларын жасау.

  5. Мұғалімнің сабақтарына қатысу және талдау

  6. Мұғалімнің басшылығымен сынып журналын жүргізу.

  7. Көрнекі құралдармен дидактикалық материалдар дайындау.

  8. Оқушылардың білім алуда үлгермеу себептерін анықтау.

2-апта

  1. Сабақтарды дайындау және өткізу.

  2. Сабақтарды бақылау және талдау.

  3. Көрнекі құралдармен дидактикалық материалдар дайындау.

  4. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау.

  5. Оқушылардың сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттағы тәртібін қадағалау.

  6. Жеке оқушымен жұмыс (жоспарын оқу немесе тәрбие).

  7. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу және талдау.

  8. Озат мұғалімдердің іс-тәжрибесін зерттеу.

3-апта

1. Сабақтарды дайындау және өткізу.

2. Көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар дайындау.

3. Оқушының сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттағы тәртібін қадағалау.

4. Сабақтарды бақылау және талдау.

5. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау.

6. Жеке оқушымен жұмыс (жоспарын оқу немесе тәрбие).

7. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу және талдау.

8. Оқу пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

4-апта

  1. Сабақты ұйымдастыру және өткізу.

  2. Көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар дайындау

3. Оқушының сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттағы тәртібін қадағалау.

4. Сабақтарды бақылау және талдау

5. Жүргізетін оқу пәні бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу.

6. Мектеп оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге арналған материалдармен жеке педагогикалық қорды толықтыру.

7. Үлгермеуші немесе үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу.

8. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу және талдау.

5-апта

  1. Түрлі типтегі сабақтарды ұйымдастыру.

  2. Сабаққа бақылау және талдау.

  3. Мектептегі жеке пән мұғалімдерінің методикалық бірлестігінің жұмысына қатысу.

  4. Мектеп оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге арналған материалдармен жеке педагогикалық қорды толықтыру.

5. Ата-аналар жиналысын өткізуді ұйымдастыру.

  1. Үлгермеуші немесе үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.

  2. Оқушылар ұжымын педагогикалық-психологиялық зерттеу.

  3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу.

6-апта

  1. Сабақты ұйымдастыру және өткізу.

  2. Көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар дайындау

3. Оқушының сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттағы тәртібін қадағалау.

4. Сабақтарды бақылау және талдау

5. Жүргізетін оқу пәні бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу.

6. Мектеп оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге арналған материалдармен жеке педагогикалық қорды толықтыру.

7. Үлгермеуші немесе үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу.

8.Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

7-апта

  1. Түрлі типтегі сабақтарды ұйымдастыру.

  2. Сабаққа бақылау және талдау.

  3. Мектептегі жеке пән мұғалімдерінің методикалық бірлестігінің жұмысына қатысу.

  4. Мектеп оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге арналған материалдармен жеке педагогикалық қорды толықтыру.

  5. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  6. Үлгермеуші немесе үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.

  7. Оқушылар ұжымын педагогикалық-психологиялық зерттеу.

  8. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу.

8-апта

  1. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау.

  2. Көрнекі құралдармен дидактикалық материалдарды дайындау қортынды (есеп беру ) сабақтар өткізу .

  3. Мұғалімнің көмегімен оқушылардың үлгерімін, тәртібін бағалау .

  4. Педагогикалық практика барысында жүргізген күнделіктерін толтыру .

  5. Оқушылардың білімін бағалау .

6. Оқушылар ұжымын педагогикалық-психологиялық зерттеу.

7. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу және талдау.

8. Мектепте өтетін конференцияда практиканы қорытындылау .

9.Факультеттегі қорытынды конференция .