- •Студентке жаднама
- •2. Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеттері
- •3. Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны
- •4. Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу
- •5. Студент-практиканттардың құқығы мен міндеттері
- •6. Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде студенттер жүргізген жұмыстарды аттестаттау және оның есебі
- •Тоғызыншы апта толықтыру аптасы
- •Студенттер педагогикалық практика аяқталған соң топ жетекшілеріне мынадай жазбаша жұмыстарын тапсырады.
- •Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша жылдық жоспар кестесі
- •Сыныпта оқитын оқушылардың тізімі
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Студенттің жеке жоспары
- •Мектеп ішілік өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жылдық жоспары
- •Практикант_______________________________________________________ Мектеп ішілік өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жылдық жоспары
- •Практикант_______________________________________________________ Сынып жетекшісінің тәрбие сағатының жоспары
- •Сабақтан, сыныптан тыс ашық тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өткізу жоспары
- •6. Сабақтың барысы:
- •Ашық сабақ жоспары
- •Сабақтың барысы:
- •Студенттің оқу және тәрбие жұмыстарына берілген бағалары
- •Әдіскерлердің студент жұмысына берген қорытынды бағалары
- •Сынып жетекшісінің пікірі
- •Хаттама №
- •1. Практиканттың тәрбие жұмысын талдау
- •Хаттама №
- •Практиканттың оқу-ісі жөніндегі жұмыстарын талдау
- •«Өнер» факультеті «Дене мәдениеті» кафедрасы 5в010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығының___ - ші курс студенті
- •Педагогикалық практика бойынша
- •Практикант: ______________________________________________________
- •Қасенов Талапбай Баубекұлы
- •Студенттің педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі бақылау-тіркеу кітапшасы (Бастапқы әскери дайындық мамандығының студенттеріне арналған)
ФЖ-ОБ-004/001
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СТУДЕНТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
(Бастапқы әскери дайындық мамандығының студенттеріне арналған)
(студенттің аты жөні және тобы)
Түркістан 2016
Қасенов Т.Б., Уразбаев А.А. Студенттің педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі бақылау-тіркеу кітапшасы (Бастапқы әскери дайындық мамандығының студенттеріне арналған) Әдістемелік құрал. – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2014 ж. – 82 б.
Бақылау тіркеу кітапшасы – практикант студенттің бірыңғай әрі міндетті құжаты.
Бұл әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттеріне, педагогикалық іс-тәжірибеден өтуіне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Пікір жазғандар:
П.ғ.д., профессор Ш.Б.Оразов
Доцент м.а. п/п-к И.Қ.Тұрметов
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетің
Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған, хаттама №5, 03 ақпан 2014ж.
© Қасенов Талапбай Баубекұлы,
Уразбаев Арыстан Арынбекұлы
© Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
2014.
КІРІСПЕ
Болашақ педагогтың өз мамандығымен алғашқы кездесуі педагогикалық практикадан басталады. Педагогикалық практика педагогикалық институттар мен университеттерде және колледждерде студенттердің мамандық пәндерден, педагогика, психология және пәнді оқыту әдістемелерінен алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын мұғалімдік қызметте қолдануға үйрету мақсатын көздейтін оқу процесінің құрамдас бөлігі.
Ғалым-педагогтар, психологтар және әдіскерлер (О.А. Абдулина, В.В.Воробьева, М.М.Волошкина, В.Г.Максимов, Г.А.Арютинова, В.А.Сластенин, Н.Полянский, А.Кадыров, Б.Айтмамбетова т.б.) педагогикалық практиканы- студенттерді мектеп жұмысына араластыратын, балаларды қоғам талабына сай оқытуға, білім беруге, тәрбиелеуге өз үлестерін қосуға, мұғалімдік қызметке қызықтыратын, шығармашылық белсенділігін арттыратын оқу тәрбие процесс деп қарастырады.
Педагогикалық практиканы педагогикалық процесс деп қарастырсақ, осы нысан аймағында келешек мұғалімдер тәрбие беру механизмін іске қосуға үйренуі. Профессор Н.Д.Хмель өзінің «Педагогтік процесс – мұғалім қызметінің объекті» деген монографиясында тәрбие механизімі туралы былай баяндайды: педагогтік процестің компаненттері – педагог, оқушылар, ата-аналар, мақсат, міндеттер, мазмұн, формалар, әдістер және тәсілдер. Ол мақсат, міндеттер және мазмұн сияқты компаненттер мұғалімге байланысты емес, олар қоғамдық қажеттілікке байланысты, ал басқа компаненттер – формалар, әдістер және тәсілдер оқушылар қызметін ұйымдастыруда педагогтің мүмкіншілігін анықтайтын педагогтік процестің қозғаушы механизмін құрайды.
Болашағы зор тәуелсіз қазақ елін өркендететін жас ұрпақтың ұлттық санасын, білімін, тәрбиесін шыңдауға қызмет ететін мамандар – білім беру, оқыту, тәрбие және дамыту жүйесіндегі негізгі тұлға болып табылады. Болашақ мамандар алған білімдері мен дағдыларын іс-әрекетке айналдырып, тәжірибеде іскерлікпен қолдана білуін көрсетуде студенттердің педагогикадық практикасы шешуші мәнге ие.
Әрбір маман қазіргі білім беру стратегиясының басты сипатты тұлғаның өзіне тән қабілетін оятып, іскерлігі мен қабілеттілігін ашу, шығармашылық мүмкіндігіне бағдар беру, өзіндік дамудың дербес ерекшеліктеріне орай жоспар жасап және оны жүзеге асыруға баулу екекін түсініп қана қоймай, оны орындауға және нақты іс жүзінде көрсетуге бағытталуы тиіс. Педагогикалық практика бағдарламасында көрсетілген жұмыстарды студент педагогикалық практика кезінде белгіленген тәртіп негізінде өзінің мамандығы бойынша білім береді, тәлім-тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырады, сыныпқа жетекшілік міндетін қосымша атқарады. Сондай-ақ ол оқушыларды сабақтан тыс жұмыстарға бейімдеп, оқушылармен тіл табысып, ұстаздардың сабақтарына жиі қатысып өзара тәжірибе алмасуы қажет.
1. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ІС-ТӘЖІРИБЕ
Студентке жаднама
Студенттер іс-тәжірибесін жалпы білім беретін мектеп, лицей және гимназиялардың 10-11 сыныптарына өткізеді.
Әрбір студент жеке жоспарына байланысты іс-тәжірибе өтіп жүрген оқу орнында күнде 6 сағат жұмыс істеуге міндетті. Педагогикалық іс тәжірибенің бүкіл мерзіміне арналған жоспарларды пән мұғалімінің, сынып жетекшісінің басшылығымен студент дайындайды.
Топ әдіскері жеке жоспарды апта сайын тексеріп, қол қояды.
Іс тәжірибенің бірінші аптасы мектеппен, сыныппен танысуға арналады. Студент келесі аптада пән мұғалімінің, әдіскердің басшылығымен сабақ беруге кіріседі. Іс-тәжірибенің қалған уақытында ол кесте бойынша өз бетінше дайындалып, пән материалдарын оқушыларға игертудің алғашқы қадамдарын жасайды.
Студент педагогикалық іс-тәжірибенің мерзімінде сыныпқа жетекшілік етуді өз бетінше орындайды
Студент өз бетінше жұмыс істеу кезінде әдіскер оның сабаққа дайындығын тексереді және қадағалайды. Өткізген тәрбие жұмыстарын бағалайды.
Студенттің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі мінездемесі іс-тәжірибе өткізген оқу орнының педагогикалық кеңесінде талқыланады.
Педагогикалық іс-тәжірибенің соңында үш күн мерзім ішінде студент топ басшысына мынадай құжаттарды көрсетеді:
а) толтырылған, мектептің мөрі басылған бақылау-тексеру кітапшасын;
ә) конспектілер мен өткізген сабақтардың жоспарларын;
б) пән бойынша сабақтан тыс іс-шараның жетілдірілген әдістемесін
в) оқушының, сыныптың психология-педагогикалық мінездемесін
г) студенттің не оның жетекшілігінде оқушылармен жасаған көрнекі құралдарын.
2. Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеттері
Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеттері:
педагогикалық қызмет процесінде студенттердің университеттен алған теориялық білімдерін қолдану арқылы іс-тәжірибеде тереңдетіп бекітуі және жан-жақты пайдалана білуі;
студенттердің тәжірибе жинақтап, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу және тәрбие жұмыстарына араласу;
студенттердің әр түрлі сабақ түрлерін өткізуге дайындығы және оқушылардың еңбек, қоғамдық, саяси, іздену қабілеттерін арттыру үшін әртүрлі педагогикалық әдістерді қолдана білу;
студенттердің педагогика мамандығына сүйіспеншілігін дамыту;
Студенттердің курстық, дипломдық жұмыстарына байланысты материалдарды жинау;
мектептің озық тәжірибелі әдіскер-мұғалімдерінің іс-тәжірибелерімен танысу және оны өзіндік пайдалану мақсатында жұмыстар жүргізу.
3. Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны
Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны төмендегідей оқу-тәрбие процестерін қамтиды:
оқу жұмыстары (факультетив сабағы пән бойынша)
тәрбие жұмыстары
сыныптан тыс жұмыстар
Оқу жұмыстарына жатады
а) мұғалімнің өз пәні бойынша әдістемелік тәжірибені және оқу жұмыстарының жүйесін меңгеруі.
- Сабаққа дайындық (сабақтың мазмұны мен мақсатын анықтау, сабақты өткізу үшін әдістерді таңдау, жоспар құрастыру көрнекі құралдар дайындау т.б.)
- Сабақты өткізу (жаңа тақырыпты түсіндіру, оқушылардың өзінше жұмыс жасауын ұйымдастыру, оқу процесінде оқушыларды тәрбиелеу).
б) Тәрбие жұмыстарына мыналар кіреді
- Сынып жетекшісінің оқушылармен тәрбие жұмысын өткізу жүйесімен танысу.
- Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін білу.
- Негізгі тәрбиелік жұмыстарды өткізу және дайындай білу (адамгершілік тақырыбына әңгімелесу, конференция, кештер, театрларға бару, т.б.)
- Жеке оқушылар мен бүкіл сыныпты басқарудың негізгі әдістемесін білу, керекті педагогикалық ақпарат жинау, психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастыра білу.
- Сынып жетекшісінің көмекшісі және сынып жетекшісі ретінде жүйелі жұмысты атқару
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының әдістерімен танысу және оны өткізу (ата-аналармен әңгімелесу, мұражайларға, мәдени орындарға саяхат және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру)
