- •1.1. «Критикалық ойлау» дегеніміз не?
- •"Аргумент" дегеніміз не?
- •Дәйектер мен тұжырымдар
- •Аралық қорытынды
- •Аргументтер құрылымы
- •Жорамал және болжамдар
- •Жорамалдар - кемшіліктер
- •Шамалап түсінетін қорытынды
- •Аргументтерді не үшін бағалаймыз?
- •«Авторитеттерден» (Беделділерден) болатын аргументтер
- •Аргументтер, себептер мен салдары жайлы
- •Жалпылаулары бар аргументгер
- •Басқа да «қауіпті» аргументтер
- •Қазақстандағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Көрсетілген контекст бойынша «күйзеліс» сөзінің анықтамасын жазыңыз.
- •«Ақжаға» деген нені білдіреді?
- •10 000 Жұмыскерге жүргізілген зерттеу нені көрсетті?
- •Осыған негіздей отырып автор қандай қорытындыға келді?
- •Автордың қорытындысы дұрыс деп санайсыз ба? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
- •Еліміздегі күйзелістік ауруларды тағы қалай азайтуға болады?
- •Көптеген менеджерлер өз жұмыстарын күйзеліске толы деп санайды. Ал, олардың жүрек ауруларына сирек үшырайтындығын қалай түсіндіресіз?
- •Ұлыбританиядағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Ғылыми әдіс
- •«Бақ» дегеніміз не?
- •Ырымдар
- •Ырымдар мен қоғамдағы наным-сенімдердің қысқаша сараптамасы
- •Астрология және жұлдыз жорамал
- •Елестер
- •Бұо (Белгісіз ұшқыш обект, нло)
- •Тарау. Дәлелдер мен деректер
- •Тарау. Аргументтерді бағалау
Аргументтерді не үшін бағалаймыз?
Кейбір қазақ отбасыларында ата-әжелер өз немерелерінің дастарханға шашылған нанның қоқымдарын жеулерін өтініп жатады. Мұндағы басты аргумент бұл әрекеттері немерелерінің бай болуларына жәрдемдеседі. Авторлардың біріне дәл солай айтып келген екен. Жәнеде ол кісі үнемі түк қалдырмай жеп отырған. Қанша жеп келсе де ол нанның қоқымы адамды қалай бай қылатынын түсіне алмай-ақ келеді. Мұндағы басты мәселе оның «шалқыған бай» болғысы келгендікте емес, ол тек қана себеп-салдарындағы байланысты тапқысы келген еді. Осы сұрақтөңірегіндеүнемі ойланып жүргендіктен, мүмкін болатын үш себепті таба алды:
1. Егерде барлығын түгелдей жейтін болса, келесіде
асты шағымдап жасауға болады. Міне, осылай тамаққа кететін шығынды азайтуға болады.
Егерде асқазаны қалап тұрғандай көбірек тамақтанатын болса, адам миы артық тамақганып, осының кесірінен болашақта денсаулығыназиян келуі мүмкін.
Егерде тиімді тамақтанып, артық тағам қалдырмаса, онда мұндай әрекет өзіндік бір дағдыға айналуы мүмкін. Ал, дағдылар бізге белгілі болғандай адамның мінезін, мінез-тағдырын анықтайды.
Бірінші себеп, 1980 жылдары нан бағасы өте төмен болғандықган нанға деген құрмет жеңіл-желпі болып көрінді. Екінші себеп, адам ағзасы бойынша қосымша білімді талап етті. Себебі, сол кездердегі автордың асқазан мен ми арасындағы байланыс жайлы бар білетіні: асқазан жұмыс жасамаған кезде ми тек қана тамақтуралы ойлайды дегенмен шектелетін еді. Үшінші себеп, әлдеқайда шындыққа жақын еді. Тамақты қалдырмау дағдысы басқа да кез-келген ісінде әсер етуі мүмкін. Мысалы: үй жұмыстарын ақырына дейін жасау, кітапты соңына дейін оқу және де жаңа, қызық дүниелерді толыққанды түсінуге тырысу. Мұндай әрекет балалардың өзіндік перфекционизмін, жүйелілікті, бар ресурстарды тиімді пайдалану сияқты қасиеттерін дамытуына жәрдемдеседі. Бәлкім, автордың қателесуі де мүмкін. Мұндағы қүпия дәстүрлік, белгісіз, түсіндіруге келмейтін уақытпен тексерілген дүниелерде жатқан болуы да мүмкін. Бәлкім, қандай да бір түсініктеме іздеудің де қажеті жоқ шығар. Өйткені, әжеміз айтқан екен, тамақгы тауысып жеуіміз қажет. Ал, байлық... өзі келеді. Мұндай сенім 1930-шы жалдардағы ұжымшылдық кезеңіндегі қазақ халқының басына түскен «Атақты ашаршылық» жылдарында пайда болып, кейін келе халықгың мәдениетіне енісіп кетуі де әбден мүмкін.
Автор ақыры бай болып кеткен жоқ. Алайда, оның ата- әжесінің даналығы мен аргументтеріне деген ризашылығы шексіз. Ол аман-есен, дені сау, жұмыс жасауда. Ал, бұл нағыз байлықгың дәл өзі. Сонымен қатар, ол дәлелдері күмәнді немесе қорытындысы ешбір дәлелге сүйенбеген аргументтерді критикалық ойлау әдетін қалыптастырды. Ал, бұл әдеттер өте пайдалы болып шықгы. Елестетіп көріңізші, Сіздің болашақ «бастығыңыз», әрине, сізден нанның қоқымын тауысып жеуіңізді сұрамайды, Сізге қомақгы қаржы уәде ете отырып, әр күн сайын қосымша 4 сағат жұмысжасауыңызды сұрайды. Бұл жерде Сіз өзіңіздің қосымша жұмысыңыз қай тұрғыдан Сізге қомақты қаржы алып келетіндігін нақгылау мақсатында қосымша сұрақ қойғыңыз келеді. Сіз қандай да бір қосымша келісім-шарт, немесе ең болмағанда Өзіңіз қатысқалы отырған оқиға сценарийінің дамуы жайлы білгіңіз келетіндігі анық. Мұндай жағдайлар көп кездесуі мүмкін. Ал, енді өзіміздің іс-әрекеттерімізде логика мен анықгылыққа жетуде және аргументтерді бағалауға дайын болу үшін талқылау кезіндегі қателіктердің сан алуан түрлерін қарастырайық.
