- •1.1. «Критикалық ойлау» дегеніміз не?
- •"Аргумент" дегеніміз не?
- •Дәйектер мен тұжырымдар
- •Аралық қорытынды
- •Аргументтер құрылымы
- •Жорамал және болжамдар
- •Жорамалдар - кемшіліктер
- •Шамалап түсінетін қорытынды
- •Аргументтерді не үшін бағалаймыз?
- •«Авторитеттерден» (Беделділерден) болатын аргументтер
- •Аргументтер, себептер мен салдары жайлы
- •Жалпылаулары бар аргументгер
- •Басқа да «қауіпті» аргументтер
- •Қазақстандағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Көрсетілген контекст бойынша «күйзеліс» сөзінің анықтамасын жазыңыз.
- •«Ақжаға» деген нені білдіреді?
- •10 000 Жұмыскерге жүргізілген зерттеу нені көрсетті?
- •Осыған негіздей отырып автор қандай қорытындыға келді?
- •Автордың қорытындысы дұрыс деп санайсыз ба? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
- •Еліміздегі күйзелістік ауруларды тағы қалай азайтуға болады?
- •Көптеген менеджерлер өз жұмыстарын күйзеліске толы деп санайды. Ал, олардың жүрек ауруларына сирек үшырайтындығын қалай түсіндіресіз?
- •Ұлыбританиядағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Ғылыми әдіс
- •«Бақ» дегеніміз не?
- •Ырымдар
- •Ырымдар мен қоғамдағы наным-сенімдердің қысқаша сараптамасы
- •Астрология және жұлдыз жорамал
- •Елестер
- •Бұо (Белгісіз ұшқыш обект, нло)
- •Тарау. Дәлелдер мен деректер
- •Тарау. Аргументтерді бағалау
"Аргумент" дегеніміз не?
Аргумент сөзі латынның агдитепйіт, яғни, 1) айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек; 2) математикада тәуелсіз ауыспалы шама. Нақты осы аргумент зерттеу нысанасы және критикалық ойлаушының аттандыру нүктесі болып табылатындықтан критикалық ойлауда аргумент түсінігінің мағынасын бағалау күрделілеу. Кейбір ғалымдар критикалық ойлауды «түсінудің белсенді, жүйелі процесі ретінде» анықтайды. Міне, осылай критикалық ойлаудағы аріумент тұжырымдамаларды растауға келтірілген аргументтер, себептер, дәйектер мен мысалдардың қорытынды жиынтығы дегенді білдіреді.
Сонымен қатар, критикалық ойлай алатын адамдар аргументтерді бағалайтын және түсінетін бір ғана дұрыс ереже жоқ екендігін мойындайды. Сондай-ақ, барлық талпыныстар жемісті бола бермеуі мүмкін. Алайда, күнделікті өмірде, оқу және жұмыс процестерінде аргументтер құру мен бағалауды, түсінуді үйрену қажет. Ал, егерде Сізде «Неліктен бұл бізге аса қажет?» деген сұрақ туындаса онда Сіз дұрыс жолда екенсіз. Себебі, біз әлі мұндай қорытынды пайдасына арналған дәйектер келтірмеген едік. Бұған дейінгі қорытындымызға сәйкес егерде қорытынды дәйекпен немесе дәйектермен бекітілмесе ол аргумент болып саналмайтындығын білеміз. Яғни, біздің «күнделікті өмірде, оқу және жұмыс процестерінде аргументтер құру мен бағалауды, түсінуді үйрену қажет» деген дәйегіміз алдыңғы тарауда дауысқа салынатын болыптабылады.
Ал, енді біздің тұжырымдамамыз пайдасына арналған дәйекті келтіруге рұқсат етіңіздер. Дәйек:
Дүниежүзілік банктің өкілі, оқушылар жетістіктеріне бақылау жасап, бағалайтын сала бойынша консулътант эрі сарапшы Марк Зелъман баспасөз-конференциясы кезінде былай деді: "Қазақстанда оқитындар бірыңғай классикалық түрде жазылған мәтінді жақсы түсінеді және оқи алады. Бірақ диаграмма, графика, кестемен бөлінген үзік мәтіндерді нашар қабылдайды". Сонымен қатар ол "Қазақстанда оқушылардың теориялық білімін практикада қолдану қабілеттерін және сонымен қатар, критикалық ойлау дағдылары мен жаңашылдық жэне қаръім-қатынас жасай білуге басымдылық таныта отырып, мектеп бағдарламаларына өзгеріс енгізу қажетФдегенді атап өтті.
Бұл тұжырымдама Қазақстанның 2009-2012
жж. оқушылардың салалық сауаттылығын бағалау Халықаралық бағдарламаға қатысудағы нәтижесіне
арналған іс-шарада келтірілген болатын. (РІ5А - Рго- §гатте Іог Іпіетаііопаі ЗШсіепІ Аззеззтепі). Бірақ, бір ғана дәйекпен бекітілген қорытынды әрдайым нанымды бола бермейді. Осыған байланысты "Неге?” деген сұраққа біз көбінесе мынадай жауаптар аламыз: мысалы мынадай дәйектер: "Біріншіден..”, "Екіншіден...” "Үшіншіден”.
Интернет парақшалар мен мақалаларды, кітаптарды, журналдарды немесе фильмдерді қолдана отырып,
дәйектер мен тұжырымдар жасаушылар біздің танымымыз бен сенімімізге әсер етуге, тіпті өзгертуге тырысатыны жасырын емес. Алайда, болашақ критикалық ойлай алатын адам ретінде біз олардың күш салуларына саналы түрде қарсылық қалыптастыруымыз қажет. Бұл үшін ең алдымен қарама-қайшылық тудырушы сұрақ немесе тақырыпты сонымен қатар, тезис немесе үгіттеушінің негізгі қорытындысын анықтап алу қажет. Олай болмаған жағдайда, сұрақтың байыбына бармай қосымша дәйектер немесе мысалдарға қарсылық танытатын боламыз.
Біз жаңалықгарды оқығанда немесе репортаж көрген кезде материалдың басында не туралы айтқандығы жайлы тез қабылдаймыз. Алайда, біз тез әрі үнемі аянышты суретке (мысалы: аш балалар, қарулар, қан), иллюстрацияға (карикатура, комикс, жарнама) немесе айтылу әуеніне (сарказм, ирония) ғана көңіл бөлеміз. Осыған орай, біз автордың бізге жеткізгісі келген талқылаулары жайлы ойланбаймыз да. Біздің талқылауды тепе-тең қабылдай алмайтын жағдайдағы әрбір сәттерімізде адами қарым- қатынастың мағынасы жойылады. Бәлкім, сіз өзіңіз де пікірлесушіңізді түсіне алмай, олардың басты идеясын, қорытынды немесе тұжырымдамасын түсінуде тәуекелге барған кездеріңіз болған шығар. Критикалықойлай алатын адамға мұндай жағдайдың алдын алу үшін ең алдымен дәйектерді келесіде тұжырымдарды, тек содан кейін ғана аргументтерді табуды үйрену қажет.
