- •1.1. «Критикалық ойлау» дегеніміз не?
- •"Аргумент" дегеніміз не?
- •Дәйектер мен тұжырымдар
- •Аралық қорытынды
- •Аргументтер құрылымы
- •Жорамал және болжамдар
- •Жорамалдар - кемшіліктер
- •Шамалап түсінетін қорытынды
- •Аргументтерді не үшін бағалаймыз?
- •«Авторитеттерден» (Беделділерден) болатын аргументтер
- •Аргументтер, себептер мен салдары жайлы
- •Жалпылаулары бар аргументгер
- •Басқа да «қауіпті» аргументтер
- •Қазақстандағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Көрсетілген контекст бойынша «күйзеліс» сөзінің анықтамасын жазыңыз.
- •«Ақжаға» деген нені білдіреді?
- •10 000 Жұмыскерге жүргізілген зерттеу нені көрсетті?
- •Осыған негіздей отырып автор қандай қорытындыға келді?
- •Автордың қорытындысы дұрыс деп санайсыз ба? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
- •Еліміздегі күйзелістік ауруларды тағы қалай азайтуға болады?
- •Көптеген менеджерлер өз жұмыстарын күйзеліске толы деп санайды. Ал, олардың жүрек ауруларына сирек үшырайтындығын қалай түсіндіресіз?
- •Ұлыбританиядағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Ғылыми әдіс
- •«Бақ» дегеніміз не?
- •Ырымдар
- •Ырымдар мен қоғамдағы наным-сенімдердің қысқаша сараптамасы
- •Астрология және жұлдыз жорамал
- •Елестер
- •Бұо (Белгісіз ұшқыш обект, нло)
- •Тарау. Дәлелдер мен деректер
- •Тарау. Аргументтерді бағалау
Астрология және жұлдыз жорамал
Көп жағдайда адамдардың басым көпшілігі астрономияны астрологиямен шатастырады. Ең қызығы, екі термин де жұлдыздармен байланысты. Және де ежелгі грек тіліндегі Астер (аотрр) - «жұлдыз», номос (уорос;) - «әдет-ғұрып, заң», логос (Хоүос;)- «ілім». Алайда, егер астрономия - бұл аспан денелерін және олардың жүйелерінің орналасауын зерттейтін ғылым болса, астрология - бұл тек қана аспан денелерін зерттейтін ілім емес, аспан денелерінің іс-әрекетінің адам тағдырына қатысын зерттейтін былайша айтқанда, псевдо-ғылым болып табылады. Егерде астрономдар - ғалымдар болса, ал, көптеген астрологтар көбінесе балгерлер, әртүрлі дүниелерді, болашақты қоса болжаушылар категориясына жатады.
Ал, жұлдыз жорамал қалай пайда болды? Ежелгі астрологтар жыл бойы Күннің айналып жүретін аспан әлемінің үлкен шеңберін эклиптика деп атаған. Басқаша айтқанда, эклиптика — Күннің айналасында Жердің айналу жазықтығы. Эклиптика- топ жұлдыздар бойынша 12 бөлікке бөлінеді. Астрологтар адам туылған кездегі эклиптиканың жоғары көтерілу нүктесі оның өміріне әсерін тигізеді деп сендіреді. Бұл нүкте жұлдыз жорамал деп аталады. Астрологтар адамдардың болашағы мен тағдыры жайлы болжам жасау үшін «жұлдыз жорамал қүрастырады».
17 ғасырдың өзінде атақты неміс астрономы Иоганн
Кеплер бұл екі терминнің қарама қайшылығы жайлы төмендегідей түсіндіріп берді:
«Астрология — ақымақ қыз. Бірақ, оның аса ақылды анасы астрономия, егерде ақымақ қызы астрология болмаса не істей алар еді. Жарықтың өзі ғана жеткіліксіз. Ал, кәрі ақылды анасынан пайда болу үшін, ақымақ қызы өтірік иіындыны араластырып сөйлей беруі қажет. Математиктердің шағымдануы ештеңе емес, егерде қызы ештеңе таппаса анасы аш қалатын еді ғой...»
Орта ғасырлық астрономдар үшін өзін және жанұясын асырау үшін астрологияны қатар алып жүру қажет болды. Кеплердің өзіне де жүлдыз жорамалдар қүрастыруға тура келген. 17 ғасырдағы сияқгы қазірде астрология табысы мол бизнес болып саналады. Алайда, бүгінде астрологиямен қоса айналысатын астроном-ғалымдарды жиі кездестіру мүмкін емес. Астрологиямен көбінесе болжаушылар айналысады. Жыл сайын өз жұмыстарында, күнделікті тіршілікте, романтикалық сәттерінде және басқа да қатынастарында «жүлдыздар жорамал жасап жатыр» деген сенімдегі көптеген адамдар астрологтарға барып, қомақты қаржыларын жұмсайды. Басқа да балгерлер сияқты астрологтар да құрастырылған астрологиялық жұлдыз жорамалдың негізінде көптеген келушілердің әңгімелерін қолдана отырып, тиімді жорамалдар жасайды.
Неліктен миллиондаған адамдар астрологтар жасаған жүлдыз жорамалдарға сеніп келеді? Біріншіден, адамдардың көпшілігі астрологияны қолдамайтын, оның псевдо-ғылым сипатында екендігін дәлелдейтін ғылыми зерттеулермен таныс емес. Екіншіден, «бір аптаға арналған жүлдыз жорамал» (газеттерде, телеарналарда, радиоларда) сияқты қысқа бағдарламалар сенімділік туғызатын тілді қолданып, адамдар тез сеніп қалады. Үшіншіден, адам өте қызықтағыш болып келеді. Сондықтан да жұлдыз жорамал белгісіз, құпия дүниелерді ашады дегенге қалай болғанда да сенгісі келіп тұрады.
