Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Критические мышления текст.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать
  1. Еліміздегі күйзелістік ауруларды тағы қалай азайтуға болады?

Көп адамдар бұл сұрақты жаңашыл ойлауға жаттығу ретінде қабылдайды. Бәлкім бұл солай да шығар. Соның өзінде сұрақтан алыс кетпей-ақ, мәтін бойынша ойыңды жинақтауға болады. Алғашқы табиғи сұрақ: «Еліміздегі күйзеліске байланысты ауруларды азайту үшін бұған дейін не жасалынды?». Жұмысшылар арасында зерттеу жұргізілді. Бірақ, мақсат ауруды тек қана жұмысшылар арасында емес, бүкіл ел бойынша азайту болып табылады. Бәлкім, жұмысшылар үшін жұмыс кезіндегі күйзеліс жұмыстағы көңіл күйге байланысты емес, жанұядағы мәселеге байланысты пайда болатын шығар. Бәлкім, тағы да отбасы, мектеп окушылары, студенттер мен зейнеткерлер және т.б. арасында сауалнама жүргізу қажет шығар. Яғни, «жұмысшыларға психологты таныстыру» немесе «жалақыны көтеру» сияқты күнделікті қарапайым кеңестермен жауап бермей, керісінше мақсатқа жету әдісінің өзін талқылау ұсынылады.

  1. Көптеген менеджерлер өз жұмыстарын күйзеліске толы деп санайды. Ал, олардың жүрек ауруларына сирек үшырайтындығын қалай түсіндіресіз?

Мына жерде көмек бар. «Күйзеліс» өз өзінен жүрек ауруларының дамуына жеткілікті жағдай емес екендігі анықтала түседі. Себебі, менеджерлер (өз жұмыстарына деген бақылаулар әлдеқайда мол басқарушылар] де үнемі «күйзелісте» жүреді. Бірақ, ауырмайды. Ендеше, жауап қарапайым:

Күйзелістің бар болуы жүрек ауруының дамуына жеткілікті жағдай болып табылмайды. Бәлкім, менеджерлер мен жүмысшылар арасындағы жүрек ауруына бейімділіктің айрымашылығына жауап беретін күйзелістен басқа да фактор болуы мүмкін. Сонымен ңатар, жұмысшылардағы жүрек ауруы генетикалық бейімділік, шылым шегу, нашар тамақтану, ауыр жүмыс және т.б. сияқты өзге факторлардың әсерінен болуымүмкін.

Тағы да, біз бұл дұрыс жауап деп бекітіп отырған жоқпыз. Дұрысы, мұндай тапсырмаларды шешудегі дұрыс тәсілдердің бірі ғана. Құрылымы жағынан Назарбаев Университетіне түсер кездегі критикалық ойлау бойынша мәтінге ұқсас тағы бір жеңіл мәтінді қарастырайық.

Мәтін 2: Мұнай компаниясының кадр бөлімінің есептемесі

  1. танытатын және

    Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне дағдарыс кезінде суыққандылық әртүрлі мәселелерді жылдам сезіне алатын адам қажет.

  2. Бүл үміткер үшақпен үшу кезінде қорқынышы бар екендігін және үшақ қонар кезде қатты абыржитындығын, осыған байланысты, егерде мүмкін болса шетелге жол жүруден аулақ жүретіндігін айтып отыр.

  3. Осыған сәйкес, ол адамның өте күйгелек екендігі, дағдарыс кезінде абыржып қалатындығы және қиын кезеңдерде бірқалыпты басқара алмайтындығы түсінікті болды.

  4. Бүл үміткер біздің мүнай компаниямыздың басқарма төрағасының орынбасары қызметіне сай келмейді деп есептейміз.

Негізгі сұрақтарды қарастырмай, күрделі сұрақтарға ойымызды шоғырландырып көрейікші. «Сіз мәтіннің қорытындысымен келісесіз бе? Егерде жоқ десеңіз, неліктен?» -деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын аргументтерді талдаудан бастаймыз. Бірінші сөйлем мәтіннің мақсатын көрсетеді: суыққанды басқарма төрағасының орынбасары қажет. Екінші сөйлем бұл қызметке үміткердің бірінің мәселесін бейнелейді. Үшінші сөйлем аралық қорытындыны: «ол күйгелек адам» екендігін келтіреді. Ал, төртінші сөйлемде осы аралық қорытындының негізінде негізгі қорытынды: «бүл

үміткер басқарма төрағасының орынбасары қызметіне сай келмейді» деп келтірілген.

Ал, енді өзіміздің қорқыныштарымыз жайлы ойлап

көрейік. Бізде қорқыныш бар ма? Мысалы, осы кітаптың авторларының бірі жайыннан қорқатындығын айтты. Алайда, жайын адам өміріне шынайы қауіп-қатер алып келетіндіктен жайыннан қорқу қалыпты және рационалды құбылыс деп санауға болады. Бірақ, басқа автор қаздардан қорқады екен. Ал, қаздар дәл қазіргі кезде отыздан асып бара жатқан авторға ешбір айтарлықтай зиян келтіре алмайтыны анық. Өзінің қаздарға деген қорқынышына қарамастан, автор күйгелек адам емес. Әрине, Сіз бұл жағдай автор жайлы болғандықтан оның ешбір құмарлығы жоқ деп айтуыңызға болады. Бірақ, бұл жайлы басқа да көп адамдар куәлік етіп отыр. Яғни, бұл дегеніміз басқарма төрағасы орынбасарына үміткердің де күйгелек адам еместігін көрсете алады ма? Жоқ. Бірақ, мәтінде берілген ақпараттарға сәйкес біз ол адамды күйгелек деген қорытынды жасай алмаймыз. Яғни, үміткер күйгелек адам болуы шарт емес. Осыған байланысты кадр бөлімі үміткерлерді өз қабілеттерін көрсету мүмкіндіктерінен айырмас бұрын олар жайлы көбірек біліп алулары қажет. Егерде кадр бөлімінің бұл үміткерді жүмысқа алу ниеттері мүлдем болмаса, олар жай ғана жұмыс шетелдік жол сапарларға толы болатындығын, үнемі ұшақпен ұшуды талап ететіндігін, тіпті оған ұшақ ішінде де көп жүмыс жасау керектігі жайлы айтулары мүмкін. Мұндай жағдайда үміткердің өзі де бұл лауазымға сәйкес келмейтіндігін түсінер еді.