Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Критические мышления текст.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.93 Mб
Скачать
  1. Көрсетілген контекст бойынша «күйзеліс» сөзінің анықтамасын жазыңыз.

Сөз бен түсінікті әртүрлі анықтауға болады. Кей кездерде синонимдер келтіру немесе мысалдар келтіру жеткілікті болып жатады. Бірақ, емтихан кезінде Ох/огсі Еп- діізһ ӘісСіопагу сияқты түсіндірме сөздіктерде белгіленген нұсқа бойынша анықтамаларды көрсетіп, толыққанды жауап беруұсынылады. Ол үшін біз күйзеліс түсінігін қандай қүбылысқа немесе затқа жатқызатындығымызды түсініп алуымыз қажет. Мәтінде күйзеліспен байланысты аурулар жайлы айтатындығын ескере отырып, біз күйзелісті ауру факторы ретінде (мысалы, суық, жаңбыр, ыстық және т.б.) қарастыра аламыз. Бірақ, факторлар қанша болса да бола беруі мүмкін. Сол үшін біз фактор анықтамасына сай келетін сөздер шеңберін тарылтуымыз қажет. Біз, күйзелістіңжүрек ауруларына алып келуі мүмкін екендігін білеміз. Бірақ, біз бұған әлі де толық сенімді емеспіз. Берілген контексте күйзеліс жұмыспен тығыз байланыста берілгендігін көріп отырмыз. Себебі, мәтіндегі күйзеліс бойынша зерттеуде басты нысанада жүмыскерлер болған. Осыған байланысты біз былайша жаза аламыз:

Күйзеліс - көбінесе жүмыспен байланыстыратын жүрек әлсіздігі сияқты белгілі бір ауруларға алып келуі мүмкін фактор.

  1. «Ақжаға» деген нені білдіреді?

Сұрақтың мұндай түрі оқушының білімін тексеруге бағытталуы мүмкін. Егер соншалықты қатты әлеуметтік ғылыммен қызықтайтын адам экономика және әлеуметтанудағы мұндай кең тараған сөзді білмесе түсініксіз болар еді. Университет үміткерлер тарапынан Тһе ЕсопотізС, Тһе Л/ем/ Үогк Тітез, Тһе Ғіпапсіаі Тітез және т.б. сияқты мерзімді басылымдарға деген белгілі бір қызығушылықтарын күтеді. Мектепте үйрететін экономика, қүқықтану, және қоғамтану саласы бойынша фундаменталды білім негізінен жеткілікті болу қажет. Соның өзінде жоғарыда атап көрсеткен, сарапшылар өздерінің пікірлерімен бөлісетін мерзімді басылымдарды оқуды ұсынады. Белгілі бір мақала бойынша жазылған ой- пікір мен редакцияға жазылған хат мәтінді сараптауға және дұрыс сынаудың пайдалы көзі бола алады. Мұндай жағдайда сұхбат беруші жақсы мысалдар келтіруі үшін сөз тіркесінің мағынасын ашу ықшамды әрі қалаулы болуы қажет.

  1. 10 000 Жұмыскерге жүргізілген зерттеу нені көрсетті?

Бұл сұрақ өте қарапайым. Бірақ, тіпті осы жердің өзінде тікелей немесе анық жауап ретінде екінші сөйлемді алмастыру болып табылатындығына қарамастан кейбір оқушылар аргумент (4) қорытындысын қате жазулары мүмкін. Мұндай сұрақтар оқушылардың мұқияттылығы мен қойылған сұрақтарға нақты және анық жауап бере алу мүмкіндіктерін тексереді.

  1. Осыған негіздей отырып автор қандай қорытындыға келді?

Мұндағы негізгі сөз «осыған» болып табылады. Яғни, өткен сұрақтардың нәтижесіне орай алынған. Көп адамдар бұған назар аудармайды да тағы да аргументтің қорытындысын келтіруге асығады. Емтихан қабылдаушыларды бұл жерде оқушының аралық қорытындыларды анықгай алу қабілеті қызықтырады.

  1. Автордың қорытындысы дұрыс деп санайсыз ба? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.

Бұл сұрақ басқа сұрақгарға қарағанда көп ұпайға ие. Егерде ұпайды көп беретін болса онда осы ұпайларды алу үшін жұмыс жасау қажет. Былай қарасаң, автормен келісу қажет сияқты. Себебі, зерттеуді жүргізді, үкімет шешімді қабылдап қойды. Бірақ, мәселе бұл жерде емес қой. Критикалық ойлаушы сөзбе-сөз сенбеу үшін де критикалық ойланатын адам болып саналады. Біз жұмысты бақылау дәрежесі мен мүмкін болатын жүрек аурулары арасында корреляцияның бар екендігін білеміз. Бірақ, дәл осы екі фактор өзара байланысты екендігі, олардың арасындағы тікелей себеп-салдарлы өзара байланысекендігінекепілдік бермейді. Бәлкім, жұмысты басқару дәрежесіне де адамның денсаулығынада әсер етететін үшінші бір фактордыңболуы мүмкін. Жүрек аурулары бар адамдардың өздері жұмысты басқару ғана емес, сонымен қатар оған деген жауапкершілігі бар басқарушылық жұмысты қабылдағылары келмеулері де әбден мүмкін. Сондай-ақ, берілген аргументтен біз «өз жұмысына деген бақылау әлдеқайда жоғары деңгейдегі ер адамдарда күйзеліс арқылы болатын жүрек аурулары жиілігі төмен» деген дәлелге сүйене отырып, «ең күйзеліске көп ұшырайтын жұмыс орны ретінде жұмыскерлерге өз қызметтерін ұйымдастыруда аз бақылау жасауға мүмкіндік беретін орындар болып табылады» деп тұжырымдама жасалынған қате талқылауды көріп отырмыз. Бұл жерде, «жүрек аурулары бар адамдар үшін ең қауіпті жұмыс орны болып жұмысты ұйымдастыруға бақылауды аз беретін компаниялар болып табылады» деген сөйлем әлдеқайда қисындырақ болар еді. Өйткені, «күйзеліс» факторлардың бірі ғана болып саналады. Жүрек аурулары басқа да факторлардың әсерінен пайда болуы да мүмкін.