- •1.1. «Критикалық ойлау» дегеніміз не?
- •"Аргумент" дегеніміз не?
- •Дәйектер мен тұжырымдар
- •Аралық қорытынды
- •Аргументтер құрылымы
- •Жорамал және болжамдар
- •Жорамалдар - кемшіліктер
- •Шамалап түсінетін қорытынды
- •Аргументтерді не үшін бағалаймыз?
- •«Авторитеттерден» (Беделділерден) болатын аргументтер
- •Аргументтер, себептер мен салдары жайлы
- •Жалпылаулары бар аргументгер
- •Басқа да «қауіпті» аргументтер
- •Қазақстандағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Көрсетілген контекст бойынша «күйзеліс» сөзінің анықтамасын жазыңыз.
- •«Ақжаға» деген нені білдіреді?
- •10 000 Жұмыскерге жүргізілген зерттеу нені көрсетті?
- •Осыған негіздей отырып автор қандай қорытындыға келді?
- •Автордың қорытындысы дұрыс деп санайсыз ба? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
- •Еліміздегі күйзелістік ауруларды тағы қалай азайтуға болады?
- •Көптеген менеджерлер өз жұмыстарын күйзеліске толы деп санайды. Ал, олардың жүрек ауруларына сирек үшырайтындығын қалай түсіндіресіз?
- •Ұлыбританиядағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
- •Ғылыми әдіс
- •«Бақ» дегеніміз не?
- •Ырымдар
- •Ырымдар мен қоғамдағы наным-сенімдердің қысқаша сараптамасы
- •Астрология және жұлдыз жорамал
- •Елестер
- •Бұо (Белгісіз ұшқыш обект, нло)
- •Тарау. Дәлелдер мен деректер
- •Тарау. Аргументтерді бағалау
Қазақстандағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
Орталық Азиядағы дәстүрлі медреседегі негізгі сабақ «мантык» (логика), грамматика, риторика, арифметика жәнегеометрия болып саналған. Логикасабағындабалалар Аристотель, Әл-Фараби және Авиценалардың (Ибн Сина) жұмыстарымен таныса алған. Кеңес уақытында логика бойынша сабақтар екінші қатарға ысырылып, мектептегі негізгі сабақ болып математика және жаратылыстану ғылымдары есептелді. Бәлкім, авторитарлық кеңес режимі өз азаматтары үшін логиканың дамуы мен критикалық ойлауды маңызды деп санамаған болу керек. Әйткенмен де қазақ мәдениетінде кеңінен тараған жұмбақтарды шешу және мақал-мәтелдерді түсіндіру жастар арасындағы критикалық ойлау мен логиканы дамытудағы белгілі бір плацдарм ретінде қызмет етіп келген еді. Қазіргі жаңа Қазақстанда критикалық ойлау бойынша сұрақтар үздік мектеп пен университтерге түсу кезіндегі емтихан талаптарына енуіне сәйкес үлкен өзектілікке ие болып келе жатыр. Шектелген студенттер санына қарамастан, үміткерлер саны мыңдаған болуы ғажап емес және мұндай тәсіл соңында түрғындардың айтарлықгай бөлігінің критикалық ойлау негіздерімен танысуларына алып келуі мүмкін.
Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және Әлеуметтік мектептеріне түсуге арналған критикалық
ойлау бойынша емтихан үлгісі университеттің сайтында орналасқан. Емтиханның ұзақтығы: 60 минут. Бір сағат ішінде үміткерлер ағылшын тілінде екі мәтінді талдап (жалпы алғанда 30 ұпай болатын), мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша түрде жауап берулері қажет. Мәтіндердің танымал тақырыптары: ғылым, саясаттану және экономика. Қысқартылған түрдегі осыған ұқсас мәтіндерді қарастырып, осы кітаптағы өзіміз өткен тақырыптарға сүйене отырып сұрақгарға жауап беріп көрейік:
Мәтін 1
X елдерінің үкіметі куйзеліспен байланысты аурулардың санын азайтуға қатысты өз іиеіиімдерін жария етті.
Жақында X еліндегі 10 ООО «ақ жағалыларға» жүргізілген зерттеулер өз жүмысына деген бақылау әлдеқайда жоғары деңгейдегі ер адамдарда күйзеліс арқылы болатын жүрек аурулары жиілігі төмен болатындығын көрсеткен.
Сондықтан да ең күйзеліске көп ұшырайтын жұмыс орны ретінде жұмыскерлерге өз қызметтерін ұйымдастыруда аз бақылау жасауға мүмкіндік беретін орындар болып табылады.
Осыған сәйкес, егерде үкімет күйзелістен болатын аурулардың азаюына расымен қызығушылық танытса, онда өз қызметкерлеріне жұмыстарына көп бақылау жасауға мүмкіндік беретін жұмыс берушілерді қолдаулары қажет.
Бұл мәтін өте қарапайым тәрізді. Бүкіл аргумент төрт сөйлемнен тұрады. Бірінші сөйлем үкіметтің мақсатын
баяндайды. Екінші сөйлемжұмысқа бақылау жасаудәрежесі мен пайда болуы мүмкін жүрек аурулары арасындағы мүмкін болатын корреляция жайлы айғақгайтын зерттеу нәтижелерін хабарлайды. Үшінші сөйлем екінші сөйлемге негізделген аралық қорытындыны қамтиды. Төртінші сөйлем негізгі қорытындының қызметін атқарады. Бұл қүрылымдарды біле отырып, біз келесі сұрақгарға жылдам жауап бере аламыз:
