Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_4_k_novy_Akush_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
374.78 Кб
Скачать

2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:

Реквизитке дейінгі: анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

Реквизиттен кейнгі: жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе, интернатура.

2.6. Пәннің мазмұны

Дәріс: Дәрістердің мазмұны медицина ғылымының қазіргі тенденцияларын ашып көрсетуі керек.

1. Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері. Қазақстан Республикасында акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі. Акушериялық-гинекологиялық мекемелердің типтері, олардың негізгі міндеттері. Аймақтандыру принциптері. Акушерия және гинекологиядағы әтика және деонтология. Акушериялық стационардың санитарлық-гигиеналық режимінің ерекшеліктері.

Репродуктивті денсаулық пен оны қорғау туралы түсінік. Репродуктивті денсаулық. Репродуктивті құқық. Сексуальды құқық. Отбасын жоспарлау. Қыз балаларды жыныстық тәрбиелеу. Контрацепция. Контрацептивті заттардың жіктемесі. Ана өлімінің негізгі себептері, қауіп факторларын анықтау. Түсік түсудің алдын алу.

Жүктілерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру, ұрықты антенатальді қорғау. Жүктілер мен босанған әйелдерді диспансерлік бақылау. Гравидограмма. Ұрықты антенатальді қорғауда әйелдер кеңесінің рөлі. Ұрықты тексерудің биофизикалық және биометрикалық әдістері. Пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері. Ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау мен алдын алудағы медициналық-генетикалық кеңестің ролі.

2. Жүктіліктің физиологиясы мен потологиясы

Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезінде әйел организміндегі өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамсыз ету.

Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің қазіргі қосымша әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері.

Жүктілік потологиясы. Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік кезіндегі қанкетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі туралы қазіргі көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық дәрежесін бағалау. Әйелдер кеңесі жағдайында алдын алу. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар кезіндегі дәрігердің тәсілі. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл терапияның принциптері. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Плацентаның ұрық жолында орналасуы.

Экстрагенитальді патология және жүктілік. Экстрагенитальды патологияның (жүрек-қантамыр жүйесі, зәр шығару, тыныс алу, асқорыту, эндокриндік жүйе аурулары) жүктілік пен босану ағымына және құрсақішіндегі нәресте жағдайына әсері. Экстрагенитальды патология кезінде жүктілік пен босануды жүргізудің ерекшеліктері. Жүктілерде экстрагенитальді ауруларды емдеу принциптері.

Жүктілерді босануға дайындау. Жүктілердің емдік-қорғау режимі. Жүктілерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. Босану алдында қауіп факторларын бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]