Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.12 Кб
Скачать

4 Тақырып Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау

  Азаматтық істерді қараудың және   шешудің мерзімдері. Азаматтық істер сотта қарауға дайындық аяқталған сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі. Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.

Сот шешімін шығармай істі аяқтау – іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру. 2 түрi бар – iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту және арызды қараусыз қалдыру.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың       негіздемелері, тәртібі мен салдары.  Арызды қараусыз қалдырудың негіздемелері, тәртібі     мен салдары.

Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді қараудың тәртібін қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

Бақылау сұрақтары

1 Сотта азаматтық істерді қарау азаматтық іс жүргізудің сатысы ретінде

2 Сотта азаматтық істерді қараудың бөліктері: даярлау бөлігі, істің мән-жайларын зерттеу, сот жарыссөздері, прокурордың қорытындысы, сот шешімін шығару және жариялау

3 Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту, арызды қараусыз қалдыру

4 Сот отырысы хаттамасының түсінігі

5 Тақырып Бірінші сатыдағы соттың актілері

Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім нысанында шығарылады.  Шешім кеңесу бөлмесінде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақытының аяқталуына қарай, сондай-ақ жµмыс күні ішінде сот (судья) кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жариялауға құқылы.

Сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс.

Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Шешімнің түрлері мен құрылымы.

Істі мәні бойынша шешкен кезде сот қысқаша (қысқартылған) шешім шығарады, ол кіріспе, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.      Шешім заңды күшіне енгенге дейін тараптардың жасаған жазбаша өтінімі бойынша не өз қалауы бойынша сот кіріспе, сипаттама, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұратын шешім шы¬арады. Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.      Шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

Бірінші сатыдағы сот актілерінің ұғымы жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

Бақылау сұрақтары

1 Бірінші сатыдағы сотының қаулылары: түсінігі және түрлері

2 Сот шешімі: түсінігі, түрлері, қойылатын талаптар

3 Сот ұйғарымы: түсінігі, түрлері, шығару тәртібі

6 Тақырып Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім

Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.

Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.

Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару тәртібі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

Бақылау сұрақтары

1 Сырттай іс жүргізу негіздемелері мен тәртібі

2 Сырттай шешім шығару мазмұны мен тәртібі. Сырттай шешімге шағым жасау