- •Пәнді меңгеру жөнінде әдістемелік нұсқамалар
- •Пәннің жекелеген тақырыптарын оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1 Тақырып. Талап қоюмен іс жүргізу
- •2 Тақырып Сотта азаматтық істі қозғау
- •3 Тақырып Істі сотта қарауға әзірлеу
- •4 Тақырып Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау
- •5 Тақырып Бірінші сатыдағы соттың актілері
- •6 Тақырып Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім
- •7 Тақырып Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы
- •8 Тақырып Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы
- •9 Тақырып Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы
- •10 Тақырып Апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
- •11 Тақырып Сотта қадағалау тәртібімен іс жүргізу
- •12 Тақырып Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
- •13 Тақырып Соттың жойылған сот ісін және атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қайта қарау
- •14 Тақырып Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу
- •15 Тақырып Сот актілері мен өзге органдардың актілерін орындау
- •Глоссарий
Пәнді меңгеру жөнінде әдістемелік нұсқамалар
«Азаматтық іс жүргізудің сатылары» пәнін меңгеру барысында теориялық және ұйымдастыру тұрғыдан алғанда қиындықтар туындайды. Бұл студенттерден аталған пәннен өзіндік жұмыс атқару барысында оқытушының белгілеген ұсыныстар мен нұсқамаларына мұқият назар аударғанын талап етеді.
Оқылатын пәнмен танысу алдымен дәрістен басталады. Ол студенттердің дәріске тек мұқият болуын ғана емес, сонымен қатар конспектіні өз еркімен ұқыпты да, сапалы рәсімденуінен тұрады.
Студенттердің оқу нысаны мен ерекшеліктерін, сипатын ескере отырып, мынадай ұсыныстар қатарына назар аударыңыздар:
1. Студенттер «Азаматтық іс жүргізудің сатылары» пәнін меңгерудің жеке оқу жоспарын құрастыра отырып, білім алу уақытын мұқият жоспарлап алулары тиіс. Мұндай жоспар пәннің мазмұнына байланысты дәйектілі түрде төмендегі сатылар бойынша игеруді талап етеді. Олар:
- алғашқы сатысы: ол негізінен қаралатын сұрақтар бойынша оқулықтар мен оқу-әдістмелік әдебиеттерді жинақтауға байланысты;
- зерттелетін пән бойынша жинақталған әдебиеттердің, жеке жазбалардың және тыңдалған дәрістердің мазмұнын меңгеруге байланысты саты;
- қорытынды саты: бұл студенттердің игеріп жатқан пәні бойынша толық жүйелі көзқарастарын логикалық қалыптастыруына, алынған білімдерді қорытынды бақылауға байланыстыруға байланысты;
2. Студенттер пәнді өздері меңгеру процесінде жеке оқу материалдық базасына ерекше мән бөлгендері жөн. Ол, ең алдымен, оқу әдебиетіне қол жеткізу, қолданыстағы заң сөздіктерімен танысу және т.б. тұрады Қазақстан Республикасының еңбек құқығын меңгеру барысында мынадай оқулыққа назар аудару қажет.
«Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнін өз бетінше меңгеру елімізде жарық көрген монографиялық және ресми жұмыстар қатарын зерттеуді талап етеді.
Аталған жұмыстарды талдау студенттердің «Азаматтық іс жүргізудің сатылары» пәнінен концептуалдық білімдерін қалыптастыруға, олармен тығыз байланысты қазақстандық қоғамдағы құқықтық ғылымдармен шешілетін практикалық жағдайларды жетілдіруге бағытталған.
3 «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнін оқу барысында студенттер өзін өзі бақылауға назар аударулары қажет. Осы мақсатта әрбір білім алушы оқулық және қосымша әдебиеттерді оқып болғаннан кейін, өздерінің білім деңгейін оқу бағдарламасында көзделген сұрақтардың көмегімен тексеруі тиіс.
Практикалық сабақтарға дайындалудың негізгі мақсаты – қойылған сұрақтарға жауап табу, сондықтан материалдарды конспектілеген жөн.
Практикалық сабақтардың барлық мүмкіндіктерін толық және тиімді пайдалану үшін мынадай әрекеттер жасаған жөн:
- аталған тақырыпқа байланысты дәріс конспектісін мұқият оқу;
- оқулықтың тиісті тарауларымен танысу;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау;
- есептер мен өзге де жазбаша тапсырмаларды орындау қажет.
«Азаматтық іс жүргізудің сатылары» пәні бойынша СӨЖ түрлері мен нысандары осы пәннің мақсаты мен міндеттеріне, студенттің дайындық деңгейіне, сағаттар көлеміне және күрделілігіне байланысты келтірілген.
Әдістемелік нұсқама «Азаматтық іс жүргізудің сатылары» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасына және типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Негізгі оқулық: «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінен Аймолдина З.Х. дайындаған еңбегі (Алматы: Изд. КазГЮА, 2001. ж.).
Сонымен қатар, тізімде берілген қосымша әдебиеттермен де дайындалуға болады.
