Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
neg_kaz_sil.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318.98 Кб
Скачать

ҚР ДСӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармакогнозия және химия кафедрасы

044 -52/15-( )

38 беттің 38-беті

«Фармакогнозия негіздері» пәні бойынша силлабус

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Фармакогнозия және химия кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пәні: Фармакогнозия негіздері

Мамандығы: 5В110300 «Фармация»

Сағат саны – 90 (2 кредит)

Курс 4 семестр 8

2015 ж.

Силлабус «Фармакогнозия негіздері» элективті пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № 20 ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., проф. ____________________ Патсаев Ә.Қ.

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра: фармакогнозия және химия

Кафедра меңгерушісі: химия ғылымдарының докторы, профессор Патсаев Әнәпия Қаныбекович - 1 монография, 306 ғылыми және әдістемелік мақалалар, 9 оқулық және 53 оқу-әдістемелік қолданбалар, 25 типтік бағдарлама.

Ғылыми қызығушылықтары: «Халық медицинасында қоданылатын Оңтүстік Қазақстан флорасында кездесетін дәрілік өсімдіктерді фитохимиялық және фармакогностикалық зерттеу».

1. Тоқсанбаева Жанат Сәдібековна, фарм.ғ.к., доцент – 50 ғылыми мақалалардың, 2 ҚР алдын ала патентінің, 1 оқулық, 3 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Электрондық адресі (e-mail) – toksanbaeva_zhanat@ mail.ru

2. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна, фарм.ғ.к., доцент – 50 ғылыми мақалалардың, 1 ҚР алдын ала патентінің, 2 оқулық, 4 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Электрондық адресі (e-mail) – kulpan_ok@ mail.ru

1.8 Байланыс ақпараты:

- Кафедраның мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы, 1, ОҚМФА-ның бас ғимараты, 5 қабат, тел. 8-3252-530836 (ішкі – 340)

1.9 Пәннің саясаты:

Сабақ кестесі бойынша барлық дәрістерге және зертханалық сабақтарға қатысу;

сабаққа кешікпеу;

сабақта арнайы киім кию (халат, қалпақ);

сабақтарды өткізбеу, сырқаттанған кезде анықтама жеткізу;

келмеген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеу;

оқу үдерісінде белсенді қатысу;

академияның ішкі ережелерін және тәртіп сақтау;

үй жұмыстарын және СӨЖ уақытылы және нақты орындау;

тапсырмаларды орындамаған кезде студенттің қорытынды бағасы төмендейді;

оқытушылармен және курстас студенттермен жақсы қарым-қатынаста болу;

кафедраның мүліктерін құртпау;

12. кафедра өз қалауынша пән саясатын қалыптастырады

2 Бағдарлама:

2.1 Кіріспе – Жоғары фармацевтикалық білімді мамандар дайындау жүйесінде фармакогнозияны оқытудың маңызы ерекше, себебі қазіргі заманғы дәрілік заттар арсеналында өсімдіктерден алынатын дәрі-дәрмектер үлкен орын алады. Фармакогнозия негіздері фармакогнозияны негізгі пән ретінде оқып үйренуге қажетті арнайы пән болып саналады.

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерді фармакогнозияның даму тарихымен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды ұйымдастырумен, дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамымен және жіктелуімен, табиғи тиімді пайдалану негіздерімен, дәрілік өсімдік шикізатын дайындау процесстерімен және оны стандарттаумен, сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді зерттеу саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі бағыттарымен таныстыру.

2.3 Оқыту мақсаттары:

Пәнді оқытудың негізгі тапсырмаларына студенттерге келесі білімдер мен біліктілікті үйрету жатады:

- сапалы фитоөнім мен дәрілік өсімдік шикізатына сұраныстың үнемі өсіп отыруына сәйкес дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы мен қасиетін оқып зерттеу;

- қазіргі фармакотерапевтикалық препараттар арсеналында кеңінен қолданылатын жануар тектес, минералды заттардың қасиеттері мен химиялық құрамына бағытталған оқып зерттеу жұмыстары;

- табиғи тектес шикізатқа фитохимиялық және тауарлық талдау жасау.

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Дублиндік дескрипторлар

ОҚМФА әзірленген мамандық құзыреті

Пәнді оқытудың нәтижесі

(МЖББС) Тұжырым-дама бойынша оқытудың нәтижесі

А

Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу

Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті

Пәнді және фармакогнозия негіздері мақсатын білетіндігін демонстрация жасайды

Р25

Негізгі фармакогностикалық терминдерді және ботаникалық терминологияны меңгереді

Дәрілік өсімдік түрлерін және өсімдік тұқымдастарын анықтауды білетіндігін демонстрация жасайды

Өсімдік текті дәрілік шикізаттарды дайындау негіздерін, дәрілік өсімдік шикізаттаррын диагностикалауда қолданылатын өсімдіктің морфологиялық және анатомиялық құрылысының алуантүрлілігін білетіндігін демонстрация жасайды

Дәрілік өсімдік шикізаттарын морфологиялық топтары, химиялық қасиеті, фармакологиялық әсері бойынша топтастырады

Дәрілік өсімдік шикізаттарын макро- және микроскопиялық талдауды білетіндігін демонстрация жасайды

Өсімдік және жануар текті дәрілік шикізаттарды және негізгі дәрілік өсімдіктерді қолдану саласын біледі

«Денсаулық Адвокаты» құзыреті

ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, халықаралық стандарттарды, оның құрылымын және басқа дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды, Қазақстанның құқықтық жүйе негіздерін және т.б. білетіндігін демонстрация жасайды

«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті

Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын бақылау, ссертификаттау, стандарттау әдістерін, қолданыстағы талдау әдістерін жетілдіруді білетіндігін демонстрация жасайды

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті)

Дәрілік өсімдіктерге қатысты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін біледі, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкес бағыт-бағдар алады

Командада жұмыс жасауды, өз көз қарасын дәлелдеуді, жаңа шешімдерді ұсынуды, ымыраға келуді, өз пікірінің ұжым пікірімен арақатыстығын белгілеуді білетіндігін демонстрация жасайды

Компъютерлік және ақпараттық құзыреті

Кәсіби қызметінде пайдаланатын техниканы және компъютерлік ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу жүргізу технологиясын және техникасын меңгергенін демонстрация жасайды

Фармацевтттерге және халыққа дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, сақтау, қолдану жөнінде кеңес беру үшін интернет ресурстарын, Medlife, SCOPUS, PubMed және басқа база деректерінен іздеу жүргізуді және деректерді өңдеуді білетіндігін демонстрация жасайды

Кәсіпкерлік құзыреті

Кәсіпкерлік қызмет негіздерін, өсімдік және жануар текті дәрілік шикізаттардың номенклатурасын, жіктелуін, химиялық құрамын, және қолданылуын білетіндігін демонстрация жасайды

В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу

Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті

Дәрілік өсімдіктердің түрлерін және тұқымдасын анықтайды

Өсімдік текті дәрілік шикізатты дайындайды және диагностика үшін морфологиялық және анатомиялық құрылысын анықтайды

Ботаникалық, фармакогностикалық және тауарлық сипаттама айырмашылығын анықтайды

Дәрілік өсімдік шикізаттарының диагностикалық белгілерін анықтау үшін макроскопия және микроскопия техникасын меңгереді

Дәрілік өсімдік шикізаттарының заманауи номенклатурасы бойынша орыс, латын, қазақ тілдерінде атайды

«Денсаулық Адвокаты» құзыреті

ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңдарына, халықаралық стандарттарға, дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін басқа нормативтік-техникалық құжаттарға, Қазақстанның құқықтық жүйе негіздеріне сәйкес жұмыс істейді

«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті

Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын бақылау, сертификаттау, стандарттау әдістерін қолданады, қолданыстағы талдау әдістерін жетілдіреді, дәрілік өсімдіктерді фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеу саласындағы ҒЗЖ-мен айналысады

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті)

Қазақстан халқының мәдениетін, дәстүрін және тұрмысын білу негізінде халық медицинасының әдістері мен тәсілдеріне бағыт-бағдар алады

Командада жұмыс жасай алады, өз көз қарасын дәлелдейді, жаңа шешімдерді ұсынады, ымыраға келе алады, өз пікірінің ұжым пікірімен арақатыстығын белгілей алады

Компъютерлік және ақпараттық құзыреті

Кәсіби қызметінде пайдаланатын техниканы және компъютерлік ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу жүргізу технологиясын меңгергеді

Фармацевтттерге және халыққа дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, сақтау, қолдану жөнінде кеңес беру үшін интернет ресурсына, Medlife, SCOPUS, PubMed база деректеріне және т.б. іздеу жүргізе алады және деректерді өңдейді

Кәсіпкерлік құзыреті

Өсімдік және жануар текті дәрілік өсімдік шикізаттарын және негізгі дәрілік өсімдіктерді қолдану аймағын біледі, оларды дайындау, қолдану, сақтау сұрақтары бойынша фармацевтерге, халыққа кеңес береді

С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу

Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті

Дәрілік өсімдік шикізаттарын тиімді дайындау, кептіру және сақтау және оның қорын анықтау бойынша өзінің пікірін ұсыныс түрінде тұжырымдайды

Өсімдіктің ботаникалық және фармакогностикалық сипаттамасын диагностика үшін негіздейді

Өсімдік және жануар текті дәрілік шикізаттардың заманауи номенклатурасын тұжырымдайды

«Денсаулық Адвокаты» құзыреті

Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды талдайды

«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті

Оқу тәжірибелерінің және талдаулардың нәтижесін бағалайды және интерпретациялайды, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті)

Этика және деонтология негізінде дәрігер, фармацевт және пациент арасындағы өзара түсінушіліктің маңызын сезінеді

Компъютерлік және ақпараттық құзыреті

Фармакогнозия негіздері саласындағы интернет ресурстарынан және әдеби көздерден алынған ақпараттарды талдайды және тұжырымдайды

Фармацевттерге және халықтарға дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, сақтау, қолдану жөнінде кеңес беру үшін ақпараттарды негіздейді және дәйектейді

Кәсіпкерлік құзыреті

Фармакогнозия негіздері саласындағы кәсіби қызметтерді тиімді жоспарлайды, талдайды

D

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру

Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті

Дәрілік өсімдік шикізаттарын тиімді дайындау, кептіру және сақтау және ДӨШ макроскопиялық және микоскопиялық талдау жөнінде жеке пікірлерін ұсынады

«Денсаулық Адвокаты» құзыреті

Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды жинақтауды жүргізеді, ауыспалы әлеуметтік жағдайда өз бетінше әрекет етеді

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті)

Тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірме мәжілістерінде, студенттік конференцияларда өзінің жеке пікірлерін ұсынады, өзінің көз қарасын дәлелдейді және басқалардың пікіріне құлақ асады

«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті

Өзінің ҒЗЖ-ның нәтижелерінн безендіреді, реферат, презентация, оқу эксперименттік жоба және талдау түрінде пікір білдіреді

Компъютерлік және ақпараттық құзыреті

Интернет ресурстары, анықтамалық және ғылыми әдебиеттер негізінде кәсіби қызметінде пайдаланатын ақпараттарды жинақтау жүргізеді

Кәсіпкерлік құзыреті

Басқаларды оқытады және таңдаған салада тиімді жұмыс жасау мақсатында өзінің білімі ман шеберлігін жетілдіреді

Е

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді

Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті

Студенттерге /оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыларға оқу тәжірибелерін жүргізуде және жоспарлауда өз білімі мен дағдыларын көрсете біледі, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді

«Денсаулық Адвокаты» құзыреті

Студенттерге дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасын, дайындау, қабылдау ережесін, сақтау жағдайы мен мерзімін реттейтін жаңа нормативтік-техникалық құжаттарды таныстырады

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті)

Пациенттерге, дәрігерлерге дәрілік өсімдік шикізатарын дайындау, қолдану, сақтау мәселелері бойынша кеңес беруде этиканы сақтайды

«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті

Көпшілік алдында зерттеп отырған саладағы өз пікірін, ақпараттарды синтездеу және талдауларын көрсетумен баяндау дағдысын меңгереді

Фармакогнозия негіздері саласындағы ақпараттармен (оқу, анықтамалық, ғылыми) жұмыс жасау бойынша өз білімін, дағдыларын студенттерге айтып жеткізе алады

Компъютерлік және ақпараттық құзыреті

Фармацевтттерге және халыққа дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, сақтау, қолдану жөнінде кеңес беру үшін интернет ресурсына іздеу жүргізеді және деректерді өңдейді

Кәсіпкерлік құзыреті

Өсімдік және жануар текті дәрілік шикізаттардың номенклатурасын, жіктелуін, химиялық құрамын, және қолданылуын білетіндігін демонстрация жасайды

Әрі қарай өз бетінше оқуды жалғастыру қабілеттілігі

Фармакогнозия, дәрілік ресурстану

2.5 Реквизитке дейінгі: ботаника, латын тілі, органикалық химия, аналитикалық химия, биологиялық химия, экология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: дәрілер технологиясы, фармацевтикалық химия, фармацевтика ісін ұйымдастыру және басқару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]