Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать
  1. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.

Қоршаған заттар, тірішілік формалары, қарапайым бірлігі, өсімдіктің сыртқы түрі, жекелеген өсімдік, бейімделушілігін көрсетеді, өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, биіктіктен жоғары орналасады, көктеуге арналған бүршіктері, биіктіктен төмен орналасады, көптеген пайдасы мол, әртүрлі жолдармен өндіріп, пайдаға жаратады.

3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.

  1. қоршаған а) бетінде

  2. өсімдіктің ә) заттар

  3. жекелеген б) форасы

  4. тіршілік в) өсімдік

  5. пайдалы г) түрі

  6. жер ғ) нәрселер

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

Қандай да болмасын бізді қоршаған заттардың барлығының да тірішілік формалары болады.

Тіршілік форма дегеніміз – формалар түзетін процестің ең қарапайым бірлігі. Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз ─ өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді.

1903 ж. Дания ғалымы К.Раункиер тіршілік формасының классификациясын жасаған.

1. Фанерофиттер(Ph) -өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады;

2. Хамефттер(Ch)-өсмдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады;

3. Криптофиттер(K)-өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады.

Өсімдіктер барлық жерлер де тіршілік етеді, мәселен жер бетінде, суда, шөлде, орманда, мұхитта, теңізде т.б. Олардың біздің өмірде көптеген пайдасы мол. Өсімдіктерден мыңдаған пайдалы заттарды алып, әртүрлі жолдармен өндіріп, пайдаға жаратады.

ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.

1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тіршілік формасы деп нені айтамыз?

  2. Өсімдіктердің қоршаған ортаға әкелетін пайдасы қандай?

  3. Биотехнология саласына қатысты теминдерді мысалмен келтіріңіз.

  4. Табиғаттағы зиынды қалдықтар жайлы газетке шағын мақала жазыңыз.

2. Мәтінді оқыңыз. Сұхбат құрыңыз.

3. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып жазыңыз.

(Внешняя среда) қандай да-бір факторына бейімделген, формалар түзуде (важную роль) атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. (Зависимый от влажности) өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі: Ксерофиттер, мезофиттер, гтдрофиттер, гигрофиттер. Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген (экологические группы) бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта (растут в тени).

4. Мына үстеулермен сөйлем құрастырыңыздар.

Үлкен, ең, өте, жоғары, төмен, дәл,

5. Мына сөздердегі етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының астын сызыңыз: сарғаяды, кызарады, араласа, шашақтандырып, ойлады, емдеп, орналасады, дәлелдеген.

6. Мына етістіктердің қай шақта колданылғанын жазыңыз: Оятады, өскен, аударды, ұқсап кетті, орналасады, дәлелдеген, болды, үлгерген.

7. Мына етістіктерде болымсыздық мағынаны білдіретін сөздердің астын сызыңыз: келген жоқ, келмеді, келген емес.