Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Биотехнологияны ғылымын сіз қалай түсінесіз?

  2. Биотехнология қай салада қолданылады?

  3. Биотехнологияны қай ғылыммен байланыстыра аласыз?

  4. Биотехнологияның қарқынды дамуын қай жылдан алады?

  5. Биотехнология термининін алғаш ашқан қай ғалым?

  6. Осы саланы сіз неліктен таңдадыңыз? Өз ойыңызды ортаға салыңыз.

2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

* Процесстерді түрлендіру .........................................................................

* Қоршаған ортаны қорғау ....................................................................

* Биотехнология терминін тұңғыш рет ................................................

* Ғылыми зерттеулер ...........................................................................

* Ғылымдағы және өндірістегі жаңа бағыт..............................................

* Биологияның әртүрлі құрамасы ..............................................................

3. Мәтіннен мына сөздерді табыңыз, сөйлемді оқыңыз.

1. мүмкіндік

2. кешенді

3. онжылдық

4. қорғау

5. бағыт

  1. Ғаламтордың көмегімен екі облыстағы өнеркәсіп зауытын салыстырыңыз

Астана қаласы Екеуіне де ортақ Алматы қаласы

1.Көлемі: 2000 шаршы метр.

1. Көлемі: 1500 шаршы метр

  1. Сөзжұмбақ құрастырыңыз

    Қ

    а

    з

    а

    қ

    с

    т

    а

    н

    з

    а

    м

    а

    т

    і

    л

  2. Әріптесіңізден мына тақырыптар бойынша интервью алыңыз.

А) Келешекте осы мамандықпен жұмыс істейсіз бе?

Б) Жұмыс істеу үшін Қазақстанның қай қаласын таңдар едіңіз?

В) Бірден бастық болар ма едіңіз?

5. Тақырып. Өсімдіктер және қоршаған орта

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.

Қоршаған орта, топырақ, жасыл өсімдіктер, көмірқышқыл газы, минералдық тұздар, ауадағы мөлшері, судың мөлшері, топырақтың құрамында, сыртқы орта, өсімдіктің тіршілік ортасы.

  1. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.

  1. биотехнология а) заттар

  2. ғылыми ә) өнеркәсіп

  3. биологиялық б) бағыттар

  4. физикалық в) ғылымы

  5. биохимиялық г) қышқылы

  6. химиялық ғ) химия

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен-энергия, ал топырақтан-су мен минералдық тұздарды алады. Көмір қышқыл газының ауадағы мөлшері 0,03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады. Эволюцияның барысында өсімдік өзінің вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше нәзіктікпен жауап беруінің өзі осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының барысында, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді.

ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.

1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен қалай байланысады?

  2. Жасыл өсімдіктер ауадан не алады?

  3. Көмір қышқыл газының ауадағы мөлшері қандай?

  4. Өсімдікке қажетті заттарды атаңыз.

  5. Өсімдік тіршілік ортада қалай өзгереді ?

  6. Өсімдіктердің қоршаған ортаға қандай пайда әкеледі?

  7. Қоршаған ортаны сақтап қалу үшін сіз не істер едіңіз? Өз ойыңызды білдіріңіз.

2. Сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.

а) Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен … .

ә) Өсімдіктер ауадан …, …, …, … алады.

б ) Жер бетіндегі судың мөлшері … құрайды.

в) Өсімдіктердің пайдасы … .

г) Өсімдіксіз өмір сүру … .

ғ) Қалай да біз өсімдіктерді … .

  1. Суретті салыстырыңыз, экологиямызға байланысты бізді қоршаған өсімдіктерді қалай дұрыс сақтап қалуымыз жайлы шағын әңгіме жазыңыз.

4. Ойнайық та ойлайық! Қандай өсімдік атауын білесіз, соның барлығын тізбектеп жазып шығыңыз.

Мысалы: таңқурай, ақ қайың, қарақат, бүлдірге, қоңыраугүл т.б.

5. Өсімдіктерге қатысты сын есімдерді сөз тіркестерімен жазыңыз.

Мысалы: тропикалық орман, қалың тоғай, пайдалы өсімдік, ..., ... т.б.

6. Әрбір жолдан тек қана гүлдің атауы шығатын әріптерді таңдаңыз, жазып, оны сипаттаңыз.

П И К Л Д Қ Ю Я

Ы О Т Р А П Р Ы

Ц Н З А П О Д Ж

Ы С И У Ф Д Х Ғ

С А Б Ж О Ю И Ч

Л И Ы Я Й У К Е

Ч Я И У Т Д Ж Э

Н А Е Й У Ш З Х

Қ Т И М А Р Н Д

7. Түрлі тілдік жағдаятта сөйлесу

а) Орманда демалдыңыз, тамақ пісіріп, жедіңіздер, қайтарда оттың обден сөндірілмегенін көрдіңіз, не істейсіз, отты шала сөндірген адамға не айтар едіңіз, ойланыңыз.

ә) Табиғат аясына демалуға келдіңіздер, тамақ әзірлеу үшін айналаңызда кепкен ағаштар, бұтақтар жоқ екен, тек қана өсіп тұрған жасыл ағаштар ғана бар. Сізбен келген досыңыз оны сындыруға кірісті, оған не айтар едіңіз. Өз сөзіңізбен пікіріңізді жеткізіңіз.

б) Балық аулауға жақыныңызбен келдіңіз. Бірсыпыра балық ауладыңыз. Осы сәтте табиғатты қорғау инспекторы аяқ астынан келіп қалды. Сіз не істер едіңіз? Қалай ақталасыз?

6. Тақырып. Өсімдіктердің тіршілік формалары

І. Мәтінге дейінгі жұмыс: