- •2. Оқытушы жөнінде мәлімет
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Пәннің пререквизиті:
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •6. Сабақ жоспары
- •6.2. Обсөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.3. Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •8. Баға бойынша ақпарат Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі
- •9. Бағаны қою саясаты
- •10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздердің дұрыс аударылған баламасын табыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •3. Мәтіннен мына сөздерді табыңыз, сөйлемді оқыңыз.
- •Ғаламтордың көмегімен екі облыстағы өнеркәсіп зауытын салыстырыңыз
- •Сөзжұмбақ құрастырыңыз
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Сұхбат құрыңыз.
- •3. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып жазыңыз.
- •4. Мына үстеулермен сөйлем құрастырыңыздар.
- •8. Мына мәтінді оқып мазмұндама жазыңыз. Раушан гүл туралы аңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Сұхбат құрыңыз.
- •3. Сөздерді дұрыс орналастырып сөйлемдер құрыңыз.
- •5. Сәйкес қатарын анықтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз:
- •Сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.
- •Ұлттық биотехнология орталығында жұмыс істейтін мамандарды
- •Төменде берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрыңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •6. Мына сөйлемдерді аяқтап жазыңыз.
- •7. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз:
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Судың көмегі
- •Судың зияны
- •Еліміздің ғалымдары күйік шалған адамдарды емдеудің тың тәсілін тапты
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі Қазақстанға шетелдік отандас ғалымдарды тарту жөнінде жұмыс жүргізуде.
- •1. Мәтін бойынша жазбаша сұрақтар құрыстырыңыз. Жауабын көршіңізден алыңыз.
- •2. Төмендегі сөздерді дұрыс орналыстырып, сөйлемді дұрыс құрыңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрыңыз.
- •4. Етістіктерді қалау райға қойыңыз.
- •5. Диаграмманы өз ойыңызбен толтырыңыз. Обсөж тақырыптары бойынша тапсырмалары
- •Ұлы адамдар және олар ашқан жаңалықтар
- •2. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •3. Тапсырма. Мәтіннен шығыс жалғаулы сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
- •4. Тапсырма. Мәтіннен жатыс жалғаулы сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
- •5. Тапсырма. Мәтіннен бірнеше есім сөзді көмектес септікте етістікпен тіркестіріп жазыңыз.
- •5. Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз. Газет материалдарын қолданыңыз.
- •(Егемен Қазақстан 2011 жылғы мұрағат)
- •1. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •2. Тапсырма.Терминдерді жаттаңыз.
- •3. Тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз
- •5. Тапсырма. Төмендегі берілген терминдермен бес сөйлем құрыңыз.
- •1. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •2. Тапсырма. Әр абзацтағы негізгі ойды білдіретін сөзді көрсетіңіз ( )
- •3. Тапсырма. 5 минуттың ішінде өсімдікшаруашылығы сөзімен сөздер құру қажет.
- •5. Тапсырма. Берілген өсімдік тізімінен сабақтың қай түріне жататынын анықтап , тиісті бағанына жазыңыздар.
- •1. Тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңыз.
- •2. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •4.Тапсырма. Мәтінді өз ойыңызбен, қосымша деректермен толықтырып қазақ тілінде әңгімелеп беріңіз.
- •Емтихан сұрақтары
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Аралық бақылау жұмысы
- •1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •Аралық бақылау жұмысы
9. Бағаны қою саясаты
Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады
№ |
Пәнді оқыту үрдісіндегі бақылау түрлері |
Балмен бағалау % |
Міn/max |
I |
Ағымдағы бақылау: дәріс конспектілері ауызша сұрау бенсенділік ОБСӨЖ, ЗТС тапсырмасы реферат дәріс, ОБСӨЖ, ЗТС қатысулары |
100 100 100 100 100 100 100 |
50/100 |
ІІ |
Рұқсат алу рейтингі |
К1+К2+ ...,.КN N |
50/100 |
IIІ |
Қорытынды бақылау (ҚБ) Емтихан |
ҚБ=РР*0,6+Е*0,4 100 |
50/100 |
Барлығы |
100 |
50/100 |
Бағалау баламасы
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Сандық балама |
Балдардың пайыздық мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А |
4,00 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,00 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,00 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,00 |
50-54 |
|
Ғ |
0,00 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
сабаққа кешікпеу;
сабақ барысында сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау;
ұялы телефондарды өшіру;
сабаққа іскер киімде келу;
сабақты жіберіп алмау, денсаулығына байланысты қатыспаған жағдайда анықтама көрсету;
босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу;
тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
оқу үдерісіне белсенді қатысу;
үй және басқа да тапсырмаларды тырысып орындау;
сабақтарда кері қатынасты сынмен қолдау;
өте қатты ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға және пікірталастарға қатыстыру;
ұқыпты және міндетті болу.
1.Тақырып . Қазақстан ғылымы
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
Зерттеу орталықтары, аймақтық институттар, ғылымның түрлі салалары, іс жүзінде, академиялық зерттеулер, білімнің қолданбалы салалары, ғылыми орталықтар, ғылыми зерттеушілер, қоршаған орта.
Екі бағандағы сөздердің дұрыс аударылған баламасын табыңыз.
ғылым а) организм человека
сала ә) горное дело
тау-кен ісі б) окружающая среда
топырақтану в) сфера
қоршаған орта г) почвоведение
адам ағзасы ғ) наука
ІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.
Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.
Тақырып бойынша әңгімелеңіз.
Қазақстан ғылымы 320 –дан астам зерттеу орталықтарынан аймақтық және арнаулы институттардан қалыптасқан. Ғылымның түрлі салаларында 900 ғылым докторлары мен 20 мың ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Бұл саланың ту ұстаушысы ҚР Ғылым академиясы болып табылады, оның жүйесінде 35 Ғылыми зерттеу институты жұмыс істейді. Іс жүзінде іргелі ғылымның техникалық сияқты гуманитарлық бағдардағы барлық салалары академиялық зерттеулермен қамтылған. Білімнің қолданбалы салаларындағы талдамалармен Инженерлік академия, Ауыл шаруашылық, Медицина академиясы және басқа да кеңінен танылған Ғылыми орталықтар шұғылданады.
Ғылыми зерттеушілердің басым бағыттары арасында геология, гидрогеология, тау-кен ісі, металлургия, астық шаруашылығы, топырақтану, биотехнология, қоршаған орта өзгерістерінің адам ағзасына әсері бар салаларындағы ізденістерді атауға болады.
(«Егемен Қазақстан» газеті, 2008 ж.)
ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан ғылымы қандай?
Ғылымның түрлі салаларында қанша ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары жұмыс істейді?
Қазақстанда қандай академиялар мен орталықтар бар?
Мәтіннен түсінгеніңізді баяндаңыз.
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.
а) Қазақстанның ғылымы … қалыптасқан.
ә) Ғылымның түрлі салаларында …. жұмыс істейді.
б) Білімнің қолданбалы салаларындағы талдамалармен … және басқа
кеңінен танылған … шұғылданады.
в) Ғылыми зерттеушілердің басым бағыттары арасында … атауға
болады.
6. Төмендегі сөйлемдерді аяқтаңыз.
Ғылым – танымның сыналған әдістері арқылы объективті ақиқатқа жетудің мақсаттылығын сипаттайтын білім - ….
Танымның сыналған әдістерінің ақиқаттылығы сияқты, практикада тексеріліп, … .
Ғылымның қорытындылары жалпы бірдейлігімен және қажеттігімен ерекшеленеді, ол болжам жасау мүмкіндігі, яғни танылған құбылыстар саласындағы бақылау басқару осыдан келіп
Сөздікпен жұмыс жасаңыз, осы сөздерді қолданып, сөйлемдер құрыңыз.
Ғылым, таным, ақиқат, мақсаттылық, сыналған әдіс, дәлелдеу, игеру, нақтылық, болжам жасау,.
2. Тақырып. Биотехнология туралы ұғым
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
Биологиялық жүйелер, өндірісте қолдану, өндірістің жаңа саласы, тірі организмдер, белоктық заттар, ашытқылар, жасушалар, қосылыстары, қамтамасыз ету, аса бағалы биологиялық заттар, дәрі-дәрмектер.
Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
биосинтетикалық а) заттар
қажетті ә) бактериялар
дәрі-дәрмектер б) алынады
биотехнология в) салалары
лимон г) қышқылы
химиялық ғ) өнеркәсіп
ІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.
Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.
Тақырып бойынша әңгімелеңіз.
Биотехнология (био және технология) тірі организмдерді және биологиялық жүйелер мен процестерді адамның мақсатына сай өндірісте қолдануға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа саласы.
Биотехнология терминін алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эрекли енгізді. Биотехнологияның мәні – белоктық заттардың түзілуіне қажетті бактериялар, ашытқылар, өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының табиғаттағы қосылыстарын пайдалана отырып, өзіндік ерекшеліктері бар жаңа қосылыстарды, метаболиттерді, биосинтетикалық заттарды синтездеуді қамтамасыз ету.
Биотехнологияның көмегімен аса бағалы биологиялық активті заттар – гормондар, ферменттер, дәрумендер, антибиотиктер т.б.дәрі – дәрмектер алынады.
Биотехнологияның жаңа салалары: генетикалық, клеткалық, және белоктық, жануарлар, өсімдіктер және бактериялар клеткасын көбейтудің жаңа әдістері кеңінен пайдалануда. Мысалы, медицинада лимон және амин қышқылдары, биополимерлер, биогаз, этанол, этилен, глюкоза қолданылады.
ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.
1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Биотехнология дегеніміз не?
Биотехнология саласы нені зерттейді?
Биотехнологияның көмегімен қандай заттар алынады?
Биотехнологияның салаларын атаңыз.
Өсімдіктерге жататын дүниелерді атаңыз.
Мәтінде химиялық өнеркәсіпке жатататын сөздер бар ма? Атаңыз.
2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Біздің елімізде ........................................................
Қазіргі жағдайда .....................................................
Биотехнологияның көмегі ......................................
Ұлы ғалым К.Эрекли ...........................................
Биотехнологияның мәні ..........................................
3.Берілген сөздердің синонимдік қатарларын құрыңыз:
Зат, пайдалану, көмек, бағалы.
Сұхбатты толықтырыңыз
Тілші: Тірі организмдерге нелер жатады?
Студент:
Тілші: Өндірістің жаңа саласына нелерді жатқызасыз?
Студент:
Тілші: Сіз өзіңіз биотехнологияға қандай анықтама берер едіңіз?
Студент:
Тілші: Биотехнологияның көмегі бар деп ойлайсыз ба?
Студент:
Тілші: Егер сіз биотехнология саласын басқарсаңыз, қандай заңдар еңгізер едіңіз?
Студент:
Тілші: Халықтық медицинада лимонды қандай жағдайларда қолданылады?
Студент:
Тілші: Сұхбаттасқаныңызға көп рахмет. Сау болыңыз!
Студент: Сау болыңыз!
а) Биотехнологияның көмегі
ә) Өсімдіктер дүниесі
б) Жануарлардың пайдасы атты тақырыпта шағын әңгіме құрыңыз.
6. Кластерді толтырыңыз.
7. Қазақстанда болып жатқан биотехнологиялық жаңалықтар туралы материалды газеттерден әкеліңіз.
3. Тақырып. Биотехнологияның дамуы
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
Адамға қажетті, таза күйде, нәтиже, бірқатар аурулар, тұқым қуалайтын аурулар, мал өнімділігін арттыру, өндіріске кеңінен ену, ашытқылар, тұрмыстағы қалдықтар, улы заттар, лас сулар.
Сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
Адамға қажетті ... , өндіріс .... , таза ... , нәтиже ... , улы заттар .... , лас сулар.
ІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.
Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.
Тақырып бойынша әңгімелеңіз.
Биотехнологияның дамуы ең алдымен гендік және клеткалық инженерияға тікелей байланысты. Қазіргі кезде тек гендік инженерия ғана адамға қажетті биологиялық активті заттарды химиялық таза күйде алуды қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде адамның бірқатар ауруларын (оның ішінде тұқым қуалайтын ауруларды) емдеу.
Гендік инженерияның өндіріске кеңінен енуі нәтижесінде маңызды белоктар алынды. Мысалы, инсулин, түрлі вакциналар т.б.
Микробиологияда биотехнологияның саласын қолдану өте маңызды және экономикалық жағынан тиімді екені дәлелденді. Ауылшаруашылық және тұрмыстағы қалдықтар, автокөліктерден шығатын улы заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда биотехнологияның маңызы зор. Арам шөптерге, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды екені белгілі. Сондықтан олардың орнына экологиялық жағынан тиімді препараттар (энтобактерин, биотоксибациллин, гомелиндер т.б.) биотехнологиялық тәсілмен алынады. Мал шаруашылығында азықтық жемшөпке құнарлығын арттыру үшін ферменттер қосады. Соның нәтижесінде жемшөп құрамындағы күрделі қосылыстар жақсы ыдырайды.
ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.
