Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

4.Тапсырма. Мәтінді өз ойыңызбен, қосымша деректермен толықтырып қазақ тілінде әңгімелеп беріңіз.

5. Тапсырма. Бүгін термин сөз үйрендіңіз? Әр тыңдаушы қанша сөз үйренгенін санмен айтады. «10» десе, 10 сөз айтуы тиіс.

8-Тақырып. Ұлттық биотехнология орталығындағы жұмыстар

Ұлттық биотехнология орталығы 1993 жылы ұйымдастырылған. Соңғы 10 жыл ішінде орталық аяғына нық тұрып, адам танымастай өзгерді. Оған осы жылдар ішінде “құс тұмауына”, “доңыз тұмауына” қарсы вакциналар жасап шығарғарылған. Олар қазір медицина және ветеринария салаларында қолданысқа енгізілген. “Құс тұмауына” қарсы шы­ғарған вак­цинаның еліміздің қажет­тілігін толық қамтамасыз етіп келе жатқанына үш жыл болды. Тұңғыш рет медициналық вакцина жасап шығарылды. Бұ­рын-соңды елімізде осы вакциналар мүлдем шығарыл­маған-тұғын. Нәтиже­сінде Қазақстан әлемде “доңыз тұма­уына” қарсы өз вакцинасын жасап шы­ғар­ған 6-шы ел болып отыр. Бұның барлығы еліміздің инновациялық өнді­рісті жолға қойған­дығының нәтижесі. Ұлттық биотехнологиялар орталығы үдемелі инновациялық-индустриялық даму бағдарламасын (ҮИИДБ) қатысып жатыр. Отандық ғалымдар тарапынан жаңашыл жобалар ұсынылған.

  1. Тапсырма. Мәтін мазмұнын қысқаша баядаңыз (жазбаша).

  2. Тапсырма. Мәтін бойынша кез келген диалог-сұхбат құрыңыздар.

  3. Тапсырма. Мәтіндегі ойға сәйкес проблема туғызатын тұстаын атаңыз.

  4. Тапсырма. Жолдасыңыздың білімін тексеріңіз,өзіңіз бағалаңыз.

Ол үшін мына тапсырманың бірін ұсынуға болады ( сұрақтар қою; сөйлемді әрі қарай жалғастырыңыз, проблемалық сұрақ қою, сөздік қорын тексеру т.б.).

5. Тапсырма. Мына кестеге биотехнологияның пайдасын және зиянды жақтарын бөліп жазыңыз.

Биотехнологияның пайдасы

Биотехнологияның зияны

1. Тауарды әлемдік деңгейде шығару

1.

2. ......................................

2. ..........................

3. ........................................

3. ...............................

4. .............................................

4...............................

Студенттердің өздік жұмыстары бойынша тапсырмалары

1СӨЖ. Ғылым мен мамандық

1. Шоқан туралы еңбектерді оқып, "Шоқан Шыңғысұлы — халық мақтанышы" деген тақырыпқа әңгіме жазыңыз.

2.интернеттен 1 мамандықтың тарихы туралы ақпарат дайындау

3.«Ғалымдар жайлы» тақырыбына шығарма жазу

2 СӨЖ . Қиын да қызықты – биотехнолог маманы

1.«Қазақстандағы биотехнолог мамандар» мәтінін мазмұндау

2. «Еңбек, кәсіп» туралы мақал -мәтелдер.

3.«Менің елімнің патриотымын» тақырыбына шығарма жазу.

3 СӨЖ. Биотехнологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Өзіңіздің мамандығыңыздың тарихы жайлы мәтін құрастырып, мазмұндаңыз

4 СӨЖ. Биотехнологияның көмегі

1.Биотехнология бізне не береді? Мәтінді мазмұндау.

2. «Еліме қандай көмек бере едім?» тақырыбына шығарма жазу

5 СӨЖ. Өсімдіктерді қорғау.

1.Қазіргі таңдағы экология мәселелері жайлы газетке шағын мақала жазыңыз.

2. Өзіңіз өсімдіктің қандай жаңа түрін ойлап табар едіңіз? Осы жайлы пікірталасқа дайындалыңыз.

6 СӨЖ. Қазақ жері – бай жер.

1. Қазақстанда өндіріліп отырған кен байлықтар жайлы сөз қозғаңыз.

2. Қазақстанға қандай қызмет атқарар едім? Сол жайлы ой қозғаңыз. Шағын әңгіме жазыңыз.

3. «Қазақстан» туралы өлеңді жатқа айтыңыз

7 СӨЖ. Білікті маман – қоғам сұранысы

1.Әдептілік туралы 10 мақал-мәтел жазу

2.Ш.Құсайынов атындағы Қазақ драма театрында қойылған қойылым туралы мақала жазу

3.Қазақтың әнші, күйші, бишілері туралы жазылған мақалалар жинап, буклет дайындау.

8 СӨЖ Дарындылық пен бейімділік.

1.Қазақтың ою-өрнектерінің мәні туралы әңгімелеу

2.Қазақтың өрнек нақыштарының сәулет өнері мен сурет өнерінде көрініс табуы жөнінде мәтін құрастыру

9 СӨЖ. Бүгінгі маман келбеті

1.Қазақстандағы кез келген жоғары оқу орны туралы мәтін құрастыру

2.«Менің оқу орным» тақырыбына шығарма жазу

10 СӨЖ. Мамандықтың қызмет ету саласы

1. Химия мамандығы

2. Биотехнолог мамандығы

3.Отбасымдағы мамандық иелері