Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

1. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

  1. Жапырақтың қызметін атаңыздар.

  2. Қандай қорықтарды білесіз?

  3. Қандай мүше көмірқышқыл газын сіңіреді?

  4. Фотосинтездің анықтамасын беріңіз.

2. Тапсырма.Терминдерді жаттаңыз.

Қорық – заповедник

Ластануы – загрязнение

Жаһандық жүйе – глобальная система

Акпараттық жүйе – информационная система

Табиғи ресурс – природные ресурсы

Жанартау – вулкан

Табиғи кешен – природный комплекс

Дің – камбий

Тамыр жүйесі – корневая система

Минералды элемент – минеральные элементы

Топырақ – почва

Органикалық заттар – органические вещества

Улы заттар – ядовитые вещества

Табиғи нысан – природный объект

Қоршаған орта – окружающая среда

Қалпына келтіру – восстановить

Жабайы хайуанат - дикие животные

Іріктелген - отобранные

3. Тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

а) Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады.

ә) Өсімдіктің басқа бөлімдері қурап түсіп қалады.

б) Жеміс – көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы.

4. Тапсырма. Терминдерді аударыңыз.

Гүл бөліктері, гүл сағағы, тостағанша жапырақ, меңдуана, қоңыраугүл, шырынды жемістер, ұршаққап, тұқым, жаңғақ..

5. Тапсырма. Төмендегі берілген терминдермен бес сөйлем құрыңыз.

Қоректік заттар, қабық, тұқым, тамыр, форма, жемістің ішінде, үрмебұршақ, тұқым кіндігі.

6-Тақырып. Дәрілік өсімдіктер

Адамдар ертеден әртүрлі аурулардан өсімдіктердің көмегімен емделудің жолын білген. Ауруды емдеуге қолданатын өсімдіктерді дәрілік өсімдіктер дейді. Оларды жинайды, кептіреді, дәріханаларда сатады.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түмедақ, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және басқалар.

Шырғанақтың жемісінен күйікке және жағатын май алады.

Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды.

Таңқурай жаңа піскен, кептірілген, тоспа түрінде де өте пайдалы. Оны суық тиген кезде шайға салып ішу керек.

Шайқурайды халық 99аурудың емі деп санайды. Онда пайдалы заттар өте көп.

Жұпаргүл ас қорытуды жақсартады, суық тигенде көмектеседі. Бұл өсімдіктің атауының өзі оның жұпар иісі туралы айтып тұр. Жұпаргүлді шайға қоссаң ол ерекше дәм және хош иіс береді.

Жолжелкеннің жараны емдеп жазуда көмегі көп. Жолжелкенді жараға жапсырып қойсаң, тез жазылады. Жолжелкеннің шырынынан жөтелді басатын дәрі де дайындайды.

Осы дәрілік өсімдіктердің бәрі біздің айналамызда өседі. Оларды босқа жұлуға болмайды. Оларды дұрыс пайдалана білу қажет.

1. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1). Өзің білетін дәрілік өсімдіктерді ата.

2). Дәрілік өсімдіктер не үшін қоланылады?

3). Дәрілік өсімдіктерден не дайындайды?

4). Адамдардың көбі дәрілік препараттар қолданады ма, әлде дірілік шөптерді қолданады ма?

5). Өзіңнің денсаулығыңды сауықтыру үшін қандай дәрілік шөптерді қолданасың?

2. Тапсырма. Әр абзацтағы негізгі ойды білдіретін сөзді көрсетіңіз ( )