Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

(Егемен Қазақстан 2011 жылғы мұрағат)

1.Тапсырма. Сұхбат кім жайлы жүргізілді? Ерлан Мірхайдарұлы жайлы айтатын ойыңыз.

2. Тапсырма. Қазіргі Қазақстанда дамып жатқан зауыттар жайлы ғаламтордың көмегімен хабарлама дайындаңыз.

3. Тапсырма. Қазақстан мен басқа шетелдердің биотехнологяилық орталықтарды салыстырыңыз.

4. Тапсырма. Қоғамдағы сапалы жұмыс істейтін мамандарды атаңыз.

5. Тапсырма. «Биотехнология саласында болып жатқан соңғы жаңалықтар» тақырыбында интервьюге дайындалыңыз.

4-Тақырып. Өсімдіктер биотехнологиясы

Биотехнологияның негізгі объектілері – тұтас организмнен оқшауландырып алынған жасанды қоректік ортада, асептикалық (залалсыздандырылған) жағдайда өсірілетін жеке клеткалар, ұлпалар. Мұндай жасанды жағдайда клеткаларды, ұлпаларды және мүшелерді өсіруді клеткаларды өсіру деп атайды. Қандай болса да организм клеткалары жасанды жағдайда қайтадан эмбриондық күйге айналып, тұтас организмге бастама бола алады. Олардың бір қалыпты өсуге, ұрпақ беруге қабілеті бар. Қоректік ортада өскен клеткалардың осындай қасиетін тотипотенттілік деп атайды. Бұл құбылыс соматикалық клеткалардың өсуге деген қабілеттілігінің толық көрсете алуына, яғни ядродағы генетикалық ақпарат негізінде организм түзу мүмкіндігін іске асыру қабілеттілігіне негізделген. Осы қасиетті қазіргі кезде биотехнологияда селекция жұмыстарын тездету мен жеңілдету және өсімдіктерді көбейту үшін табысты түрде қолдануда. Клеткаларды жасанды ортада өсіру әдісі генетикалық жағынан өзгертілген организмді тез алуға мүмкіндік жасайды. Клеткаларды жасанды ортада өсіру әдістері негізінен генетикалық базисті кеңейту арқылы селекцияның тиімділігін арттырады. Бұған селекция процестерінде кең көлемде мәдени түрлердің жабайы туыстарын қатыстыру арқасында қол жеткізуге болады.

1. Тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Оқшауландыру, қоректік орта, ұлпалар, эмбриондық күйге айналады, өсімдіктерді көбейту, жабайы туыстарын қатыстыру, селекция жұмыстары, өсімдіктерді көбейту.

2. Тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

3. Тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, 5 сөйлем құрыңыз.

Қорек, клеткалар, қабілет, жұмыстар, орта, селекция, қол жеткізу.

4. Тапсырма. Төмендегі берілген сөйлемді басқаша бірнеше вариантта жазып көрсетіңіз.

Осы қасиетті қазіргі кезде биотехнологияда селекция жұмыстарын тездету мен жеңілдету және өсімдіктерді көбейту үшін табысты түрде қолдануда.

5. Тапсырма.Интернеттің көмегімен Қазақстандағы өсімдіктер биотехнологиясы туралы хабарлама жазып, алып келіңіз.

5-Тақырып. Өсімдік – тірі организм

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелері — тамыр, сабақ, жапырақ, көбею мүшелері — гүл шоғыры, жемістер мен дәндер (тұқым) өздерінің құрылысына сәйкес тұтас организм құрамында белгілі қызмет (функция) атқарады. Мысалы, өсімдік жапырағы — қоршаған ортадан көмірқышқыл газын сіңіріп, күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, алуан түрлі органикалық заттар түзетін, яғни негізгі фотосинтездік мүше. Ал жапырақтың осы қызметі оған сабақ (дің), бұтақтар арқылы қажетті су, минералдық элементтердің, органикалық заттардың дұрыс жеткізілуіне байланысты. Тамыр жүйесі болса, тұтас өсімдік организмін топыраққа (субстратқа) бекітетін тіректік қызметпен қатар, топырақтағы су мен минералдық элементтерді өзі ғана пайдаланып қоймай, оларды басқа органдарға тасымалдау қызметін атқарады.

Басқа тірі организмдерге қарағанда өсімдіктердің өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі бірінші орынды олардың автотрофтығы, яғни қоршаған ортадағы минералдық заттарды пайдаланып, алуан түрлі органикалық заттарға айналдырушылық қабілеттілігін алады.