Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

4. Етістіктерді қалау райға қойыңыз.

а) Менің білікті маман .... ... (болу)

ә) Жанат зертханада ... ... ( істеу)

б) Біз отанға қызмет ... ... (көрсету)

в) Ол жақсы жаңалық (ашу)

5. Диаграмманы өз ойыңызбен толтырыңыз. Обсөж тақырыптары бойынша тапсырмалары

1-Тақырып

Ұлы адамдар және олар ашқан жаңалықтар

Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы — қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде атақты ағасұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай ел бірлігін сақтауға еңбек еткен қолбасшы, іскер дипломат, хан болған.

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оку орны болып есептелген Сібір кадет корпусына окуға орналастырады.

"Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды" — деп жазды бірге оқыған досы Г.Н. Потанин. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп карағандары, бағалағандары естеліктерде айтылған.

Шоқан 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып, Сібір қазақ-орыс полкіне офицер болып тағайындалады. Бір жылдан кейін генерал-губер-натор Г.Х. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Бұл қызметтерде чиновниктердің паракор, әділетсіздіктерін көріп, кетуді ойлайды.

1854 —1857 жылдардан бастап, Шоқан түрлі экспедицияларға қатыса бастайды. Экспедицияларда қыруар тарихи, этнографиялык материалдар жинайды, оларды орысшаға аударып, ғылыми талдаулар жасаған. Шоқанның тарих, география, әдебиет саласындағы еңбектері Петербург ғалымдарының жоғары бағасына ие болып, 20-дан жаңа ғана асқан Шоқан 1857 жылы Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

1858 -1859 жылдарғы Қашқария сапары, Шоқанның ғылыми, ағартушылық саладағы шығармалары Шоқаңды жаңа биікке көтерді. Шоқан Уәлихановтың "Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының, шығыстағы алты қаланың жайы" атты еңбегі жоғары бағаланды. Ол 1865 жылы неміс, ағылшын тілдеріне аударылды. Ш. Уәлиханов еңбектерінің жинағы 1904 жылы Петербургте жарық көрді. Шоқан - қазақхалкының мақтанышы. (Ш. Сәтбаева).

Ш.Ш. Уәлихановтың жарқын бейнесін халқы ұмытпай қадір тұтып, құрметтейді. Ш.Ш. Уәлиханов есімі Көкшетау облысыңдағы бір ауданға, бір ауылға, Талдықорған облысында екі ауылға, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Тарих институтына берілді. Академияның алдында Шоқанның үлкен ескерткіші орнатылған. Алтын емелдегі қабірі басына биік обелиск орнатылды, "Алтын емел" архитектуралық комплексі салынды.

1. Тапсырма. Мына сөздердің мағынасын сөздіктен жазып алып, мағынасын түсіндіріңіз: кадет корпусы, әскери корнеті, адъютант, қыруар.

2. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

  1. Шоқан түрлі экспедицияларға барғанда, қандай материалдар жинады?

  2. Орыс географиялық қоғамы Шоқанды неге мүше етіп сайлады?

  1. Шоқанның Қашқария сапарының нәтижесі кандай болды?

  2. Шоқан еңбектері сол кезде шетел тілдеріне аударылды ма?

  1. Шокан еңбектерінің жинағы алғаш қашан жарық көрді?

  2. Шоқан халық мақтанышы болған ба?

  3. Шоқан есімі құрметіне қандай шаралар жасалды ?

  4. Саяхат кезіндегі зерттеулері қалай бағаланған?

  5. Қашкария туралы зерттеулері, Орта Азияның, Қазақстанның тарихы, этнографиясы, саяси жағдайлары туралы зерттеулерінің кұндылығы қандай?