Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать
  1. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.

Молекулярлық биология, ғылыми дәреже, ғылыми мекемелер, жаңа зертхананы басқару, физика-химиялық медицина, Ғылыми-зерттеу институты, зертхана мең­герушісі, иммунды химия және им­мунды биотехнология зертхана­сы.

3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.

  1. мемлкеттік а) зертхана

  2. биохимия ә) түлегі

  3. ғылыми б) университет

  4. жаңа в) институты

  5. университет г) мекемелер

  6. молекулярлық ғ) физика

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

Нұрбол Ғалиақпаров 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті­нің биология факультетін бітір­ген­нен кейін М.Айтқожин атын­дағы Молекулярлық биология және биохимия институтында жұмыс істеген. 1995 жылы Из­раильде бір жылдық тағылым­да­мадан өткеннен кейін Иерусалим университетінің аспирантурасына түскен. Осында ғылыми дәреже алған Н.Ғалиақпаров Израильдің жетекші ғылыми мекемелерінде жұмыс істепті. Қазіргі таңда 2006 жылдан бастап, ғалым Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институ­тын­да жаңа зертхананы басқару жө­ніндегі ұсынысты қабыл алыпты.

Қуат Момынәлиев – Ресей Мемле­кет­тік медицина университетінің түлегі, дәрігер-биофизик. 1996 жылы РФ Денсаулық сақтау ми­нистрлігі физика-химиялық медицина ҒЗИ-інің аспиранту­ра­сын бітірген, биология ғылым­дары­ның кандидаты ғылыми атағын алған. Осы ҒЗИ-да 1996 жылдан 2004 жылға дейін жұмыс істеп, 2004 жылы зертхана мең­герушісі болып тағайындалған, сонымен бірге Мәскеу физика-техникалық институтының моле­ку­лярлық және биологиялық фи­зика факультетінде дәріс оқыған.

Қ.Момынәлиев биология ғылымдарының кан­ди­даты ғылыми атағын ол 2003 жылы Ресей Ғылым академия­сы­ның Пущин биологиялық зерт­теулер ғылыми орталығында қор­ға­ған екен. Сеул мемлекеттік университетіне (Оңтүстік Корея) шақырылып, осында бес жыл жұмыс істепті. Н.Ә.Назарбаевтың шақыруын естіген соң Вячеслав елге оралып, қазіргі кезде Аста­надағы иммунды химия және им­мунды биотехнология зертхана­сын­да жетекші ғылыми қызмет­кер болып жұмыс істейді. “Бо­лашақта мен және әріптестерім Сіздің қолдауыңыз бен дұрыс саясатыңыздың арқасында ғы­лы­ми-зерттеу қызметінде зор та­быстарға қол жеткіземіз деп сенеміз”, депті хат авторы.

ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.

1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

а) Мәтін қай ғалымдардың есімдері аталады?

ә) Шетелдік ғалымдар ма әлде отандық ғалымдар жайлы сөз етілген бе?

в) Не себепті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ғалымдарды отанға шақыртты?

г) Өздеріңіз білетін отандық биотехнолог ғалымдарды атаңыздар.

2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрыңыз.

Молекулярлық биология, бір жылдық тағылым­да­ма (тәжірибе), өсімдіктер биологиясы, Денсаулық сақтау ми­нистрлігі, шетелден шақырылған ғалымдар, ғалымдардың еңбектері, биотехнологиялық зертхана.

3. Өз пікіріңізді білдіріңіз.

Менің ойымша отанға ғалымдар көп оралуда, себебі, ...

Қазіргі клиникалардың қызмет көрсетудегі бағасы шарықтауда, өйткені ... .

Отандық препараттар әлі де аз, сондықтан ... .