Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі Қазақстанға шетелдік отандас ғалымдарды тарту жөнінде жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, елімізге қайтып оралған ғалымдар өз білімдері мен жинақтаған ғылыми тәжірибесін Қазақстан ғылымының даму игілігіне пайдалану мүмкіндігі үшін Мемлекет басшысына жолдаған хаттарында ризашылық сезімдерін білдіруде.

  Н.Ә.Назарбаевтың атына Ерлан Тұрысбековтен хат келіп түсті. Ол 1996 жылдан бастап Ан­глияның, Жапония мен Америка­ның жетекші биотехнологиялық ұйымдарында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Ғалым – әлемнің рейтингтік ғылыми жур­налдарындағы бірқатар жария­ла­нымдардың авторы.

“2007 жылы Сіз сөйлеген сөз­деріңіздің бірінде шетелде жұмыс істеп жүрген мамандарды елге шақырып, отандық ғылымды да­мы­туға қолдан келгенше көмек көрсетуді айтқан едіңіз. Сіздің шақыруыңыз менің Қазақстанға біржолата оралуымда шешуші рөл атқарды”, – деп жазады Е.Тұ­рыс­беков.

Ол елге оралған соң Ұлттық биотехнология орталығының Өсім­діктер биологиясы және био­технологиясы институты дирек­торы­ның орынбасары болып жұмыс істеуге шақырылды.

“Институт ұжымы төрт рес­публикалық бағдарлама бойынша, соның ішінде елдің азық-түлік қауіп­сіздігін нығайту бағдар­ла­ма­сы бойынша жұмыс істеуде. Мем­лекеттік субсидиялардың арқа­сын­да институттың материал­дық-техникалық базасы айтар­лық­тай күшейді. Ғимаратқа күр­делі жөндеу жүргізілді. Ұжымда айтарлықтай білікті штат бар, ол жауапты тапсырмаларды орындай алады.

Англияның, Жапония мен АҚШ-тың ғылыми орталық­та­рын­да жинақтаған тәжірибем әріп­тестерімнің Қазақстандағы биотехнологиялық зерттеулерді ойдағыдай дамытуына көмек­те­се­ді деп білемін. Мен өзімнің бүкіл күш-қайратымды Қазақстандағы ғылымның одан әрі дамуы үшін жұмсап отырмын және жұмсай бе­ремін”, – деп сендіреді өз ха­тында Е.Тұрысбеков.

ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.

1. Мәтін бойынша жазбаша сұрақтар құрыстырыңыз. Жауабын көршіңізден алыңыз.

2. Төмендегі сөздерді дұрыс орналыстырып, сөйлемді дұрыс құрыңыз.

а) Отанға оралып ғалымдары Қазақстанның жатыр бірқатар.

ә) Алғаш Астана жүрек рет жасалды қаласында тлансплантациясы.

б) Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қызметкерлер қолына күні пәтер медициналық кілтін бірқатар медициналық ұсынды мамандардың.

в) Қазіргі жекеменшік республикамызда клиникалар ашылып жатыр таңда көп.

г) Биотехнолог университетінде көптеген ашуда Назарбаев мамандар жаңалықтар.

3. Сөз тіркестеріне ілік, барыс, жатыс септіктерінің жалғауын жалғаңыз.

Мемлекет басшысы, мамандар, мем­лекеттік субсидиялар, ғимарат, білікті штат, тапсырмалар, ұжым, Қазақстан ғылымы, күш-қайрат, күр­делі жөндеу.

4. Етістіктерге өткен шақ жұрнағын қосып, сөйлемдер құрыңыз.

Алу, талқылау, жасау, құру, қарастыру, түзетілу, татуластыру.

5. Төмендегі суретке қарап сұхбатқұрастырыңыз

6. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, сөздерді қатесіз жазыңыз.

Б...сп...с...з қ...зм...т..., ел...м...зг... ...р...лғ...н ғ...л...мд...р, ж...н...қт...ғ...н т...ж...р...б...с..., Қазақст...н ғ...л...м...н...ң, п...йд...л...н... м...мк...нд...г..., р...з...ш...л...қ с...з...мд...р..., ж...т...кш... биот...хн...л...г...ял...қ ...й...мд...р..., ғ...л...м... қ...зм...тк...р.

15. Тақырып. Қазақстандағы биотехнолог ғалымдар, олардың еңбектері

І. Мәтінге дейінгі жұмыс: