Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Еліміздің ғалымдары күйік шалған адамдарды емдеудің тың тәсілін тапты

Еліміздің Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары «жасанды тері» өсіріп, жаңалық ашты. Нәтижесінде, денесін күйік шалған азаматтардың терісін қайта қалпына келтірудің жолы табылды. Бірегей әдіс, зертхана жағдайында өсірілген тері жасушаларын пластикалық хирургияда қолдану арқылы жүзеге асады. Әлем ғалымдары мойындаған «жасанды тері» тәсілі Астанадағы жедел жәрдем ғылыми орталығында жүзеге асырылады. Бұл жаңа тәсіл, үшінші және төртінші дәрежеде күйік шалған адамдардың терісін қалпына қайта келтіруде таптырмас әдіс. Біздің елде жаңадан сыннан өтіп, енді ғана қолданысқа ене бастаған технологияны өркениетті елдер соңғы 20 жылдан бері пайдаға асырып келеді. Ерлан Раманқұлов ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: - Бүгінде дәрігерлер жаңа әдіспен ем жүргізіп, нәтижесін көруде. Бірегей тәсіл тиімділігін дәлелдеді. Ем алу уақыты екі-үш есеге дейін қысқартылды. Бұл біздің мемлекетіміз үшін үлкен жетістік деп білеміз. «Жасанды тері» деген аты болмаса, жарақаттанған аймаққа мына бөтелкедегі сұйықтық себіледі. Яғни, жасушалар. Олар биологиялық белсенді заттар болғандықтан, гормондар мен өсу факторларын бөледі. Осының арқасында адам ағзасының өз бойының жасушалары тезірек өсе бастайды. Тың тәсіл, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында сәтті жүзеге асып жатыр. Қабылбек Әбуғалиев, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ-ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: - Лабораторияда өсірген теріні қолданып жатырмыз. Ол енді донордың клеткалары. 3 науқасқа биотехнология орталығы сол аурулардың өз терісін өсірді. Орталық дәрігерлері бүгінге дейін осы әдіспен, күйік шалған 20 адамды емдеген. Бәрі де нәтижелі. Қазір кезекті отаға дайындық жүріп жатыр. Мұрат Молдашев темір жол бойында токқа соғылып, киімі өртенген. Салдарынан денесінің 50 пайызын күйік шалыпты. Сол адамға медициналық көмек жасалды. 6. Өздеріңіз білетін отандық ауруханалардағы пластикалық хирургия жайлы интернеттен хабарлама әкеліп, оқыңыз.

14. Тақырып. Отандық биотехнология жетістіктері

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.

Ғылыми тәжірибе, биотехнологиялық ұйымдар, ғылыми қызметкер, ғылымды да­мы­ту, Ұлттық биотехнология орталығының Өсім­діктер биологиясы Ұлттық биотехнология орталығының Өсім­діктер биологиясы.

3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.

  1. баспасөз а) үлгілері

  2. білікті ә) ғалымдар

  3. көмек б) мамандар

  4. отандық в) көрсету

  5. халықарлық г) тәжірибе

  6. жинақталған ғ) жур­налдар

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.