- •2. Оқытушы жөнінде мәлімет
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Пәннің пререквизиті:
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •6. Сабақ жоспары
- •6.2. Обсөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.3. Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •8. Баға бойынша ақпарат Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі
- •9. Бағаны қою саясаты
- •10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздердің дұрыс аударылған баламасын табыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •3. Мәтіннен мына сөздерді табыңыз, сөйлемді оқыңыз.
- •Ғаламтордың көмегімен екі облыстағы өнеркәсіп зауытын салыстырыңыз
- •Сөзжұмбақ құрастырыңыз
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Сұхбат құрыңыз.
- •3. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып жазыңыз.
- •4. Мына үстеулермен сөйлем құрастырыңыздар.
- •8. Мына мәтінді оқып мазмұндама жазыңыз. Раушан гүл туралы аңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Сұхбат құрыңыз.
- •3. Сөздерді дұрыс орналастырып сөйлемдер құрыңыз.
- •5. Сәйкес қатарын анықтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз:
- •Сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.
- •Ұлттық биотехнология орталығында жұмыс істейтін мамандарды
- •Төменде берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрыңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •6. Мына сөйлемдерді аяқтап жазыңыз.
- •7. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз:
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Судың көмегі
- •Судың зияны
- •Еліміздің ғалымдары күйік шалған адамдарды емдеудің тың тәсілін тапты
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі Қазақстанға шетелдік отандас ғалымдарды тарту жөнінде жұмыс жүргізуде.
- •1. Мәтін бойынша жазбаша сұрақтар құрыстырыңыз. Жауабын көршіңізден алыңыз.
- •2. Төмендегі сөздерді дұрыс орналыстырып, сөйлемді дұрыс құрыңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
- •Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
- •3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
- •1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрыңыз.
- •4. Етістіктерді қалау райға қойыңыз.
- •5. Диаграмманы өз ойыңызбен толтырыңыз. Обсөж тақырыптары бойынша тапсырмалары
- •Ұлы адамдар және олар ашқан жаңалықтар
- •2. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •3. Тапсырма. Мәтіннен шығыс жалғаулы сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
- •4. Тапсырма. Мәтіннен жатыс жалғаулы сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
- •5. Тапсырма. Мәтіннен бірнеше есім сөзді көмектес септікте етістікпен тіркестіріп жазыңыз.
- •5. Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз. Газет материалдарын қолданыңыз.
- •(Егемен Қазақстан 2011 жылғы мұрағат)
- •1. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •2. Тапсырма.Терминдерді жаттаңыз.
- •3. Тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз
- •5. Тапсырма. Төмендегі берілген терминдермен бес сөйлем құрыңыз.
- •1. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •2. Тапсырма. Әр абзацтағы негізгі ойды білдіретін сөзді көрсетіңіз ( )
- •3. Тапсырма. 5 минуттың ішінде өсімдікшаруашылығы сөзімен сөздер құру қажет.
- •5. Тапсырма. Берілген өсімдік тізімінен сабақтың қай түріне жататынын анықтап , тиісті бағанына жазыңыздар.
- •1. Тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңыз.
- •2. Тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •4.Тапсырма. Мәтінді өз ойыңызбен, қосымша деректермен толықтырып қазақ тілінде әңгімелеп беріңіз.
- •Емтихан сұрақтары
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Аралық бақылау жұмысы
- •1. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- •Аралық бақылау жұмысы
Судың көмегі
Судың зияны
12. Тақырып. Жан-жануарлар биотехнологиясы
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
Биотехнологиялық үрдістер, ірі қара мал, тұраралық трансплантация үлгілері, қызықты тәжірибелер, зерттеушілер тобы, сәтсіздікке ұшырады, жануарлардың клеткасы, ағалы-қарындастар.
3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
биотехнологиялық а) үлгілері
трансплантация ә) туылды
жануарлардың б) журнал
ұрпақ в) үрдістер
халықарлық г) қышқылы
тиімділік ғ) 50% құрады
ІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.
Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.
Тақырып бойынша әңгімелеңіз.
ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басында тұраралық трансплантация әдістерін түрлерді сақтауға байланысты жаңалықтар ашылды.
Эмбриондар трансплантациясы мен осы технологиямен биотехнологиялық үрдістер кешені ірі қара малда жақсы зерттелген. Сол себепті алғашқы сәтті тұраралық трансплантация үлгілері жарты мүйізді үй сиырында жүргізілген.
Қызықты тәжірибелер үй қойымен оның жабайы тусы еуропалық муфлонға (Ovisorientalismussimon) жасалынды. Жоғалып бара жатқан қой муфлон эмбриондарын бірнеше рет үй қойына салады. Сонымен қоса, Паскуалино Лой бастаған зерттеушілер тобы Италияда муфлонның эмбриондар клондалуын жасауда.
Тікелей транспланттау әдістері 1940 жылдары сәтсіздікке ұшырады. Бірақ 1980 жылдары C.Фехайли өзінің көмекшілерімен қой-ешкі химерлі ұрық жасау жұмыстарын жасады. Химералар дегеніміз өз денесінде екі немесе одан да көп жануарлардың клеткасы бар жануарлар.
Күзен мен норканың гибридизациясы табиғатта да жүреді (бұл құбылысты еуропалық норканың жоғалуына тағы бір себеп деп отыр). Ғалымдар гибридизация феноменін жоғалып бара жатқан түрді сақтауға пайдаланбақшы болды – жетістікке жетті. 2002-2004 жылдары олар жалпы 56 норка эмбриондарын 9 хонорика ұрғашыларына транспланттады. Бұдан 28 ұрпақ пайда болды. Сонымен қатар, 16 еуропалық норка эмбриондары 3 хонорика ұрғашыларына трансплантталды, 7 ұрпақ туылды. Сөйтіп, екі трансплантацияның түрінде де тиімділік 50% құрады.
Хонорика ұрғашысына норканың 5 эмбрионы мен күзеннің 5 эмбрионы енгізілді. Нәтижесінде норка мен күзендерден тұратын ұрпақтар пайда боды. Бұл нәтиже халықарлық журнал «Reproduction Fertilityand Development» редакторларын таңғалдырды, бұл өте ерекше жайт: біржатырдан шыққан ағалы-қарындастар әр түрдің өкілдері. Ал олардың қабылдағыш анасы екі түрге де жатпайды.
ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.
1. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құраңыздар.
Жүзеге асыру, келіспеушілік білдіру, шешім қабылдау, сәйкес келу, арта түсу.
2. Мәтінге сүйеніп, диалог құраңыздар.
3. Газеттерден тақырыпқа қатыста тың материалдар жинап, хабарлама жасаңыз. Жасалған хабарламаны топ болып талқылаңыздар.
4. Сөздермен жұмыс істеңіздер.
Жаңалықтар, ұрпақ, нәтиже, жұмыстар, жетістік, тиімділік.
5. Сөйлемді әрі қарай өрбітіңіз.
а) Тікелей транспланттау әдістері ...
ә) Химералар дегеніміз өз денесінде ...
б) Күзен мен норканың гибридизациясы ...
в) Бұл нәтиже ...
6. Мына торкөздерден қанша қазақша сөз табасыз, соны дәптерге жазыңыз.
13. Тақырып. Мединициналық биотехнология
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.
Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.
Қызмет көрсету, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік орталық, ғылыми бөлімшелер, ғылыми-зерттеу бағыты, емдеудің жаңа әдістері, алдын алу, шағын ісіктерді сылып тастау,
3. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.
қызмет а) құрамы
әдістемелік ә) бөлімшелері
министрлік б) қолданылады
пластикалық в) көрсету
ғылыми г) операция
диспансерлерінде ғ) орталық
ІІ. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.
Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.
Тақырып бойынша әңгімелеңіз.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты – республика халқына онкологиялық және радиологиялық қызмет көрсететін ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік орталығы Қазақстан Республиксы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. 1960 жылы Алматы қаласында құрылған. Құрамында 9 хирургиялық, 3 радиологиялық, 7 диагностикалық және 3 тәжірибелік (аңдарды зерттейтін арнайы лабораторияны қосқанда) ғылыми бөлімшелері бар. 1960 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты – қатерлі ісіктің алдын алу және емдеудің жаңа әдістерін жетілдіру. Онкологиялық реконструктивті-пластикалық операция арқылы шағын ісіктерді сылып тастау, кеңейтілген лимфодиссекция, иммунды-гормонтерапия және дәрімен емдеудің жаңа жүйелерін жүзеге асырды. Институтта дайындалған озық диагностика және емдеу әдістері ТМД елдерінің, Үндістанның, Швецияның, Перудің, Ұлыбританияның жетекші онкология орталықтарында және республиканың облыстық онкология диспансерлерінде қолданылады. Институтта Қазақстан ҰҒА-ның академигі С.Б.Балмұқанов, корреспондент мүшесі Ж.Н.Әбдірахманов, медицина ғылымының докторы, профессорлар А.Ә.Бейсебаев, Н.Ә.Әжіғалиев, Ж.Ә.Арзықұлов, Ғ.С.Қанапиянов, С.А.Бәйішева, А.Қосаев, А.И.Шибанова, т.б. ғалымдар жұмыс істеді. 2002 жылдан «Қазақстан онкологиясы мен радиологиясы» журналы шығарылады. 140-тан аса авторлық куәлік пен патент қорғалған.
ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.
1. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құраңыздар.
Қызмет көрсету, тәжірибелік орталықтар, медициналық мекемелер, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықтың әл-ауқаты, әдістерді жетілдіру, нано технологияларды қолдану, емдеудің жаңа тәсілдері, отандық препараттар.
2. Мәтінге сүйеніп, диалог құраңыздар.
3. Газеттерден тақырыпқа қатыста тың материалдар жинап, хабарлама жасаңыз. Жасалған хабарламаны топ болып талқылаңыздар.
4. Төмендегі берілген сөздерді ары қарай өрбітіңіз.
Айналу, ауыстыру, жолға қою, қадағалау, оңға басу, үйлестіру, ұлғайту
Ү
лгі:
айнал- айнулыс – айналыстыру т.б.
5. Төмендегі берілген мәтінді оқып, топ болып талқылаңыздар.
