Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

6. Мына сөйлемдерді аяқтап жазыңыз.

  1. Казакстан Республикасының астанасы — ең алғашында....

  2. Казакстан Республикасы Президентшін Жарлығымен....

  3. Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырдағы....

  4. Республика Президенті Н. Назарбаев: ....

5) 1998 жылдың 10 шілдесінде өткен Қазақстан Республикасының....

7. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз:

1) Қазақстан Республикасының астанасы — Астана.

1) ?

2) ҰБО ашу министрліктің шешімімен қабылданды

2) ?

3) Қазакстан Республикасының өмірінде бұл — төртінші астана.

3) ?

4) Болашақта бұл орталықта көптеген биотехнолог мамандарын дайындайды деп ойлаймын.

4) ?

5) Болашақта мен де осы орталықта жұмыс істеуге армандаймын. 5) ?

11. Тақырып. Су, сутек оксиді

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.

Химиялық қозғалыс, бүкіл гидросфера, судың тіршілігі, сұйық зат, жер шарының көп бөлігі, тұзды сулар, тұзды сулар, тұщы су, таза су, су оттек, сутек, химиялық өнімдерді өндіру, судың тазалығын сақтау.

  1. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.

  1. судың а) өнімдер

  2. таза су ә) формуласы

  3. сутек б) тоқсан пайызы

  4. химиялық в) денсаулыққа пайдалы

  5. оттегі г) қышқылы

  6. су проблемасы ғ) химиялық элемент

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

Су ─ өмірдің тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ. Көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химиялық қозғалыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфера судан тұрады. Судың тіршілік үшін маңызы зор. Суды алғаш ағылшын ғалымы Г.Кавендиш зерттеді. Судың түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ сол судың тоқсан пайызы адам өмірі үшін жарамсыз тұзды сулар. Оның тек 2,5 пайызы ғана тұщы су. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

Су - бу, тұман, бұлт, тамшы, қар кристаллдары түрінде кездеседі.

Су оттек, сутек, азот қышқылы, спирт сияқты аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын химиялық элемент.

Біз судың тазалығын сақтауымыз керек. Ең бастысы, жауапкершілікті түсінуіміз керек. Ата-бабамыз “судың да сұрауы бар” деген екен. Ол – шындық. Біздің ғасырымызда су проблемасы аса өзекті мәселе.

Бүгінде таза су тауарға айналды. Германия елі тұщы суды Швециядан сатып алады. АҚШ 1 текше метр су үшін Канадаға 5 центтен төлейді.

БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы бүкіл дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан қиындық көреді екен. Бұл ойланатын жағдай.

ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.

1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жер бетіндегі судың қанша пайызы тұщы су?

2. Су қандай зат?

3. Су тазалығын қалай сақтауымыз керек?

4. «Судың да сұрауы бар» деген мақалды сіз қалай түсіндірер едіңіз?

5. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз:

а) Су - түсі, иісі және дәмі жоқ ... ... .

ә) Оның тек ... пайызы ғана ... су.

б) Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

в) Су - бу, тұман, бұлт, тамшы, қар кристаллдары түрінде ... .

г) Су ... , ... , ... , ... сияқты аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде.

6. Жағдаяттық тапсырмалар.

а) Өзен жағасында демалдыңыз, суға шомылдыңыз, кетерде қоқыс-соқыс, кағаз, шөлмектер калып баражатканын байқадыңыз, не істер сдіңіз, жолдастарыңызға не айтатыныңызды жазыңыз.

ә) "Тау биік, талап таудан да биік" деген тақырыпқа өмірден, кітаптан мысал алып, әңгіме жазыңыз.

б) "Су жоқта, ну да жоқ" деген мақалды өзіңізше дәлелдеңіз.

  1. Әлемде талай қызық бар

Алжирдің Синдиден Абессос қаласы жанында таңғажайып көл бар. Оның суы кәдімгі сия сияқты кағазға жазыла береді. Бүл көлге сол аймакгағы екі арнадан көп су құйылады. Ол судын бірі тұз бен темір ерітінділеріне бай. Екіншісі түрлі өсімдіктер мен жануарларға толы. Осы екеуінің суы косылғанда, сия түстес су пайда болады.

  1. Кестеде берілген сөз тіркестерінің көмегімен ойларыңызды білдіріңіз.