Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать
  1. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, есте сақтаңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрыңыз.

Химиялық қозғалыс, бүкіл гидросфера, судың тіршілігі, сұйық зат, жер шарының көп бөлігі, тұзды сулар, тұзды сулар, тұщы су, таза су, су оттек, сутек, химиялық өнімдерді өндіру, судың тазалығын сақтау.

  1. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.

  1. судың а) өнімдер

  2. таза су ә) формуласы

  3. сутек б) тоқсан пайызы

  4. химиялық в) денсаулыққа пайдалы

  5. оттегі г) қышқылы

  6. су проблемасы ғ) химиялық элемент

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

2006 жылғы қазанда жалпы сметалық құны 6775 млн.теңгені құрайтын «Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнологиялар орталығын салу» жобасын іске асыру басталды. Астанада Есілдің сол жағалауындағы қазіргі замаңғы жаңа орталықтың құрылысы 2008 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде. Зертхананың жаңа ғимараттары халықаралық стандарттарға (GLP, GMP) сай келетін жабдықтармен жасақталатын болады және міндетті түрде үш деңгейлі биоқауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі. Жаңа орталықтың базасында магистратура мен доктарантура бағдарламалары бойынша білім алу үшін жағдай жасалады.

Сырттан шақырылатын ғалымдар, ғылыми қызметкерлер мен «Болашақ» түлектеріне арнап орталықтың жанынан 130 орындық шағын отбастарына арналған тұрғын үй кешені салынады. Сонымен қатар екі жүз пәтерлік тұрғын үй кешенін салу мәселесі де қарастырылып жатыр, оның құрылысына Астана қаласының әкімдігі жер бөлді.

Келешекте ҰБО «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен тығыз байланыста Орталық жүргізетін ғылыми жұмыстарға биотехнология, микро – молекулярлық биология, генетика және гендік инженерия, биомедицина сияқты мамандықтар бойынша және басқа да мәндес мамандықтар бойынша шетелдік жоғары білікті мамандарды, отандастарды, «Болашақ» бағдарламасының түлектері бірлесіп жұмыс істеуде.

ІІІ. Мәтіннен кейін жұмыс.

1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Үкімет қандай қаулы шығарды?

  1. Зертханада қандай жабдықтармен қамтамасыздандырылған?

  2. Жаңа орталықтың базасында кімдерді даярлайды?

  3. Ұлттық биотехнологиялық орталық кімдермен байланыс жасайды?

2. Астананың өсіп, көркейгені туралы ойыңызды, көргеніңізді жазыңыз.

3. Астананын келешегі туралы деректерге (газет, журнал т.б. деректерге) сүйеніп, әңгіме жазыңыз.

  1. "Астанаға барғанда" деген тақырыпқа әңгіме жазыңыз.

  2. Өлеңді жаттаймыз

Өз Астанам - өз Ордам

Жаса, жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Жайнап бақыт нүрымен,

Қуантасың шынымен.

Әр кірпішің сөйлеп тұр,

Бостандыктың тілімен!

Жасыл желек оранған

Әрбір көшең — көк орман.

Сенде түлеп, сенде өскен

Жас ұрпакта жоқ арман.

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам — өз Ордам,

Сүйенерім сен ғана!

Асқақтай бер, Астанам,

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

(Несіпбек Айтұлы).