Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Исина Биотехнол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Биотехнология мамандығының студенттеріне арналған

Кәсіби қазақ тілі пәнінен оқу-әдістемелік кешен

КӨКШЕТАУ, 2012

Уәлиханов атындағы КМУ ғылыми Кеңесінің шешімімен (№ 2-хаттама, 24.10.2011ж.) баспаға ұсынылды.

Биотехнология мамандығының студенттеріне арналған

Кәсіби қазақ тілі пәнінен оқу-әдістемелік кешен

Кәсіби қазақ тілі (биотехнология мамандығына арналған) – Көкшетау: «Ш.Уәлиханов атындағы КМУ» баспасы, 2012.

Бұл еңбек мемлекеттік тілді кәсіби деңгейінде оқу әдістемелік кешен ретінде ұсынылады. Оқу – әдістемелік кешен биотехнология мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Тақырыптар заман талабына сай , күнделікті тұрмыста қажет ауыз-екі сөйлеу тілін дамытуға бағытталған тапсырмалармен қамтылған.

«Ш.Уәлиханов ат. КМУ» баспасы, 2012

АЛҒЫ СӨЗ

Бұл оқу- әдістемелік кешен аудиториялық сабақ барысында немесе тілді өздігінен меңгеруге ниет білдірген тіл үйренушіге арналып жасалған.

Биотехнология мамандығына арнлаған бұл оқу – әдістемелік кешен тілді меңгертудің халықаралық стандарты бойынша белгіленген алты деңгейдің В2 бөлімі қамтылды

Оқу –әдістемелік кешен мазмұны тілді меңгерту мақсатында жеке тұлға, мамандық, күнделікті тұрмыс, қарым-қатынас жасау саласына қажет мәтіндерді қамтиды. Негізгі міндеті коммуникативтік сөйлеу тілін меңгерту болып табылады.

Оқу- әдістемелік тілді кешенді үйрену ұстанымына негізделіп құрылған. Мақсаты ауызша және жазбаша сөйлеу тілі, сөйлеу тілін еркін түсіне алу дағдысын қалыптастыру, түрлі қиындық деңгейдегі мәтінді түсіну, мазмұндай алу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, күрделендіру, теориялық материалды қарым-қатынас жасау барысында қолдана алуға дағдыландыру. Тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларға қатысты қарым-қатынаста қатысым тудыратын сөйлеу жағдаяты міндетін шешеді.

Оқу – әдістемелік кешенде мамандыққа қатысты ең қажетті деген тақырыптар сұрыпталып,сол тақырыптардың мақсатын ашатын іріктелініп алынған шағын мәтіндер мен коммуникативтік бағыттағы тапсырмалар жүйесі тілді меңгертудің төрт аспектісі арқылы (оқылым,жазылым, айтылым, тілдесім) жүйелі түрде берілді.

Лексикалық материал грамматикалық материалмен ұштастырылып берілген. Грамматикалық материалдың қазақ тіліне тән ерекшеліктеріне назар аударылады. Тіл үйренушінің ой-өрісін дамытып, этнолингвистикалық, танымдық негізге сүйене отырып, оқыту мақсатында тәрбиелік мәні зор елтаным бағытындағы мәтіндер алынған.

Әр тақырып ағымдық бақылау мақсатында берілген тест тапсырмаларымен аяқталады. Мәтіндер мен орындалатын тапсырмалар апробациядан өткен.

Аталған оқу - әдістемелік мемлекеттік тілді үйренушілерге тілді меңгеру ісінде септігін тигізеді деп сенеміз. Алдағы уақытта толықтырып, қайта басып шығару жоспарланған.

Аға оқытушы, филогия магистрі А.О.Исина

2. Оқытушы жөнінде мәлімет

Исина Аягөз Оразбекқызы

Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі.

3. Пән жөнінде мағлұмат

Атауы: Кәсіби қазақ тілі

Өткізілу уақыты: Сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарының көшірмесі

курс

семестр

Кредит

саны

Дәріс сағаты

Практ, семинар сабақтарының сағаты

Лаборат. сабағының сағаты

ОБСӨЖ

сағат саны

СӨЖ

Сағат саны

Барлығы

Бақылау формасы

2

І V

2

-

30

-

8

10

30

емтихан

  1. Пәннің пререквизиті:

Курстың бастапқы сатысында студент қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің постреквизиті:

Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беретін пәндердің бірі болып саналатын мемлекеттік тіл суденттердің біліктілік және коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру болып табылады, коммуникативтік компетенция интегративтік негізде лингвистикалық (тіл), дискурстық (сөз) және әлеуметтік-мәдени компетенция деп бөлінеді. Лингвистикалық компетенцияның мазмұны білім және іскерлікті белгілі бағдарламаның көлемінде, коммуникативтік және біліктілік іс-әрекеттің грамматикалық, фонологиялық, лексикалық құбылыс саласында қолданылады.

Пәннің құзыреттілгі:

Тілдің айтылу нормаларын бекіту; 2,5 мыңнан кем емес көлемдегі ортақ қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту; сөйлеуде қолданылу деңгейінде грамматикалық формалар мен конструкцияларды меңгеру; әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік – мәдени және кәсіби сферлар үшін көкейтесті тақырыптарға ауызша және жазбаша формаларда түрлі жанрлардағы диалогтық және монологтық мәтіндерді игеру, мамандық бойынша лексикалық терминологиялық минимумды меңгеру.

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Пәннің негізгі мақсаты:

а) Қатысымдық мақсаты: үйренуші қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастыруы тиіс;

ә) Танымдық мақсаты: мамандыққа сәйкес білімді игеріп, дүниетанымдық ой-өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі тиіс:

б) Тәрбиелік мақсаты: тіл үйренушінің жалпы тұлғалық әдебін, мәдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық ерекшелігіне мән беріп, құрметтеуге тиіс.

Пәннің негізгі міндеті:

- Студенттерге өз мамандықтарына қатысты кәсіби қазақ тілін жан-жақты меңгеруге қажетті мағлұматтар беру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

- іскерлік байланыс саласында қазақша әңгімелесуге, пікірін білдіруге, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру;

- биотехнология, химия, биология саласындағы лексиканы байытуға, ресми емес қарым-қатынаста дұрыс сөйлеуге үйрету;

- болашақ мамандықтары туралы түсініктерін кеңейту, сұрай, анықтай, хабарлай білу дағдыларын жетілдіру;

- кәсіби терминдермен жұмыс істеуге, сөздікпен, газет –журналдармен жұмыс істей білуге, түсінігін айта білуге жаттықтыру.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Жазбаша және ауызша тілде келесі білім мен дағдыларды қалыптастыру.

Оқылым:

- сөйлемді, мәтінді, сұхбатты мәнерлеп оқу;

- мәтіннің мазмұнын түсініп оқу;

- мәтінмен жұмыс істей білу;

- оқулықтан негізгі ақпарат бойынша жұмыс істей білу.

Тыңдалым:

- тыңдалған ақпаратты түсіну;

- тыңдалған мәтіннен негізгі ойды ажырата білу;

- тыңдалған ойға өз пікірін айта білу.

Жазылым:

- берілген тірек сөздер арқылы сөз тіркестерін, сөйлем құру;

- грамматикалық заңдылықтар мен сөйлем құрылымын ескере отырып, сөйлем құру;

- фонетикалық, граммтикалық, лексикалық жаттығуларды сауатты орындай білу;

- сауатты сұхбат құрастыра білу;

- болымды, болымсыз түрде сауатты сөйлем құрастыра білу;

Пікірлесім:

- тыңдалған не оқылған ақпаратты тілдік қатынас арқылы жекізе білу;

- берілген сұрақтарға болымды, болымсыз түрде жауап бере беру;

- тірек сөздер арқылы өз ойын жеткізе білу;

- грамматикалық категорияларды ауызекі тілде қолдана білу;

- мәтіндегі негізгі ойды қысқа және толық айта білу;

- беріліген тақырыпқа сұхбат құрастыра білу;

- берілген тақырып бойынша дискуссия құра білу;

- өз ойын, сезімін ауызша жеткізе білу;

- лексикалық тақырыпты ауызша жеткізе білу.

Студенттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары нәтижесінде :

- Қазақстандағы және әлемдік кеңістіктегі қазақ тілінің рөлі және орны туралы , қазақ тіліндегі негізгі сөйлем құрылысының заңдылықтары туралы

хабардар болуы керек;

- тақырып бойынша лексиканы меңгере отырып, өз ойын жеткізуді, өз бетінше газет – журнал материалдарына шолу жасауды; болашақ мамандықтары туралы терминдерді пайдалана отырып, сұхбаттасуды, түрлі стильде жазылған үнтаспаның мазмұнын түсінуді, іскерлік қарым –қатынаста жасалған мәтіндерді тыңдап, пікірін айта білуді, берілген мәтіннен қысқаша өзіне керекті мәліметті таңдай білуді, оны мәнерлеп оқуды, тірек сөздер арқылы сөз тіркестерімен сөйлем құрай білуді, фонетикалық, лексикалық, лексика – грамматикалық жаттығуларды орындай білуді игеруі керек;

- түрлі тақырыпта қалыптасқан әлеуметтік және кәсіби тілдесім үлгілері арқылы практикалық дағдыны бойына жинақтай алуы керек.