Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудиторн Аубакирова..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
702.46 Кб
Скачать

4.Сурет бойынша мезгіл мәнді етіп сөйлем құрыңыз.

6. Ойды жалғастырыңыз.Ою-өрнек, кесте десе, ойымызға ең бірінші оралатыны – түскиіз. Бірақ қазіргі заманауи интерьерде түскиіздің орнын басқа да бейнелеу өнерінің туындылары басып жатыр. Алайда бұл ою-өрнектің көнеріп, кестелеу өнерінің артта қалғанын білдірмесе керек. Зейнелхан Мұхамеджанұлының қазақ халқының дәстүрлі кестелеу өнерімен айналысқанына 30 жылдан астам уақыт болған. Ол ер адам үшін біз ұстап кесте үйренудің оңай болмағанын айтады.Ол кестеден картина жасайды.

Аудиториялық сабақ: Өнер шеберлері. Мезгіл мәнді сөйлемнің үстеу арқылы жасалуы

«Адам мен Ғалам-менің ой ізденістерімнің әлемі мен кеңістігі, мұңым мен үмітім. Жер бетіндегі Бақыт пен Болашаққа деген сенім рухына бөленген ойлар көрінісі. Менің картиналарым адамның жарқын мақсат-мүддесі мен оның жан дүниесінің әсемдігіне бағышталған».

Қанафия Темір-Болатұлы Телжанов

Кескіндеме өнерінің шебері Қ.Тельжанов

Қанафия Темір-Болатұлы Телжанов Омбыда 1927 жылы 1 мамырда Көкшетау облысындағы Телжан ауылының беделді руына жататын отбасында дүниеге келген.

Қазақстан бейнелеу өнері дамуы тарихында жаңа бір кезең ашты.

Қанапия Телжанов 1953 жылы Ленинградтың Репин атындағы живопись, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Ол- композициялық ойлау мен этюд құрастыру бойынша шебер суретші.

1954 жылы салынған «Жамал» атты шығармасы ең таңдаулы шығармаларының бірі болып табылады. Суретте жас қазақ қызының сымбатты дене бітімі өте әсерлі берілген. Көк майса үстінде ойға шомған қыз бала суреті. Алыстан жайылып жүрген мал көрінеді. Сол жақта – киіз үйдің жанында демалып отырған қойшылар. Қыздың алдында тамақ пісіп жатқан қазан. Осындай тамаша көрініс бейнеленген . Суреттен жастық арман тақырыбы анық көрінеді. Бұл шығарманың ұлттық өзіндік бейнесін суретші нәзік, жеңіл колоритпен композицияның нақтылығы, түсініктілігі арқылы берген. .

1967 жылы Монреалда Қазақстанға арналған күндерде осы картина көрменің төрінде тұрды. Сол жылы шығарманы Третьяков галереясы сатып алды.

Жиырма жылдан астам уақыт бойы Қанафия Телжанов КСРО суретшілер қоғамына мүше болды, бірнеше мәрте Жоғарғы Кеңес депутаты болды.

М.Б. Греков атындағы күміс медаль иегері, «Құрмет белгісі» ордені, Еңбек қызыл Ту ордені және «Отан» орденін кеудесіне тақты. Бүгінгі күнде Қанафия Телжанов Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жетекшісі.

Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз

2.Мәтіннің мазмұнына қарай бөлімге бөліп , әрқайсысына тақырып қойынңыз.

Тапсырмалар:

1.Сөздер мен сөз тіркестерін оқыныз, есте сақтаңыз , аударыңыз

2 . Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз

Беделді руына жататын,мүсін, сәулет, ой, ойлау, құрастыру, таңдаулы, болып табылады, сымбат, дене бітімі, әсер, әсерлі, көк майса, сол жақ, оң жақ, арман, анық, жастық, композициялық ойлау, этюд құрастыру, таңдаулы шығармалары, жастық арман тақырыбы, тамақ пісіп жатқан қазан, тамаша көрініс, ұлттық өзіндік бейнесі, нәзік, жеңіл колорит, композицияның нақтылығы, суретшілер қоғамы.

3.Лексикалық тапсырма.

  1. Төмендегі сөздердің синонимін табыңыз:

Бітірген, бейнелеу, жанында, тамаша,отбасы,көк майса, ойға шомған қыз.

  1. Төмендегі сөздердің антонимін табыңыз:

Бітірген, алыс, сол жақ, демалу, алдында, жеңіл

3. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз. Көк майса үстінде ойға шомған қыз бала, қазақ қызының сымбатты дене бітімі

4.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

5.Мәтінді әңгімелеңіз.

Грамматика Назар аударыңыз

Мезгіл мәнді сөйлемнің үстеу арқылы жасалуы

Ереже

Сұрақтары

Мысалдары

Қимылдың мезгілін білдіреді.

қашан? қашаннан бері?

Бүгін, таңертең түнде.....Бүгін Ұлыстың ұлы күні.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі мезгіл мәнді сөйлемнің үстеу арқылы жасалуын тауып, олардың астын сызыңыздар.

2. Суретпен жұмыс. Суретке қарап сөйлем құрастырыңыз.

3. Төмендегі картинаның авторы кім? Суретте не бейнеленген? Сөздік құрастырыңыз. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, әңгімелеңіз.

4. Қазақ тіліне аударыңыз.