Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ДБ рус, каз ЦПН ВОП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

A) Стоматит

B) Молочница

C) Хейлит

D) Глоссит

+E) Гингивит

303.

Бала 3 жаста. Дене температурасының 390С дейін көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне, сілекейдің көп бөлінуіне, ас қабылдаған кезде ауру сезіміне шағымданады. Объективті: беттің, тілдің, қатты таңдайдың, және еріннің шырышты қабаты қызарған, көлемі әртүрлі, ақ және сары түсті, шеті қызыл жиекпен қапталған бляшкалар бар.

Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы тиімді?

+A) 2% метилен көгінің ерітіндісі

B) 20% сутегі ерітіндісі

C) 5% нистатин суспензиясы

D) Ацикловир 50 мг\кг тәулігіне

E) Дифлюкан 5 мг 1 кг дене салмағына

304.

2 апталық қыз бала. Емшек ему кезінде мазасыздыққа шағымданады. Анасы антибиотиктер қабылдаған. Объективті: беттің, тілдің, қатты таңдайдың, және еріннің шырышты қабаты ірімшік тәрізді, пленка тәрізді жабынды қызару фонында.

Төменде көрсетілгендердің ішінде қандай зерттеу әдісі тиімді?

A) Жалпы қан анализі

B) BL ге аңқадан жағынды алу

C) Райт бойынша жағындыны бояу

+ D) Бактериологиялық себінді

E) Иммунофлюоресцентті зерттеу

305.

Бала 6 жаста. Дене температурасының 380С дейін көтерілуіне, ас қабылдаған кезде ауру сезіміне шағымданады. Объективті: беттің, тілдің, қатты таңдайдың, және еріннің шырышты қабаты қызарған, ісінген, еріннің қызыл жиегінде дара көпіршіктер және папулалар көрінеді. Айқын гиперсаливация, езу мацерирленген.

Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы тиімді?

A) Калий перманганат ерітіндісі сыртқа

+B) Ацикловир 0,25х 4 ішке

С) Итмұрын майы 3 рет сыртқа

D) Флуконазол 5мг/кг ішке

E) Преднизолон 2мг/кг ішке

306.

Бала 9 жаста. Дене температурасының 38,80С дейін көтерілуіне, жөтелге, мұрыннан шырышты бөлінділерге шағымданады.Объективті: дене температурасы 38,20С. Даусы қарлыққан.Аңқасы аздап қызарған. Тыныс жиілігі минутына 60. Өкпесінде қатаң тыныс. Жүрек тоны бәсеңдеген. Пульс 130 минутына. Кеуде торының рентгенограммасында: қантамыр суреті қатайған.

Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) Қызылша

B) Грипп

+C) Парагрипп

D) Реовирусты инфекция

E) Аденовирусты инфекция

307.

Бала 4 жаста. Дене температурасының 390С дейін көтерілуіне, құсуға,тәбеттің болмауына шағымданады. Объективті: терісі бозарған, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған,көлемі фасоль дәніне сәйкес келеді, аңқасы қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйірленген, ісінген. Қабақтары ісінген, көз конъюнктивасы іріңді емес фолликуламен қызарған.

Тыныс жиілігі 35 минутына. Өкпесінде қатаң тыныс. Пульс 120 минутына . Жүрек тоны бәсеңдеген.

Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) Парагрипп

B)Қызылша, продромалды кезең

C) Реовирусты инфекция

D) Грипп, катаралды форма

+ E) Аденовирусты инфекция

308.

Бала бақшаның жүзу қауызында сабақтан кейін үшінші күні бірнеше бала ауырды. Барлығында субфебрилді температура, тұмау, жөтел, конъюнктивит. Екі баланың қабақтары ісінген, көздерінде іріңді бөлінділер байқалады, Қабақтары тығыз сұрғылт-ақшыл түсті жабындымен қапталған.

Төменде көрсетілгендердің ішінде қандай зерттеу әдісі тиімді?

А) Жалпы қан анализі

B) Биохимиялық қан анализі

C) ВL ге мұрыннан және аңқадан бактериологиялық жағынды алу

+D) Иммунофлюоресценция реакциясы

E) Көздегі іріңді бөлінділерді микроскоппен қарау

309.

Бала 7 айлық. Жөтелге, тұмауға шағымданады. Объективті: дене температурасы 38,30С,қабақтары ісінген,конъюнктивасы қызарған. Төменгі қабақта оңай алынатын ақ жабынды байқалады. Миндалиналар және жұтқыншақтың артқы қабырғасының фолликулалары ұлғайған, аңқасы қызарған. Мұрынмен тыныс алу қиындаған. Өкпеде қатаң тыныс, өтпелі сырылдар. Жүрек тоны ритмді. Пульс 132 минутын. Кеуде торының рентгенограммасында: өкпе суреті қатайған.

Мұндай жағдайда қандай емдеу сәйкес келеді?

A) Амброксол 2,5 мл х 3 ішке

B) Амоксиклав 25 мг\кг х2 ішке

C) Эхинацея сиропы 5 тамшыдан х 3 рет ішке

+D)Жылы су, парацетамол 0,025 х3 ішке

E) Саңырауқұлаққа қарсы иммуноглобулин 400 АГЕ\мл

310.

ҚР иммунопрофилактик қандай жарлық бойынша жүргізіледі

+А) 40

В) 113

С) 760

D) 535

Е) 72

311.

Ерте жастағы бала денсаулығын профилактикалық қорғау шаралары қай жарлық бойынша жүргізіледі.

А) 760

В) 113

+ С) 691

D) 535

Е) 72

312.

П дәрежесіндегі гипотрофияда дене салмағының дефициті қалыптымен салыстырғанда құрайды:

+А) 20-30%

В) 10%

С) 15% артық

D) 30 %

Е) 50%

313.

Жетіп туылған балаларда қан формуласында бірінші «қиылыспа» қай кезде болады?

+А) өмірінің 5-ші күні

В) өмірінің 1-ші күні

С) өмірінің 10-ші күні

D) өмірінің 20-ші күні

Е) бір айдан кейін

314.

Өмірінің екінші жылында педиатр сау баланы неше рет бақылайды:

+ А) кварталына 1 рет

В) айына1 рет

С) 6 айда бір рет

D) жылына 1 рет

Е) бақыламайды

315.

Баланың даму тарихы форма № …

А) 055/у

В) 030/у

+ С) 112/у

D) 080/у

Е) 027/у

316.

Профилактикалық екпені тіркеу журналы форма № …

+А) 064/у

В) 060/у

С) 063/у

D) 030/у

Е) 112/у

317.

Арнайы вакцинопрофилактиканы жүргізуге абсолютті қарсы көрсеткіш болып табылады...

А) Мардымсыз анемия, рахит

+ В) Вакцина дозасына қатты реакция беру немесе асқынулар

С) Зертқаналық мәліметтер бойынша дисбактериоз, клиникалық әсер етусіз

D) Компенсация жағдайындағы туа пайда болған ақаулар

Е) Әртүрлі генездегі нерв жүйесінің тұрақты органикалық зақымдануы

318.

АИВ инфекциясы жұқтырылған анадан туылған балаларға қызылшаға,қызамыққа паротитке қарсы профилактикалық екпе қашан жүргізіледі...

А) ешқандай маңызы жоқ

В) жүргізілмейді

С) ҚР ДМ № 40 жарлығына сәйкес жүргізіледі

+ D) балада АИВ инфекциясы деген диагноз алынғаннан кейін жүргізіледі

Е) АИВ инфекциясының клиникасы байқалмаса жүргізіледі.

319.

Перзентханада 1,5 айлық вакцинация жасалмаған балаға БЦЖ жасау кезінде участкелік дәрігердің әдісі

А) 1 жылы вакцинация жасау

В) вакцинация жүргізілмейді

С) 2 айдан кейін қосымша Манту сынамасынсыз вакцинация жүргізу

D) өмірінің 8 айында қосымша Манту сынамасынсыз вакцинация жүргізу

+ Е) 2 айға дейін қосымша Манту сынамасынсыз вакцинация жүргізу

320.

Бала 2,5 айлық, 3- апталық жастан бастап аралас тамақпен тамақтанады. Қарап тексергенде мұқият күтімге қарамастан шап аймағында, мойнында, қолтық асты қызару байқалады. Беттерінде гиперемия, iсiк, жарықшақ, сүт қабықтар, бала мазасыз, ұйқысы тыныш емес.

Сіздің жорамал диагнозыңыз:

А) гипопластикалық лимфатико

В) аллергиялық дерматит

+ С) экссудатты - катаралды диатез

D) диатез

Е) іріңді стрептодермия

321.

Бала 6 айлық қабылдау кезінде қарап тексергенде мынандай симптомдар байқалды: тершеңдік, краниотабес, бұлшықеттердің болбырауы, желкенің тегістелуі. Сіздің болжама диагнозыңыз?

А) хондродистрофия

В) Де Тони-Дебре –Фанкони ауруы

С) спазмофилия

D) фосфат-диабет

+ Е) рахит

322.

7 айлық балада анасы бір күннің ішінде екі рет тырысулар болғанын байқайды. Бала рахит себебіне байланысты D витаминін қабылдайды. Участкелік педиатордың болжама диагнозы?

А) нейроинфекция

В) ОНЖ перинаталды зақымдануы

+ С) спазмофилия

D) Улану

Е) эпилепсия

323.

Бала 1,5 жаста: гиперестезия, бір қалыпты жылау, тремор, бұлшықеттік гипотония, периодты клонико-тоникалық тырысулар, Хвостек симптомы оң. Сіздің болжама диагнозыңыз?

А) Эпилепсия

В) Мидың ісінуі

С) Ми обыры

+ D) Спазмофилия

Е) Гипогликемия

324.

Біріншілік профилактика жасалмаған жағдайда, лимфатико-гипопластикалық диатез мынандай жағдайдың дамуына алып келуі мүмкін:

А) подагра

В) аутоиммунды аурулар

С) неврастеникалық синдром

+ D) кенеттен өлім синдромы

Е) мальабсорбции синдромы

325.

Мына айқын процестер рахиттің қай кезеңіне және ағымына сәйкес келеді. Остеомаляция - краниотабес, "етікші кеудесі", " тауық кеудесi ", гаррисонды тілкем:

А) бастапқы кезеңнің жедел ағымы

В) өршу кезеңінің жеделдеу ағымы

+С) өршу кезеңінің жедел ағымы

D) қалдық оқиғалар кезеңінің жеделдеу ағымы

Е) бастапқы кезеңнің жеделдеу ағымы

326.

Диспансеризацияның негізгі міндеті болып табылады:

А) физикалық дамуды бағалау

В) денсаулық жағдайының ауытқуларын анықтау

С) диагнозды анықтауға мамандарды тарту

+ D) науқастарды емдеу және анықталған белгілерге уақытылы коррекция жасау

Е) реабилитациялық және организациялық шаралар жүргізу

327.

Денсаулықтың I тобына жатады:

А) субкомпенсация жағыдайындағы созылмалы патологиясы бар балалар

В) компенсация жағыдайындағы созылмалы патологиясы бар балалар

С) декомпенсация жағыдайындағы созылмалы патологиясы бар балалар

D) функционалды ауытқулармен қатар аурушаңдыққа бейім созылмалы патологиясы бар балалар

+Е) барлық денсаулық белгілері бойынша ауытқулары жоқ сау балалар

328.

Орта жастағы балаларда көп мөлшерде тот басқан қақырық мына жағдайда кездеседі:

А) ЖРВИ

В) бронхит

С) ларингит

D) трахеит

+ Е) крупозды пневмония

329.

Бронхоэктазбен созылмалы пневмонияға тән...

+ А) тұрақты шоғырланған ылғалды сырылдар

В) тұрақты емес ылғалды сырылдар

С) өткізгіш сырылдар

D) крепитация

Е) құрғақ шашыранды сырылдар

330.

Қыз бала 2,5 жаста. Жиі, аз мөлшерде зәр шығаруға,зәр шығару кезінде ауру сезіміне шағымданады. Екі күн бұрын ЖРВИ ауырған. Зәр талдауында: лайлы, ақуыз 0,058 г/л, эпителий 10 – 12 көру алаңында, лейкоцит 15-18 көру алаңында, эритроциттер

(жаңа) 8-10 көру алаңында. Болжама диагноз:

+А) зәршығару жолдарының инфекциясы.Жедел цистит

В) жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром

С) липоидты нефроз

D) созылмалы цистит

Е) дизметаболикалық нефропатия

331.

Бала 11 жаста, жедел ауырды, денесінің барлық аймағында ісіну, құрсақ қуысында сұйықтық анықталады. Қан талдауында: жалпы. белок 42 г/л. холестерин 14,2 ммоль/ л, азот 22 ммоль/л, зәр қышқылы 6,7 ммоль/л. Зәр талдауында: тәуліктік диурез 300 мл, зәр лайлы, ақуыз 9,3 г/л, эр. 1-2 көру алаңында ,лейк. 2-4 көру алаңында

Клиникалық диагноз болып табылады:

А) жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром

В) Липоидты нефроз

+ С) жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром

D) жедел бүйрек жетіспеушілік

Е) жедел пиелонефрит

332.

Бала 11 жаста, 2 апта бұрын стрептодермиямен ауырғаннан кейін жедел ауырды. 3-4 күн бойы бас ауру мазалайды, зәрінің түсі өзгерген « ет жуындысы» тәрізді. АҚ 140/90 мм.рт.ст. Аддиса – Каковский сынамасы бойынша: лейк. 3 млн, эр. 100 млн көп. Кәзіргі уақытта балаға көрсетіледі:

А) Бүйректің пункциялық биопсиясы

В) Бүйрек қантамырларының ангиографиясы

С) Ретроградты пиелография

D) Экскреторлы урография

+ Е) Бүйректің ультродыбысты доплерографиясы

333.

Науқас К. 16 жаста. 3 жыл бұрын балада протеинуриямен 30 г/л дейін қатар нефротикалық синдром дамыған. АҚ 210/120 мм. рт. ст., ост. Қандағы азот 72 ммоль/л дейін . Қандағы ақуыз фракциясы 35% гамма – глобулин, холестерин 1,1 ммоль/л. ЭТЖ 80 мм/ч, сонымен қатар дәрілік заттарды көтере алмау. Науқаста LE жасушалар анықталған. Біріншілік диагноз:

А) Дерматомиозит

В) Түйінді периартерит

С) Склеродермия

+ D)Жүйелі қызыл жегі

Е) Вазореналды гипертензия

334.

Балалар ауруханасына мынандай шағымдармен 3 жастағы бала келіп түсті: экспираторлы ентігу, қатты жөтел. Анамнезінен белгілі: бала үлкендердің бақылауынсыз моншақтармен ойнаған .Кенеттен балада ұстама тәрізді жөтел, қиын тыныс алу пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр,дене температурасы 36,80 С, мұрын-ауыз үшбұрышында цианоз, қабырға аралық аймақ оңға ығысқан. ЖЖЖ – 130/мин, жүрек тоны бәсеңдеген. Салыстырмалы перкуссияда өкпеде перкуторлы дыбыстың оң жақ жауырын аймағында тұйықталуы байқалады.Аускультативті – сол аймақта тыныс алудың бірден әлсіреуі байқалады. Өкпенің басқа аймағында – пуэрилді тыныс.

Сіздің болжама диагнозыңыз (жауап)

А ) ЖРВИ, ауыр ағымда

В) Обструктивті бронхит

+ С) Тыныс жолдарында бөгде зат, оң жақтық обтурациялық лобарлы ателектаз.

D) Бронхиалды ұстама

Е) Жедел бронхиолит

335.

Бала 8 айлық, клиникаға мынандай шағымдармен түсті: рахит, анорексия, құсу,клоникалық тырысулар,тахикардия, полиурия, гепатомегалия, ұйқышылдық, тығыз жиекті үлкен еңбектің төмен түсуі байқалады. Анамнезінде: Бала 2 апта аралығында профилактика үшін 20 мың бірлік мөлшерінде Д витаминін қабылдаған. Қан талдауында– Са – 3,6 ммоль/л; Р – 0,47 ммоль/л. Сулкович сынамасы оң.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

А) Гиперпаратиреоз

В) Идиопатиялық кальциноз

С) Кальциноз синдромы

+D) Д гипервитаминозы

Е) Спазмофилия

336.

Бала 6 жаста. Клиникаға ауыр жағдаймен түсті, дене температурасы 39,8, бірден ентігу ,ТЖ – 60 мин., мұрын-ауыз үшбұрышында цианоз, мазасызданғанда таралған цианоз, мұрын қанаты кеңейген, жиі, мәжбүрлі жөтел, қабырғааралық тегістелген. Анамнезінде балада тағамға және дәрілік заттарға аллергия. Перкуссияда – тимпанит. Өкпеде тұрақсыз құрғақ сырылдар. Рентгенограммада –прекорниалды бөлімінде өкпе суретінің айқын кеңеюі, ақшыл сызықты жолақтар, айқын жолақты көлеңкелер араны еске түсіреді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

А) Крупозды пневмония

В) Жедел пневмония

+ С) Интирстициалды пневмония

D) Бронхиалды ұстама

Е) Жедел бронхит

337.

Катя С. 9 айлық. Рентгенограммада: Өкпенің эмфизематозды ұлғаюы ( алшақ қабырғааралық, диафрагма төмен орналасқан, өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған ) Прекорнеалды және өкпе суретінің кеңеюі (периваскулярлы тіндердің гиперемиясы және инфильтрациясына байланысты ). Диаметрі 0,5 – 2,5 см, формасы дұрыс емес майда ошақтар байқалады. Жүрек өзгермеген.

Сіздің диагнозыңыз.

А) Жедел бронхит

+В) Пневмония

С) Крупозды пневмония

D) Плеврит

Е) Созылмалы бронхиттің белгілері

338.

Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, ернінде таңқурай тәрізді цианозы, сағат тәрізді шыны, ентігу (32 мин). Өкпеде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Парастерналды жүректік өркеш. Түрткінің тасуы, көлденең шекара кеңейген. Жүрек тоны айқын, өкпелік артерияның үстінде II тонның қатаюы байқалады. Жүрек ұшында систоликалық шу . Бауыр + 11 см, асцит. Сіздің болжама диагнозыңыз:

А) Созылмалы кардит

+В) Туа пайда болған жүрек ақауы

С) Жүре пайда болған жүрек ақауы

D) Эйзенменгер синдромы

Е) Ревматизм

339.

Қыз бала 11 жаста, Кенеттен пайда болып және кенеттен басылатын ұстама тәрізді жүрек қағуына щағымданады.Ұстама кезінде пульс-220,жиі. АҚ 70/50 мм рт.ст. Аускультативті – маятниктәрізді ритм, жүрек тоны анық, шуыл жоқ. Сіздің болжама диагнозыңыз:

А) Синусты тахикардия

+ В) Пароксизмалды тахикардия

С) Жыпылықтаушы аритмия

D) Пароксизмалды емес тахикардия

Е) Экстрасистолия

340.

Қыз бала 12 жаста, қызбаға, дірілге, жүрек аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Перкуторлы: жүректің барлық аймағының кеңеюі. Аускультативті: жүрек тоны бәсеңдеген, жүрек ұшында шуыл 3-4 м/р, «қардың сықыры » тәрізді, ол жүрек фазасымен байланысты емес,басқан кезде ауру сезімі күшейеді, бірақ таралмайды. Сіздің қорытындыңыз:

+ А) Экссудативті перикардит

В) Фибринозды перикардит

С) Фибринозды плеврит

D) Ревматикалық емес кардит

Е) Жүректің туа пайда болған ақауы

341.

Хламидиямен шақырылған пневмонияда тиімді препарат болып табылады :

А) Цефалоспорин

В) Пенициллин

С) Ампиокс

+ D) Сумамед

Е) Ампициллин

342.

Бала дамуының үйлесімділігін бағалау анықталады...

А) жасы және салмағы бойынша

+ В) центилді таблица

С) физикалық даму параметрлерінің ауытқуы

D) бас өлшемі

Е) коридорлардың әртүрлілігі

343.

8 жастан жоғары балаларда микоплазмалық инфекцияны емдеуде қолданылады:

+ А) доксициклин және макролидтер

В) табиғи пенициллиндер

С) жартылай синтетикалық пенициллиндер

D) цефалоспориндер

Е) аминогликозидтер

344.

Бронхоэктазбен созылмалы пневмонияны диагностикалауда шешуші сәт болып табылады :

А) ішкі тыныстың функциясын зерттеу

В) физикалық мәліметтер: тыныстың тұрақты жергілікті өзгерісі және ылғалды сырылдардың бар болуы

+ С) Бронхография

D) кеуде торының рентгенографиясы

Е) пикфлоуметрия

345.

Спазмофилия кезінде шұғыл терапияны мына препаратты енгізуден бастау керек:

А) паратгормон

+ В) кальций

С) D витамині

D) фосфор

Е) темір

346.

Лимфатико-гипопластикалық диатезі бар балаларды салыстырмалы бақылауда мына маманның кеңесі қажет:

А) гастроэнтерологтың

В) отоларингологтың

С) окулисттің

D) невропатологтың

+ Е) эндокринологтың

347.

Қызылшаға қарсы белсенді иммунизация жүргізіледі:

А) АКДС-вакцинасымен

+ В) тірі вирусты вакцинамен

С) гамма-глобулинмен

D) анатоксинмен

Е) активтендірілген вирусты вакцинамен

348.

Аллергиялық реактивтілікпен балаларда дифтерияға және тырысқаққа қарсы иммунизация үшін мына вакциналық препарат қолданылады :

А) АКДС

В) АДС-анатоксин

+С) АДС-М-анатоксин

D) ДС-анатоксин

Е) АД-М-анатоксин

349.

«Грипп» диагнозын растайтын әдіс болып табылады:

А) жұлын сұйықтығының пункциясы

В) ішкі ағзаларды УДЗ

С) кеуде торының рентгенографиясы

D) биохимиялық қан анализі

+ Е) вирусологиялық және серологиялық зерттеу

350.

Бронхиалды ұстаманы емдеу кезінде жиі жанама әсер мына препаратты ұзақ қолданғанда пайда болады:

А) кромогликат

+ В) пероралды кортикостероид

С) ингаляциялық кортикостероид

D) кетотифен

Е) бета2-адреномиметик

351.

Бета-лактамазаның продуцирленген гемофилді таяқша штамымен шақырылған пневмонияны емдеуде қолданылады:

А) феноксиметилпенициллин

+ В) клавулан қышқылымен комбинацияланған амоксициллин

С) амоксициллин

D) ампициллин

Е) азитромицин

352.

Отбасылық дәрігерге анасы 7 күндік сәбиімен келді. Шағымы: өмірінің 4 күні терісінде әлсіз сарғаюлар. Анамнезінде: бала I қалыпты ағымдағы жүктіліктен және туыттан. Анасының қан тобы А(II) резус оң, баласының қан тобы В (III) резус теріс. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Көңіл-күй і бұзылмаған. Белсенді емеді. Физиологиялық рефлекстер сақталған. Салмағы - 2800 грамм, бойы 47 см. Ішкі ағза және жүйелер бойынша патология жоқ. Қан талдауы: Эритроцит - 4,2х10¹² г/л, жалпы билирубин -98 ммоль/л, тікелей емес-78 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

A) Неонаталды сарғаю

B) гемолитикалық ауру

C) ядерлі сарғаю

+D) физиологиялық сарғаю

E) конъюгационды сарғаю

353.

Біріншілік патронажда анасының айтуы бойынша жетіп туылған балада өмірінің 4 күні түсі қоңыр-сары зәр пайда болған. Жайалықта із қалған. Анамнезінен: бала 3 жүктіліктен,1 босану, 39-40 аптада. Босанғаннан кейін бірден емшек сүтімен емізілген, белсенді емеді. Жалпы жағдайы бұзылмаған. Зәр тұнбасында гиалинді цилиндр анықталған, лейкоцит 6-8 көру алаңында, эпителий. Бұл мынаған тән:

Aжыныстық криз

B) зәр шығару жолдарының инфекциясы

C) дизметаболикалық нефропатия

D) десквамативті вульвовагинит

+E) зәр қышқылды инфаркт

354.

Бала 1 жүктіліктен, 1 босану, 39-40 апта мерзімінде. Анасы жүктілік кезінде созылмалы пиелонефрит, СБЖ0 учетта тұрған. Туылған кездегі баланың салмағы - 3300, денесінің ұзындығы– 51 см. Өмірінің 2 тәулігінде сарғаю пайда болған,кейін көбейген.Бауыр және көкбауыр ұлғайған. Зәрі боялған, стул –түссізденген.Қан талдауында: Нв-98 г/л, Эр-3,1х1012/л, Л-11,2х109/л, жалпы билирубин-234 мкмоль/л, тікелей-183 мкмоль/л, тікелей емес-51 мкмоль/ л. Сіздің диагнозыңыз:

A) гемолитикалық сарғаю

B) туа пайда болған гепатит

+C)өтшығару жолдарының атрезиясы

D) физиологиялық сарғаю

E) конъюгационды сарғаю

355.

Отбасылық дәрігер қай кезде дені сау баланы бірінші айында үйіне барып қарайды:

A) дәрігерді үйіне шақырғаннан кейін

B) перзентханадан шығарылғаннан кейін 3-ші және 10- шы күні

C) перзентханадан шығарылғаннан кейін алғашқы 3күні, өмірінің 14 және 20 күні

D) перзентханадан шығарылғаннан кейін алғашқы 3күні, өмірінің 25 күні

+E) перзентханадан шығарылғаннан кейін алғашқы 3-ші күні және өмірінің 14 күні

356.

Отбасылық дәрігердің профилактикалық қабылдауында 9 айлық бала.Салмағы– 9500 грамм, дене ұзындығы - 71 см. Нервно-психикалық даму жасына сәйкес келеді.ЖРВИ кейін реконвалесцент. Невропатологтың есебінде ППЦНС бойынша тұрады. Профилактикалық екпелерді күнтүзбе бойынша алады. Бала қай денсаулық тобына жатады:

A) I

B) IIА

+C) II Б

D) III

E) IV

357.

Профилактикалық қабылдауында 3 айлық бала. Бала екінші жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы гестозбен өткен,бірінші туыттан, туылған кездегі салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл.Емшек сүтімен емізіледі. Салмағы 5400 гр., дене ұзындығы- 61 см. . Нервно-психикалық даму жасына сәйкес келеді. Екі рет ЖРВИ мен ауырған. Гемоглобин 120 г/л. Баланың төзімділігін аныұтаңыз:

A) жоғары

+B) орташа

C) қалыпты

D) төмен

E) өте төмен

358.

КР ДМ ұсынысына сәйкес сау балаға бірінші қосымша тамақ ерте берілмейді:

A) өмірінің 3 айында

B) өмірінің 4 айында

C) өмірінің 5 айында

+D) өмірінің 6 айында

E) өмірінің бірінші жылында ұсынылмайды

359.

Балаға 3 апта. 1700 г салмақта туылды, жүктіліктің 30-31 аптасында.Емшек сүтімен қоректенеді, белсенді емеді. Бірінші салмақты 10-шы күні қосты. Казіргі салмағы 1800 г. Көлемдi әдiс бойымен кеуделiк сүттiң тәулiктiктік көлемiн анықтаңыз:

+A) 300 мл

B) 340 мл

C) 380 мл

D) 420 мл

E) 460 мл

360.

Анасы 1 айлық баласымен баласының мазасыздығына байланысты поликлиникаға келді. Туылған кездегі баланың салмағы 3700 грамм, қарап тексергенде- 4000 грамм. Емізу аралығы 3,5 сағат. Түнгі үзіліс 6 сағатты құрайды. Әр емізгенде анасы 20-30 грамм сүтті сүзеді. Бақылап емізгенде бала 100 грамм сүт емеді. Мұндай жағдайда төменде көрсетілгендерден қайсысын ұсыну керек?

A) ешнарсені өзгертпеу керек

B) лактацияның медикаментозды стимуляциясы

C) Докорм сцеженным молоком

+D) 7-8-реттік емізуге көшу

E) Докорм донорским молоком

361.

6 айлық бала емшек сүтімен емізіледі. Алма, лимон шырынын, жеміс езбесін, жұмыртқаның сары уызын береді. Жасына сәйкес дамып келе жатыр.Қоректендіру бойынша қандай ұсыныс тағайындалады:

A) Сәбіз шырынын қосу

B) Жарма ұнтағын беру

+C)Көкөніс езбесін енгізу

D) ет қосылған езбе енгізу

E) Ірімшік беру

362.

Отбасылық дәрігердің қарауында 1 жас 6 айлық бала. Анамнезінде: 3 күн бұрын ЖРВИ мен ауырған, Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және нервно-психикалық дамуы жасына сәйкес келеді. Ішкі ағза және жүйелер бойынша патология анықталмайды. Екпелік кестесінде өзгерістер жоқ. Бұл жағдайда қандай екпені жүргізу керек?

A) қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы

B) полиомиелитке қарсы

+C) АКДС біріншілік ревакцинасы

D) А вирусты гепатитке қарсы

E) В вирусты гепатитке қарсы

363.

Профилактикалық қабылдауда 4айлық бала. Қарап тексергенде шағымы жоқ.Емшек сүтімен қоректенеді. Физикалық және нервно-психикалық дамуы жасына сәйкес келеді. Профилактикалық екпелерді күнтүзбе бойынша алады. Жоспарлы тәртіп бойынша СВА жағдайына сәйкес қандай вакцинация жасалады?

+A) ОПВ, АКДС, HIb, ВГВ

B) ОПВ, БЦЖ, ВГВ

C) АДС-М, ОПВ, ВГВ

D) АКДС, БЦЖ, HIb, ВГВ

E) ОПВ, БЦЖ, АКДС.

364.

Отбасылық дәрігердің профилактикалық қабылдауында 3 айлық бала. Қарап тексергенде шағымы жоқ. Емшек сүтімен қоректенеді. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен,1 босану, 38-39 аптада.Перзентханада БЦЖ ға қарсы вакцинация өмірінің үшінші күні жасалған.Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынаста болмаған. Объективті: Физикалық және нервно-психикалық дамуы жасына сәйкес келеді. Ішкі ағза және жүйелер бойынша патология анықталмайды. Қарап тексергенде сол жақ иығында БЦЖ белгісі анықталмайды.Отбасылық дәрігердің тактикасы:

A) вакцинация қарсы көрсеткіш болып табылады

B) қайта Манту сынамасынан кейін 6 айға дейін вакцинация жасау

C) қайта Манту сынамасынан кейін 6 айдан кейін вакцинация жасау

+D) қайта Манту сынамасынсыз 6 айға дейін вакцинация жасау

E) қайта Манту сынамасынан кейін 1 жаста вакцинация жасау

365.

Отбасылық дәрігердің қабылдауында 2 жасар қыз бала. 063/у формасынан баланың В вирусты гепатитине қарсы вакцинация алмағаны анықталды. Қарап тексергенде бала сау. Бала мынандай интервал бойынша вакцинация алады.

+A) 0-1-6 айда

B) 0-1-2 айда

C) 0-2-6 айда

D) 2-3-4 айда

E) 3-4-5 айда

366.

Бала 2 айлық. Невропатолог тексергеннен кейін мынадай диагноз қойды: ППЦНС этиологиясы аралас. Қозғалудың бұзылу синдромы, ерте қалпына келу кезеңі. Бала перзентханада БЦЖ, ВГВ қарсы вакцинация алған. Профилактикалық екпе кестесін таңдаңыз:

+A) АКДС+ ОПВ+ геп В

B) АДС + ОПВ

C) АКДС+ ОПВ

D) медициналық сауығуға дейін бұру

E) 1 жасқа дейін медициналық бұру

367.

Мектепте БЦЖ ға жоспарлы ревакцинация жүргізіліп жатыр.Анамнезінде балада у ребенка после БЦЖ вакцинациясынан кейін келлоидты тыртық пайда болды. БЦЖ ревакцинациясына сәйкес дәрігердің тактикасы:

A) календарь бойынша

B) медициналық сауығуға дейін бұру 6 айға дейін

C) 1 жасқа дейін медициналық бұру

+D) ревакцинация жүргізілмейді

E) келлоидты тыртықты емдегеннен кейін ревакцинация жүргізу

368.

7 күні паротитке қарсы вакцина жасағаннан кейін балада температура 39,0 С дейін көтерілді, тағам қабылдаумен байланыссыз екі рет құсу болды. Объективті: Аңқа қалыпты. Менингеалды симптомдар оң. Бұл жағдайда не туралы ойлауға болады:

A) ішектік токсикозда

+B) поствакциналды менингите

C) ЖРВИ (нейротоксикоз)

D) жедел тағамдық улану

E) екпеге аллергиялық реакция

369.

СВА профилактикалық қабылдауында 4айлық бала. 3 айында месяца V2-АКДС,ауыр энцефалитикалық реакцияны басынан өткерген. Дене температурасы 40,0 С көтерілген, ащы айқай тырысулар. Отбасылық дәрігер иммунизацияны жалғастырады:

A) жалпы қабылданған күнтізбе бойынша кәдімгі әдіспен

B) жеке күнтізбе бойынша кәдімгі әдіспен

C) жеке күнтізбе бойынша щадящи әдіспен

D) екпелерден уақытша медициналық тосқауыл береді

+E) екпелерден тұрақты медициналық тосқауыл береді

370.

Анасы 8 жасар қызының салмақ қоспауына,бойдың баяу өсуіне,бас,аяқтың ауруына,іштің кебуіне, эпизодты құсыққа, жиі үлкен дәретке байланысты отбасылық дәрігерге қаралды. Анамнезде: іштің кебуі және баланың мазасыздығы алты айлық жасында байқалған (қосымша дәнді қарақұмық жармасы берілген). Ал 1,5 жасында іште ауру сезімі, оның ұлғаюы,кебуі, көп мөлшерде жиі үлкен дәреттің болуы, құсу байқалады. Капрологиялық нәжіс талдауында- стеаторея. ЭГДС те субатрофиялық дуоденит. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) панкреатит

B) тағамдық аллергия

+C) целиакия

D) тітіркенген ішек синдромы

E) муковисцидоз

371.

Анасы 1 жас 3 айлық қызының дене салмағының дефицитіне, сұйық нәжіске, психоматорлы дамудың кешігуіне шағымданады.Анамнезде:мерзімінде туылған, туылғанда дене салмағы 2800г, дене ұзындығы 49см. Емшек сүтінде. 7 айлығында ЖРВИ ауырған,сұйық нәжіс пайда болған. Тәбетінің қанағаттылығына қарамастан салмақ жлғалта бастаған. 11айында нәжісі жиіледі, үш рет құсу болған, бала жедел дизентерия диагнозымен госпитализацияға алынған. Бактериологиялық диагноз анықталмаған. Қыз бала“ этиологиясы белгісіз ішек инфекциясы” деген диагнозбен шығарылған. Шығарылғаннан кейін нәжісі тұрақсыз, балада салмақ жоғалту жалғасуда.Қарап тексергенде жағдайы ауыр. Дене салмағы 5600 г (дефицит 44%), қыз отыра және тұра алмайды. Айқын токсикоз және эксикоз байқалады. Іші ұлғайан,кебіңкі. Нәжісі көп мөлшерде,ботқа тәрізді,сасық,жылтыр шырыш аралас. Капрограммада бейтарап май +++. Тер хлориды – 125 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

A) целиакия

B)созылмалы энтерит

C) лактаз жетіспеушілік

+D) муковисцидоз

E) галактоземия

372.

Отбасылық дәрігердің қабылдауында анасы 5 айлық баласымен .Шағымдары:мазасыздық, құсық, төменгі аймақтың тері жабындыларында экзематозды өзгерістер. Анамнезде: бала1 жүктіліктен, 1 босану, 38-39 аптада. Жүктілік және босану қалыпты өткен. Ата- анасы сау. Объективті: бойы және бас сүйегінің өлшемі жасына сәйкес емес. (на 2 см кіші). Шашы және тері жабындылары ашық түсті, дермографизм жоғарылаған,айқын тершеңдік, акроцианоз.Қолдың дірілі байқалады. Сіңір рефлексі жоғарылаған. Анасының айтуы бойынша зәрдің түсі «мышиный». Балада іш қату бейім. Сіздің диагнозыңыз:

+A) Фенилкетонурия

B) Гистидинемия

C) Алкаптонурия

D) Тирозиноз

E) Муковисцидоз

373.

Отбасылық дәрігердің қабылдауында анасы 5 жасар баласының 3 күн бойы субфебрилді дене температурасына, жөтелге,тәбеттің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезде: амбулаторлы ем қабылдаған: пенициллин, кефзол, әсері жоқ. Объективті: Жалпы жағдайы интоксикация симптомына байланысты орташа ауырлықта. Тері жамылғылары бозғыл “мрамор тәрізді”, периоралды цианоз. Әлсіз ентігу. Аускультацияда –өкпенің екі жағындада орта және майда көпіршікті сырылдар. Рентгенограммада– өкпе алаңында біртекті емес инфильтрация – “қарлы боран”, айқын өкпе суретінің қатаюы, интерстициалды және қантамырлық компонентке байланысты.ЖҚА: әлсіз анемия, эозинофилия, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылаған.Аурудың қоздырғышы болып табылады:

+A) микоплазма

B) көк ірің таяқшасы

C) стафилококк

D) стрептококк

E) пневмококк

374.

5 ж бала бір апта бойы пневмонияға байланысты ем қабылдап жүр. Анасы үш күн бұрын баласының болбыр, тәбетінің төмендеуін байқайды. Объективті: дене температурасы 39,5º, тері жабындылары бозғылт, топырақ реңді, оң аймақта ауру сезімі,көп мөлшерде қақырықты жөтел. Оң жақ жауырын асты аймағында тимпанит пен өкпелік дыбыстың тұйықталуы, амфорикалық тыныс, металдық реңді дыбысты сырылдар. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) крупозды пневмония

B) оң жақтық бөліктік пневмония

+C) өкпе абсцесі

D) плевра эмпиемасы

E) өкпелік булдар

375.

Отбасылық дәрігеріне анасы 2 ж баласының дене температурасының 39,0 С көтерілуіне, ылғалды жөтелге, тамақтан бас тартуға байланысты шағымданып келді. Анамнезде: ауырғанына 5 күн. Симптоматикалық ем қабылдаған,әсері жоқ. Объективті: жағдайы ауыр, дене температурасы 38,5 С, мұрын-ерін үшбұрышында цианоз,мұрын қанаты кеңейген,көзінің астында сызықтар.Өкпесінде жауырын бұрышында өкпелік дыбыстың қысқаруы, везикулярлы тыныс, майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ- 1 мин 39 рет. Жүрек тондары қатты,дұрыс ритмді. ЖЖЖ –1 мин 115 соққы.Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Физиологиялық жіберулер қалыпты. Ем тағайындағанда қолданатын препарат:

+A) цефалоспориндер

B) макролидтер

C) аминогликозидтер

D) фторхинолондар

E) сульфаниламидтер

376.

Отбасылық дәрігердің қабылдауында анасы 6 жасар баласының дене температурасының көтерілуіне, әлсіздікке, жөтелге, ентігуге, тұрақсыз үлкен дәретке байланысты шағымданып келді. Анамнезде: 7 күн бұрын ОРЗ ауырған. Симптоматикалық ем қабылдауына қарамастан интоксикация симптомы ұлғаюда. Анасы баласының ұйықтағанда мұрын қанатының ұлғаюын байқайды. Объективті: периоралды цианоз, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы, қабырғааралық бұлшықеттердің тегістелуі. ЖҚА: гемоглобин – 115 г/л, лейкоцит – 12х10/л, ЭТЖ-18 мм/сағ. Өкпе торының шолу рентгенограммасында 1 см инфильтративті ошақтар.Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) Ошақты-сливная пневмония

B) Сегментарлы пневмония

+C) Ошақты пневмония

D) Крупозды пневмония

E) Интерстициалды пневмония

377.

Бала 2,5 айлық. Отбасылық дәрігердің жолдауы бойынша интерстициалды пневмония диагнозымен стационарға жіберілген. Анамнезінде: бала үш күн бұрын ауырған,дене температурасы көтерілген, азапты жөтел,құсық, іштің кебуі және мазасыздық байқалады. Қарап тексергенде гипоксия белгілері,тыныс жетіспеушілік симптомы байқалады. ОНЖ функциясы бұзылған. Аускультативті барлық аймақта әлсіз везикулярлы тыныс.ЖҚА: нейтрофилды лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ ұлғайған. Диагностикалық-қабылдау бөлімінде кеуде торының шолу рентгенографиясы жасалған. Өкпе суретінде қандай өзгеріс болуы мүмкін:

+A) Ірі инфильтраттар немесе «қар жапалағы»

B) Көп біртекті емес инфильтрация

C) Гомогенді сегментарлы көлеңкелер

D) Барлық бөлікті алатын біртекті емес ошақтың күңгірттенуі

E) интерстициалды-тамырлық компонентке байланысты өкпе суретінің күшеюі

378.

СВА қабылдауына 1,5 айлық бала бір апта бойы субфебрилді температураға, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: анасының айтуы бойынша туылған сәттен бастап екі көздің периодты ашылуы байқалады. Объективті: баланың жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті және ұйқысы бұзылмаған. Емшек сүтімен қоректенеді. Тері жабындылары таза, көгілдір түсті. Өкпеде – перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда дара әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. ЖҚА: нейтрофилді лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жоғарылаған. Өкпе торының рентгенограммасында біртекті емес ошақты инфильтрациялар, интерстициалды- тамырлық компонентке байланысты айқын, ұзақ сақталатын өкпе суретінің күшеюі. Емдеуде қолданылатын препарат:

+A) азитромицин

B) пенициллин

C) цефуроксим

D) ампициллин

E) линкомицин

379.

Клиникалық сурет септикалық процеске сәйкес: гипертермия, токсикалық көріністер, қанайналымның орталықтануы. Өкпе рентгенограммасында – ірі инфильтраттар, ауалы қуыста немесе буллада сұйықтық деңгейі көрінеді. Қанда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Жиі антибактериалық терапия тиімді емес. Сіздің диагнозыңыз:

A) Атипті пневмония

+B) Деструктивті пневмония

C) Ошақты пневмония

D) Сегментарлы пневмония

E) Интерстициалды пневмония

380.

Клиникаға 11 жастағы бала мынандай шағымдармен түсті: шаршағыштық, тершеңдік, тыныс алғанда күшейетін кеуде торының оң жағында ауру сезімі, дене температурасының 38,5оС көтерілуі. 2 аптадан бері ауырады. Объективті: Тыныс алу жиілігі – мин 30, пульс - 98. Кеуде қуысының оң жағы тыныс алған кезде қалыс қалады. Пальпацияда оң жақта дауыс дірілінің әлсіреуі, сол жерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады. Аускультацияда оң жақ жауырын асты аймағында тыныстың әлсіреуі және бронхофония. Жүрек шекарасы солға ығысқан.ЖҚА: лейкоцит – 12х109/л, п/я-13%, лимфоцит - 13%, ЭТЖ 40 мм/с. Бала балалар ауруханасының Ребенок направлен в пульмонологиялық бөлімшесіне жолданды.Болжама диагноз:

A) Өкпенің инфильтративті туберкулезі

B) Плевропневмония

+C) Экссудативті плеврит

D) Өкпе ателектазы

E) Спонтанды пневмоторакс

381.

Диагностикалық- қабылдау бөліміне 13 жастағы қыз қыста тұмаудан кейін пайда болған ұзақ жөтелге ( 5ай бойы) шағымданып келді. Түнде қыз жөтелден оянып кетеді және өзі ысқырықты сырылды естиді. Жүгірген кезде жөтеледі және кідіруге мәжбүр болады, ысқырықты сырыл пайда болады. Дене температурасы қалыпты, тұмау. Анасында поллиноз. Дәрігердің ақпаратты зерттеуі:

+A) Спирография

B) Рентгенография легких

C) Бронхография

D) Бронхоскопия

E) Пикфлоуметрия

382.

Аз мөлшерде қақырықпен жиі, ұзақ, қалжырататын жөтелмен жүретін пневмонияның созылған ағымында және пневмосклероз дамуымен жүретін пневмония қоздырғышы:

A) пневмококк

B) стафилококк

C) стрептокок

+D) микоплазма

E) клебсиелла

383.

Бала 8 жаста тұншығуға, демалудың қиындауына, қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге шағымданады. Жиі бронхитпен ауырады, өршу күз-көктем айларында. Соңғы 3 жылда күнде тұншығу, демалудың қиындауы мазалайды. Ұстама жиі түнгі уағытта болады. Сальбутамол ингаляциясымен басылады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, қашықтықтан ысқырықты сырыл естіледі, тыныс жиілігі- 32 мин. Өкпесінде қорапты дыбыс,қатаң тыныс,дем шығару ұзарған, өкпенің барлық беткейінде ысқырықты сырылдар. Бұл жағдайда емге қай топ препараттарын енгізу керек:

A) Муколитикалық препараттар

B) Антигистаминді препараттар

+C) Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

D) Антибактериалды препараттар

E) Бронхолитикалық препараттар

384.

Бала 12 жаста, 7 жастан бронх демікпесімен ауырады, соңғы уақытта қан қысымының 130/80 мм.рт.ст. және одан да жоғарылағаны байқалады. ЭКГ сол қарыншаның гипертрофиясы .Бала унемі ингаляциялық беротек қабылдайды. Мұндай жағдайда қандай препарат тағайындалмайды?

A) кальций каналдарының блокаторы

B) АПФ ингибиторы

+C) β-адреноблокаторлар

D) АТ ІІ рецепторларының антагонисті

E) миотропты спазмолитиктер

385.

Отбасылық дәрігердің қабылдауында 12 ж бала периодиты ұстама тәрізді экспираторлы ентігу мен жөтелге шағымданып келді. Бұл ұстамалар әртүрлі иістерге соңғы жылда пайда болды.Ем қабылдаған жоқ. Анамнезінде: бір жасқа дейін клиникада атопиялық дерматитпен бақылауға алынды.Соңғы жылдары цитрусты жемістерге аллергия байұалады.Анасында бронх демікпесі. Объективті және рентгенологиялық зерттеулерде патология жоқ. Қан талдауында 6% эозинофил. Спирография нәтижесі ОФВ1 - 82%. Бұл науқасқа қандай емдеу ұсынылады:

A) күнделікті қысқа әсер ететін селективті β2-адреномиметиктер

B) күнделікті глюкокортикостероидты препараттар

C) күнделікті ұзақ уақыт әсер ететін селективті β2-адреномиметиктер

D) ұстама кезінде антигистаминды препараттар

+E) ұстама кезінде қысқа әсер ететін селективті β2-адреномиметиктер

386.

СВА анасы 5 ж баласының тыныс алудың қиындауына, жөтелге шағымданып келді.Анамнезінде: ауырғанына 7 күн, катаралды белгілер пайда болды, дене температурасы 38,6о С. 3-ші күні құрғақ жөтел және ентігу пайда болды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады.Өкпесінде– везикулярлы тыныс,ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар. ТЖ 48 мин. Спирограммада: ЖЕЛ-41%, ФЖЕЛ-46%, МВЛ-44%, РВ-31%, МОД-31%, ПСВ-0,6%. Беротек қабылдағаннан кейін: ПСВ +12%. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) жедел қарапайым бронхит

+B) обструкциямен жедел бронхит

C) бронх ұстамасы,өршу

D) екі жақты пневмония

E) созылмалы деформирленген бронхит

387.

Бала 9 айлық. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз, эксикоз. Бозару, жайылған цианоз,тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Өкпесінде перкуторлы корабты дыбыс. Аускультацияда – майда ылғалды көпіршікті және крепитациялық сырылдар. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия. Рентгенограммада –өкпе алаңыныңм мөлдірлігі жоғарылаған, диафрагма төмендеген. Сіздің диагнозыңыз:

A) жедел респираторлы инфекция

B) жедел бронхит

C) обструктивті бронхит

+D) жедел бронхиолит

E) жедел пневмония

388.

Бала 11 жаста, іріңді қақырықпен бірге жөтелге шағымданады.Объективті: өкпеде перкуторлы –қораптық дыбыс, аускультативті –қатаң тыныс, барлық аймақта әртүрлі калибрлы сырылдар. Бронхограммада –бронхтың дисталды бөлігінде «бұтаулы ағаш» типі бойыша үзінділер. Сіздің диагнозыңыз:

A) жедел бронхиолит

B) ошақты пневмония

C) обструктивті бронхит

+D) созылмалы бронхит

E) бронхиалды астма

389.

Арман 4 айлық, клиникаға тыныс жетіспеушілігіне байланысты ауыр жағдаймен түсті, ТЖ- 1 минутта 74 рет. Тыныс шулы,қашықтықтан естіледі, эксикозбен токсикоз. Өкпеде тимпаникалық дыбыс, аускультативті –тыныс шығару ұзарған және қиындаған, барлық аймақта ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар.ЖҚА: лейкоцитоз.Сіздің диагнозыңыз:

A) жедел пневмония

B) обструктивты бронхит

+C) жедел бронхиолит

D) жедел бронхит

E) экссудативты плеврит

390.

Бала 3 жаста. Жедел ауырды, катаралды белгілер пййда болды,сосын құрғақ жөтел, кеуде тұсында ауру сезімі.Перкуторлы –өкпелік дыбыс. Аускультацияда – құрғақ және ылғалды орта көпіршікті сырылдар. Сіздің диагнозыңыз:

A) жедел пневмония

B) обструктивті бронхит

C) жедел бронхиолит

+D) жедел трахеобронхит

E) экссудативті плеврит

391.

Бала 4 жаста. Анамнезінде атопиялық дерматит. Қарау кезінде құрғақ жөтел және дене температурасының көтерілуі мазалайды. Аускультативті – дем шығарғанда құрғақ, ысқырықты сырылдар. Жөтелден кейін сырылдар азаяды. Сіздің диагнозыңыз:

A) жедел пневмония

B) крупозды пневмония

+C) обструктивті бронхит

D)жедел бронхит

E) экссудативті плеврит

392.

Бала 3 айлық. Өмірінің бірінші аптасынан бастап көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық. Өкпеде қысқарған және тұйықталған перкуторлы дыбыс, аускультативті –екі жақта да әртүрлі калиберлы ылғалды сырылдар. Нәжісі сасық, көп мөлшерде, жабысқақ жылтыр түйіршіктермен.Тәулігіне 8 рет. Сіздің болжама диагнозыңыз:

+A) муковисцидоз

B) обструктивті бронхит

C) жедел жай бронхит

D) ошақты пневмония

E) рецидивті бронхит

393.

Отбасылық дәрігердің қабылдауына бала физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, аз продуктивті құрғақ жөтелге, салмағының азаюына шағымданып келді. Қарап тексергенде: акроцианоз, ерінде цианоз, бой өсуінің артта қалуы, тырнақтары «сағат әйнегі » тәрізді, саусақ фалангілері «барабан таяқшалары» тәрізді өзгерген. Аускультацияда майда көпіршікті сырылдар. Рентгенограммада – өкпе суретінің күшеюі және деформациясы, жарықшақтануы. Бронхоскопияда: бронхтардың тарылуы және деформациясы. Ішкі тыныс алу функциясын зерттегенде: рестриктивті тип бойынша вентиляциялық жетіспеушілік және өкпе сыйымдылығының төмендеуі. Емдеуде негізгі тағайындаулар:

A) антибиотиктер

B) спазмолитиктер

C) муколитиктер

+D) глюкокортикоидтар

E) фитопрепараттар

394.

Тұқым қуалайтын ауру. Морфологиялық –бронхтың майда тамырларында, альвеолааралықтарда дәнекер тіннің өсуі. Клиникалық – үдемелі тыныс және жүрек жетіспеушілігі. Өкпеде әлсіз крепитациялық сырыл. Рентгенде - ошақты көлеңкелер, өкпе суретінің күшеюі.Сіздің диагнозыңыз:

A) Картагенер синдромы

B) Гудпасчер синдромы

+C)өкпенің идиопатиялық диффузды фиброзы

D) Аэрс синдромы

E) өкпенің гемосидерозы

395.

СВА дәрігерге жас ана 2 жас 6 айлық баласын әкелді. Бала 4 рет жедел вирусты респираторлы инфекцияны өткерген,соңғы рет қызбамен көрінген. Жоғары температура кезінде қолданылатын препаратты көрсет:

+A) Парацетамол

B) Анальгин

C) Ацетилсалицил қышқылы

D) Фенацитин

E) Антигриппин

396.

Жиі ауыратын бала қай топқа жатады:

A) Денсаулықтың бірінші тобына

B) Екінші- денсаулықтың А тобына

+C) Екінші- денсаулықтың Б тобына

D) Денсаулықтың үшінші тобына

E) Денсаулықтың төртінші тобына

397.

Қабылдауда 2,5 айлық бала .Анамнезінде: анасында мастит болуына байланысты бала үш аптадан бері қосымша тамақпен тамақтанады. Мұқият күтімге қарамастан қарап тексергенде балада шап аймағында, мойнында, қолтық астында гиперемия анықталды. Бетінде гиперемия, ісінуі, жарылуы, сүт қаспақтары бар. Бала мазасыз,ұйқысы үрейлі. Сіздің болжама диагнозыңыз:

+A) атопиялық дерматит

B) лимфатикалық-гипопластикалық диатез

C) нервті-артрититтік диатез

D) стрептодермия

E) экзема

398.

Отбасылық дәрігерге анасы 2-ж баланың әлсіздігіне,адинамиға, бөкседе және төменгі бөліктердегі бөртпеге шағымданып келді. Анамнезінде: бала ірі болып туылды, дене салмағының азаюы ребенок пастозды және физиологиялық нормадан жоғары. Анасының айтуы бойынша 3 айға дейін тері қатпарларының баздануы. Постудты аурулар ауыр өтеді.Объективті: дене бітімі диспропорционалды, аяқ-қолдары өзын. Перифериялық лимфа түйіндері және миндалиналар ұлғайған. Қан қысымы төмендеген. Рентгенологиялық зерттеуде тарамдалған бездердің бірінші дәрежеде ұлғаюы байқалады.ЖҚА: лимфоцитоз, нейтропения. Биохимиялық қан талдауында глюкоза концентрациясының төмендеуі, холестерин және фосфолипидтердің концентрациясының жоғарылауы байқалады. Иммунограммада Jg А және G, Т- и В-лимфоциттер саны төмендеген. Зәр талдауында 17-кетостероидтердің концентрациясы төмендеген .Сіздің диагнозыңыз?

A) Атопиялық диатез

+B) Лимфатико-гипопластикалық диатез

C) Нервті-артрититтік диатез

D) Дисметаболикалық диатез

E) Инфекция-аллергиялық диатез

399.

Бала 2ж. Дене салмағы- 16 кг. Жиі жедел респираторлы аурулармен ауырады.Бала әлсіз,апатиялық, пастозды. Терінің серпімділігі, жұмсақ тіндердің тургоры төмендеген, бұлшықеттері әлсіз дамыған. Барлық топтағы перифериялық лимфа түйіндері III-IV дәрежеде ұлғайған.степени. Мүрынмен тыныс алу қиындаған, миндалиналар гипертрофияланған. Кеуде торының рентгенограммасында -тамшылы жүрек, тимомегалия. Қанда: Нв-120 /л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, п-22%, с-25%, лимфоцит-62%, моноцит-10%. Бұл балаға қандай қосымша зерттеу әдістері қажет:

A) Чулицкидің семіздік индексі

B) Эрисман индексі

C) кардиоторакалды индекс

+D) кардиотимикоторакалды индекс

E)сүйек жасы

400.

Бала 1 жас 2 айлық. Отбасылық дәрігерге жиі ЖРВИ , жабыспақ жөтелге,тұрақсыз дәретке шағымданады.Қараған кезде себорея, строфулюс, «географиялық» тіл, лимфаденопатия, тері қатпарының пастозы, моторлы дамудың артта қалуы. Бауыр және көкбауырдың аздап ұлғаюы, Зәр талдауында эпители саны жоғары.Мына симптомокомплекс қалай бағаланады?

A) Созылмалы бронхөкпелік процесс

+B) Конституция аномалиясы

C) Рахит өршу сатысында

D) Зәр шығару жолдарының инфекциясы

E) Вирусты энтероколит

401.

Рахиттың бастапқы сатысына келесі рентгенологиялық сурет тән:

A) өсу аймағының тығыздануы

B) сүйектің қалыпты оссификациясы

C) өсу аймағының кеңеюі

D) сүйектердің табақ тәрізді эпифизы

+E) болмашы остеопороз

402.

Бала С 3жаста . Анасы отбасылық дәрігерге баласының бойы өсуінің артта қалуына, аяқтарының ауру сезіміне және төменгі бөліктердің деформациясына шағымданып келді. 4- айлығында остеопатия белгілері анықталды. Терапевтикалық дозада Д3 витаминімен ем нәтижесіз. Бір жасқа жақындағанда төменгі бөліктердің қысқаруына байланысты баланың бойы өсуінің артта қалуы байқалды. Төменгі бөліктері О тәрізді деформацияланды. Қанда: неорганикалық фосфордың азаюы, кальций қалыпты, сілтілі фосфатаза 2 есеге жоғарылаған. Зәрде фосфатурия. Рентгенограммада: метаэпифизарлы өсу аймағының бұзылуымен остеопороз анықталды. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) витамин «Д» - тапшылықты рахит

B) витамин «Д» - тәуелді рахит

+C) фосфат-диабет

D) бүйректік тубулярлы ацидоз

E) де Тони-Дебре-Фанкони синдромы

403.

Тұқымқуалайтын ауру, «Д» витамині метаболизмінің бұзылуына байланысты бүйректе рахиттәрізді өзгерістер пайда болды. «Д» витаминінің қалыпты дозасына резистенттілік қайсысында байқалады:

A) витамин «Д» - тәуелді рахит

B) витамин «Д» - тапшылықты рахит

+C) витамин-Д- резистентті рахит

D) глюкозаминофосфат-диабет

E) Баттлера-Лайтвуда-Олбрайт синдромы

404.

Бала 2,5 айлық,қарашаның басында туылды,емшек сүтін емеді.Соңғы 2-3 аптада мазасыз,ұйқысы нашар, түсінде шошиды,терлегіш.Баяу емеді.Нәжісі тұрақсыз.Қарап тексергенде тері қатпарлары бозғылт,ылғалды, шүйдесі тазданған.Тіннің тургоры төмендеген. Қаңқа сүйегінде деформация жоқ. Үлкен еңбек жиегі иілген. Ішкі ағзалар патологиялық өзгеріссіз. Ауру қай кезеңге сәйкес келеді?

+A) Бастапқы кезең

B) Өршу кезеңі

C) Реконвалесценция кезеңі

D) Қалды белгілер кезеңі

E) Продромалды кезең

405.

Бала 7айлық. Дәрігер қарап тексергенде рахит 2 дәрежесін анықтады. Емдеу барысында «Д» витамин 3000 МЕ/тәу., кальций глицерофосфаты, цитратты қоспа тағайындады. Динамикада бала болбыр, дене температурасы 37,4 С жоғарылаған, салмақ қоспайды. Зерттеген кезде Сулковича реакциясы + + + +. Тағайындалған «Д» витаминінің дозасын анасы сақтамаған. витамина мама не. Сіздің диагнозыңыз:

+A) Гипервитаминоз «Д»

B) Спазмофилия

C) Дисбактериоз

D) Тағамдық улану

E) Ішек инфекциясы

406.

6 айлық бала терлегіштікке,нашар ұйқыға, түсінде шошып оянуға шағымданады. Бала емшек сүтімен Қарап тексетгенде: краниотабес, бұлшықеттердің босаңсуы, шүйденің тегістелуі байқалады. Қандағы кальций мөлшері 2,12ммоль/л, фосфора 1,71 ммоль/л. Тағайындалады:

A) Вит Д 500 МЕ

B) Вит Д 1000 МЕ

C) Вит Д 1500 МЕ

+D) Вит Д 2000 МЕ

E) Вит Д 3000 МЕ

407.

Баладағы қосымша зерттеулердің мәліметтерін бағалаңыз: ұзын түтікті сүйектердің метафизы кеңейген, остеопороз. Са – 2,05 ммоль/л, Р – 0,65 ммоль/л, сілтілі фосфотаза – 2437 ӘБ:

A) гипофосфатемия, Са және СФ қалыпты, белсенді рахиттің белгісі

B) гиперфосфатемия, Са және СФ қалыпты, белсенді рахиттің белгісі

+C) гипофосфатемия, гипокальциемия, СФ жоғарылаған, белсенді рахиттің белгісі

D) Гипофосфатемия, гипокальциеми, СФ төмендеген, белсенді рахиттің белгісі

E) Гипофосфатемия, гиперкальциемия, СФ жоғарылаған, белсенді рахиттің белгісі

408.

Бала 2 айлық. Жетіп туылған, салмағы 2600, бойы 49 см, салмақ-бойының көрсеткіші -53. 1,5 айға дейін емшек сүтін емген,кейін сиыр сүтімен. Нәжісі тұрақсыз.Салмақ қоспайды. Дене салмағы 2880 кг (дефицит 28%). Терісі құрғақ .Жұмсақ тіннің тургоры төмендеген. Тері асты май қабаты іш аймағында, төменгі бөліктерде аз таралған. Бауыр +1,5 см қабырға доғасы жиегінен. Кіші дәретке сирек барады. Сіздің диагнозыңыз:

А) гипотрофия типі бойынша дистрофия I ст,тек пренаталды шақта, аралас этиологиялы, үдемелі кезең

+B) гипотрофия типі бойынша дистрофия II ст., пренаталды және постнаталды шақта, этиологиясы алиментарлы, үдемелі кезең

C) гипотрофия типі бойынша дистрофия II ст., постнаталды шақта, этиологиясы алиментарлы, стабилизация кезеңі

D) гипотрофия типі бойынша дистрофия III ст., постнаталды шақта, этиологиясы алиментарлы, бастапқы кезең

E) гипотрофия типі бойынша дистрофия III ст., пренаталды және постнаталды шақта, этиологиясы алиментарлы, стабилизация кезеңі

409.

Үйде анасы туылғанына 14 күн болған баланың құсуына, туылған сәттен бастап уызды құсуына шағымданады. Қарап тексергенде емізу техникасы дұрыс.Нәжісі мардымсыз,іш қату жоқ . Сіздің диагнозыңыз:

+A) пилороспазм

B) Пилоростеноз

C) өңештің атрезиясы

D) мекониялық илеус

E)шамадан тыс емізу

410.

2 апталық жаңа туылған бала,жиі құсады,нашар емеді,нәжісі тұрақсыз. Объективті: бет терісі қызарған ,түлейді,бастың шашты бөлігінде себореялық қабықша. Шап және қолтық астында гиперемия . Балада қандай патология:

A) ихтиоз

B) адипонекроз

+C) себореялық дерматит

D) стафилодермия

E) стрептодермия

411.

Жас ана. 10 күндік баласының қорытылмаған сүтпен периодты құсуына шағымданады. Анамнезінде бала 1 жүктіліктен 1 босану 39-40 аптада.Жүктілік және босану қалыпты өткен.Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғылары таза,күлгін түстес. Ішкі ағзалар мен жүйелер ерекшеліксіз. Сіздің тактикаңыз:

+A)емізу техникасы бойынша ұсыныс

B) құсуға қарсы препараттар тағайындау

C) ферментті препараттар тағайындау

D) Жасанды тамақтандыруға көшіру

E) Аралас тамақтандыруға көшіру

412.

Баланың ішінің ауруы нені білдіреді,егер пальпация кезінде ауру сезімі оң жақ мықын,кіндік, сол жақ қабырғаасты аймағына, таралса?

A) жедел аппендицит

+B) мезаденит

C) панкреатит

D)құрсақ туберкулезі

E) энтероколит

413.

Қабылдау бөлімінде 7ж бала Анамнезінде: бала 2 жүктіліктен 1 босану 39-40апта. Жүктілік пиелонефрит және созылмалы тонзиллита фонында өткен. Бала денсаулықтың 2 тобына жатады. Қлиникалық қан талдауында: эритроцит -5,2х1012/л, гемоглобин - 181 г\л, ТК - 1,0, лейкоцит - 11,4x109л, ядерлі таяқша -1%, ядерлі сегмент- 45%, эозинофил -3%, моноцит - 6%, лимфоцит- 45%. ЭТЖ- 2 мм/с. Көрсеткіштерді бағалаңыз:

+A) норма

B) жеңіл дәрежелі

C) эритроцитоз

D) лейкоцитоз

E) лимфоцитоз

414.

Отбасылық дәрігерге анасы 3 жасар баласының физикалық дамуының артта қалуына шағымданып келді.Бала нашар жүреді. Объективті: психикалық даму жасына сәйкес. Иық белдеуінің ұзаруы байқалады,төменгі бөліктер әлсіз,бұлшықетті гипотония. Жүрек шекаралары 2 см сол жаққа ығысқан. 1 тон күшейген, 2 солжақ қабырға аралықта систоликалық шуыл естіледі.Бауыр ұлғаймаған. Қандай клиникалық белгі сіздің болжама диагнозыңызды растайды?

+A) аяққа қарағанда қолда АҚ жоғары

B)оң жақ қарынша миокардының гипертрофиясы

C) қолға қарағанда аяқта АҚ жоғары

D) аяқта және қолда АҚ бірдей

E) рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі

415.

5ж бала бас ауруына, әлсіздікке, ентігуге,жүрек қағуына шағымданады.Екі апта бұрын гастроэнтерит болған. Объективті: жағдайы ауыр ,бозарған.Өкпесінің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар. Жүрек шекарасы солжаққа ығысқан. Жүрек тондары бәсеңдеген, шуылдар жоқ, тахикардия1 мин 120соққы. Бауыры қабырға доғасынан 2см шығыңқы. Перифериялық пульс әлсіз. ЭКГде ST сегменті және Т тісшесі өзгерген, аритмия. Сіздің болжама диагнозыңыз:

+A) ревматикалық емес кардит

B) инфекциялық эндокардит

C) жедел ревматикалық қызба

D) гипертрофты кардиомиопатия

E) жедел пневмония

416.

Отбасылық дәрігерде 10 жасар бала жүре пайда болған жүрек ақауы деген диагнозбен «Д» учетта тұрады. Шағымдары жоқ. Физикалық даму жасына сәйкес. Қарап тексергенде жүрек ұшының түрткісі және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультацияда - IV-V сол жақ қабырға аралығында систоликалық шу. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

A) жүрекше аралық қақпақшаның жетіспеушілігі

+B) қарынша аралық қақпақшаның жетіспеушілігі

C) Фалло Тетрадасы

D) Ашық қолқалық өзек

E) Қолқа саңылауының стенозы

417.

Отбасылық дәрігердің қабылдауында 13 жасар қыз Анамнеза: көп жылдар бойы страдает созылмалы тонзиллитпен ауырады. Созылмалы тонзиллит өршуінен 2 аптадан төменгі бөліктерде жұлқынулар пайда болды, жүрісі өзгерді, тітіркенгіш бола бастады.Қарап тексергенде қозғалыс координациясының өзгеруі, бұлшықеттік гипотония байқалды.Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)жабысқақ қозғалыстың неврозы

+ B) кіші хорея

C) мишықтың ісігі

D) неврастения

E) энцефалит

418.

Бала 4 жаста. Ата-анасы тыныштық кезіндегі ентігуге,жүрек қағуына шағымданады. Объективті қарап тексергенде жүрек шекаралары сол жаққа 2 см ығысқан.Тыныштықта ЖЖЖ-120, тыныс жиілігі–32. Аускультацияда - 1 тонның әлсіреуі,жүрек ұшында систоликалық шу.Өкпенің төменгі екі жағында майда көпіршікті сырылдар естіледі. ЭхоКГ- миокард гипертрофиясынсыз жүрек қуысының дилатациясы .Рентгенограммада шар тәрізді жүрек . Сіздің диагнозыңыз:

A) туа пайда болған жүрек ақауы

B) жедел пневмония

C) жедел ревматикалық қызба

+ D) ревматикалық емес миокардит

E) екіншілік миокардиопатия

419.

ЖТД анасы 3 айлық қызының соңғы 2 айда нашар емуіне шағымданып келді. 50-70 грамм ғана сүт ішеді және ұйықтап қалады.Емізген кезде терлейді, терісі бозарады тынысы жиі,ауыз қуысы және козінің асты көкшіл. Бала бозғылт, жылаған кезде ауыз-мұрын үшбұрышында цианоз , ентігу. ТЖ- минутына 60 .ЖЖЖ -1 мин 150. Жүрек тоны бәсеңдеген. Жүрек ұшының түрткісі сол жақ ортаңғы төс сызығынан 2,5 см ге ішке, шуыл жоқ. Өкпеде қатаң тыныс. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см түседі. Анасы жүктіліктің 20-шы апталығында ОРЗ ауырған. Босану қалыпты өткен Клиникалық диагноз қою кезінде қандай зерттеу ақпаратты:

+A) Эхокардиография

B) электрокардиография

C) фонокардиография

D) жүрек рентгенографиясы

E) спирография

420.

Бала 11 жаста, дене температурасының көтерілуіне ,әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жүрген кезде ентігуге, жүрек аймағында жағымсыз сезімге шағымданады. Анамнезінде: 9 жастан баспамен ауырады. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,5 С. Миндалиналары ұлғайған. Жүрек шекаралары: жоғарғысы- екінші қабырға аралықта, сол жақ- сол жақ ортаңғы төс сызығынан 1,5 см ішке, оң жақ- төстің қң жақ жиегінен 1см ішке. Жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек ұшында жұмсақ тембрлі систоликалық шуыл естіледі. АҚ 80/50 мм рт.ст. Пульс 116 уд/мин, ретсіз, бірлі жарымды экстрасистолар. Қанында ЭТЖ 30 мм/с. Қанның биохимиялық талдауы : альбумин – 36,4%. Глобулин –63,6%, альфа 1 – 3,3%, альфа2 – 14,5%, бета-12,6%, гамма-19,2%. Сиал қышқылы – 260 бірлік, дифениламинді сынама – 320 бірлік, С-РБ –3, антистрептолизин –800 бірлік. ЭКГ: синусты тахикардия, P-Q = 0,22 с, Стандартты шықпаларда Р тісшесінің ыдырауы, Т тісшесінің вольтажы төмендеген. Rg-граммадасол жақ қарыншаның кеңеюі.

Антибиотиктердің қандай тобын тағайындайды:

A) фторхинолоны

B) цефалоспорины

+C) пенициллины

D) аминогликозиды

E) тетрациклины

421.

Бала 2 жаста,жедел ауырды: дене температурасы 39,5°С көтерілді,тамақтан бас тартады.Ыстық сүт ішкен. Ауыз қуысының шырышты қабатында қызыл жиекті везикулалар, тез беткей жараға айналады. Ауыз қуысының шырышты қабаты бірден ісінген, қызарған. Қызыл иектер қабынған және ісінген. Балада қандай диагноз?

A) Ауыз қуысының шырышты қабатының күйігі

+ B) Ауыз қуысының шырышты қабатының герпесі (афтозный стоматит)

C) Молочница (кандидозный стоматит)

D) желшешек, стоматит

E) Аллергиялық реакция

422.

Бала 4 жаста, дәрігердің қабылдауында анасы баласында субфебрилді температураға,бас ауруына, жүрек айнуына, жұтынғанда ауру сезіміне,гиперсаливацияға шағымданады.Сілекейі жабысқақ. Ауыз қуысынан жағымсыз иісті сезеді. Анамнезінде: баланың ауырғанына 3 күн, бала бақшаға барады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, жақ асты лимфадениті, ауыз қуысының шырышты қабатының гиперемиясы, ерні құрғақ , ауыз бұрышында мацерация. Сіздің диагнозыңыз:

A) катаралды баспа

B) Эпидемиялық паротит

C) Инфекциялық лимфаденит

+ D) Герпетикалық стоматит

E) Желшешек

423.

Бала 4 жаста, дәрігердің қабылдауында анасы баласында субфебрилді температураға,бас ауруына, жүрек айнуына, жұтынғанда ауру сезіміне,гиперсаливацияға шағымданады.Сілекейі жабысқақ. Ауыз қуысынан жағымсыз иісті сезеді. Анамнезінде: баланың ауырғанына 3 күн, бала бақшаға барады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, жақ асты лимфадениті, ауыз қуысының шырышты қабатының гиперемиясы, ерні құрғақ , ауыз бұрышында мацерация. Сіздің емдеу тактикаңыз:

A) жергілікті Адвантан сықпасы, физиотерапия, кератопластикалық заттар

B) жергілікті 3% тетрациклин сықпасы, тұз ерітіндісімен өңдеу

C) жергілікті 2% миконазол, нистатиндік сықпа

+D) жергілікті 2% новокаин, 2% метилен көгінің сулы ерітіндісі,ацикловир, кератопластикалық заттар

E) жергілікт Бипонтен кремі және метрагил-дента

424.

2 айлық науқас балада гиперқозғыштық, гиперестезия, иектің треморы, жан түршігетін айқай тахикардия, сіңір рефлексі жоғарылаған, тоникалық ұстамалар. Қанда глюкоза деңгейі - 5,5 ммоль/л, кальций – 1,24 ммоль/л, магний – 0,92 ммоль/л. Ұстаманың себебін көрсет:

A) Гипомагниемия

B) Гипокалиемия

+ C) Гипокальциемия

D) ОНЖ зақымдалуы

E) гипогликемия

425.

Есі сақталған, спазмофилия синдромымен шақырылған тырыспада балаға енгізеді:

A) седуксен

B) реланиум;

C) магнезия күкіртқышқылы;

D) хлорал гидрат;

+ E) кальций глюконат

426.

Анасы 7 айлық балада бір күн ішінде екі рет тырысуларды байқады. Бала рахитке байлагысты D витаминін қабылдайды . Отбасылық дәрігердің болжама диагнозы:

+ A) спазмофилия

B) гипервитаминоз Д

C) нейроинфекция

D) улану

E) эпилепсия

427.

Отбасылық дәрігермен үй жағдайында 3 жастағы бала қаралды. Ауырғанына 3 күн, дене температурасы 38,0 С, сирек жөтел,тұмау.Жағдайы түнде бірден нашарлады, мазасыздық пайда болды,дауыстың қарлығуы,үрген тәрізді жөтелге ауысты. Тыныс шулы, дем алу кезінде қашықтықтан естіледі, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы,бозғылт жұтқыншақтың шырышты қабаты қызарған. Пульс 120 минутына. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) Бронхопневмония

B) Обструктивті бронхит

C) Бронх демікпесінің ұстамасы

D) Бронхтарда бөтен зат

+E) ЖРВИ, ларинготрахеит

428.

Бір жастағы бала жедел ауырды. Дене температурасы бірден 39,5 көтерілді,мұрын жұтқыншағында айқын катаралды белгілер пайда болды, құсу, қозу,тырысу,тері жамылғылары бозғылт және рвота, мрамор тәрізді, менингеалды симптомдар анық емес. Болжама диагноз:

A) Серозды менингит;

+B) ЖРВИ, нейротоксикоз;

C) токсикалық пневмония;

D) ішектік токсикоз;

E) грипп.

429.

4 күн бұрын екі жасар бала жедел ауырды. Дене температурасы 38,0°С, конъюнктивит, жұтқыншақтың шырышты қабаты қызарған. Артқы мойын тобының лимфалық түйіндері ұлғайған. ТЖ 30 минутына. Өкпелік перкуторлы дыбыс, пуэрилді дыбыс, бірлі жарымды өтпелі сырылдар.Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қандай диагноз?

A) Инфекциялық мононуклёз

B) Риновирусты инфекция

+ C) Аденовирусты инфекция

D) Респираторлы-синцитиалды вирусты инфекция

E) Парагрипп

430.

3 жастағы бала 3 күн жөтелге шағымданады.Объективті: бала су іше алады. Кез келген тамақтан кейін құсу байқалмайды.Тырысулар жоқ,есі сақталған.Тыныс алу жиілігі минутына 30. Кеуде торы тегістелмеген, стридор жоқ. Астмоидты тыныс жоқ. Жағдайды ИВБДВ бойынша жіктеңіз:

A) Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс.

B) Пневмония жоқ. Жедел бронхит

C) Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

+D) Пневмонии. жоқ. Жөтел немесе тұмау

E) Пневмония

431. Қыз бала.Өмірінің 4 күні, перзентханада жатыр. Анамнезінде -бала 1 жүктіліктен, жүктіліктің в 1-ші жартысы токсикозбен өткен. Жедел босану.Туылған кездегі дене салмағы З100г, бойы 51см. Апгар шкаласы бойынша 8 бал. Бірден жылады, емшекке туылғаннан кейін екі сағаттан кейін салынды, жақсы емді. 3-ші күні тері жамылғыларының иктерикалығы байқалды. 5 тәулікте сутки тікелей емес билирубин мөлшері 195 мкмоль\л. Сіздің диагнозыңыз:

а) жаңа туылғандардың физиологиялық сарғаюы

б) ана сүтінен сарғаю

в) Криглер-Наджар синдромы

г) Дубина-Джонс және Ротор синдромы

д) құрсақішілік инфекция

  1. Ұл бала Н., туылғанына 7 күн .Учаскелік дәрігердің біріншілік патронажы –қарап тексергенде денесінде формасы дұрыс емес,биіктігі әртүрлі дақтар және күлгін-қызыл түсті көк реңді жолақтар. Көбінесе желкесінде және қас аймағында, жылағанда көбейеді. Анамнезінде – бала 3 жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы асқынулармен өткен, мерзімінде босану,туылғандағы дене салмағы 3250 г., бойы 52 см, бірден жылады, 1 тәулікте емізілді. Сіздің диагнозыңыз:

а) гемангиомалар

б) Штурге-Вебер синдромы

в) телеангиоэктазия

г) пигментті дақтар

д) нейротерілі меланоз

  1. Бала Г., туылғанына 1 тәулік, перзентханада жатыр. Анамнезінде анасының жасы 25 те қан тобы, А (11) Rh теріс. Бірінші жүктілік 3 жыл бұрын болған, 9 аптада мед. абортпен аяқталд, асқынулар болмаған. Бүгін - анемия, тікелей емес билирубин деігейі жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз:

а) жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы, Rh факторының сәйкес келмеуі

б) жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы, АВО жүйесі бойынша сәйкес келмеу

в) гемолитикалық анемия

г) гипопластикалық анемия

д) туа пайда болған инфекция

434. Бала туылғанына 3 тәулік,шала туылған дене массасы 1980 г. Перзентханада жатыр. Анасының жасы 32 де, жүктілік кезінде үзілу қаупі болған. Объективті – терісінің бозаруы фонында балада жүктеме кезінде цианоз пайда болған, тахикардия, жүрек шекаралары ұлғаймаған , өкпе артериясында екінші тон күшейген, сол жақ қабырға аралықта систолодиастоликалық шу. ЭКГ сол бөлімнің ауырлауы. Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?

а) ашық артериалық өзек

б) персистирлеуші қанайналым синдромы

в) кардиомиопатиия

г) миокардит

д) ҚАҚА

435.Бала Н., 9күн,жаңа туылғандардың патологиялық бөлімшесінде жатыр. Анамнезінде:Бірінші ж.ктіліктен,бактериуриямен өткен,жедел босандыру,ұзақ сусыз кезең, Апгар шкаласы бойынша 5\6 бал, дене масссыа 2900, бойы 50 см, бас өлшемі 36 см,кеуде клеткасы 36 см. Бірінші тәуліктен –болбыр,құсу,төменгі бөліктердің треморы , гипорефлексия, гипотония. Өмірінің 6 күні - температура 39С, қозған, тырысулар, фонтанды құсық, тері жабындыларының гиперестезиясы,үлкен еңбек 3x3 см. Өкпеде қатаң тыныс,сырыл жоқ, жүрек тондары жиілеген, іші аздап үлкейген. Сіздің диагнозыңыз және қажетті зерттеулер:

менингит, жұлын сұйықтығының пункциясы

б) құрсақішілік инфекция, ИФА

в)қарыншаішілік қан құйылу, нейросонография

г) пневмония, өкпе ренгенографиясы

д) ауруханаішілік инфекция, бактериологиялық зерттеу

  1. Бала В., туылғанына екінші күн, перзентханада жатыр.Екінші жүктілік (біріншісі мед.абортпен аякталды), жүктіліктің үзілу қаупі болды,мерзімінде босану, қағанақ суы лайлы, жағымсыз иіспен. Апгар шкаласы бойынша 6\7 бал, туылғандағы дене салмағы 2100, бойының ұзындығы 49 см, бас өлшемі 29 см, кеуде клеткасы 26 см. Жағдайы нашар, «бақа» позасы, бұлшықеттік гипотония, гипорефлексия, тері асты май қабаты жетілмеген. Тері жамылғылары бозғылт,құрғақ кеуденің төменгі аймағында,алақанда, инфильтрировті негізде диаметрі 1 см көпіршіктер бар,мойын, шап аймағындағы лимфа түйіндері пальпацияланады, өкпеде тыныс әлсіреген, сырыл жоқ,жүрек тондары бәсеңдеген, бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, көкбауыры1 см. Өмірінің екінші күні басында шаштың түсуі, ринит белгілері байқалады.Қандай ауру туралы ойлауға болады және қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?

а) туа пайда болған қызамық, ИФА

б) цитомегаловирусты инфекция, вирусологиялық зерттеу

в) туа пайда болған сифилис, Вассерман реакциясы, тікелей емес иммунофлуоресценция

г) туа пайда болған листериоз, бактериологиялық зерттеу

д) құрсақішілік пневмония, өкпе рентгенографиясы

  1. Бала Т., 20 күн участкелік педиатрдың бақылауында. 2 жүктілік, 2 босану , соңғы жүктілік токсикозбен өтті, мерзімінен бұрын босану 35аптада, босанудың ілсіздігі, окситоцинмен стимуляция, Апгар шкаласы бойынша 6\7 бал, бірден жылады,емшекке 9с кейін салынды. 2-3 тәулікте тері жамылғыларының сарғаюы, тікелей емес билирубин 185 мкмоль\л көбейді, цитолитикалық фермент, ферменты холестаза қалыпты. Қарап тексергенде жағдайы қалыпты, салмақ қосуда, теріде сарғаю сақталған, тікелей емес билирубинге байланысты билирубина деңгейі (98мкмоль\л), анемия жоқ. Сіздің диагнозыңыз:

а) ана сүтінен сарғаю

б) пилоростеноздан сарғаю

в) өт жолдарының атрезиясы, гипоплазиясы

г) жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруы

д) Люцея-Дрискол синдромы

  1. Бала 1,8 жаста, дене салмағы 10100,0 гр., бозғылт, акроцианоз, көзінің асты көкшіл, қатты тітіркенгіш, бастың шашты бөлігінің терлегіштігі, нервно­рефлекторлы қозғыш жоғарылаған, себепсіз жылайды.Қарап тексергенде: бала қалпы мәжбүрлі – отыр,сидит, үрейлі көзқарас, әлсіз ларингоспазм, монотонды жылау, төменгі бөліктердің бұлшықетінің дисталды тетаникалық жиырылуы (жоғарғы бөлік- «акушер қолы», төменгі бөлік- карпо-педалды спазм).

Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) фебрилді тырысулар

б) эпилепсия

в) спазмофилия

г) аффективті- респираторлы ұстамалар

д) вегетативті пароксизм

  1. Бала 8ж қант диабетімен ауырады, диетаны бұзғандықтан диабетикалық кетоацидотикалық кома жағдайында реанимациялық бөлімшеге түсті. Инфузионды терапияның бастапқы ерітіндісін көрсетіңіз:

а) 7,5% калий хлориді ерітіндісі

б) 0,9% натрий хлориді ерітіндісі

в) 40% глюкоза ерітіндісі

г) 5% глюкоза ерітіндісі

д) реополиглюкин

  1. Бала 7 айлық, асфиксиямен туылды, емшекке екінші тәулікке салынды, емшек с.тімен қоректенеді, салмақты жақсы қосады. Қарап тексергенде –есі анық. Басы дөңгелек формалы, маңдай аймағында қантамырлық сурет күшейген, үлкен еңбек жабық. БМН – патология жож, диффузды бұлшықеттік гипотония, сіңір рефлекстері жоғары. D=S, басын 1,5 айлығынан бастап ұстайды, отырмайды, еңбектеуге ұмтылмайды. Болжама диагноз қойыңыз:

а) ОНЖ перинаталды зақымдануы,кеш қайта қалпына келу кезеңі,қозғалғыштықтықтың бұзылу синдромы

б) ОНЖ перинаталды зақымдануы, кеш қайта қалпына келу кезеңі,синдром вегето-висцералды бұзылу синдромы

в) ОНЖ перинаталды зақымдануы, кеш қайта қалпына келу кезеңі,гипертензиялық-гидроцефалды синдром

г)ОНЖ перинаталды зақымдануы, кеш қайта қалпына келу кезеңі, тырысулық синдромы

д) ОНЖ перинаталды зақымдануы, кеш қайта қалпына келу кезеңі ,миатоникалық синдром.

  1. Бала 3 жасында тұмаудың ауыр формасын басынан өткерді. 7 күні дене температурасы қайта 39 градусға көтерілді, мазасыздық, бас ауру пайда болды, қайталап құсу, тырысулар,есін жоғалтты . Гемограммада - лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Ликворограммада - клеткалар 110, лимфоцит 100%,*қант нормада, белок- 1,2 г/л. Сіздің диагнозыңыз:

а) грипп, нейротоксикоз

б) менингоэнцефалитпен асқынған грипп

в) серозды менингит /

г) менингококты инфекция, менингит

д) менингококты менингоэнцефалит

  1. Бала 12ж, жедел ауырды, дене температурасы 39 гр жоғарылады, діріл, миалгия, бас ауру, түнде галлюцинация, аңқасында жеңіл катаралды синдром, басқа ағзасы бойынша патология жоқ, парацетамол қабылдағаннан кейін температура 37,5 гр түсті.Түннің екінші жартысы тыныш ұйықтады. Неврологиялық статуста: ошақты симптоматика жоқ, менингиалды симптомдар теріс.Таңға жуық баланың жағдайы жақсарды. Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) жедлел энцефалит

б) ЖРВИ, нейротоксикоз, деллириозды синдром

в) энцефалитикалық реакция

г) жабысқақ жағдайлар неврозы

д)грипп

  1. 14ж қыз лет клиникаға бас ауруына, бас айналуына,дірілге,жүрек қағуына,жүрегінің сыздап ауыру сезіміне шағымданып келді.Бала көп тамақтанады, тері асты май қабаттары біркелкі таралмаған, акроцианоз, бөксе,жамбас аймағында стриялар, гиперпигментация, гиперкератоз , менструалды циклдың бұзылуы, А/Д - 130 да 85 мм. рт. ст.- оң жақта., 145 та 80 мм.рт.ст.- сол жақта, күлгін дермаграфизм, неврологиялық симптоматика жоқ . Ромберг қалпында тұра алады, саусақ-мұрын сынамасын дұрыс жасайды .Сіздің диагнозыңыз:

а) пубертатты кезеңде гипоталамикалық, вегетативты ұстама

б) бас миының шайқалуы

в) мида қан айналымының бұзылуы

г) церебрастеникалық синдром

д) нейроциркуляторлы дистония, гипертоникалық криз

  1. Бала 5 жаста әткеншек тепкеннен кейін есін жолғалтты, жедел жәрдеммен клиникаға жеткізілді. Қарап тексергенде:есі сомнолентті, терісі таза,бозғылт, салқын ,горизонталды нистагм, конвергенция жетіспеушілігі, айқын жалпы гипотония, гипорефлексия, менингиалды симптомдар жоқ, саусақ-мұрын сынамасын анық емес орындайды. 24 сағ кейін ошақты церебралды симптоматика толық регрессиренді. Болжама диагноз қойылды: вертебралды-базилярлы бассейнде ми қан айналымының бұзылуы. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістері қажет?

а) ЭЭГ

б) МРТ контрастпен

в) КТ бас миының

г)УЗДГ

д) «б + г» жауабы дұрыс

  1. Мектеп дәрігерінің диспансерлік тексеруінде 11 ж қызда экстрасистолия анықталды. Баланың шағымы жоқ.Зерттеулер жүргізілді: ЖҚА(норма), БҚА(ревмопроба -қалыпты), А/Қ 115 те 75 мм.рт.ст.екі жағында да, мониторлік ЭКГ (суправентрикулярлы экстрасистолия), жүректі УДЗ (митралды клапанның пролапсы), физикалық жүктемемен жасалған клино­ортостатикалық сынама (ЭКГ- экстросистоланың жиілеуі), фармакологиялық сынама (атропин, обзидан - экстросистоланың жиілеуі). эндокринологпен, кардиологпен, невропатологпен консультация жасалды. Диагноз қойылды : Вегетативті дистония синдромы аралас тип бойынша, функционалды кардиопатия, митралды клапанның пролапсы, прогредиентті ағым. Емдеу тактикаңыз :

а) антиаритмиялық препарат

б) кардиотрофикалық препарат

в) рефлексотерапия

г) остеопатиялық ем

д) «б +.в + г» жауабы дұрыс

  1. Қыз 10 есінің жоғалуына байланысты (музыка сабағынан кейін), клиникаға жеткізілді.Айқын бозаруға, бас ауруына,бас айналуына,жалпы әлсіздікке шағымданады. Бұрын ұстамалар болмаған. Басішілік гипертензия, миатоникалық синдром бойынша неврологтың бақылауында тұр.Зерттеуден өтті: ЭКГ- синустық түйіннің әлсіреу синдромы. БҚА( ревмопробалар -қалыпты), жүректі УДЗ – органикалық патология жоқ, ЭЭГ - жастық норма, УЗДГ- омыртқа артериясында қанмен қамтамасыз етілуінің асимметриясы, экстравазалды тәуелділік. Ұстама Морганьи – Адамс Стокс бойынша бағаланды – синустық түйіннің әлсіздігі.

Мына жағдайда шұғыл терапиялық көрсеткішке жатпайды:

а) атропин

б) адреналин

в) жүрекке тікелей емес массаж

г) строфантин

д) добутамин

  1. Бала 2ж 8ай, жедел ауырды ,дене температурасы 38 гр көтерілді, тамақтан бас тартты. Жалпы қозғыш,тері жамылғылары боз,ауыз-мұрын үшбұрышында цианоз ,тахипное, экспираторлы ентігу,қосымша бұлшық еттердің тыныс алуға қатысуы, құрғақ жөтел, вирусной инфекциясы бар науқаспен қатынаста болған, кеуде клеткасы үлкейген,аңқасында катаралды синдром, өкпесінде перкуторлы - корабты дыбыс ,аускультативті –қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар, тахикардия, басқа ағзасында өзгерістер жоқ.

ЖРВИ, жедел обструктивті бронхит, ТЖ 2 ст диагностикаланған. Қандай симптомдар тыныс жетіспеушілігінің дамуын көрсетеді:

а) қатаң тыныс

б) құрғақ сырылдар

в) ентігу,тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы (кеуде клеткасының төмен түсуі)

г) өкпесінде перкуторлы - корабты дыбыс

д) әртүрлі калиберлы ылғалды сырылдар

  1. Бала, 3жаста жедел ауырды ,дене температурасы 38,5 гр көтерілді, әлсіз, тәбеті төмендеген,бір реттік құсу, тері жамылғылары боз, көзінің асты көкшіл, ентігу (36- 38 в мин),анасы өз бетінше ыстықты түсіретін дәрі берген, температурасы біраз төмендеген, 2 сағаттан кейін 38,8 гр қайта көтерілген 2-ші күні аралас ентігу,өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы,майда көпіршікті сырылдар, крепитация.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу әдісін бірінші жүргізу керек:

а) ЭКГ

б) ішкі ағзаларды УДЗ

в) кеуде клеткасының рентгенографиясы

г) ЖҚА

д) дұрыс жауап «в + г»

  1. Бала 5 айлық, екі айлығынан бастап жасанды тамақтандырылуға көшірілген, 3 апта бұрын көкөніс езбесін беруді бастаған (кабачки, картофель). 2 айлығында терісінде атопиялық дерматит пайда болды және соңғы айда күшейді, терінің түлеуі,беттің қызаруы,бөксесінде,тізе асты шұңқырында инфильтрация. Бала мазасыз, ұйқысы бұзылған, тамақтандырғаннан 2 сағ кейін құсады, стул 4- 5 рет, шырыш аралас. Отбасылық анамнезде аллергия бар.Сіздің тамақтандырудағы тактикаңыз :

а) сүтұышқылды қоспа Агуша-1, НАН типі бойынша

б) қоспа

в) лактозсыз қоспа Мамекс, НАН типі бойынша

г) ақуыздың толық гидролизі негізінде Алфаре, Нутрилон Пепти ТСЦ типі бойынша қоспасы

д) Лемолак типі бойынша қоюлатылған қоспа

450 Балаға1,5 ай,емшек сүтімен емізіледі, бір айда 850 грамм қосқан, жалпы жағдайы қалыпты, ұйқысы тәбеті сақталған, нәжісі туылғаннан сары, ботқа тәрізді,тәулігіне 4 рет, нәжісін дизбиозға зерттеу барысында алтын стафилококк 10 3 КОЕ/г анықталды. Анасының сүтінен1 мл сүтте 245 колониялы эпидермалды стафилококк анықталды.

Сіздің тактикаңыз

а) емізуді тоқтату

б) пастеризацияланған кеуде сүтін беру

в) жасанды тамақтандыруға көшу

г) емізуді жалғастыру,ана мен балаға антибиотик тағайындау

д) емізуді жалғастыру,ана мен балаға пробиотиктерді тағайындау

  1. Бала 2 жаста,кенеттен жөтелді, көгерді, жөтел 10 мин бойы жалғасуда .Келесі күні жөтел қайта пайда болды, құрғақ сырыл жиі оң жақта.Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) круп

б) бронхиолит

в) бронхта бөтен зат

г) обструктивті бронхит

д) аталғанның барлығы

  1. Бала 10 жаста, жұтынғанда көмейде ауру сезіміне шағымданады, температурасы 39,2С, бас ауру, миндалиналар іріңді жабындымен қапталған. Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) фолликулярлы ангина

б) аденоидит

в) заглоточный абцесс

г) фарингит

д) паратонзиллярлы абцесс

  1. Бала 1 жаста айқын токсикозбен стационарға түсті,аралас ентігу ,температура 38С. Перкуссияда өкпеде перкуторлы қораптық дыбыс. Шашыранды сырылдар естіледі. Оң жақта жауырын астында майда көпіршікті сырылдар. Болжама диагноз қойыңыз:

а) бронхиолит

б) альвеолит

в) пневмония

г) бронхиалды астма,ұстама

! Бала 1 жаста. Баланың жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, дене қызуының 38,8°С жоғарлауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: тері жабыны бозғылт, периоральды цианоз, емген кезде мұрын қанаттарының желпілдеуі, тыныс алу жиілігі 62/мин., қабырға аралық тартылулар. Перкуссия кезінде – қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі, оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақкөпіршікті сырылдармен крепитация естіледі. ЖСЖ 160 /1 мин. Лабораторлы: ЖҚА- Нв-122г/л, Эр 3,8 х10 12/л, L – 10,8 х10 9/л, т/я - 4%, с- 53%, л-36%,м – 7%, ЭТЖ- 17 мм/ч. Өкпе R – граммасында – оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті қараю. Өкпенің тамырлы суреттері күшейген. Сіздің диагнозыңыз:

* Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің пневмониясы, жедел ағым ТЖ 0

* Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 1

*+Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 2

* Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 3

* Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, өкпе абсцессімен асқынған

! Бала 2 жаста, салмағы 12 кг. Диагнозы: Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, асқынбаған.Сіз пенициллинді мына мөлшерде тағайындайсыз:

* Пенициллин 500 мың ЕД х 4 рет күніне

* Пенициллин 400 мың ЕД х 4 рет күніне

*+ Пенициллин 300 мың ЕД х 4 рет күніне

* Пенициллин 200 мың ЕД х 4 рет күніне

* Пенициллин 100 мың ЕД х 4 рет күніне

! Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

* Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы

* Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

* Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

*+Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

* Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

4.Бала өмірінің алғашқы жылында ауруханаға айқын токсикоз, дене қызуы t – 38оС және ентігумен түсті. Перкуссия кезінде қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі. оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақкөпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Болжам диагноз қойыңыз:

* Бронхиолит

*+ Альвеолит

* Пневмония

* Обструктивті бронхит

* Бронхиальды демікпе

! 3-жастағы баланың плевральды сұйықтығында нейтрофильдердің басым болуы орын алатын экссудативті плевриттің даму себебі болып табылады:

* Түберкулез

* Обструктивті бронхит

*+Арнайы емес бактериальды плевропневмония

* Муковисцидоз

* Созылмалы бронхит

! Балаға 5 жас. Бронх демікпесінің жедел ұстамасы, ұзақтығы 2 сағат. Ата-анасы қыз балаға бромгексин мен эуфиллин берген. Сіздің әрекетіңіз:

* Эуфиллинді к/т енгізу

* Ингаляциялық кортикостероидтар

*+ Қысқа әсердегі ингаляциялық В2-агонистері

* Ұзақ әсердегі ингаляциялық В2-агонистері

* Кромонглицин қышқылы

! Баланың шолу рентгенограммасында плеврит анықталды. Дәлелдеу үшін міндетті түрде жүргізу керек:

* Бронхоскопия

* Бронхография

* Томография

*+Плевра қуысына диагностикалық пункция

* Спирометрия және пикфлоуметрия

! Стационарға Фалло Пентадасы іштен туа біткен ақауы бар науқас түсті. Оттегі жетіспеушілігі белгілерінің даму себебін атаңыз?

* Қарыншалардан қанның шығуына кедергінің болуы

* Жүрекшелерден қанның шығуына кедергінің болуы

*+Кіші қан айналым шеңберінің кедейленуі

* Кіші қан айналым шеңберінің байытылуы

* Үлкен қан айналым шеңберінің кедейленуіне байланысты

! 11 айлық бала, физикалық дамуы жағынан артта қалуда, салмағы 7 кг. Емізген кезде ентігу, ерін мұрын үшбұрышының цианозы. Тері жабындылар көкшіл түсті, шеткі цианоз, "барабан саусақтары, сағаттың шынысы". Жүректің шекаралары біраз ұлғайған. ЖСЖ-140 соғу/мин, ТАЖ-40 рет 1 минутқа. Төстің сол жағында қатқыл тембрлі систолалық шу, II тон II қабырғааралықта әлсіреген. ЖҚА: Hb-170г/л, Эр-5,4х1012/л. Диагнозын атаңыз?

* Жүрекше аралық перденің ақауы

* Қарыншааралық перденің ақауы

*+ Фалло ауруы

* Үшашпалы қақпақшаның ақауы

* Эбштейн ауруы

! 14 айлық бала, дене қызуының жоғарлауына, түндегі ылғалды жөтелге, құсуға, салмағының төмендеуіне. Бір жаста ЖРВИ ауырған, сол кезден бастап ойын кезінде тез шаршайтын болған, ентігу, мазасыздық, құсу пайда болған. Жағдайы ауыр, белсенді емес. Өкпенің төменгі бөлімінде аздаған ылғалды сырылдар, ТАЖ – 44 рет/мин. Жүректің шекаралары сол жаққа қарай ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында қатқыл емес систолалық шу. Бауыр + 5 см. ЖҚА: Hb-112 г/л, Эр-4,1х1012/л, Л-10,0х109/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. ЭКГ: стандарты әкетулерде QRS төмен вольтажы, синусты тахикардия, жүректің сол жақ бөліміне күш түсу белгілері. Осы баланы емдеу үшін тағайындау қажет:

* ЭхоКГ; стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, β-адреноблокаторлар, седативті терапия

* ЭКГ, ФКГ; жүрек гликозидтері, β-адреноблокаторлар, гепарин

* ФКГ; β-адреноблокаторлар, диуретиктер, десенсибилизациялық терапия

* ЭКГ; β-адреноблокаторлар, седативті терапия, перикард пункциясы

*+ ЭхоКГ; жүрек гликозидтері, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, антибактериальді терапия

! Балаға 11 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз:

* Туа пайда болған жүрек ақауы

* Ерте туа пайда болған кардит

*+Жүре пайда болған кардит

* Пневмония

* Бронхит

! Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы. Сіздің диагнозыңыз:

* Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым

* Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым

* Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым

*+Жүре пайда болған кардит, жедел ағым

* Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым

! Балаға 1,5 ай. Ауруханада: «Туа пайда болған кеш миокардит, ауыр дәрежеде» диагнозымен жатыр. Баланың жағдайы төмендеуде, ентігу, көгеру, тыныс алуы шулы, көпіршікті қақырықпен жөтел, жүрек тондары тұйықталған, өкпесінде көп мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентген суретінде венозды тоқырау анықталды. Осы симптоммен рентген суреті неге негізделген:

* Бронхиолиттің дамуымен

* Пневмонияның дамуымен

*+Өкпе ісігінің дамуымен

* Кардиосклерозадың дамуымен

* Пневмосклероздың дамуымен

! 9 жастағы қыз балада терідегі бөртпелер, полиартрит, перикардит, нефрит, серозды плеврит, қанды LE жасушалардың болуы түрінде зақымдалудың полижүйелігіне байланысты жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылды. Патогенетикалық емдеудің негізгі бағыттарын атаңыз:

* Глюкокортикоидтар, цефалоспориндер, витаминдер

* Цитостатиктер, иммуномодуляторлар, антикоагулянттар

* Глюкокортикоидтер, макролидтер, антиагреганттар

* Антикоагулянттар, цитостатиктер, полусинтетикалық пенициллиндер

*+Глюкокортикоидтер, цитостатиктер, антикоагулянттар

! 11 жастағы қыз бала, дене қызуының жоғарылауына, буындардағы, бұлшықеттердегі ауырсынуға, беттегі және кеуде бөліміндегі бөртпелерге. Объективті: бет сүйегі, кеуде аймағында эритематозды бөртпелер. Жүрек шекаралары сол жаққа қарай 2 см-ге ұлғайған, тондары тұйықталған, функционалды тембрлі систолалық шу. ЖҚА: L–4,2х109/л, ЭТЖ – 40мм/сағат, Нв – 100г/л, эр – 3,1х1012/л. ЖЗА белок–0,628‰, эр - 10-12 көру аймағында. Болжам диагноз және диагнозды нақтылау үшін не анықтау керек:

* Ревматикалық қызба, СРБ, дефиниламиндік пробаны анықтау

* Ревматоидты артрит, СРБ, LE-жасушаларды анықтау

*+Жүйелі қызыл жегі, LE-жасушалар, ДНК-ға антиденелерді анықтау

* Дерматомиозит, LE-жасушаларды анықтау

* Склеродермия, ДНК-ға антиденелерді, дефиниламиндік пробаны анықтау

! 9 жастағы қыз бала. Диспансерлік бақылауда 5 жыл бойы созылмалы тонзиллитпен бақылауда тұр. Соңғы өршу 3 апта бұрын болған, амбулаторлы емделген, жағдайы нашарлап, шаршағыштық, артралгия, тахикардия байқалды. Осы балаға тонзилэктомия жүргізу керек пе? Егер керек болса, қашан жүргізу керек:

* Жоқ, жүргізуге болмайды, себебі балада созылмалы тонзилиттің өршу белгілері бар

*+Жоқ, жүргізуге болмайды, себебі баллада ревматикалық үрдістің өршу белгілері бар

* Иә, жүргізу керек, себебі созылмалы тонзилиттің өршуінің минимальді белгілері бар

* Иә, тонзилэктомия жүргізу керек, себебі баллада созылмалы тонзиллиттің өршуінің белгілері жоқ

* Иә, тонзилэктомия жүргізу керек, себебі баллада ревматикалық үрдістің белгілері анықталмайды

! 6 жастағы қыз бала. Қол-аяқ буындарының және арқа бұлшықеттердегі ауырсынуға, қатты тамақты жұтудың қиындауына. Объективті: терісінде – жоғары қабақта қызыл-күлгін түсті ісінген эритема, Готтрон белгісі – саусақтардың буындарының жазғыш беткейінде қызыл-күлгін кератикалық атрофиялық эритема. Лабораторлы: трансфераза, КФК, ЛДГ белсенділігінің жоғарлауы. Алдын-ала диагнозды атаңыз:

* Склеродермия

* Ревматизм

* Ревматоидты артрит

*+Ювенильді дерматомиозит

* Жүйелі қызыл жегі

! 14 жастағы қыз бала дене қызуының жоғарылауына, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсынуға. Объективті: көбелек тәрізді бөртпелер, бет сүйегінің үстінде экзема, ауыз және мұрынжұтқыншақта жаралар. ЖЗА ақуыз 0,4 г/тәулік, түйіршікті цилиндрлер, тубулярлы эпителий. Осы аурудың диагнозын атаңыз:

* Ревматизм

* Склеродермия

* Ревматоидты артрит

* Ювенильді дерматомиозит

*+Жүйелі қызыл жегі

! 14 жастағы ұл бала. Кіші қол буындарындағы ауырсыну, таңертеңгілік буындардың құрысуы, дене қызуының 37,50 С-ге дейін жоғарылауы, қышқыл фосфатазаның лимфоциттерде, сілтілі фосфатазының нейтрофилдерде жоғарылауы. Тағайындалды ацетилсалицил қышқылы 0,015 г 50-70 мг/кг дене салмағына тәулігіне, алмагель 1 ас қасық күніне 3 рет. Ацетилсалицил қышқылы қандай мақсатпен тағайындалды?

*+Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы мақсатпен, алмагель ацетилсалицил қышқылының ульцерогенді әсерінің алдын алу үшін

* Ацетилсалицил қышқылы қанның ұю қабілетін төмендету үшін, алмагель қоршайтын (обвалакивающим) әсеріне байланысты

* Ацетилсалицил қышқылы дене қызуын төмендететін әсерімен байланысты, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты

* Ацетилсалицил қышқылы қанның ұю қабілетін төмендету үшін, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты

* Ацетилсалицил қышқылы ауырсынуды басатын, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты

! 10 жастағы ұл бала. Шағымдары дене салмағының 37,80 С-қа дейін жоғарылауы, тізе буындарындағы ауырсынуға. Анамнезінде 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Перкуторлы: жүрек щекарасының 1 см-ге солға жылжуы, аускультативті – екі тонның да тұйықталуы, үрлеген тембрдегі систолалық щу. ФКГ: жоғары жиіліктегі эндокардиальді шу. Лабораторлы: ЭТЖ – 20 мм/сағ., L- 8,5x109 /л, антистрептолизин О деңгейінің жоғарылауы. Диагноз қойыңыз:

* Жедел ревматикалық қызба 1, белсенді фаза, қақпақшалардың ақауынсыз біріншілік ревмакардит, полиартрит, жедел ағымды, Ж0

* Жедел ревматикалық қызба 2, белсенді емес фаза, ревматикалық миокардиосклероз, латентті ағым, Ж1

*+Жедел ревматикалық қызба 1, белсенді фаза, митральді қақпақшаның эндокардиті, полиартрит, жедел ағымды, Ж0

* Жедел ревматикалық қызба 2 , белсенді фаза, митральді қақпақшаның перикардиті, полиартрит, жедел ағымды, Ж0

* Жедел ревматикалық қызба 3, белсенді фаза, аорталды қақпақшаның қайтымды эндокардиті, миокардит, полиартрит, жеделдеу ағымды, Ж1

! 10 жастағы ұл бала, іштегі толғақтәрізді ауырсынуға шағымданады. Рентгенологиялық көпіршік рефлексінің кеш болуы, тітіркендіргішті енгізгеннен кейін 45 минуттан кейін. Емдеу тактикасын көрсетіңіз:

*+Папаверин 0,02 г 3 рет күніне

* Ампициллин 100 мг/кг 3 ретке бөліп

* Де-нол 0,04 г 3 рет күніне

* Аспирин 0,015 3 рет күніне

* Цефазалин 40 мг/кг 3 ретке бөліп

! 10 жастағы балa, дене қызуының жоғарылауына, іштегі ауырсынуға, құсуға шағымданады. Шоффар аймағында оң жақ қабырға астындағы бұлшықеттердің дефансы және ауырсыну. Ортнер, Кэрдің белгісі оң. Емдеу тактикасын таңдаңыз:

*+Спазмолитиктер, антибиотиктер

* Нитрофурандар, эубиотиктер

* Антигистаминді, өтті айдаушы

* Антибиотиктер, нитрофурандар

* Гипертензивті дәрілік заттар, антипиретиктер.

! 14 жастағы ұл бала. Қыжыл, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауырсыну. Анамнезінде әкесі асқазанның жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жарасы. Терапияның бірінші линиясына жатады:

*+Омепразол 20 мг 2 рет әр 12 сағ. сайын, кларитромицин 15 мг/кг 2 ретке бөліп, метронидазол 20 мг/кг 2 ретке бөліп, 14 күн бойы.

* Субцитрат висмута 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп, фуразолидон 10 мг/кг 3 ретке бөліп.

* Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан күніне 3-4 рет.

* Пантопразол 20 мг 1 рет күніне, кларитромицин 30 мг/кг 3 ретке бөліп, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет.

* Омепразол 50 мг 2 рет күніне 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3 ретке бөліп, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп.

! Жара ауруының рентгенологиялық белгісін атаңыз:

* Асқазанның тарылуы, барийдің қосымша көлеңкесі

* Асқазанның кеңеуі және асқазанның босауның баяулауы

* Мүшенің силуэтінің жанында барий көлеңкесінің қосымша көлеңкесі, біз тәрізді жара

* Бауырдың үстінде бос газ

*+Ойықтың болуы, контрастың ішіне қарай ағуы

! Пенентрация бұл:

* Жарадан қан ағу

* Пилородуоденальді стеноз

*+Жараның асқазан қабырғасынан айналадағы тіндер мен ағзаларға таралуы

* Тыртықты стеноз

* Спастикалық стеноз

! 13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз:

* Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит.

* Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз.

*+Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз.

* Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз.

* Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз.

! 15 жастағы қыз бала, жүрегінің қағуына, жүрегінің айнуына, құсуға, оң жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауырсыну. Рентгенологиялық өт қабының босауының жылдамдауы. Диагноз қойыңыз:

*+Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гиперкинетикалық түрі

* Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипотониялық түрі

* Өтшығару жолдарының дискинезиясы, гипертониялық түрі

* Холецистохолангит

* Холангит

! Балаға 6 жас, аяғында ісік анықталады. Жасырын ісікті анықтауда тәсіл қолданылады:

* Амбурже

* Зимницккий

* Нечипоренко

*+Мак-Клюр-Олдрич

* Адисс-Каковский

! Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА Үлес салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагноз.

* Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ

* Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ

*+Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

* Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең

* Созылмалы гломерулонефрит, нефртикалық форма

! Ұл бала 11 жаста. Дамуы жасына сәйкес. Қызылша, жел шешек, қызылша қызамығымен ауырған. Жиі суық тиіп ауырады. Тұмаумен ауырғаннан кейін кездейсоқтан дене қызуы 400С көтерілген дене температурасы 400С көтерілді. Бала ісініп, ішінде ауырсыну пайда болды. Тексеріп қарағанда жағдайы ауыр, ауырлық жағдайы ісіну және зәрлік синдромға байланысты. БҚА: гипоальбуминемия, гиперазотемия, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия. Зәр анализінде гиперпротеинурия, транзиторная микрогематурия, шамалы цилиндрурия. Диагноз қойыңыз:

* Жедел цистит

* Жедел пиелонефрит

*+Жедел гломерулонефрит

* Созылмалы пиелонефрит

* Созылмалы гломерулонефрит

! Бала 10 жаста. Жиі суық тиіп ауырады. Диспансеризация кезінде бетінің ісінуі, микрогематурия, протеиннурия (0,98%) анықталды. ҚҚ 115/70 мм/сын.бағ. Қан анализінде: Нв 128г/л, шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ 15 мм/сағ. креатинин 80 ммоль/л. Диагноз қойыңыз:

* Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдром, бастапқы кезең

*+Жедел гломерулонефрит, жеке зәр синдромы, бастапқы кезең

* Жедел гломерулонефрит нефритикалық синдром, бастапқы кезең

* Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдром гематуриямен, бастапқы кезең

* Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

! Стационарға 8 жастаға бала баспамен ауырғаннан 11 күн өткеннен кейін ауыр жағдайда түсті. Тексеріп қарағанда дене температурасы 380, беті ісінген, зәр түсі «ет жуындысы» тәріздес болған. Жүрек тоны тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, II тонның акценті естіледі, қантамыр соғысы минутына 98 рет.

ҚҚ 130/85 мм сын.бағ. ЖЗА: үл.салмағы 1006, белок 1,5 г/л, эритроциттер өте көп, лейкоциттер 8-10 көру аясында, цилиндрурия. ЖҚА: Нв 75 г/л, эр 2,6х 1012/л, лейкоциты 9,6х109/л, СОЭ- 50мм/сағ. БҚА: жалпы белок-59 г/л, креатинин 160мкмоль/л. Клиникалық диагноз қойыңыз.

* Жедел біріншілік пиелонефрит, белсенді фаза

* Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдром, бастапқы клиникалық көрініс кезеңі.

*+Жедел гломерулонефрит нефритикалық синдром, бастапқы клиникалық көрініс кезеңі.

* Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма

* Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма

! Қыз бала 12 жаста, 9 жылдан бері созылмалы нефритпен ауырады. Өршу кезеңдерінде стационарда емделеді. 3 жасында алғаш рет ауырған. Балада ісік пайда болып, біртіндеп жайылып асцитке ұласқан. Бала ұзақ уақыт стационарда емделген. 3 жылдан астам преднизолонмен үзілісті емделген, үзіліс кейде 6-8 айға дейін созылған, бірақ аурудың қайталап өршуіне байланысты препарат қайта тағайындалған. БҚА: жалпы белок-52 г/л, креатинин 160 мкмоль/л. ЖЗА: үл.салмағы 1025, белок 6 г/л, эритроциттер - 4 көру аясында, гиалинді цилиндрлер- 15 көру аясында. Диагноз қойыңыз:

* Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма, период обострение

* Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдром, бастапқы кезең

* Жедел гломерулонефрит нефритикалық синдром, бастапқы кезең

*+Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма, толқымалы ағымды

* Созылмалы гломерулонефрит, аралас форма

! Науқас 12 жаста, стационарға денесі және аяқ-қолында пайда болған симметриялы емес полиморфты геморрагиялық бөртпемен түскен. Анамнезінде мұрнынан қан кету, денесінде көгерулер болған. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

* Гемофилия

* Геморрагиялық васкулит

*+Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

* Жедел лейкоз

* Афибриногенемия

! Науқас 6 жаста, стационарға мұрнынан қан кетумен, бөртпемен ауыр жағдайда түсті. Ауруы ЖРВИ-мен ауырғаннан 6 күн өткеннен кейін басталған. Тексеріп қарағанда бүкіл денесінде полиморфты, полихромды симметриялы емес бөртпе элементтері, ауыздың шырышты қабатына қан құйылған, мұрынынан қан кетуде. Жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия, жүрек ұшында систоликалық шу. Диагноз қойыңыз.

*+Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ылғалды форма, жедел ағымды

* Геморрагиялық васкулит,терілік форма

* Гемофилия А, өршу кезеңі

* Жедел лейкоз

* ДВС-синдром, I кезең

! Науқас 7 жаста. Ерте жастан мұрнынан қан кетуден зардап шегеді. Жағдайы ауыр. Сол иығында экхимоз диаметрі 7 см, шырышты қабатына қан құйылған және шырышты қабатынан қан кету байқалады. Сол тізе буыны ұлғайған, қозғалысы шектелген, ауырсынады. Сіздің диагноз:

* Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ылғалды форма, жедел ағымды

* Геморрагиялық васкулит, буындық форма, жедел ағымды

*+Гемофилия А

* Виллебранд ауыруы

* Геморрагиялық васкулит, терілік форма, жедел ағымды

! Геморрагиялық васкулиттің синонимдерін көрсетіңіз:

* Толочинов-Роже ауыруы

* Виллебранд ауыруы

*+Шенлейн-Генох ауыруы

* Сокольский-Буйо ауыруы

* Шерешевский-Тернер синдромы

! Науқас 10 жаста. Іш ауырсынуы мазалайды. Тексеріп қарағанда тізебуындары ісінген, ауырсынады, буын айналасында бөртпелер бар. Коагулограммада: қан ұю ретракциясы жоғарылаған, протромбинді пайдалану төмендеген, рекальцификация уақыты төмендеген, фибриноген жоғарылаған. Диагнозы көрсетіңіз:

*+Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ылғалды форма, жедел ағымды

* Геморрагиялық васкулит, аралас форма, жедел ағымды

* Гемофилия A

* Геморрагиялық васкулит, терілік форма, жедел ағымды

* Геморрагиялық васкулит, буындық форма, жедел ағымды

! Ұл бала 11 жаста. Ұсақ нүктелі бөртпенің шығуына шағымданады. Дене температурасы 37,6С0. Анамнезінде экзема, жиі суық тиіп ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Иықтың, балтырдың терісінде, ірі буындардың айналасында симметриялы экссудативті-геморрагиялық бөртпелер. Таңдайдың шырышты қабатында бірең-сараң петехиилер. Жүрек тондары тұйықталған. Нәжісі мен зәрінде патологиялық өзгеріс жоқ. Сіздің диагноз:

* Геморрагиялық васкулит, аралас форма, жедел ағымды

* Геморрагиялық васкулит, буындық форма, жедел ағымды

*+Геморрагиялық васкулит, терілік форма, жедел ағымды

* Геморрагиялық васкулит, терілік форма, толқымалы ағымды

* Геморрагиялық васкулит, аралас форма, созылмалы ағымды

! Бала 9 жаста, мұрнынан қан ағумен зардап шегеді. Лабораториялық тексеруде анықталды: тромбоциттердің ристомицинмен агрегациясының бұзылуы, коллагенмен, АДФ, адреналинмен агрегациясы қалыпта, тромбоциттердің адгезиясы және VIII фактор деңгейі төмендеген. Алғашқы диагнозды қойыңыз.

* Шенлейн-Генох ауруы

* Гемофилия

* Виллебранд ауруы

*+Верльгоф ауруы

* Афибриногенемия

! Гипогликемиялық команың негізгі емдеу әдісі:

* К/т ішіне 5% глюкоза ерітіндісін енгізу

* К/т ішіне 40% глюкоза ерітіндісін тамшылатып енгізу

* К/т ішіне норадреналинді енгізу

* Б/етке глюкокортикоидтарды енгізу

* Тәтті емес шай

! 11 жастағы бала, шөлдеуге, зәр шығаруының жиілеуіне, әсіресе түнгі уақытта, терісінің қышуына шағымданады. Қант диабеті диагнозын қою үшін міндетті түрде жүргізу керек:

* Тәуліктік зәрдегі глюкозаны анықтау

* Таңертеңгілік зәрдегі ацетонды анықтау

*+Аш қарында қандағы глюкозаны анықтау

* Тәуліктік зәрді глюкозаға және ацетонға анықтау

* Ұйықтар алдында қандағы глюкозаны анықтау

! Тиреотоксикалық кризі бар науқасқа тиреостатиктер қандай мақсатпен тағайындалған:

* Қандағы тиреоидты гормондар деңгейін жоғарлату үшін

*+Қандағы тиреоидты гормондар деңгейін төмендету үшін

* Тиреопероксидазаның қандағы антителді төмендетуі үшін

* Треоглобулиннің қандағы антителді төмендетуі үшін

* Йод белогімен байланысты қандағы деңгейін жоғарлату үшін

! Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз:

* Ұзақ әсердегі инсулин 0,5Ед/кг есебімен сағат сайын

* Қысқа әсердегі инсулин 0,7Ед/кг есебімен сағат сайын

* Қысқа және ұзақ әсердегі біріккен инсулин терапия 0,3 Ед/кг есебімен әр бір 6 сағат сайын

*+Қысқа әсердегі инсулин 0,1Ед/кг есебімен сағат сайын

* Қысқа әсердегі инсулин 1,0Ед/кг есебімен сағат сайын

! Науқас 1-типтегі қант диабеті декомпенсация кезеңінде Куссмаул тынысының пайда болуы мынаны негіздейді:

* Глюкоза деңгейінің төмендеуінде

* Алкалозда

*+Кетоацидемиялық комада

* Глюкоза деңгейінің жоғарлауы

* Зәрдегі ацетонның пайда болуы

! Науқас 10 жаста, ауруханаға есінен танып түсті. Анамнезі бойынша 2 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Тәліктік мөлшері 36 бірлікте инсулинотерапия алады. Анализі бойынша: қандағы глюкоза – 21,5ммоль/л, зәрдегі ацетон – бірден оң нәтиже көрсетті. Қандай диагноз:

*+Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома.

* Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетонурия.

* Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома.

* Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперосмолярлы кома.

* Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперлактацидемиялық кома.

! Науқас, 14жаста,ауруханаға жедел жәрдем машинасымен коматозды жағдайда келіп түсті. Диабетпен 4 жыл бойы ауырады. 40 бірлік мөлшерінде инсулинотерапия алады. Жалпы жағдайының төмендеуі соңғы 3 күнде пайда болған. Тексерген кезде қандағы глюкоза – 28,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа міндетті түрде қандай тексеру қажет:

*+Қандағы глюкозаны сағат сайын анықтау

* Зәрдегі ацетонды сағат сайын анықтау

* Қандағы глюкозаны ауруханаға түскен кезде және шыққан кезде анықтау

* Зәрдегі ацетонды және глюкозаны сағат сайын анықтау

* Қандағы кетонды сағат сайын анықтау

! Антенатальды кезең бөлінеді:

* Эмбриональды

* Эмбриональды, ерте фетальды

* Эмбриональды, ерте фетальды, кеш фетальды

*+Эмбриональды, ерте фетальды, кеш фетальды, интранатальды

* Эмбриональды, фетальды, интранатальды, неонатальды

! Перзентханадағы нәрестелерді жаппай тексеру кезінде бір баланың доңғағынан альбумин анықталды. Осы баладан нені болжауға болады?

* Фенилкетонурия

* Гипотиреоз

*+Муковисцидоз

* Лактазды жетіспеушілік

* Целиакия

! Бірінші жедел босанудан, бірінші жүктіліктен туған бала. «Жұлын-ми жарығы» диагнозымен перзентханадан хирургия бөліміне ауыстырылды. Екінші рет жүктілікті жоспарлау кезінде, екінші балада нерв түтігі ақауының қауіптілігін төмендету үшін осы әйелге міндетті түрде тағайындау керек:

* Аскорбин қышқылы

* Фолий қышқылы

* Пантотен қышқылы

* Йод дәрілерін

* Глюконат кальций

! Дәрігердің барлық ұсыныстарын, тамақтану тәртібін сақтайтын, фоли қышқылы тағайындалған 20-жастағы жүкті әйел. Фоли қышқылы тағайындалды:

* Жүктілік кезінде гестозды болдыртпау

* Сүйек қаңқасының құрылымына қатынасу

* Белок метаболизміне қатынасу

* Гемоглобиннің түзілуіне бейімділік

*+Жүйке жүйесінің ақауларының даму қаупін төмендету

! Созылмалы аурулары жоқ, жиі ауыратын, нервті-психикалық дамуында, физикалық дамуында бастапқы өзгерістері бар, функционалды тежелулері бар балалар қандай топқа жатады:

* денсаулық тобы

*+денсаулық тобы

* III денсаулық тобы

* IVденсаулық тобы

* Vденсаулық тобы

! Отбасылық дәрігердің профилактикалық қарауында 6 айлық бала. Салмағы-822 грамм, бойы-66см. Нервті- психикалық дамуы жасына сай. Невропопатологта энцефалопатияға байланысты есепте тұр. Профилактикалық екпелерді күнтізбе бойынша алған. Бұл бала қандай денсаулық тобына жатады:

* I денсаулық тобы

* II А денсаулық тобы

*+II Б денсаулық тобы

* III денсаулық тобы

* VI денсаулық тобы

! Профилактикалық қарауда 8 айлық бала. Бала екінші жүктіліктен, анемия фонында өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Анамнезінен: өмірдің бірінші жылы 4 рет ЖРВИ-мен ауырған. Гемоглобин 120г/л. Бұл баланың резистенттілігін анықтаңыз:

* Жоғары

* Қалыпты

* орташа

*+төмен

* өте төмен

! Жанұялық дәрігер нәрестенің ОНЖ патологиясының даму қаупі болса, міндетті түрде назар аударуы тиіс:

* Тері асты май қабатының қалыңдығы

*+Қозғалыс белсенділігі мен дене қалпы

* Кіндік жарасының жағдайы

* Дене қызуы

* Жүрек тондарының дыбысы мен жиілігі

! Лактациялық криз жиі дамиды:

*+Лактация кезеңінің алғашқы 3 айы

* Лактация кезеңінің 3-4-ші айы

* Лактация кезеңінің 5-6-ші айы

* Лактация кезеңінің 7-8-ші айы

* Лактация кезеңінің 8-12-ші айы

! Лактогенез- бұл:

* Сүт безінің даму кезеңі

*+Сүттің бөлінуі

* Сүттің жиналуы

* Сүтті сауу

* Сүт безінің солу кезеңі

! Бала 2 жаста. Оны омырау сүтімен емізбейді, қазір ол отбасымен бірге күніне 3 рет тамақтанады. Отбасы үнемі етпен тамақтанады және балаға да береді. Оның тамақтану рационында жемістермен көкөністерден картоп, сәбіз, капуста және алма бар. Ас үлесі аздап салынады және өзіне берілген астың барлығын ол жейді. Баланы тамақтандыру бойынша анасы дәрігерден кеңес сұрайды. Дәрігер кеңесі:

* Баланы күніне 4 рет тамақтандыру керек

* Баланы күніне 6 рет тамақтандыру керек

* Тамақтандыру арасында шай беру қажет

*+Әр бір негізгі тамақтандыруда 250мл астан беру керек

* Әр бір негізгі тамақтандыруда 350мл астан беру керек

! 7-айлық қыз бала. Оны тәртіп бойынша күніне 5 рет, ал түнде 1 рет омырау сүтімен тамақтандырады. Балаға шай және күріш, сұлы ботқасын маймен араластырып береді. Анасы шай беруді ұйғарды. Балаға неге шай беруге болмайды?

* Гипотрофияның даму қаупі бар

*+Анемияның даму қаупі бар

* Ішек инфекциясының даму қаупі бар

* Паратрофияның даму қаупі бар

* Дистрофияның даму қаупі бар

! Қабылдауға 4-айлық баласымен анасы келді. Бала омырау сүтімен тамақтанады. Апасының кеңесі бойынша анасы балаға су беруді ұйғарды. Неліктен 6 айға дейін балаға сұйықтық беруге болмайды?

* Сүт 20% судан тұрады

* Сүт 40% судан тұрады

* Сүт 60% судан тұрады

*+Сүт 80% судан тұрады

* Сүт 100% судан тұрады

! 4 айлық бала дәрігердің қабылдауында. Жедел ауырған, таңертең дене қызуы 38,7°С,жоғарылаған, селқос бала бастаған тәбеті төмендеген, мұрын-жұтқыншақ жағынан айқын катаральды өзгерістер, мұрыннан су ағу, жөтел пайда болған. Бала ана сүтімен қоректенеді, дамуында артта қалулар жоқ. Өкпесінде қатқыл тыныс. Диагноз қойыңыз және екпеденмедициналық әкетуді рәсімдеңіз:

* Гипертермия, медәкету 3-6 күнге

* Катаральды баспа, медәкету 1-2аптаға

* ЖРА, жеңіл дәрежелі ауырлықта, медәкету 2-3аптаға

*+ЖРА,орташа дәрежелі ауырлықта, медәкету 2-4аптаға

* ЖРА,ауыр дәрежелі ауырлықта, медәкету 1айға

! 4 айлық бала дәрігердің қабылдауында.V3-АКДС, ОПВ, ВГБ, Hib.өкпелерін

алуға келген. Алдыңғы жоспарлы екпе ауыр энцефалитикалық реакциямен асқынған. Бала иммунизациялауға жата ма?

* Жатады, жалпылай қабылданған күнтізбе бойынша

* Жатады, жеке күнтізбе бойынша

* Жатады, жалпылай қабылданған күнтізбе бойынша, бірақ көкжөтел компонентінсіз

* Жатпайды, дәрігер уақытша медәкетуді рәсімдейді

*+Жатпайды, дәрігер үнемі медәкетуді рәсімдейді

! Қабылдауда 3 айлық бала БҚЖ-ң дамымаған белгілері анықталды. Дәрігердің бұл балаға қолданылатын шаралары:

* Екпе қарсы көрсетіледі, өйткені туберкулездіжұқтыру қаупі жоғары

* Екпе көрсетілген, бірақ Манту сынашасын жасағаннан соң, өйткені туберкулезді жұқтыру қаупі жоғары

*+Екпе 6 айға дейін көрсетілген, Манту сынамасынсыз, өйткені туберкулез жұқтыру қаупі жоғары емес

* Екпе 6 айдан соң көрсетілген, Манту сынамасынсыз, өйткені туберкулез жұқтыру қаупі жоғары емес

* 1 жасында екпені алуы керек, өйткені туберкулезді1 жасқа дейін жұқтыру қаупі жоғары емес

! 2 айлық бала. АКДС, ОПВ, ВГБ, Hib, екпелерінен соң, келесі күні дене қызуы 38,3°С,-қа көтерілген. Делсалдық, тәбеті төмендеген.ТАЖ минутына 36 рет,

ЖСЖ минутына 136 рет. Бұл жағдай немен байланысты?

* Жеңіл дәрежелі ауырлықтағы екпе реакциясына

*+Орташа дәрежелі ауырлықтағы екпе реакциясына

* Ауыр дәрежелі ауырлықтағы екпе реакциясына

* Екпеге гиперэргиялық реакция

* Екпеге энцефалопатикалық реакция

! Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинозия жүргізілді. 7 жастағы ұл бала. Анамнезінен: балада БЦЖ екпесінен соң келлоидты тыртықтар түзілген.

БЦЖ ревакциназиясына қатысты дәрігердің шарасы:

* Күнтізбе бойынша егу

* Медициналық әкету 6 айға дейін

* Медициналық әкету 1 жасқа дейін

*+Ревакцинацияға жатпайды

* Келлоидты тыртықтарды емдегеннен соң жатады

! 1 айлық балаға патронаж кезінде сол жақ қолтық астында тығыз, ұлғайған, ауырсынусыз лимфо түйіні анықталды, пальпацияланған кезде флюктуация байқалады. Қалған лимфо түйіндерінің топтары ұлғаймаған. Күнтізбе бойынша егілген екпенің асқынуы қайсысы?

* Келоидты тыртық

* Везикулонекротикалық реакция

*+Регионарлы лимфоденит

* Генерализденген БЦЖ-ит

* Остеомиелит

! 2 айлық балада АКДС екпесінен соң, дене қызуы жоғарылап, фебрильді дірілдер пайда болған. Жоғарыда көрсетілген симптоидтардың пайда болуы немен байланысты?

* Тырыспа анатоксиніне күшті реакция

* Дифтерия анатоксиніне күшті реакция

* Тырыспа- дифтерия анатоксиніне реакция

*+Барлық өлтірілген көкжөтел микроағзаларына күшті реакция

* Екпенің қосылған барлық компоненттеріне күшті реакция

! Фенилкетонурия – ауыр тұқым қуалайтын ауру, ауыстырылмайтын аминқышқылы фенилаланиннің ферментативті айналу үрдісінің бұзылуы негізіне не жатады:

* Метионин

*+Тирозин

* Лактоза

* Фруктоза

* Галактоза

! 6-айлық балада психомоторлы даму кемістігі анықталды. Ата-анасы бір біріне туыс болып келеді. Олардың шаштары қара, көздері қоңыр. Ал қыздың шашы сары, көздері көк және терісі өте ақшыл. Қыз бала сирек гуілдейді, қимыл-қозғалысы баяу, отырмайды, еңбектемейді, тісіның шығуы байқалмайды. Аллергодерматоз анық байқалып тұр. Рахиттің белгілері болмасада бала аздап терлейді. Терінде арнайы «тышқан» иісі бар. Анасының айтуынша балада туғаннан бері іш қатуға бейімділік бар. Анамнезінде екі рет ЖРВИ ауырған, ол талма синдромымен өткен. Сіздің болжам диагнозыңыз:

*+Фенилкетонурия

* Фруктоземия

* Галактоземия

* Гликогенді ауру

* Гипотиреоз

!.7-айлық балада психомоторлы даму кемістігі анықталды. Ата-анасы бір біріне туыс болып келеді. Олардың шаштары қара, көздері қоңыр. Ал қыздың шашы сары, көздері көк және терісі өте ақшыл. Қыз бала сирек гуілдейді, қимыл-қозғалысы баяу, отырмайды, еңбектемейді, тісіның шығуы байқалмайды. Терінде арнайы «тышқан» иісі бар. Анасының айтуынша балада туғаннан бері іш қатуға бейімділік бар. Диагнозды дәлелдеу үшін Феллинг сынамасы жүргізілді. Неліктен осы сынама, осы ауруда жүргізіледі:

* Қандағы фенилаланинді анықтау үшін

*+Зәрдегі фенилаланинді анықтау үшін

* Қандағы тирозинді анықтау үшін

* Зәрдегі тирозинді анықтау

* Зәрдегі типтофанды анықтау үшін

! 6,5 -айлық балада психомоторлы даму кемістігі анықталды. Ата-анасы ағайынды кісілердің балалары, яғни бір-біріне туыс. Олардың шаштары қара, көздері қоңыр. Ал қыздың шашы сары, көздері көк және терісі өте ақшыл. Қыз бала сирек гуілдейді, қимыл-қозғалысы баяу, отырмайды, еңбектемейді, тісіның шығуы байқалмайды. Аллергодерматоз анық байқалып тұр. Рахиттің белгілері болмасада бала аздап терлейді. Терінде арнайы «тышқан» иісі бар. Анасының айтуынша балада туғаннан бері іш қатуға бейімділік бар. Анамнезінде екі рет ЖРВИ ауырған, ол талма синдромымен өткен. Феллинг сынамасы оң. Сіздің диагнозыңыз:

* Фенилкетонурия, атипиялық түрі, орташа ауырлық дәрежесінде

*+Фенилкетонурия, типті түрі, жеңіл ауырлық дәрежесінде

* Фенилкетонурия, типті түрі, орташа ауырлық дәрежесінде

* Фенилкетонурия, атипті түрі, орташа ауырлық дәрежесінде

* Фенилкетонурия, типті түрі, ауыр ауырлық дәрежесінде

! Пневманияны азитромицинмен емдеу курсының ұзақтығы құрайды:

* 1-2 күн

*+3 немесі 5күн

* 7-10 күн

* 11-14 күн

* 14-21 күн

! Ерте кезеңдерде, плевральды асқыну болмағанға дейін, қандай рентгенологиялық белгілер өкпедегі стафилококты деструкцияны табуға көмектеседі:

* Бронхотамырлық суреті «созылыңқылы»

* Бронхотамырлық суреті «торлы»

*+Өкпенің бөлігін немесе сегменттердегі ірі фокусты инфильтраттар

* Өкпе түбірінің аз құрылымдылығы

* Ателектаздар

! 6 жастағы бала пневмонияға байланысты 5 күнбойы антибактерияльды емді қабылдауда. Бала жағдайы нашарлаған, интоксикация белгілері үдеген, жөтел үлкен көлемдегі іріңді қақырықпен. Бала селқос, анорексия, обьективті дене қызуы39,6º, тері жабындылары боз жер түстес, жөтелгенде оң жақ бүйірінде ауырсыну байқалады. Оң жақ жауырын асты тұсында тимфоникалық өкпе дыбысының тұйықталуы байқалады, аускультативті амфоралық тыныс, металликалық дыбысты ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз:

*Ауруханадан тыс оң жақты сегменторлы пневмония, жедел ағымы, асқынбаған

*+Ауруханадан тыс оң жақты, ошақты пневмония, жедел ағымы, өкпе іріңдігімен асқынған

*Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмония, жедел ағымы, плевра эмпиемасымен асқынған

*Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмания, жедел ағымы, инфекциялық токсикалық шокпен асқынған

*Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмания, жедел ағымы, пиоторакспен асқынған

! 8 жастағы оқушы дене қызуының 37,2-37,5,-қа жоғарылауына, апта ішінде аз бөлінетін қақырық құрғақ жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауру баяу үдемелі жөтелдің дамуы және дене қызуының субфебриялды сандарға дейін көтерілуімен басталған. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Аранында шамалы катаралды көріністер байқалады. Қабық коньюктивасы қызарған. Өкпесінде перкуторлы өкпе дыбысы, ұсақ, көпіршікті жойылғансырылдар естіледі. ЖҚА-де: нейтрофильді лейкоцитоз,ЭТЖ-ның жоғарылауы. Кеуде клеткасының рентгенограммасында: өкпе алаңында біркелкі емес ошақты инфильтраттар байқалады. Таңдаулы препарат болып табылады:

* Тетрациклинмен

* Цефалоспориндер

*+Макролидтер

* Аминогликозидтер

* Карбопиемалар

! 8 жастағы бала дене қызуының 38,7*С көтерілуіне, ылғалды жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен: фебрильді дірілдерболмаған.

Өкпе R-граммасында: ошақты пневмония. Бұл балаға ыстық түсіретін препараттарды тағайындау қажет пе?

* Иә, антибактериалды заттардың әсерін күшейтеді

*+Жоқ, антибактериалды емнің әсерін бағалауды қиындатады

* Жоқ, дене қызуын төмендетудің қажеті жоқ

* Иә, антибактериалды емнің әсерін бағалауға көмектеседі

* Жоқ, Рея синдромын шақырады

! 4 жастағы балада дамыған бронх демікпесі ұстамасын басу үшін тиімді болып табылады:

* Сальметерол 50мкгмөлшерінде х тәулігіне 2 рет

*+Сальбутамол 100мкг ингаляцияға

* Будесонид 100мкг х тәулігіне 2-4рет

* Фликсотид 125 мкг х тәулігіне 2рет

* Бекламетазон 40мкг х тәулігіне 2рет

! Ингаляциялық стероидтардың жиі жағымсыз әсерін көрсетіңіз:

* Ауыз қуысының кандидозы

*+Бүйрек үсті безі қыртысының жетіспеушілігі

* Остеопороз

* Гипергликемия

* Иценко- Кушинга синдромы

! 10 жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ, Спирография анықтамаларыбойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз:

*+Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

* Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта

* Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

* Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі

* Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта

! 8 жастағы бала. Алғаш рет «Обструктивный бронхит»диагнозы қойылғаннан бастап, ауырғанына 6 ай болған. Келесіде бұл ауру кезеңді түрде 2-4 ай қайталанған. Соңғы ұстамалар жиілеген (аптасына бірнеше рет). Бала үйден оқиды. Сыртқы тыныс алу қызметін тексеру: Обструктивті түрі бойынша бронх өткізгіштігінің тұрақты бұзылуы ПСВ-50%, вентолинмен тест әрқашан оң. Бронх өткізгіштігінің тәуліктік құбылуы 30% астам. Диагнозды табыңыз:

* Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

* Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта

* Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

* Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта

*+Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта

! Созылмалы бронхит – бұл ауру:

* Созылмалы немесе үдемелі қақырықты жөтелмен

* Созылмалы немесе үдемелі қақырықты жөтелмен 2 жыл бойы

*+Сырылмен (3 немесе айдан артық), 2 жыл бойы жылына 2-3 өршудің болуы

* 2 жыл бойы продуктивті жөтелмен, тұрақты айқын әр түрлі калибрдегі көгерумен, полицетемиямен және ентігумен, кеудедегі ауырсынумен сипатталады

* Альвеоладағы триофосфат және карбонат кальцийдің тегіс диффузды жиналуымен сипатталады

! 7 жастағы ұл бала. Өмірінің бірінші жылы үш рет пневмониямен ауырған.

Бірнеше рет жоғары дене қызуына , ентігуге, қиын бөлінетін қақырыққа байланысты ауруханада емделген. Қарағанда: тері жабындылары боз, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, «сағат шынысы» симптомы, «барабан таяқшалары» байқалады.ТЖ минутына 40 рет, ЖСЖ минутына 120 рет.АҚҚ 90/90мм сын.бағ. кеуде клеткасы бөшке тәрізді формада өкпеде перкуторлы дыбыс тимпоникалық өкпеде әлсіреген тыныс фонында әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көлемді, майлы жылтырақпен, жақпа тәріздес. Теріде хлоридтер 62 ммоль/л құрайды. Сіздің диагнозыңыз:

* Муковисцидоз

* Муковисцидозөкпелік түрі

* Муковисцидозішектік түрі

* Муковисцидоз терілік түрі

*+Муковисцидоз аралас түрі

! Картагенер Синдром – бұл:

* Негізінде экзокринді бездердің патологиясына жататын АІЖ-ң және тыныс алу мүшелерінің зақымдалуымен өтетін, тұқым қуалайтын ауру

* Үдемелі анемиямен жүретін бүйрек, өкпенің бірлесіп зақымдалуымен сипатталатын, тұқым қуалайтын ауру

*+Бронхоэктаз және риносинуситтермен жүретін, ішкі мүшелердің қарсы орналасуымен-үштік симптоммен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

* Кеудедегі ауырсыну, ентігу және полицетемиемен, айқын цианозбен сипатталатын, тұқым қуалайтын ауру

* Альвеолаларда триофосфаттар мен кальций карбонатының біркелкі жойылмалы шөгуімен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

! Муковисцидоз– бұл:

*+Негізінде эндокринді бездердің патологиясы жататын, АІЖ-мен тыныс алу мүшелерінің зақымдалуымен жүретін тұқым қуалайтын ауру

* Анемияның үдеуімен бүйрек, өкпенің бірлесіп зақымдалуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

* Бронхоэктоз және риносинуситтермен ішкі мүшелердің қарсы орналасуы-үштік симптоммен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

* Кеудедегі ауырсыну, ентігу және полицетиямен, айқын цианозбен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

* Альвеолаларда триофосфаттар мен кальций карбонаттарының біркелкі жайылмалы шөгуімен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру

! Қабылдауда айқын қызбасыз, дене қызуы 38°С деңгейіндегі, жыл ішінде 6-7 жедел аурумен ауырған бала. Ауру кейде созылыңқы, тасқын тәріздес, отит, синусит түріндегі асқынулармен көрінген. Дене салмағының артықшылығы байқалады. Жоғарыда көрсетілген симптомдар қандай клиникалық түрге сай келеді?

* Соматикалық

*+Оториноларингологиялық

* Инфан­тильды

* Аралас

* Вегетативті

! Жиі ауыратын балалардың көптеген жүйелерінде денсаулық жағдайында, үлкен жиілікте неврологиялық артта қалулар, нервті-психикалық дамудың баяулауы, кейде мектепке психологиялық лайындықтың болмауы, сөйлеудің дамуының бұзылуы бар. Поликлиникалық сатыда мұндай балалар мына тағайындауларды қажет етеді:

* Дәрумендер, сульфаниламидтер, антиоксиданттар

* Дәрумендер, метаболиттер, фторхинолон препараттары

* Дәрумендер, протеолиздің лизоцим-ингибиторлары, гормондар

*+Дәрумендер, антиоксиданттар, пробиотиктер, иммуномодуляторлар

* Дәрумендер, гомеопатикалық препараттар, антибиотиктер

! 3,5 жастағы далада соңғы жылдары 6 рет ЖРА ауырған. Бұл баладағы инфекциялық индекс неге тең?

* 1,1

* 1,4

*+1,7

* 2,0

* 2, 3

! Назовите вид диатеза, проявление которого резко усиливается при приеме одной ягоды клубники?

* Экссудативно-катаральный

*+Аллергический

* Лимфатико-гипопластический

* Нервно-артрический

* Невропатический

! Ребенок 2 месяца. С 3-х недель жизни находится на смешанном вскармливании. При осмотре ребенок беспокоен. На щечках гиперемия, молочные корки, несмотря на тщательный уход. Отмечается покраснение на шее, в паховых областях, в подмышечных впадинах. Данная картина соответствует:

*+Экссудативно-катаральному диатезу

* Аллергическому дерматиту

* Лимфатико-гипопластическому диатезу

* Детской экземе

* Стрептодермии

! У ребенка с лимфатико-гипопластическим диатезом, появилась бледность, вялость, снижение АД, брадикардия, тошнота, рвота, частое обильное мочеиспускание. Чем можно объяснить причину появления вышеперечисленных симптомов?

* Присоединилась менингококовая инфекция

* Развился инфекционный токсикоз

*+Развился гипоталамический синдром

* Развилась тимико-надпочечниковая недостаточность

* Развилось кетоацидотическое состояние

! У мальчика 8 лет с нервно-артритическим диатезом, в результате стрессовой ситуации, после короткого, до суток, периода предвестников в виде недомогания, головной боли, отказа от еды, запора, слабоахоличного стула, запаха ацетона изо рта, появилась рвота, которая быстро приобрела характер неукротимой, сопровождаясь обезвоживанием, интоксикацией, гипертермией. В крови ацидоз, гипогликемия, гипохлоремия, снижение сахара и натрия. В моче ацетон, после приступа, уробилинурия. Чем осложнился НАД у данного ребенка, дальнейшая тактика ведения?

* Гипогликемией, госпитализировать, в/в капельно солевые р-ры, глюкоза

* Инфекционным токсикозом, лечить амбулаторно, питье 5% р-ра глюкозы, сладкого чая, фруктовых соков

* Ацетонемической рвотой, госпитализировать, голодная диета на 6 часов в/в капельно солевые р-ры, глюкоза

*+Тимико-надпочечниковой недостаточностью, госпитализировать, голодная диета на 12 часов, в/в капельно солевые р-ры, глюкоза

* Кетоацидоз, лечить амбулаторно, питье охлажденных солевых растворов, глюкозы малыми порциями

! Балаға 4 ай. Балада жедел мазасыздық пайда болып, тыныс алуы қиындап, бұғана асты шұңқыр тартылып, «үрген» тәріздес жөтел, ауыз айналасының көгеру пайда болды. Тершеңдік байқалады. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Бас сүйегі қисайған, қабырғаларда «мешелдік таспиық». Құрсақ мүшелерінде ауытқулар жоқ. Қандай патология орын алып отыр?

* ЖРВИ

* Стенозды ларинготрахеит

* Қарапайым бронхит

* Обструктивті бронхит

*+Спазмофилия

! Балаға 8 ай, бірінші жүктіліктен, уақытында 3400г салмақпен туылған. 1,5 айынан жасанды тамақтанады. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ кеш енгізілген. Басын 2,5 айдан бастап ұстаған, 7 айында отырған, тұра алмайды. Тексеріп қарағанда: әлсіз, тершеңдігі жоғары. Тері түсі бозғылт. Жалпы Бұлшық еттің жалпы гипотониясы. Басы шаршы формалы, маңдайы дөңестенген. Үлкен еңбегі 2,0х 2,5 см, шеті жұмсарған. Тістері шықпаған. Көкірек қуысы екі жағынан қысылған, апертурасы кеңейген. «Мешелдік білезіктер» айқын. Іші «құрбақа іші» тәріздес, жұмсақ. Бауыры қабырға доғасы астынан 3 см шығыңқы. Нәжісі тұрақсыз. Бұл баланың биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

* Р төмен, алкалоз, сілтілік фосфатаза жоғары

* Са төмен, ацидоз, сілтілік фосфатаза төмен

*+Са төмен, Р төмен, сілтілік фосфатаза жоғары

* сілтілік фосфатаза жоғары, Р төмен, диспротеинемия

* Са төмен, Р төмен, сілтілік фосфатаза төмен

! Балаға 9 ай. Буын-сіңір аппаратының босаңсуы, статистикалық және қозғалыс қызметтерінің дамуының тежелуі, «тауық» төс, «інжу» жіпшелері, «таспихтар», шаршы бас, маңдайдың, төбенің дөңестенуі анықталды. Сіздің диагноз:

* Мешел II дәрежелі, қызу кезеңі, жедел асты ағымды.

* Мешел II- III дәрежелі, бастапқы кезең, жедел ағымды

* Мешел III дәрежелі, қызу кезеңі, толқымалы ағымды

* Мешел II дәрежелі, қызу кезеңі, жедел ағымды

*+Мешел III дәрежелі, қызу кезеңі, жедел асты ағымды.

! Балаға 6 ай. II дәрежелі гипотрофия анықталған. Баланың салмақ жетіспеушілігі құрайды:

* 5% дейін

* 5-10%

* 10-20%

*+20-30%

* 30% артық

! Бала А. 3 ай. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бірақ мазасыз, ашушаң. Лоқсуға бейім, тері- асты май қабаты ішінде төмендеген, жұмсақ тіндер тургоры төмен, салмақ жетіспеушілігі 15% құрайды. Бойы қалыпта. Қандай патология орын алуы мүмкін?

* Гипостатура

* Паратрофия

*+Гипотрофия I дәрежелі

* Гипотрофия II дәрежелі

* Гипотрофия III дәрежелі

! Қыз бала 4 айда. Анасы баласының тәбетінің төмендеуіне, лоқсуына шағымданады. Бала уақытында 3400,0 салмақпен туған. Бір айынан бастап жасанды «Малыш» қоспасымен тамақтандырылған. Қазіргі салмағы 4,700г. Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта. Тері түсі бозғұлт-сұр, құрғақ. Терісі тез қатпарланады, жазылуы нашар. Жылағанда ауыз-мұрын ұшбұрышы көгереді. Тері асты май қабаты нашар дамыған. Бұлшықеттері болбыр. Іші аздап қампиған. Нәжісі тұрақсыз. Диагноз қойыңыз.

* Гипотрофияның III дәрежелі түріндегі дистрофия, бастапқы кезең, постнатальді, аралас генезді.

* Гипотрофияның II- III дәрежелі түріндегі дистрофия, қалыпқа келу кезеңі, постнатальді, алиментарлық генезді

*+Гипотрофияның II- III дәрежелі түріндегі дистрофия, үдеу кезеңі,

постнатальді, алиментарлық генезді

* Гипотрофияның I- II дәрежелі түріндегі дистрофия, үдеу кезеңі, постнатальді, аралас генезді.

* Гипотрофияның III дәрежелі түріндегі дистрофия, үдеу кезеңі, постнатальді, аралас генезді.

! Бала 3 айда. Туғандағы салмағы 3,200г. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бала мазасыз, ашушаң. Кейде лоқсиды. Тері асты май қабаты ішінде төмендеген, жұмсақ тіндер тургоры төмен, салмақ жетімсіздігі 18% құрайды. Бойы қалыпта. Осы балаға тамақ мөлшері қай салмағына есептеледі?

* 4,430г

* 4,9640

*+5,400г

* 5,510г

* 4,9568

! 14 жастағы бала қыжылдауға, ашқарында асқазан тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Қыжылдық болуы нені білдіреді:

* Асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі

*+Өңешке асқазан сөлінің лақтырылуы

* Өт жолдарының дискинензиясы

* Диафрагмальды жарық

* Пенетрация

! 12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз:

* Перфорация

* Малигнизация

*+Қан ағу

* Өтімсіздік

* Ұйқы безіне пенетрация

Страница 246 из 246