Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИГА.rtf
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.81 Mб
Скачать

40 Жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит в», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымын бағалаңыз.

А) Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

В) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже

С) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже

D) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже

Е) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

{Дұрыс жауап}= E

$$$0058

20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы . Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.

Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес?

А) 0 дәрежесіне

В) I дәрежесіне

С) II дәрежесіне

D) III дәрежесіне

Е) IV дәрежесіне

{Дұрыс жауап}= С

$$$0059

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ. Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Иерсиниоз

В) Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

С) Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

D) Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) Жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап}= E

$$$0060

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Псевдотуберкулёз

В) Жәншау (Скарлатина)

С) Лептоспироз

D) Қызылша

Е) Листериоз

{Дұрыс жауап}=A

$$$0061

35 Жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°с-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған.

Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау.

Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Цефтриаксон

С) Ацикловир

D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

{Дұрыс жауап}=D

$$$0062

21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.

Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.

ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.

Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес?

A) Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

B) Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л

C) Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л; ; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л

D) Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

E) Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л

{Дұрыс жауап}=A

$$$0063

25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39°С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау.

Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.

Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады?

A) Серологиялық зерттеу

B) Паразитологиялық зерттеу

C) Биохимиялық зерттеу

D) Бактериологиялық зерттеу

E) Копроцитологиялық зерттеу

{Дұрыс жауап}=E

$$$064

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы , көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.

Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ?

А) Асқазан-ішекті жуып тазарту

В) Ауыз арқылы регидратация жүргізу

С) Жасанды дем алдыру аппаратына қосу

D) К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу

Е) Гемодиализді жүргізу

{Дұрыс жауап}=C

$$$065

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

А) Бауырдың биохимиялық сынамасы

В) Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау

С) Несепті өт пигметтеріне зерттеу

D) Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ

Е) Зонд арқылы өтті тексеруге алу

{Дұрыс жауап}=E

$$$066

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.

Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?

А) Пенициллин натрий тұзы

В) Левомицетин сукцинат натриі

С) Тетрациклин

D) Цефтриаксон

Е) Кларитромицин

{Дұрыс жауап}=B

$$$0067

АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы

В) перифериялық жүйке жүйенің зақымдалуы

С) тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Полилимфоаденопатия

Е) жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап} – D

$$$0068

30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғайю. Жалпы билирубин - 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.

Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?

А) жеңіл ағымы

В) ауыр түрі

С) орташа ауырлық

D) көмескі түрі

Е) холестатикалық түрі

{Дұрыс жауап} – С

$$$0069

Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады?

A) тырысқақ

В) тағамдық токсикоинфекция

С) эшерихиоз

D) амебиаз

Е) сальмонеллёз

{Дұрыс жауап} – А

$$$0070

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: Т = 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Иерсиниоз

В) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

С) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

Д) жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап} – С

$$$0071

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау.

Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.

Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?

А) Тағамдық токсикоинфекция, ауыр түрі, ИТШ – 2 дәреже

В) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр жетіспеушілігі

С) Ботулизм, ауыр түрі, тыныс алу жетіспеушілігі.

D) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі

Е) Сальмонеллёз, гастроинтестиналды түрі, ауыр ағымы, инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шок

{Дұрыс жауап} –D

$$$0072

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Скарлатина

В) Псевдотуберкулёз

С) Лептоспироз

D) Қырым геморрагиялық қызбасы

Е) Токсоплазмоз

{Дұрыс жауап} –В

$$$0073

Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реңкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән?

A) аденовирусты ауру

В) энтеровирусты ауру

С) парагрипп

D) грипп

Е) риновирусты инфекция

Дұрыс жауап – D

$$$0074

39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастығырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз:

А) Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы

В) IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ)

С) ІІІ дәрежелі ЖБЭ

D) ІІ дәрежелі ЖБЭ

Е) І дәрежелі ЖБЭ

Дұрыс жауап – Е

$$$0075

20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді?

А) І дәрежесіне

В ) ІІ дәрежесіне

С ) ІІІ дәрежесіне

D ) IV дәрежесіне

Е ) құрғау белгілері жоқ

Дұрыс жауап – В

$$$0076

35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А) қарасан, карбункулезді түрі

В) қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі

С) қарасан, сепсистік түрі

D) оба, терідегі түрі

Е) оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі

Дұрыс жауап – А

$$$0077

21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?

A) Лептоспироз

B) Описторхоз

C) Вирусты гепатит, орташа ауырлықта

D) Вирусты гепатит, ауыр ағымы

E) Вирусты гепатит, жеңіл ағымы

Дұрыс жауап – С,

$$$0078

25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз?

A) жедел дизентерия, орташа ауырлықта

B) жедел дизентерия, жеңіл ағымы

C) жедел дизентерия, ауыр ағымы

D) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты

E) сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты

Дұрыс жауап – А

ФТИЗИАТРИЯ

$$$001

Туберкулезге қарсы қолданатын препараттарға туберкулез микобактериясының резистенттілігінің қалыптасуы немен байланысты:

А) адамның іс әрекетіне байланысты табиғатқа әртүрлі заттарды шашу

В) туберкулез микобактериясының генетикалық мутацияға табиғы қабілеттілігі

С) бейадекватты ем, соның ішінде антибактериальды препараттарды үзіп қабылдау

D) туберкулезге қарсы қолданатын бір препараты ұзақ емделу

Е) химиопрофилактика

{Дұрыс жауап}= C

$$$002

Қандай аспапты зерттеулерді қолдану арқылы пациентте «Оң жоғарғы бөліктің бронх туберкулезі» деген асқыну анықталған:

А) бронхография

В) бронхоскопия

С) аускультация

D) томография

Е) трансторакальды пункция

{Дұрыс жауап}= B

$$$003

Қосымша қандай зерттеулердің көмегімен науқастан зақымдалған учаскеде өкпе тінінің ыдырауы анықталды:

А) Бронхоскопия

В) Перкуссия

С) Бронхография

D) Томография

Е) Биопсия

{Дұрыс жауап}= D

$$$004

Дәрігерге қаралу арқылы 32 жастағы М. деген пациенттен жаңа анықталған туберкулез бактерия бөлумен анықталған. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерге ауруханалық емге жатқызылды. Осы жағдайға байланысты қандай құжаттарды міндетті түрде санэпидстанцияға және туберкулезге қарсы күрес жүргізу службасына толтырылып жіберіледі:

А) ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасы

В) 089 және 058 шұғыл хабарлама

С) 016 амбулаториялық картасы

D) 093 шабарман қағазы

Е) тұрмыс жағдайын жақсарту анықтамасы

{Дұрыс жауап}= B

$$$005

Соңғы айларда 27 жастағы И. деген науқас әйел дене температурасының 38о дейін көтерілуін, ентігуін, тез шаршауын, еңбекке қабілетінің төмендуін, тәбеттінің төмендеуін, жөтелуін байқайды. Сол өкпеде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: - сол өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суретінің фонында бояу әлсіз қанықтағы ошақты көлеңкелер, түбірде кальцинаттар көрінеді. Қақырықтан ТМБ-сы а нықталмады. Қан анализінде лейкоциттер-10,8 х 109 және ЭШЖ - 32 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозды таңдаңыз:

А) Милиарлы туберкулез

В) Мол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы

С) Мсол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі

D) Карциноматоз

Е) Өкпенің ошақты туберкулезі

{Дұрыс жауап}= B

$$$006

Оң өкпенің бірінші сегментінде орналасқан инфильтратты туберкулез, ТМБ (+) алғаш рет 25 жастағы К. деген науқаста анықталған, ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фазасының 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды.

Рентгенограммада –оң өкпенің 1-сегментінде шеті анық диаметрі 3 х3 см дейін біртекті/гомогенд фокусты і көлеңке көрінеді. Сіздің таңдаған болжама диагнозыңыз:

А) Домалақ инфильтрат

В) Толған киста

С) Шеткі қатерлі ісік

D) Эхинококк

Е) Туберкулома

{Дұрыс жауап}=E

$$$007

Науқас А, 25 жаста. Диагнозы: оң өкпе 2 сегментінің туберкулемасы, ТМБ (-). І категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкуломаның диаметрі 6 см. Наркоманиямен ауырады. Келесі емдеу тактикасын таңдаңыз.

А) Антибактериальды терапияны жалғастыру

В) Үнемді резекция

С) Эндотрахеальды дәрі құю

D) Жасанды пневмоторакс

Е) Пневмоперитонеум {Дұрыс жауап}= B

$$$008

36 жастағы С. деген науқаста кешке қарай дене қызуы 37,7оС дейін көтеріледі. Қақырықты жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына, әлсіздікке, дімкәстік-ке, арықтауына шағымданады. Осы шағымдар бойынша терапевтке қаралады. Дұрыс тексеру әдісін таңдаңыз:

А) бронхография

В) электрокардиография

С) ТМБ-на қақырықты зерттеу

D) спирография Е) торакоскопия {Дұрыс жауап}= C

$$$009

55 жастағы О. деген науқас азапты жөтелге, қан түкіруге, әлсіздіктің күшеюіне шағымданады. Соңғы айларда 6-7 кг арықтағанын айтады. Диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдісін таңдау керек:

А) спирография

В) бронхография

С) рентгенография

D) электрокардиография Е) УДЗ/УЗИ {Дұрыс жауап}= C

$$$010

35 жастағы Қ. деген науқас әйел кеуде қуысының ауыру сезіміне, әлсіздікке, жө-телге шағымданады. Қақырықта қан жолағы бар. 5 күндей дене қызуы субфеб-рильды болды. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Қақырықта ТМБ анық-талмаған. Лейкограммада: лейкоциттер – 9,5 х 109, эозинофильдер – 7 %, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің 2-ші сегментінде диаметрі 4 см-ге дейін, шеті салыстырмалы анықтықтағы, бояу қаңықтығы әлсіз гомогенді күңгіртену көлеңкесі көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

А) жоғары бөліктік пневмония

В) өкпенің инфильтратты туберкулез

С) ракты пневмония

D) эозинофильды инфильтрат

Е) абсцестелген пневмония {Дұрыс жауап}= B

$$$011

Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберку-лезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша толық тера-пиялық курсын 50 жастағы Е. деген науқас былтырғы жылы алған.Терапевтік нәтижеге жеткен, бактерия бөлу тоқтаған, бірақ ыдыраған жерде каверна түзілген. Рентгенограммаға қараңыз:

Сіздің таңдаған мүмкін болатын диагноз: А) Инфильтратты туберкулез ыдырау фазасы В) Абсцестерленген пневмония

С) Туберкуломаның ыдырауы

D) Өкпенң кавернозды туберкулезі

Е) Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

{Дұрыс жауап}= D

$$$012

Науқас Б. 35 жаста, 2 апта бұрын жедел ауырған дене қызуының 39о дейін көтерілген, жөтел пайда болған. Пневмония диагнозы қойылған. Бейспецификалық ем жүргізілген. Жағдайы аздап жақсарған, бірақ тәулік бойынша қақы-рықтың көлемі 300 мл дейін жоғарлаған, жағымсыз иісі бар. Объективті: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Перкуторлы: сол жақ жауырын аралығындағы кеңістікте өкпелік дыбыс қысқарған және осы жерде әртүрлі ылғалды сырылдар естіледі. Лейкограммада: лейкоцитоз – 20 х 109, ЭТЖ – 55 мм/сағ.

Қақырықта ТБ анықталмаған. Рентгенограммада – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күнгірттену көлеңке тұсында көлденең деңгейдегі сұйықтық сақинатәріздес қуыста көрінеді. Сіздің таңдаған болжама диагнозыңыз: А) Өкпенің инфильтратты туберкулезі

В) Бронхоэктатикалық ауру

С) Абсцестелген пневмония D) Метастазды ісік Е) Инфаркты пневмония

{Дұрыс жауап}= C

$$$013

Өкпенің инфильтратты туберкулезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 50 жастағы науқас Р. қарқынды және жалғастырушы фазасының емін 8 ай қабылдаған. Ыдырау қуысы жабылған және бактерия бөлу тоқталған. Науқасты эпидемиологиялық есебінің бақылауынан қашан шығару болады?

А) бірден бактерия бөлу тоқтағаннан кейін

В) ТМБ тапсырғанда үш рет теріс нәтиже бергенде С) Бактерия бөлу тоқтағаннан кейін 6 айдан соң

D) Бактерия бөлу тоқтағаннан кейін 1 жылдан соң

Е) Бактерия бөлу тоқтағаннан кейін 2 жылдан соң

{Дұрыс жауап}= D

$$$014

27 жастағы В. деген науқас қан түкіруге, шырышты іріңді қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданып дәрігерге қаралып тексерілген. Тексерілген кейін одан өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагноз анықталған. Оған емнің категориясын және типін таңдаңыз:

А) негізгі дәрілермен 1 категория бойынша емдеу, жаңадан анықталған туберкулез В) негізгі дәрілермен 2 категория бойынша емдеу, рецидив

С) негізгі дәрілермен 3 категория бойынша емдеу, жаңадан анықталған туберкулез

D) негізгі дәрілермен 4 категория бойынша емдеу, рецидив Е) резерв тобындағы дәрілермен емдеу, сәтсіз ем {Дұрыс жауап}= A

$$$015

52 жастағы Ж. деген науқас өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+деген диагнозбен 1 категория бойынша 2 ай ем қабылданған. Туберкулездің улану симптомдары жойылған. Бактерия бөлу тоқталмаған. Сіздің әрі қарай емдік тактикаңыз:

А) хирургиялық ем көрсетілген

В) 2 категория бойынша емді жалғастыру

С) жасанды пневмоторакс жасау

D) емнің қарқынды фазасын 1 айға жалғыстыру

Е) емнің қарқынды фазасын 2 айға жалғыстыру

{Дұрыс жауап}= D

$$$016

Маскүнемдікпен зардап шегетін 36 жастағы Д. деген науқас «Өкпенің төмеңгі бөлігінің (S6) инфильтратты туберкулезі, ТМБ+, МЛУ» диагнозымен 6 ай емделген. Емнен кейін оң динамика байқалған: улану симптомдарды жоғалған және өкпесіндегі инфильтрация сорылған, ошақтар тығыздалған. Бірақ өлшемі 3 х 2 см дейінгі каверна сақталған. Бактерия бөлмейді. Кейінгі емі қандай болу керек? А) Туберкулезге қарсы қолданатын дәрілерді күн ара ішіп жалғастыру

В) Туберкулезге қарсы қолданатын дәрілерді ішіуін жалғастыру

С) Үнемді резекция көрсетілген

D) Плевропульмонэктомия көрсетілмеген

Е) Санаториялық курортты ем көрсетілген {Дұрыс жауап}= C

$$$017

40 жастағы Ж. деген науқастан профилактикалық тексеруде оң өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі анықталған. Кавернозды туберкулезге НЕ тән емес?

А) Улану белгілердің болмауы

В) Физикалық мәліметтің болмауы

С) Жұқа қабырғалы кавернаның айналысында айқын емес фиброз және себінді ошақтар бар

D) Қалыпты лейкограмма Е) Көп мөлшерде бактерия бөлу

{Дұрыс жауап}=E

$$$0018

БЦЖ вакцинасының екпелік дозасы:

А) 0,05 мг

В) 0,1 мг

С) 0,5 мг

D) 0,05 г

Е) 0,5 г

{Дұрыс жауабы}=А

$$$0019

Науқас 39 жаста. Жұмысқа тұру үшін профилактикалық тексеру кезінде өкпесінде өзгерістер анықталды. Жасөспірім кезінде туберкулезге қарсы препараттардың толық емдеу курсын алған. Кеуде клеткасының жалпы шолу рентгенографиясында оң жақ өкпенің бұғана асты аймағында сыртқы шеттері айқын емес, пішіні дұрыс емес, гомогенді емес қараю анықталды. Микроскопиялық қақырықта ТМБ табылған жоқ. Клиникалық жіктелу бойынша диагноз қойыңыз:

А) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, рецидив, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

В) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, жаңа жағдай, 1 категория, IА диспансерлік бақылау тобы

С) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, басқа жағдай, 2 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

D) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі, рецидив, 1 категория, IБ диспансерлік бақылау тобы

Е) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі, басқа жағдайлар, 2 категория, IА диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауабы}=C

$$$0020

Науқас, 42 жаста. Бала кезінде туберкулезбен ауырған. Рентгенограммада: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қатты фиброзды өзгерістер фонында ыдыраған әр түрлі көлемдегі қуыстар мен маңайында әр түрлі интенсивті ошақтар анықталады. Өкпе суреті күшейген, сол жақ өкпе түбірі тартылған Микроскопияда: қақырықта МБТ ++ . Диагноз қойыңыз:

А) Инфильтративті туберкулез. Рецидив

В) Инфильтративті туберкулез. Үзілістен кейінгі ем

С) Туберкулема. Жаңа жағдай

D) Фиброзды-кавернозды туберкулез. Рецидив

Е) Кавернозды туберкулезі. Үзілістен кейінгі ем

{Дұрыс жауабы}=D

$$$0021

Бала, 4 жаста. Жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, дене температурасының 37,20С көтерілуіне шағымданады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлімінде өкпенің түбіріне «жолы» бар, қарайған, шеттері анық емес, көлемі 2,5см фокус анықталды. Оң жақты бронхопульмональды лимфа түйіндері ұлғайған. Оң жақ түбірі инфильтрленген. Синустары бос. Диагноз қойыңыз:

А) Инфильтративті туберкулез ыдырау фазасында, басқалар, I категория, IА диспасерлік бақылау тобы

В) Инфильтративті туберкулез себілу фазасында, басқалар, I категория, IБ диспасерлік бақылау тобы

С) Диссиминирленген туберкулез ыдырау фазасында, жаңа жағдай, I категория, IА диспасерлік бақылау тобы

D) Біріншілік туберкулездік қосынды, тығыздалу фазасында, жаңа жағдай, III категория, IБ диспасерлік бақылау тобы

Е) Біріншілік туберкулездік қосынды, инфильтрация фазасында, жаңа жағдай, I категория, IА диспасерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауабы}=E

$$$0022

Науқас 23 жаста. 5 жасында туберкулезге қарсы химиотерапияның толық курсын алған. Рентгенде: барлық өкпе алаңында өлшемі 1-2 мм, аз интенсивті, мономорфты көлеңке анықталды. Қақырықта микроскопиялық зерттегенде МБТ анықталған жоқ. Демеуші фаза емін тағайындаңыз

А) 4HR

В) 5HR

С) 4HE

D) 4HRE

Е) 5HRE

{Дұрыс жауабы}=E

$$$0023

Бала 12 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас анасымен қатынаста болған. Шағымдары: жөтел, тәбеті төмендеген. 2 ТБ Манту сынамасы –16 мм. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ұсақ, тығыз эластикалы, ауырсынбайды. Кеуде клеткасының тура және бүйір проекциясында: тілшелік сегментте орташа интенсивті, контуры айқын емес, өлшемі 2х3 см, кең « жол» өкпе түбіріне қарай бағытталған қараю анықталады. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры айқын емес. ЖҚА: лейкоциттер 12х109/л, эозинофилдер 4%, ТЯ 65%, моноциттер 6% лимфоциттер 25%, ЭТЖ 18 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:

А) Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы тығыздалу фазасы, басқа жағдай, ІІІ категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы

В) Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, І категория, ІА диспансерлік бақылау тобы

С) Сол жақ өкпенің ошақты туберкулезі инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, І категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы

D) Сол жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі себілу фазасы, басқа жағдай, І ктегория, І А диспансерлік бақылау тобы

Е) Сол жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, ІІ категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауабы}=B

$$$0024

Науқас әйел, 42 жаста. Бала кезінде туберкулезбен ауырған. Қақырықты жөтелге, жүдеу, тершеңдік, температурасының 37,20С-ге көтерілуіне шағымданады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде гомогенді емес, ағару бөліктері бар, фокусты қараю анықталады. Өкпе түбірі ұлғаймаған. Диагноз қойыңыз:

А) Ошақты туберкулез. Жаңа жағдай

В) Кавернозды туберкулез. Басқалар

С) Инфильтративті туберкулез. Рецидив.

D) Диссиминирленген туберкулез. Жаңа жағдай

Е) Туберкулема. Рецидив

{Дұрыс жауабы}=С

$$$0025

Науқас 36 жаста, 2 ай бойы әлсізідік, шырышты қақырықпен жөтел, қалтырау. Балалық шағында кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі бойынша химиотерапия алған. Рентгенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде аз және орташа қарқынды, өлшемі 1 см, көптеген көлеңкелер, сол жақ ұшында қабырғасы жұқа қуыс анықталды. Қақырық микроскопиясында МБТ анықталды. Қарқынды фаза емін тағайындаңыз

А) 2HRZS

В) 2HRZS 3S

С) 2HRZE

D) 3HRZS 2S

Е) 3HRZE

{Дұрыс жауабы}=D

$$$0026

Науқас, 37 жаста. Кеш түскен кезде пайда болатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Өкпенің жиынтық зерттеуі барысында өкпенің жоғары бөлігінде диаметрі 5-10 мм болатын шеттері айқын емес, симметриялы орналасқан көптеген көлеңкелер анықталды. Манту реакциясы 2 ТБ- 12мм. Қақырықта ТБ анықталмайды. Диагноз қойыңыз.

А) Инфильтративті туберкулез

В) Диссиминирленген туберкулез

С) Кавернозды туберкулез

D) Ошақты туберкулез

Е) Фиброзды-кавернозды туберкулез

{Дұрыс жауабы}=B

$$$027

Науқас 33 жаста. Екі ай көлемінде пайда болған әлсіздікке, қақырығы аз жөтелге, жүдеуге шағымданады. Астеникалық тип, тері жабындылары бозғылт, кеуде қуысының екі бөлігі де тыныс алу актінінен қалып отыр, жауырынаралық аймақта бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: күшейген өкпе суреті фонында өкпенің жоғарғы бөлігінде әртүрлі көлемдегі және тығыздықтағы, кейбір жерлерде бірігетін ошақтар анықталды. ЖҚА-да: лейкоцит- 12,6х109\л, СОЭ-29мм\сағ. Диагноз қойыңыз.

А) Фиброзды-кавернозды туберкулез

В) Инфильтративті туберкулез

С) Цирротикалық туберкулез

D) Диссеминирленген туберкулез

Е) Кавернозды туберкулез

{Дұрыс жауабы}=D

$$$028

Науқас 33 жаста. Жанұялық аурухаға кеуде клеткасының ауырсынуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының 37,50С жоғарылауына байланысты келді. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Рентгенологиялық зерттеуде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараю, төменгі бөліктерінде интенсивтілігі жоғары ошақ анықталды. Диагноз қойыңыз:

А) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

В) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі тығыздалу фазасы, басқа жағдайлар, І категория, І Б диспансерлік бақылау тобы

С) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

D) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі себілу фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

Е) Оң жақ өкпенің туберкулемасы ыдарау фазасы, рецидив, ІІ категория, І А диспансерлік бақылау тобы

{Дұрыс жауабы}=D

$$$029

Науқас 37 жаста. Қақырықты жөтелге, ауыр жұмыс істегенде тез шаршағыштыққа, кешкі тершендікке шағымданады. 1 жыл бұрын туберкулез анықталған, емнің интенсивті фазасын қабылдап, кейін жұмыспен басқа қалаға кеткен. Бойы 173. Дене салмағы 53. Т 38,90С. Өкпенің жоғарғы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы бронхиальды, жөтелгеннен кейін ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: өкпенің жоғарғы бөлігінде домалақтанған қуыстар, төменгі бөліктерінде – әр түрлі ошақтар, қабырғааралықтары қысқарған, диафрагма куполы көтеріңкі екендігі байқалады. Қақырықта микроскопиялық ТМБ-сы табылған. Диагноз қойыңыз:

А) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, рецидив, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы

В) Созылмалы диссеминирленген өкпе туберкулезі ыдырау фазасы, рецидив, 4 категория, 1В диспансерлік бақылау тобы

С) Кавернозды өкпе туберкулезі инфильтрация фазасы, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1В диспансерлік бақылау тобы

D) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі себілу сатысында, үзілістен кейін ем, 2 категория, 1Б диспансерлік бақылау тобы