Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИГА.rtf
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.81 Mб
Скачать

8 Апталық балада жөтел, кеуде клеткасының ішке тартылуы байқалады. Бжаыж сәйкес ампициллин мөлшері:

A) Сироп 250 - 2,5*күніне 2 рет

B) Сироп 250 - 2,5* күніне 3 рет

C) Сироп 250 – 2,5* күніне 4 рет

D) Сироп 250 - 5,0* күніне 3 рет

E) Сироп 250 - 5,0* күніне 4 рет

{Дұрыс жауабы}=C

$$$054

ЖТД қабылдауында 6-айлық бала қабылдауға келді, салмағы 8кг. Қойылған диагноз: ЖРВИ, фебрильді тырысулар. Шұғыл көмек ретінде тырысуды басу үшін балаға міндетті түрде 0,5% седуксен ерітіндісін енгізу керек:

А) 0,1мл

В) 0,5 мл

С) 0,8мл

D) 0,9 мл

Е) 1мл

{Дұрыс жауабы}=С

$$$0055

Ингаляциялық стероидтардың жиі жағымсыз әсерін көрсетіңіз:

A) Ауыз қуысының кандидозы

B) Бүйрек үсті безі қыртысының жетіспеушілігі

C) Остеопороз

D) Гипергликемия

E) Иценко- Кушинга синдромы

{Дұрыс жауабы}=A

$$$0056

Ревматикалық қызбаның негізгі диагностикалық критерилері болып табылады:

A) Ошақтық инфекция

B) Кардит

C) Жалпы әлсіздік

D) Артралгия

E) Қызба

{Дұрыс жауабы}=B

$$$0057

10 жастағы бала демалудың қиындығының кезеңді ұстамаларына шағымданады. Анамнезінен: Қиын тыныс алу ұстамалары соңғы 1,5 жыл ішінде 3-4 рет мазалаған, өздігінен басылады, түңгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит кеудені обьективті қарағанда және рентгенологиялық тексергенде патологиялар анықталған жоқ, Спирография анықтамалары бойынша ПСВ-85%. Диагноз қойыңыз:

A) Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

B) Интерметирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта

C) Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта

D) Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі

E) Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта

{Дұрыс жауабы}=A

$$$0058

Қыз бала, 4 айлық. Шығымы: ылғалды қақырықты жөтел, мұрнынан су ағу. 3 күн бойы ауырады. Бүгін жағдай кенеттен нашарлаған. Температурасы 39ºС, анасын ембейді,дистанционды сырылдар. Объективті:терісі бозғылт, ылғалды, периоральды цианоз, тынысы беткей, ентігу аралас типті, ТЖ 60 рет/мин, бұғана үсті ойығы және қабырға аралықтары көтеріліп тұр, PS 160 рет/мин, аускультативті – өкпенің барлық алаңында әлсіреген тыныс есебінен көптеген құрғақ және ылғалды әр-түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз:

A) Жедел жай бронхит, ТЖ I дәрежесі

B) Жедел обструктивті бронхит, ТЖ II дәрежесі

C) Бронхиолит, ТЖ II дәредесі

D) Ауруханадан тыс пневмония, ТЖ II дәрежесі

E) Бронх демікпесі, status asthmaticus

{Дұрыс жауабы}=D

$$$0059

Туа біткен жүрек ақауымен 10 жасар бала жанұялық дәрігердің диспансерлік бақылауында тұрады. Шағымдары жоқ. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Баланы қарағанда: жүрек ұшы соғуы және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультация кезінде IV-V қабырға аралығы бойында, төстің сол жағы қатты-дөрекі тембрдағы систолалық шу естіледі. Клиникалық диагнозды атаңыз:

A) Жүрекше аралық перденің ақауы

B) Қарынша аралық перденің ақауы

C) Фалло тетрадасы

D) Ашық аортальді өзек

E) Аорта сағасының стенозы

{Дұрыс жауабы}=B

$$$0060

Балаға 11 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз:

A) Туа пайда болған жүрек ақауы

B) Ерте туа пайда болған кардит

C) Жүре пайда болған кардит

D) Пневмония

E) Бронхит

{Дұрыс жауабы}=C

$$$0061

Он жастағы баланың анамнезі бойынша ауырғанына екі жыл болған. Ауруханаға келген кездегі шағымы: тамақ ішкеннен кейін, тұзды, ащы тамақ жегенде пайда болатын эпигастри аймағындағы тұйық, сыздаған ауырсыну болады. Кейде жүрегі айнып, құсады да. Құсығы қорытылмаған тамақпен және жеңілдік әкеледі. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қыз бала арық. Ішін,эпигастрии аймағын сипағанда ауырсыну сезімі бар. Асқазан сөлін фракциялап тексергенде ашқарынға тұз қышқылының мөлшері 50 мг, 30 минут аралығындағы секрецияның базальді фазасында-37 мг, бір сағаттық күштемеде секреция 109 мг, ашқарындағы асқазан сөлінің мөлшері 32мл, базальді секреция-39мл, бір сағаттық күштемеде секреция-72мл. Асқазан рентгеноскопиясы: өңеш және кардии өтімділігі жақсы, асқазан тонусы төмен, ашқарынға біраз сөл жиналған, сөл тексеру барысында көбейе түсуде, перистальтикасы нашар, шырышты қабатының қыртысы иірілімді. Қарын пішіні тегіс. Пиязшық пен он екі елі ішектің ілмегі дұрыс формалы, жиырылуы жақсы. Дуодено-еюнальді өту жері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:

A) Асқазан жарасы ауруы

B) Дуодено-гастральді рефлюкс

C) Асқазанның функциональдық бұзылысы

D) Созылмалы гастродуоденит

E) Жіті гастрит

{Дұрыс жауабы}=D

$$$0062