Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IGPRK_emtihan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.1 Кб
Скачать

1958 Жылы ҚазКср Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.

60-жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлскет басшысы Н.С.Хрущевтің орнынан түсіп, билікке Л.И.Брежневтің келуімен байланысты.

1977 жылы республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндсгі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, сслолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікгі Кеңестердің атқару комитеттерінің құрамына 20 мың адам кірді.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің, оның Президиумының жұмысы жүйелсне түсті. Сессиялар тұрақты шақырылып, оларда мемлекеттік басқарудың маңызды мәселелері талқыланып, жаңа заңдар мен кодекстер қабылданды. 1924 жылы Түркістан республикасы тараған соң оның құрамындағы Сырдария жоне Жетісу облыстары ҚазАКСР құрамына енгізіліп қазақтың жсрлері қайтарылды. Осы жылы Қарақалпақ автономиялы облысы да Қазақстан құрамына кіріп, 1932 жылы Өзбек КСР-і құрамына өтті. Орынбор қаласы мен облысының біршама аудандары РКФСР құрамына берілді.

ҚазКСР Конституциясы бойынша Қазақстанның шекарасы тек оның Жоғаргы Кеңесінің келісімімен ғана өзгсруге жатты. 1955 жылы 13 жслтоқсанда Жоғарғы Кеңес қаулысымен Батыс Қазақстан облысының Жәнібск ауданының жалпы көлсмі 7049 гектар оңтүстік болігі РКФСР-дің Астрахан облысының Владимир ауданына бсрілді.

Соғыстан кейінгі жылдарда, әсіресе 50-70-жылдары Қазақстандағы құқықтық жүйе дамыды. Еңбек құқығы негізінен одақтық заңдармен реттеле берді. Соғыс кезінде алынып тасталған еңбек демалыстары қалпына келтірілді. Артық жұмыстар тоқтатылды. Кәсіпорындардың кәсіподақ үйымдарымсн ұжымдық шарттары қалпына келді. Еңбекке қатысты тым қатаң тәртіптер, өндірістен өз бетімен кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық жойылды. Еңбек дауларын қараудың жаңа ережесі қабылданды.ҚазКСР-нің Еңбек туралы заңдар кодексі 1972 жылы 21 шілдеде қабылданды.

1959 Жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды.

1971 Жылы ҚазКср-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу,оларға еңбекпен түзеу өдістерін қолдану, т.Б. Мәселелер шешімін тапты.

1963 Жылы республиканың азаматтық және азаматтық-процессуальдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеугс бағытталды.

Сот құрылысы, сот ісі, адвокатура жәнс нотариатқа қатысты заңдар жетілдіріліп, кейбірі қайта қабылданды. ҚазКСР-нің әкімшілік жауапкершілік туралы заңдылығы онан әрі дамыды.

ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының тарихи құқықтық маңызы.

Қайта құрудың соңына қарай Ксңес Одағының орталық органдарының билігі әлсіреп, керісінше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-ы өздерінің егемендіктерін жариялады. Одақгы реформалауға бағытталған жаңа Одақтық шарттың жобасы жасалып жатты.

Осындай жағдайда 1990 жылы 25 казанда республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация» қабылдады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, ұлттардың өзін-өзі еркін билсу құқығыш тани отырып, қазақ үлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, демократиялық, құқықгық мемлскет құруды негізге алып, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялады және осы Дскларацияны қабылдады.

Декларация 17 баптан тұрды Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу құқығын сақтанды. Декларацияда алғаш peт ҚазКСР-і үлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді.

Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның оз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстсмдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай КазКСР-і өз егемендігіне қайшы келөтін одақ заңдарын тоқтата алды.

ҚазКСР-і халықаралық қатынастардың дсрбес субъектісі ретіндс Бірікксн Үлттар Ұйымына дөйінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.

Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындагы соңғы саты болып табылды. Сондықтан да кейінірек егемендік Декларациясы қабылданған 25- казан Рсспублика күні мерекесі болып бекітілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]