- •1. ҚазақстантерриториясыарқылыжүріпөтетінРесейдіңсаудакеруендерінқорғауміндетіқойылды.
- •2. Қымбатаңтерілерінтапсыруесебіненясаксалығынтөлеу.
- •16 Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы» Жарғы.
- •1844 Жылғы «Орынбор қазақтарын басқару туралы» Ереже бойынша басқару жүйесіндегі өзгерістер.
- •1. Гурьев, 2. Орал, 3. Орынбор, 4. Орск, 5. Троицк, 6. Михай-лосек.
- •1932 Жылы кектемде үжымдастыру шараларына көшпелі жэне жартылай көшпелі халықтың 71,2% қамтылды.
- •IX тарау - сайлау жүйесінің негіздері жөнінде.
- •X тарау - республиканың астанасы, ел таңбасы жэне туы жө-нінде.
- •XI тарау - қкср-ның Конституциясына өзгерістер енгізу тэр-тібі жөнінде.
- •1977 Жылы 7 қазанда ксро-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Осыған орай Қазақ кср-нің бұл жаңа Конституциясы 1978 жылы 20 сәуірде қабылданды. Конституция 10 бһлім, 19 тарау, 173 баптан тұрды.
- •1958 Жылы ҚазКср Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.
- •1959 Жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды.
- •1971 Жылы ҚазКср-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу,оларға еңбекпен түзеу өдістерін қолдану, т.Б. Мәселелер шешімін тапты.
- •1963 Жылы республиканың азаматтық және азаматтық-процессуальдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеугс бағытталды.
- •1991 Жылы 10 желтоқсанда Казақ кср-інің атауы Казақстан Республикасы болып өзгертілді.
- •1993-Жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды.
- •2030 Стратегиясы 1997 жылы ашық құжат ретінде жасалды. Біз о бастан-ақ оған түзетулер енгізу мүмкіндігін ескердік.
- •2050 Жыл - жай бейнелі дата емес.
- •2050 Жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2050 Жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:
- •2020 Жылдан бастап біз салықтық несиелендіру практикасын енгізуіміз керек. Басты міндет - кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.
- •2050 Жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.
1977 Жылы 7 қазанда ксро-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Осыған орай Қазақ кср-нің бұл жаңа Конституциясы 1978 жылы 20 сәуірде қабылданды. Конституция 10 бһлім, 19 тарау, 173 баптан тұрды.
Оны қабылдау қарсаңында оның жобасын респуб-лика аумағында кең көлемде талқылау жүргізілді. Алайда, оған халықтың қатысуы формальді сипатта болды. Республиканың құ-қығын кеңейту, қоғамды демократияландыру, адам құқығын ке-пілдендіріп, сақтау жөніндегі ұсыныстар мен ескертпелер шетте-тіліп есепке алынбады, сондықтан бұл мэселелер Республиканың Негізгі Заңында көрініс таппады. Конституцияда жария етілген адам қүқықтарының демократиялық негіздері нақты тетіктерімен бекітіліп, іске асырылмады. Негізгі Заңда Қазақстанды үлттық республика ретінде оның ерекшеліктерін сипаттайтын баптар ен-гізілмеді.
Бұл Конституцияда КОКП-ның қоғамдағы жетекші рөлі бекі-тілді. Бұл жағдай басқалай бір балама партияны құруға мұмкін-дік бермей, бір партияның өктемдігін кұшейтті. Саяси жұйедегі партияның монополиясы оның жоғарғы органдары мен аппара-тының өрескелдіктерге жол беріп, билікті асыра пайдалануга, моральдық жағынан іріп-шіруге, тэртіп пен жауапкершіліктің төмендеуіне экеліп соқтырды. Қогамның барлық саласында нақ-ты билік-кеңес жэне шаруашылық органдарының қызметін өзіне меншіктеп алған партия аппараттарының қолына көшті.
Кэсіподақ үйымдары еңбекшілердің мүддесін қоргау органы-нан партия органдары мен экімшіліктің нүсқауларын орындау-шыларға айналды. Комсомол ұйымдарының жұмысы да формализммен ерекшеленді. Комсомол комитеттері партия органдары-ның қызметін қайталай отырып, жастардың мұқтажы мен мүдде-сінен алшақ тұрды.
Халық депутаттарының кеңестері еңбекшілердің толыққан-ды билік органы рөлінен айырылды. Шын мэнінде, көп жағдайда олар партия комитеттерінің шылауына айналды. Еңбек ұжымда-ры арқылы кандидаттарды ұсыну формальде түрде жүргізілді, іс жүзінде депутаттардың құрамы партия комитеттерінде анықта-лып, сайлау тағайындау жүйесіне айналды. Бір партиялық жүйе халықты таңдау құқығынан айырды.
Сонымен КСРО-ның ресми күрылу дэуірінен бастап, қоғам өмірінің эртүрлі саласында бірқатар езгерістер орын алды. КСРО бірнеше ондаған жылдардың кезеңінде қуатты экономиканың не-гізін құрып, космосты игерген, ядролық қаруды иеленген мемле-кетке айналды. Дегенмен, кеңес үкіметі дамуы кезіндегі эділдік-пен атап өтетін бағыттың бірі - халықтың төмендегідей салалар бойынша элеуметтік қорғалуының жоғары деңгейі болды. Атап айтқанда тегін медициналық қызмет көрсету, тегін білім алу, элеуметтік жағынан түрмысы төмен халықтың топтарына жеңіл-діктер беру және жэрдемақы төлеу, жұмыссыздықтын болмауы т.б. 70-ші жылдардың аяғында ұлттық табыс халықтың эр басына шаққандағы көлемі 12 есе өсті.
Сонымен бірге Конституцияда Компартияның қоғамдағы басшылық мәртебесібекітіліп, оның рөлі төмендегідей анықталды: жұмысшы табы би-лігі мемлекетінің бүкілхалықтық социалистік мемлекетке айна-луы; КОКП жұмысшы табының партиясының бүкіл халықтық партияға айналып, жэне кеңес қоғамын басқарудағы бірден-бір маңызды саяси күш ретінде саналады (6 бап). Конституциянын аталған 6-бабының мазмүны, бүрынғы кезеңдегі балама партия-лардьтң күрылуына ешқандай жол ашпай, Коммунистік партияны қоғамға басшылық жасайтын ресми бірден-бір саяси күш ретіндетүпкілікті заңдастырды.
Қазақстанның саяси және құқықтық дамуының кезеңдері.
Соғыстан кейін мемлсксттік құрылыс пен мемлекетті басқару бейбіт жағдайға қайта бейімделді. 1946 жылы 28 наурызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен ҚазКСР-дің Халық Комиссарлар Кеңесі ҚазКСР-нің Министрлер Кеңссі, ҚазКСР-нің Халық комиссариаттары ҚазКСР-нің министрліктері болып өзгерді. Кейбір министрліктердің саны 7 болды. Жаңадан онеркәсіп және құрылыс материалдары министрлігі құрылды. Министрліктердің өкілеттіктері артты. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды.
50-жылдары жергілікті кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің қызметтсрі кеңейтілді. Олардың тұрғын үй салу, көгалдандыру, онеркәсіп пен құрылыс саласындағы жоспарлау, бақылау және басшылық ету құқықтары артты.
1956 жылғы КОКП-ның XX сьезі Кеңес Одағының өміріндегі үлкен бетбұрыс кезең болды. Сталинның жеке басына табыну, социалистік заңдылықты аяққа басу, саяси қуғын-сүргін айыпталды. 30-50-жылдары жазықсыз атылған,қамалған азаматтардың үлкен тобы қайта ақталды.
50-жылдары одақтас республикалардың құқықгары артьш, егемендігі біршама кеңейді.
ҚазКСР Үкіметінің совхоздарды қайта құру, жою, жер бөлу, т. б. ауыл шаруашылығына қатысты құқықгары кеңсйді.
Одақтас республикалардың заң шығару құқығы кеңейтілді. Республикалар Одақтық мәселелерді шешуге көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Ксңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан одақтас республиканың окілдері кіргсн экономикалық комиссия құрылды.
