- •1. ҚазақстантерриториясыарқылыжүріпөтетінРесейдіңсаудакеруендерінқорғауміндетіқойылды.
- •2. Қымбатаңтерілерінтапсыруесебіненясаксалығынтөлеу.
- •16 Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы» Жарғы.
- •1844 Жылғы «Орынбор қазақтарын басқару туралы» Ереже бойынша басқару жүйесіндегі өзгерістер.
- •1. Гурьев, 2. Орал, 3. Орынбор, 4. Орск, 5. Троицк, 6. Михай-лосек.
- •1932 Жылы кектемде үжымдастыру шараларына көшпелі жэне жартылай көшпелі халықтың 71,2% қамтылды.
- •IX тарау - сайлау жүйесінің негіздері жөнінде.
- •X тарау - республиканың астанасы, ел таңбасы жэне туы жө-нінде.
- •XI тарау - қкср-ның Конституциясына өзгерістер енгізу тэр-тібі жөнінде.
- •1977 Жылы 7 қазанда ксро-ның жаңа Конституциясы қабылданды. Осыған орай Қазақ кср-нің бұл жаңа Конституциясы 1978 жылы 20 сәуірде қабылданды. Конституция 10 бһлім, 19 тарау, 173 баптан тұрды.
- •1958 Жылы ҚазКср Ғылым академиясының философия және құқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.
- •1959 Жылы қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық кодекстер қабылданды. Бұл кодекстер Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданды.
- •1971 Жылы ҚазКср-нің Еңбекпен түзеу кодексі қабылданып, онда сотты болған адамдардың жазасын өтеу,оларға еңбекпен түзеу өдістерін қолдану, т.Б. Мәселелер шешімін тапты.
- •1963 Жылы республиканың азаматтық және азаматтық-процессуальдық кодекстері қабылданды. Бұл кодекстер социалистік заңдылықты, социалистік қоғамдық қатынастарды реттеугс бағытталды.
- •1991 Жылы 10 желтоқсанда Казақ кср-інің атауы Казақстан Республикасы болып өзгертілді.
- •1993-Жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды.
- •2030 Стратегиясы 1997 жылы ашық құжат ретінде жасалды. Біз о бастан-ақ оған түзетулер енгізу мүмкіндігін ескердік.
- •2050 Жыл - жай бейнелі дата емес.
- •2050 Жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады.
- •1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
- •2050 Жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:
- •2020 Жылдан бастап біз салықтық несиелендіру практикасын енгізуіміз керек. Басты міндет - кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.
- •2050 Жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.
1844 Жылғы «Орынбор қазақтарын басқару туралы» Ереже бойынша басқару жүйесіндегі өзгерістер.
1844 жылғы ереже.1844 жылғы маусым айында «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Ереже» қабылданды. Мұнда басқару жүйесіне айтарлықтай ірі өзгерістер болмады, тек корғаншылар институты ғана енгізілді. Қорғаншылар орыс офицерлерінің арасынан тағайындалып. олар шекара аймағының тұрғындары мен қазақтардың арасындағы дауды мәселелерді шешуге тиісті болды. Одан басқа корғаншылар қазақ ағамандарына бақылау жасап, (старшиндар) жалпы басқару органдарының тапсырмаларын орындады, тергеу істерін жүргізді. Кіші жүз аумағында төмендегідей барлығы алты қорғаншылық әкімшіліктері қүрылды:
1. Гурьев, 2. Орал, 3. Орынбор, 4. Орск, 5. Троицк, 6. Михай-лосек.
Сот және сот жүргізу процесі.XIX ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ қоғамының сот жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, оның негізгі мақсаты - Батыс Қазақстан территориясында жалпы Ресейлік заңдар ме сот жүргізу процесін енгізуді женілдетіп, оны жалпыимпериялықжүйемен жақындатуды көздеді. Ең алдымен қылмыстық әрекеттер мен азаматтық құқық бұзушылықтың ара жігі ашылды және әр түрлі категориядағы ісгер әр-түрлі деңгейдегі соттардың қарауына берілді.
Әскери соттар- мемлекетке сатқындық, кісі өлтіру, тонау, барымта, Ресей адамдарын тұтқынға алу, үкіметке қарсы іс әрекет жасау сияқты қылмыстық істерді қарады. Істерді әскери сотпен қарау алдын ала тергеу материялдарының негізінде Орынбор әскер корпусы штабының шешімімен қабылданды. Сонымен бірге ол сот шешімін бекітіп отырды.
Кылмыстык істерді карау бөлімініңөкілеттігі шекаралық комиссияларға беріліп, мұнда ұрлыққа қатысты және елу рубль күміс ақшаға дейінгі бопсалауға қатысты, мемлекеттің шарап шығару монополиясын бұзу, шекаралық шептен құпия өту сияқты істерді қарады.
Азаматтык істерді карау бөлімібойынша шекаралық комиссия жалпы сомасы елу рублден асатын талап қою істерін қарады. Бұл категориядағы барлық соттар жалпы империялық заңдарға негізделді.
Билер сотының құзырына тек жалпы сомасы елу рублге дейінгі азаматтық талап қою істерін қарау тапсырылды. Билер мұндай істерді әдет-ғұрып құқығының негізінде шешкенімен, бүрын әдет-ғұрып құқығының жүйесінде болмаған түрмеге қамау, полицейлік қадағалауға беру, зиянды қалпына келтіру, шыбықпен сабау сияқты қосымша жазаларды қолдануға рұқсат берілді.
Сонымен XIX ғасырдың 20-50 жылдары Қазақстанның батысында жүргізілген әкімшілік және құқықтық реформалар бұл аймақты Ресей империясының құрамына түпкілікті қосып алу арқылы Кіші жүздің барлық жеріне жалпы империялық басқару жүйесі мен заңдарын тарату мақсатын көздеді.
Кенесары Қасымұлының жүргізген реформалары.
Қазақ даласына біртіндеп енген орыс әскерлерінің күші мен олардың кең байтақ далаға сала бастаған бекіністері халық наразылығын туғыза бастады. Отаршылдыққа қарсы қазақтар-дың ірілі-үсақты ұлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ең ірісі - Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық көтеріліс болды. 1822 және 1824 жылдардағы Патша Жарлықтары кең далаға күшпен енгізіліп, халықты өзінің туған даласында қатты қыспаққа алған жағдай болды. Кенесары Қасымұлы 1841 жылы қыркүйекте үш жүздің басы қосылған мәслихатта хан сайланьш, Қазақ хандығын қайта қалпына келтіреді. Көп үзамай Кенесары Қоқан езгісіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қалаларын азат етіл, орысқа қарсы күресін күшейте түседі. Кенесары Қасымұлы Қазақ мемлекетін 1841-1847 жылдар аралығындағы қайта қалпына келтіруі барысында бірнеше әкімшілік және қүқықтық реформалар жүргізіп, қазақтардың әскерін сандық және сапалық жағынан да қайта құрды. Хандықты басқару жүйесіне келсек мемлекет басшысы болып Кенесары сайланды. 32
Сөйтіп, ол ежелгі, дэстүрлі хан атақ-дәрежесін қайта өмірге келтірді. Оның жанында Хан Кеңесі жүмыс істеді. Ол Кенесарының туысқандарымен қатар басқа да билер мен батырлардан түратын. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің әр түрлі бағыттарына жауап беретін бірнеше ведомство құрылды. Баж және салық жинаумен айналысатын қаржылық ведомствоны Сейілхан Сұлтан басқарды. Ал дипломатиялық ведомствоны Есенгелді Саржанұлы, Сейдахқожа Оспанұлы, Шоқпар Бақтыбайұлы және татар Әлім Ягудин, Әскери ведомство жағын Сұлтан Наурызбай Қасымұлы мен Ағыбай батыр басқарды. Онда әскери кеңес те болды. Атқарушы билік хан өкілдері жасауылдарға берілді. Олар салық жинаумен бірге хан тапсырмаларын орындайтын, сондай-ақ, Қазақ ауылдарын Кенесары әскеріне қосылуға үгіттейтін. Жасауылдарды хан тағайындады. Сол кезде құрылған қазақ хандығындагы соттық ерекше жүйелеулер өзгеріске ұшырады. Жоғарғы сот билігі Кенесарының өзінің қолында болды. Ол ерекше істерге шешім қабылдайтын билерді өзі тағайындады. Сөйтіп, соттар мемлекеттік шенеуніктер дәрежесіне жетті. Ерекше еңбегі сіңген билерге орыстардан алған граф атағы берілді. 33
Сот және Сот жүргізу ісі.Кенесары қазақ қогамынын сот жүйесіне бірқатар өзгерістер жасады. Ең жоғарғы сот билігі Кенесарының өз қолында болып, маңызды істерді шешу үшін би-лерді тағайындады. Іс жүзінде дәстүрлі билер соты жойылып. судьялар мемлекеттік шенеуніктерге айналды.
Кенесарының өзі және оның билері үш категория бойынша істерді талдап, шешіп отырды:
- Кенесарыға багынышты адамдардың арасындағы барымта және кісі өлтіруге қатысты істер
- Өздерінінің өтініші бойынша Кенесарыға бағынбайтын рулық бірлестіктердің арасындағы талап қою істері
- Кенесарының азаматтары мен орыс адамдарының арасындағы даулы істер. Жазалау жүйесінде үлкен өзгерістер болмады, дегенмен Кенесары ерікті қазақтардың құлдарга қатысты құқын негіздеп, құлды өлтіргені үшін құн төлеу ережесін бекітті. Сондай-ақ, ол барымтаға байланысты сот шешімін қысқартуғаұмтылды. 34
Салык жүйесі. Кенесары ханның басты міндеті-қазақ мемлекттілігін нығайту үшін салық жүйесін ретке келтіру болды. Осыған орай, Кенесары хандығының барлық барлық азаматтары Ресей империясына, Қоқан, Хиуа хандығына тиісті барлық салық-төлемдерден босатылды. Оның орнына қазақтар зекет салығын төледі. Қырық басқа дейінгі мал табынына салық салынбады, 40-тан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас зекет, 140 тан екі бас, 180 нен үш бас, 200-бас малдан бастап оның әрбір бір 40 басынан 1 мал зекет алынды. Егіншілікпен айналысатын халықтан алын-ған өнімнің 10% көлемінде ұшур салыгы алынды.
Міндетті салыққа қосымша ретінде Кенесарыға бағынатын қазақ қауымы ерікті түрде мемлекет қазынасына мал, азық-тұлік және киім тапсырып отырды. Қазынаны толықтырудың тағы бір әдісі-отарлық әкімшіліктің жақтастарының мал-мүлкін мемле-кет пайдасына мэжбүрлеп алу болды. Бұл шараларды іске асыру үшін арнайы отряд жасақталып, оны Кенесарының қарындасы Бопай басқарды. Кенесарының бақылауындағы территориядан өтетін сауда керуендері оған товар құнының 9/1 бөлігінің көлемінде баж салығын төледі.35
Армия.Кенесары Ресей империясымен, Қоқан хандыгымен үнемі соғыс жүргізе отырып, өзі құрған тұрақты армияға реформа жасауға көп көңіл бөлді. Ол 8-мыңнан 20-мыңға дейінгі әскери құрамын жасақтап дайындады. Алғаш рет әскер құрамын тұ-рақты оқыту қолға алынды, мұндай істермен Кенесарыға қашып келген орыс және башқұрт сарбаздары айналысты. Олар бірнеше жүз қазақ сарбаздарын жаяу әскер тәртібіне, атылатын қаруды игеруге үйретті. Армия түменге, мындықтарға, жүздіктерге бөлініп, оларга сардар, мыңбасы, және жүзбасы тағайындалды. Одан басқа мерген-атқыштар отрядының командирі мерген-басы тағайындалды. Сарбаздарды ажырату үшін олардын төсіне, иығына көк және қызыл жолақтан тігілген ерекше белгілер енгізілді. Ко-мандирлер қызыл сукнадан тігілген қылыштың қынын асынып, Кенесарының өзі полковник шеніндегі белгі тағынды. Барлық қару-жарақ мемлекеттің меншігі болып есептеліп, арнайы орын - қонаққанада сақталып, әрбір әскери операцияның алдында, таратылып берілді. 36
Қазақ хандығының мемлекеттілігі мен қүқығы Кенесары хандық еткен түста бір орталыққа бағындырылатын билік төңірегінде реформалар жүргізді. Күші басым патша әскерімен он жылдан аса күрескен Кенесары хан басқарған ұлттық-азаттық күресі қазақ тарихынан ерекше орын алды. Жалпы, Кенесары көтерілісінің алдында екі ұлы мақсат түрды. Оның біріншісі -тәуелсіз де егеменді біртұтас қазақ хандығын құру болса, екіншісі - қазақ халқын ұлт ретінде Ресейдің патшалык езгісі мен Орта Азия хандықтарының жаугершілік шапқыншылы-ғынан қүтқару болатын. Кенесары Қасымұлы котерілісі жеңілгеннен кейінгі тарихи елеулі жайт, ол Қоқан және Бұқар хандықтарының орыс әскері алдындағы элсіреуі еді. Өйткені, Кенесары бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі өзін қысымға алған қай жақты болмасын біршама элсіретті. 37
XIX ғасырдың 20-50-жылдарында Қазақ халқының аяусыз күресіне қарамай, Қазақстан территориясында Патшалық Россияның зандық және әкімшілік жүйесі өз күшін арттырмаса жойған жоқ. XIX ғасырдың басыңдағы қабылданған "Жарғылар" Қазақстанды отарға айналдырудың бірден-бір көзі болды.
Қазақстанның отарлық жағдайы. 1867-1868, 1886-1891 жылдардағы әкімшілік реформалар.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік-құқықтық жүйесі
Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.
1917 жылдың күзінде Уақытша үкіметтің беделінің түскені ерекше біліне бастады. Патшаның монархиялық билігі қүлаған кезден бастап жаңа биліктің тарапынан үкіметтің саяси бағы-тын аныктауға қатысты бірде-бір маңызды құжат қабылданбады. Үкіметтің әрекетсіздігі байқалды. Осының салдарынан бұрынғы Ресей империясының халқы елде қалыптасқан саяси жагдайдың түрақсыздығына алаңдаған жэне жаңа укіметтің манызды элеу-меттік мэселелерді шешудегі дэрменсіздігіне назарылықтарын білдіріп, жаппай шерулер үйымдастырып бас көтере бастады. Осының нәтижесінде бүкіл елде саяси толқулар басталып, оның соңы революциялық көтерілістерге үласты.
1917 жылы 24 қазанда Петроградта өмірлік маңызы бар объектілер басып алынғаннан кейін Уақытша үкімет түгелімен түтқындалды. 25 казанда таңертең В.И.Лениннің «Бүкіл Ресей азаматтарына үндеуі туралы» мәлімдемесі жарияланып, мемле-кеттік төңкерістің қорытындысы айтылды. Нәтижесінде Уақыт-ша үкімет құлатылып, саяси билік Петроград солдаттары мен жүмысшылары депутаттары Кеңесінің колына өтті. 25 қазанда Смольныйда Бүкілресейлік кеңестердің П-съезі ашылып, онда кеңестер үкіметінің орнап, қарулы көтерілістің толық жеңгендігі жөнінде В.И.Ленинің үндеуі жарияланды. Кеңестер билік басы-на келгеннен кейінгі алғашқы күндерде омірлік маңызы бар екі қүжат-«Бейбітшілік туралы декрет» және «Жер туралы декрет» қабылданды. Бірінші қүжатта майдандағы соғыс қимылдарын тез арада тоқтату жөнінде айтылып, барлык мұдделі мемлекеттерге әділетті демократиялық бітім жасау жонінде келіссөздер жүргі-зуге шақырды. Жер туралы декретте жерге қатысты жеке меншік жойылып, барлық жерлер мемлекеттің меншігі деп жарияланды.
1917 жылы 2 карашада бұхара халықтың алдында жаңа биліктің беделін котеруді қамтамасыз еткен, ұлттық мэселелр бойынша маңызды эрі алғашқы құжат «Ресей халықтары кұқығының Декларациясы» қабылданды. Бұл құжатта осыдан былай халықтарды бір-біріне айдап сапуға қатысты жұргізілген сұрқия саясатқа нүкте қойылатын жөнінде уәде етілді. Ресейді мекендеген халықтардың арасындағы ұлттық саясаттың бағыты төмендегідей негізде жүргізілетіні жөнінде жария етілді:
1. Ресей халықтарының теңдігі мен егемендігі.
2. Ресей халықтарының өздерінің дербес мемлекеттерін құру-ға дейінгі езін-езі ерікті түрде анықтау құқығы.
3. Барлық ұлттық жэне үлттық-діни артықшылықтар мен шек-теулерді жою.
4. Ресей территориясында мекен еткен аз ұлттар мен этника-лық топтардың еркін дамуына жағдай жасау.
1917 жылы 3 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесінің тарихи маңызы бар тағы бір құжаты жарияланды. Бұл құжат - «Ресейдің жэне Шығыстың барлық мұсылмандарына үндеу» деп аталды.
Кеңестік Ресей үкіметі барлық мұсылмандарга оның ішінде қазақтарға арналған бұл үндеуде олардың сенімдері мен дэстүрлері сақталып, ұлттық жэне мэдени мекемелері еркіндікте болады жэне оларға қол сүғылмайды деп мэлімдеді. Мұсылмандардың барлық құқығы басқа да Ресей халықтарымен қатар революцияның жэне оның органдарының барлық күш-қуатымен қорғалады деп сендірді. Қазақстанның басым копшілік халқы большевиктердің бұл ұранына сеніп Кеңес үкіметін қолдады, осының барысында қантөгіс азамат соғысында большевиктердіц жеңіске жетуіне ықпал жасады.
Қазақстан аймағында Кеңес үкіметінің орнау үдерісі бірқалыпты жағдайда өтпеді. Бірқатар өңірлерде бүл үкіметті сенімсіздікпен карсы алса, кейбір аймақтарда жергілікті халықтың қарсылығына тап болды, көпшілік жерлерде ешқандай қантөгіссіз, бейбіт жағдайда орнықты. Осындай эртүрлері саяси ахуал жағ-дайында 1917 жылы желтоқсанда Орынборда Бүкіл қазақтық 11 съезд ашылды. Бұл съезге Қазақстанның эртүрлі өңірлерінен атап айтқанда, Бокей Ордасынан, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жеті-су, Самарканд облыстарынан және Алтай губерниясынан өкілдер қатынасты. Съезді ұйымдастырушылар қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерлері - Ә.Бәкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов, Х.Досмұхаммедов т.б. болды. 1917 жылы 5 желтоқсанда Орьшборда екінші бүкілқазақтың съезі ашылып, оған барлық қазақ облыстарынан 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде 10 мэселе қойылып, оның 6-уы таза мемлекеттік құқықтық мэселелер болды. Олар: 1. Сібір Түркістан автономиясы, әрі оңтүстік-шығыс одағы туралы. 2. Қазақ-қыргыз автономиясы. 3. Милиция. 4. ¥лт Кеңесі. 5. Халықтық сот. 6. Ауылдық басқару. Съездің көтерген ең басты мәселесі үлттық автономия түріндегі мемлекеттікке қол жеткізу болды. Съезде "Алаш" автономиясының орталық атқарушы өкімет органы ¥лт Кеңесі Алашорда үкіметі құрылды. Үкіметте барлығы 25 орын белгіленді. Оның 15-і съезде сайлаңды, 10 орын басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды. Міне, осының өзінен-ак Алаш автономиясының үлт мэселесін шешуде сындарлы бағыт ұстанғандығын байқатады.
Алайда, Алаш қайраткерлерінің ғасырларға созылған қанаушылықты жойып, қазақ халқының өз тағдырын өзі анықтап, нағыз еркіндікке бастайтын саясатының алғашқы қадамдары, кейіннен Кеңес үкіметі тарапынан ұлтшыл-дық және сепаратистік эрекеттер ретінде танылды. Алаш қай-раткерлері өз тараптарынан қазақ ұлтының аз да болса еркіндік жағдайын сақтау мақсатын көздеп, Кеңес үкіметімен байланыс орнату жолын іздеді. Осы тұрғыдан жаңа үкіметпен арадағы жүр-гізілген келіссөздерде Кеңес үкіметі мен Алаш автономиясының бірін-бірі тану туралы мэселелер көтерілді. Алайда, Ресей импе-риясының орнын басқан Кеңес үкіметінің Қазақстан жөнінде өз-дерінің есептері болды, сондықтан Алаш автономиясын тануды қажет етпеді. Осыдан кейін Алаш-Орда қайраткерлері ақ казактар эскерінің атаманы А.Дутовпен байланыс орнатуға мәжбүр бол-ды. Олар Кеңес үкіметінің Алаш автономиясына қатысты озбыр-лық саясат жүргізетініне көздері жеткеннен кейін, келіссөздерді тоқтатып, бұрынғы құлатылған билікпен бірге қосылып, Кеңес үкіметіне қарсы күресуге мэжбүр болды. 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында төтенше кеңес шакырылып, онда барлық автономиялық басқаруларды жойып, Ресейде біріңғай орталық-тандырылған билік құруға шешім қабылданды. 1919 жылы қазан айында Кеңес үкіметін өз еркімен мойындаған оның бұрыңғы саяси қарсыластарына кешірім беру туралы шешім қабылданды. Алайда, Қазақстанда Кеңес үкіметі толық орнығып, нығайғаннан кейін, Алаш автономиясы идеясын негіздеп, оны құрушы қазақ-тың зиялы қайраткерлеріне қарсы ашықтан-ашық жазалау шара-лары жүргізіліп, Кеңес үкіметіне сенім білдірмегені үшін басшы-лық қызметтерден қуылды.
Сонымен, Уфадағы төтенше кеңестің шешімімен «Алаш-Орда» автономиясы 1920 жылдың басында толық жойылып, осы кезден бастап, барлык биліктің тетігі революциялық ко-митеттердің колына берілді. Алаш қайраткерлерінің кантөгіс-ті азамат соғысы кезінде, экономиканың барынша құлдырауы, биліктің орталықтандыруы мен нашар ұйымдастырылуы жағ-дайында Қазақстанда жасауға ұмтылған саяси қайта кұрулар-ды іс жүзінде іске асыру мүмкін емес еді. Өкінішке орай, казақ халқын Кеңес үкіметінің одан кейінгі даму кезендерінде де үл-кен зобалаң, қайғы-қасірет күтіп тұрды, атап айтканда, азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі аштық, жаппай саяси қудалау, екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқына үлкен қиыншылық экелді.
Алашорда үкіметінің саяси-құқықтық шаралары.
Қазақстанның автономиялық республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы.
Казревкомның басты мақсаты өлкені автономияға әзірлеу еді. Сөйтіп, 1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.И.Ленин жэне БОАК төрағасы Н.И.Калинин "Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социа-листік Республикасын құру туралы" декретке қол қойды. Сөйтіп, РКФСР құрамында Қазақ АКСР-і құрылды. Оның астанасы Орынборда болды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орын-борда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай Кеңесі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын Қазақ Орталық атқару комитетін құрып, оның төрағасы етіп С.Меңдешовты, ал, Қазақ Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы етіп Р.Радусь-Зенковичті бекітті. Республика территориясы 5 миллионнан астам жұртшылығы бар 2 млн шаршы км-ге жуық территорияны алып жатты. Кұрылтай съезі "Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы" қаулы қабылдады жэне "ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын" қабылдады. Бұл конституциялық қуаты эрі мәні бар декларация Қазақ автоно-миясының мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін тағы да басқа жақтарын анықтаған құжат болды. Сон-дай-ақ, Декларацияга кеңес үкіметі еңбекшілердің тегін білім алуына, отырықшылық өмір-салтына көшуіне жәрдемдесіп, үлт-тық тілін қолдануды қамтамасыз етіп, қазақ еңбекшілерінің руха-ни, саяси және шаруашылық салаларын дамытуға барынша қо-лайлы жағдайлар жасайды деп сендірді. Айта кету керек, Декла-рацияда көрсетіліп, күн тэртібіне қойылған бірқатар мақсаттарға қол жеткізіліп, олар орындалды. Атап айтқанда, жалпы білім бе-ру жүйесі жасалып, сауатсыздықты жою қамтамасыз етілді. Білім беру ісіне өскелең үрпақтың барлығы жүмылдырылды. Еылыми мекемелердің жүйесі қалыптасып, Ұлттық гылым академиясы қүрылды, ғылыми және техникалық зиялылардың үлкен тобы қа-лыптасты.
Кейін аталған декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің тұңғыш Конституциясының жобасына кірді. Жалпы, Қазақстандағы жоғарғы өкімет билігі кеңестердің бүкілқазақтық съезі болып танылды. Осы съезде Қазақ Орталық Атқару Комитеті сайланды. Ол 75-ке дейін мүшеден түрып, 25 мүшелікке кандидаттан құралды. Қазақ Атқару Орталық Комитеті бүкілқазақтық съезі жылына бір рет шақырылды және ол аталған съезд аралығында жоғарғы билік органы болып есептелінді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съезді ол өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1 білдіретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алатын еді. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі барлық билікке басшылық жасап, Қазақ Орталық Атқару Комитетін сайлады, эрі өкіметтің есебін тыңдап заңдар қабылдады. Бүкілқазақтық съездің делегаттары уездерден жіберіліп, съездер аралығында жоғарғы заң шығарушы, өкімші жэне бақылаушы съезд сайлаған Қазақ Атқару комитетінің қолында болды. ҚазОАК-нің қүрамын белгіледі. Ол ҚазОАК өкіметі Халық комиссарлар кеңесін құрып, өкіметтің жұмысына жалпы бағыт-бағдар берумен бірге барлық өкімет билік органдарының жұмысын басқарды. Сондай-ақ, оларды біріктірді, өзара келістірді жэне бақылады. ҚазОАК Халық комиссарлар кеңесімен біріге отырып республикадағы эр түрлі салаларды басқаратын халық комиссарларын құрды. Халық комиссарлар кеңесі - ҚАКСР-дың өкіметі және өзіне берілген құқық шеңберінде ҚазОАК-тің заң шығарушы, атқарушы және өкімші органы болды.
Жалпы, Халық комиссариаттары жеке дара және біріккен болып екіге бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дің халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттары, сондай-ақ ҚазОАК пен Қазақхалық комиссарлар кеңесіне де бағынды.
Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы-шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта жэне телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.
Қазақ Кеңестік автономиясының 20-шы жылдардагы дамуы жағдайында қазақ эйелдерінің басыбайлықтан қүтылып, ерлер-мен қатар теңдік алуының тарихи маңызы болды. Осыган орай 1920 жылы 20-желтоқсанда ҚАКСР-нің Орталық Атқару Коми-теті және Халық Комиссарлар Кеңесі Әділет Халық Комиссари-атьт дайындаған «Қалын малды жою жөніндегі Декрет» кабыл-дады. Аталған Декретте эдет-ғүрып дэстүрі бойынша некеге түруға тиым салынып, мүндай іс-эрекеттер эйелді сатуға жэне сатып алуға байланысты жасалған заңсыз мэміле ретінде қарас-тырылып, қалың мал телеуге қатысты келісімдердің бүзылуын сот тәртібімен қорғау құқығына тиым салынды. Қалың малға тиым салынуына байланысты қалыңдықтың күйеуге шығуы кезінде өз туыстарының тарапынан берілетін мүлік - «жасаудың» тағдыры туралы мэселе пайда бол-ды. Бүл жөнінде ҚАКСР-нің Орталық Атқару Комитетінің 1921 жылғы 29 кыркүйегіндегі арнайы Декретінде «жасау» қалыңдық-тың бөлінбейтін меншігі деп қарастырылды. Декретте бүл мэселе нақты былай деп түжырымдалды: «Дэстүр бойынша некеге тү-рушылар мен олардың туыскандары арасында өзара алмасылған мүлік «жасау» болып есептеліп, қайтарылуға жатпайды. Көп ке-шікпей ҚАКСР-ның Әділет халык Комиссариаты «Қалың малды жою жөніндегі Декреттің» қолдану тэртібін түсіндіретін арнайы нүсқама дайындады.
ҚАКСР-нің Халык Комиссарлар Кеңесі 1921 жылғы 17 қаң-тарда отбасы қатынастарын реттеуге бағытталған «Қырғыздар-дың (қазактардың) неке құқыгьт туралы» Декрет кабылдады. Бұл Декреттін қабылдануының қажеттілігі Қазақстанның ерекше жағдайы ескеріле отырып, осыған дейінгі неке қатынастарында ежелден орнықкан әдет-ғұрып құкығы мен шариат заңдарының ықпалын біржолата жою арқылы оны Ресей Федерациясының не-ке жэне отбасы заңдарына сэйкестендіру талабынан туындады. Декретте жаңа жағдайда неке тұрудың неғізгі шарты мен некеге тұру жасының мөлшері және оның заңдық тұрғыдан жарамдылы-ғы анықталып, яғни некеге тұру ешкімнің мэжбүрлеуінсіз ерікті түрде жүргізіліп, неке жасының мөлшері ер адамдарға 18-жас, қа-лындық үшін 16-жас белгіленді. Сонымен бірге Декретте эйел-дерді мэжбүрлеп некеге тұргызуға қарсы бағытталған кұқықтық нормалар көрсетілді. Мэселен, Декреттің 9-шы бабында осыған дейін қазақ дэстүрінде жиі кездесетін болашақ күйеуі мен қалын-дықтың элі дүниеге келмеген кездегі некені тіркеуге тиым салды. Декреттің 6-шы бабы көп әйелалушылыққа карсы бағытталып, онда осыған дейін некеде тұру жағдайында басқа бір некені ре-сімдеу оған кедергі болатын жағдай деп көрсетіліп, көп әйел алу-шылық қазақ эйелдерінің рухани-моральдық құндылығын аяққа таптап, езгіге түсіретін құбылыс деп бағаланды. Аталған Декрет-тің 12-бабында әдет-гұрып құқыгы жүйесіндегі «эмеңгерлікті» жою жөнінде нақты айтылып, «жесір» эйел өз тағдырын өзі ше-шіп, ол екінші рет тұрмыс құрганда өз қалауымен басқа рудың адамына күйеуте шығуға құқы бар деп көрсетілді. Бұл кұқықтык актіде болашақта азаматтық хал актілерін тіркейтін органдарда гана (ЗАГС) неке қатынастары заңда күшке ие болады деп көр-сетілді. Сондықтан, Декреттің 10-бабына сәйкес неке тұру үшін жасалған ата-аналарының жэне туыстарының арасында жасалган өзара келісімдер жарамсыз деп танылып, тараптардың арасында белгілі бір құқықтардыңорнығуына, міндеттердің пайдаболуына негіз болмайды деп айтылды. Некенің бұзылуы жұбайлардың тірі кезінде ажырасу арқылы жүргізіліп, бұл мэселе 1918 жылы қа-былданған Ресей федерациясының Неке жэне Отбасы кодексінің негізінде шешілді.
1920 жылы 27 желтоксанда ҚАКСР-нің Орталық Атқару Ко-митеті «Құнды жою жөнінде» Декрет қабылдады жэне ол іс жү-зінде Қазақ Автономиясының алғашы қылмыстық заңдарының бірі болды. Бұл Декреттің 1 бабында кұн туралы төмендегідейтүсінік берілді: «Құн-төгілген қан үшін кісі өлтірген адамның немесе оның туыстарының қазақтың әдет-ғұрпы негізінде бекі-тілген дэстүрі бойынша кінэлі адамды жауапкершіліктен босату үшін оның жазасының орнына мал есебінен төленетін өтем ақы». Сол кезеңдегі Кеңестік қылмыстық заңының көзқарасы бойын-ша байларға, шонжарларға т.б. үстем тап өкілдеріне кісі өлтіруіне мүмкіндік жасалып, екінші жағынан мұндай қылмыстарды ашу-ға және кінәліні жазаға таруға кедергі жасалады. Сондықтан құн төлеуге жэне оны алуға тиым салынып, бұл әрекеттер қылмыс ретінде танылады. Декретте құнға қатысты жазаның негізгі түрі -оны алған адамның тиісті құнға сәйкес мүлкі тэркіленеді деп көр-сетілді. Егер іс бойынша құнды алуға өлтірілген адамның руы те-гіс қатысқан жағдайда ұжымдық жауапкершілік негізінде құнның мөлшері барлық ру мүшелерінің есебінен жиналып тэркіленеді.
Қазақстандағы отырықшыландыру мен ұжымдастыру.
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстандағы ауылша-руашылық саласын социалистік жолмен қайта құру міндеттерікүн тэртібіне өткір қойылды. Кеңес үкіметінің пікірінше, бұл ша-раларды іске асыруға ауылдағы ескі, күні өткен орта ғасырлық қатынастарды сақтауға ұмтылған байлар тобы кедергі жасады. Сондыктан байларға қарсы жан-жақты шаубылды бастау үшін олардың экономикалық негізін үзіп, байлардың ауыл еңбекші-леріне тигізген ықпалының бастауларын жою қажеттілігі туын-дады. Осы мақсатпен шабындық жэне егіншілік жер телімдерін қайта бөлу жүргізілді. Нэтижесінде кептеген аймақтардағы ша-бындық жэне егіншілік жерлер байлардың иелігінен тартып алы-нып, кедей және орта деңгейдегі шаруашылықтарға берілді.
Социалистік қатынастарды қайта құру бағытындағы келесі қадам-ауылдардағы бай-феодалдардың мүлкін тэркілеп, ездерін жер аудару саясатына негізделді. Бұл саясаттың негізгі мақсатына Қазақстандағы ұжымдық шаруашылықты дамытуға, социалистік қатынастарды нығайтуға және жергілікті жерлердегі Кеңес билік органдарының белсенділігін арттыру арқылы ауылдағы феодал-дық-патриархалдық сарқыншақтарды негіздеуші әрі таратушы байларды тап ретінде жоюдың алғы шарттары белгіленді. Бүкіл-қазакстандық VI партия конференциясының шешіміне сәйкес (1927, қазан) 1928 жылғы 27 тамызда ҚазақАКСР-ның ОАК мен ХКС «Байлардың шаруашылығын тәркілеу» туралы қаулы қабыл-дады. Аталған каулыға сәйкес ездерінің теріс ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі келтіріп, жартылай феодалдық, патриар-халдық жэне рулық қатынастарды сақтауға мүдделі болған жер-гілікті халықтың ірі байлары жер аударылуға тиісті болды. Бұл категорияға кешпелі аудандарда 400 бастан аса, жартылай көшпе-лі аудандарда 300 бастан аса, отырықшы аудандарда - 150 бас ірі қара малы бар адамдар жатқызылды. Бұрынғы таптық қоғамның кептеген артықшылықтарын пайдаланған сұлтандардың, хандар-дың ұрпақтарына қатысты өкіметтің ерекше шешімі талап етіл-меді.
Жер аударылуға тиісті түлғаларға және олардың отбасы мүше-леріне бұрынғы аудандарында тұрып, шаруашылықпен айналы-суға тиым салынды. Аталған тұлғалардың еңбек құралдарынан басқа ауыл шаруашылық мүлкі тәркіленуге тиісті болды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің құрамына кірмейтін, күнделікті үй тұрмысында қолданылатын заттар (көйлек, мата, мебель, үй зат-тары) тэркілеуге жатпады. Кедейлердің байлардың алдындағы борыштық міндеткерлігінің барлығы жойылды. Тэркілеу шарала-рын жүргізу үшін орталық жэне округтік комиссиялар құрылды.
Тэркіленген мүліктердің басым бөлігі (60-70%) жергілікті халық-тың кедейленген шаруашылықтарына берілді. Қалганы колхоз-дардың қарауына берілді.
Байлардың шаруашылықтарын тәркілеп, жер аударудың ба-рысында олардың экономикалық жэне саяси түрғыдағы тигізген ықпалына түпкілікті соққы берілді. Жалпы алғанда, республика бойынша 696 шаруашылық тәркіленіп, 145 мың мал басы мен көптеген мүліктер тартып алынды. Тэркіленген 85 мың мал басы кедейлер мен жалшыларға таратылды. 1928 жылы 24 карашада ҚазОАК-ті «Байлардың мүліктерін тәркілеу шараларын аяктау және Орталық, жергілікті барлық комиссияларды тарату жөнін-де» қаулы кабылдады. Осыған орай барлық комиссиялардың жү-мысы 1928 жылы 1 желтоқсаннан бастап тоқтатылып, осы кезден бастап жер аударуға және тэркілеуге қатысты істер жалпы тәртіп-пен прокуратура мен жүмысшы шаруа инспекциясында (ЖШИ) каралуға тиісті болды.
Қазақстандагы үжымдастыру (колхоздастыру) шаралары ком-партияның XV съезі өткеннен кейін кең өріс ала бастады. 1926-1928 жылдар аралығында ауылшаруашылығы артелдерінің саны 773-тен 1608 дейін, жерді өңдеу серіктестігі (Т03) 177-ден, 727 дейін өсті. Оның есесіне коммуналардын саны бірнеше есеге кемі-ді (97-ден 80-ге дейін). Осы түрғыдан ауыл шаруашылығы коопе-рациясында өндіріс күралдарын біріктірудің деңгейі бір-бірінен ерекшеленеді. Өндіріс қүралдарын біріктірудің жоғарғы сатысы коммуналарда (іс жүзінде 100%) төменгі деңгейі жерді өңдеу се-ріктестігінде (Т03) жүргізілді. Бүл кезеңде ауылшаруашылығын индустрияландыруға ерекше маңыз берілді. Мэселен, 1928 жылы Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға мемлекет тарапынан 80 миллион рубль бөлінді. 1929 жылы тамыз айында республикаға 803 трактор экелінді, оның 122-сі совхоздарға, 402-сы колхоздарға берілді.
