Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Algoritmy_vypolnenia_kaz_2015-16_g_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.18 Кб
Скачать

«Астана Медицина университеті» ақ

1 Балалар аурулары кафедрасы

Іс-әрекет алгоритмі

Оқке 4 - станциясы

Жүрек аускультациясы (10 жасар). Есеп №5 Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.

Кезеңдері

Іс-әрекеттердің сатылығы

1

Жүрек ұшының аускультациясын жүргізу (митральді қақпақшаның проекциясымен аускультация).

Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндаңыз: «жүрек ұшы– митральді қақпақша».

2

Төстен оңға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (қолқа проекциясымен аускультация).

Төстен 1 см оңға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндау: «қолқа».

3 3

Төстен солға қарай екінші қабырға аралығымен аускультация жүргізу (өкпе артериясының проекциясымен аускультация).

Төстен 1 см солға қарай, екінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндау: «өкпе артериясы».

4

Семсер тәрізді өсінді аймағында аускультация жүргізу (үш ашпалы қақпашасының проекциясымен аускультация).

Семсер тәрізді өсінді маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндау: «үш ашпалы қақпаша».

5

Боткина нүктесін де аускультация жүргізу (қолқа қақпашасы проекциясымен аускультация).

Төстен солға қарай, төртінші қабырға аралығының маңына фонендоскопты қойыңыз. Іс-әрекетті баяндау: «Боткина нүктесі – қолқа қақпашасы».

6

Жүректің соғу жиілігін санау, интерпретация.

Сол жақтан, бесінші қабырға аралығының маңына, 1 см ішке қарай ортаңғы бұғана сызығы бойымен (жүрек ұшына) фонендоскопты қойыңыз (жүрек ұшына). Іс-әрекетті баяндау: ЖСЖ минутына 140 рет, айқын тахикардия.

7

Жүрек тондарын анықтап, сипаттама беріңіз.

Іс-әрекетті баяндау: Жүрек тондары анық, өкпе артериясының үстінен II тонның акценті байқалады.

8

Жүрек маңындағы шуларды анықтап, сипаттама беріңіз.

Іс-әрекетті баяндау: Төстін сол жағынан, II-III қабырға аралығында дөрекі тембрлі, созылыңқы қолқа мен жүрек ұшына берілетін– систолалық шу естіледі.

9

Қорытынды жасау

Болжам диагноз: Цианозсыз, кіші қан айналымы толықтаған жүректің тума ақауы (ЖТА). Жүрекше аралық перденің ақауы (жоғары).

«Астана Медицина университеті» АҚ

1 Балалар аурулары кафедрасы

Пән « Балалар аурулары»

ОҚКЕ №4 станциясы

Жүрек аускультациясы

6 есеп

Ұл бала, 10 жаста. Ауруханаға пневмонияға күдікпен түскен. Кеуде тұлғасының рентгенографиясын да өкпе суретінің кедейленуі байқалды. Ентікпеге, тез шаршағыштықпен әлсіздікке шағымданады. Анамнезін де: ерте жасынан жүрек маңында шу естіледі, кардиолог бақылауында тұрады. Пальпация да өзгерістер байқалмайды, перкуссия да – жүрек шекаралары айқын оңға кеңейген.

Жүрек аускультациясын жүргізіңіз.

Жүректің соғу жиілігін санаңыз.

Жүректің ырғағынына сипаттама беріңіз.

Жүрек тоны мен шуларын анықтап, сипаттама беріңіз.

Қорытынды жасаңыз (болжам диагноз).

Станцияның ұзақтығы - 5 минут.

Алынған нәтижені бағалау және келесі станцияға өту – 2 минут.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]