Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Algoritmy_vypolnenia_kaz_2015-16_g_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.18 Кб
Скачать

«Астана Медицина университеті» АҚ

1 Балалар аурулары кафедрасы

Пән « Балалар аурулары»

ОҚКЕ №1 станциясы

Өкпе аускультациясы

Есеп №1

Бала 5 жаста.

Балалар ауруханасында емделіп жатқанына 5 күн болған. Ауруханаға түсер алдындағы шағымы: дене қызуының 38,5-39,0С дейін көтерілуі, ылғалды жөтел, сылбыр, әлсіздік және тәбеттің төмендеуі. Ауру анамнезінде: ауырғанына 6 күн болған, жедел түрде дене қызуы 38,0 С-қа дейін көтеріліп, кейін 39,0 С –қа дейін жоғарлаған, тынысы жиілеп, тәбеті төмендеген.

Тыныс алу жиілігі минутына 40 рет.

Кеуде қуысының перкуссиясы барысында өкпе үні оң жақ жауырын асты ауданының 6-шы қабырға аралығында қысқарған.

Қазір баланы тыңдап, жөтеліне сипаттама бер.

Өкпеге аускультация жаса.

Тыныс алу жиілігін есепте.

Тыныс алу түрін анықтап, сипаттама бер.

Тыныс алу шуылын анықтап, сипаттама жаса.

Қорытынды жаса ( болжамды диагноз қой).

Станция ұзақтығы -5 минут.

Нәтижені бағалап келесі станцияға өту ұзақтығы - 2 минут.

«Астана Медицина университеті» ақ

1 Балалар аурулары кафедрасы

Іс-әрекет алгоритмі

Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)

1 - станция

Өкпе аускультациясы (жасы 5 те )

Есеп №1. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.

Қадамдар

Орындау критериі

1

Сырттай назар салып тексерісте жөтел мен тыныстық сипатын анықтау

Оқытушының қойып берген дыбыстық жазбасын тыңдап және оған пікірлер жүргізу

2

Алдыңғы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу.

Дәрігердің қалпы (студенттің): Науқастың (манекеннің) алдынан оң жағынан тұру. Аускультация жүргізу:

1.Оң және сол жақ өкпе ұшы аймағынан бүғана орта сызығы бойымен;

2.Оң және сол жақ екінші қабырға аралық аймағына;

3.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық аймағына;

4.Оң жақ төртінші қабырға аралық аймағына;

5.Оң жақ бесінші қабырға аралық аймағына;

6.Оң жақ алтыншы қабырға аралық аймағына;

3

Беткей бүйір аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу

Дәрігердің (студенттің) қалпы: Алдыңғы жақтан аускультация жүргізу (Дәрігерге қолайлы болу үшін сол жаққа қарай шегінуге болады). Қолтық асты ортаңғы сызық бойымен аускультация жүргізу:

1.Оң жақ алтыншы қабырға аралық деңгейде, сол жақтан манекеннің ерекшелігіне байланысты аускультация жүргізу мүмкін емес, сондықтан тек

( ауызша түрде баяндау).

2.Оң және сол жетінші қабырға аралық деңгейде.

4

Артқы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу

Дәрігердің(студенттің) қалпы:

Науқастың (манекеннің) артынан сол жақтан тұрып аускультация жүргізу:

1.Оң және сол жақ жауырын үсті аймағында;

жауырынаралық аймағында;

Паравертебральды (омыртқа маңы) сызықпен;

2.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық дейгейде

3.Оң сол бесінші қабырға аралық дейгейде; жауырын сызығымен жауырын асты аймағына;

4.Оң және сол жақ жетінші қабырға аралық дейгейінде;

5.Оң және сол жақ сегізінші қабырға аралық дейгейде;

5

«Еркін»аускультация жүргізу

Классикалық емес өкпе аускультациясын жүргізу-«Еркін» аускультация(мақсаты: қосымша тыныс алу шуын нақтылау, анықтау).

6

Тыныс алу жиілігін есептеу

Тыныс шуы аймағына фонендоскоп қойып, 1 минутта тыныс алу жиілігін есептеу. Тыныс жиілігі минутына 16 рет

7

Тыныс алу түрін анықтау оған сипаттама беру

Талдау жасау:Катты дыбыс.

8

Қосымша шудың «тыныстық» түрін анықтау сипаттамасын беру

Талдау жасау: Ылғалды ұсақ көпіршіктенген сырыл естіледі.

9

Қорытыны жасау

Болжамды диагноз: Ауруханадан тыс оң жақ өкпе пневмониясы, орташа ауырлық дәрежелі, асқынбаған, жедел ағымды, тыныс жетімсіздігі (тексерген кездегі көрсеткіш 0, ауруханаға жатқызылған кезде 2дәреже).

«Астана Медицина университеті» АҚ

1 Балалар аурулары кафедрасы

Пән « Балалар аурулары»

ОҚКЕ №1 станциясы

Өкпе аускультациясы

Есеп №2

Бала 5 жаста.

Балалар ауруханасында емделіп жатқанына 7 күн болған. Ауруханаға түсер алдындағы шағымы: дене қызуының 39,0С дейін көтерілуі, ылғалды жөтел, сылбырлық және әлсіздік. Ауру анамнезінде: ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы үнемі 38,0 С пен 39,0 С аралығында жоғарлаған.

Тыныс алу жиілігі минутына 40 рет.

Кеуде қуысының перкуссиясы барысында өкпе үні оң жақ жауырын асты ауданының 9-10-шы базалды сегментте қысқарған.

Қазір баланы тыңдап, жөтеліне сипаттама бер.

Өкпеге аускультация жаса.

Тыныс алу жиілігін есепте.

Тыныс алу түрін анықтап, сипаттама бер.

Тыныс алу шуылын анықтап, сипаттама жаса.

Қорытынды жаса ( болжамды диагноз қой).

Станция ұзақтығы -5 минут.

Нәтижені бағалап келесі станцияға өту ұзақтығы- 2 минут.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]