Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
titul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

2.2 Облигациялық заемды өтеу және оның құнын өлшеу.

Облигациялық заем амортизациясы. Жергiлiктi үкiмет басшылары 2,0 млрд. теңге мәлшерiнде облигациялық заемды шығаруды көздеп отыр дейiк. Барлық заем 2 мың теңгелiк номиналды құны бар 1000000 дана облигацияларға жiктелген. Заем 4 жыл iшiнде әр жылдығ тең төлемдермен өтелуi тиiс. Облигациялардың жылына бiр - ақ рет өтелетiн купоны бойынша төленетiн жылдық 5% табыстылығы бар. Облигациялардың өтелуi олардың номиналды құны бойынша атқарылады. Осы заемның амортизация жоспарын құру керек.

Мына формула бойынша мерзiмдiк төлем мөлшерiн анықтаймыз:

млрд. теңге (564023660 теңге).

Заемды өткiзу сәтiндегi проценттiк төлемдер мөлшерi:

млрд. теңге (100000000 теңге).

Облигациялық заемды амортизациялау жоспары

Жыл

Жылдық мер-зiмдiк төленiм сомасы, теңге, Y

Проценттiк төлем, теңге

I

Облигацияның өтеуiн сатып алуға арналған сомасы, теңге, R

Жыл басындағы төлемдерi өтелмеген облигациялар, дана

Жыл соңындағы төлемдерi өтелген облигациялар,

дана

1

564023660

100000000

464023660

100000

23201

2

564023660

76799000

487224600

76799

24361

3

564023660

52438000

511585600

52438

25579

4

564023660

26859000

537164600

26859

26858

Барлығы

2256094400

256096000

1999998400

-

99999

Қарызданушы үшiн облигациялық заемның өлшенуi.

Көп жағдайда облигациялық заемның шығарылуы эмитент үшiн көптеген шығынға әкеп соқтыртады (көптеген алымдарды, салықтырды төлеу, облигацияны таратушылар тарапынан комиссиялық алымдарды төлеу және т.б.). Осыған орай, эмитенттiң алған сомасы заемның өз сомасынан төмен болады. Заемның шығарылуы мен оның орналастыруына қатысты шығын құны облигация номиналының 100 данасына шаққандағы есеппен алынады, яғни үлестiк құны есептелiнедi. Бұл жағдайда жылдық күрделi проценттiк ставкасы негiзiнде есептелiнетiн заем бағасы орналастыру ставкасы формулалары бойынша табылуы мүмкiн. Мұндағы заем бағасын анықтау үшiн облигация бағамынан үлестiк шығын мөлшерi алынады.

2.3 Акциялар және олардың бағалануы

Облигациялар бойынша кепiлдiктi табыс алу мүмкiндiгi салымшыларды қызықтырғанымен, бағалы ғағаздар нарығының едәуiр бөлiгiн акциялар құрайды. Артықшылықты акция түрiнен өзгеше акциялар тiркеулi табысы бар бағалы қағаздар қатарына жатқызылмайды. Сондықтан акцияларға қатысты операциялардың тиiмдiлiгi шартты түрде ғана болжамдануы мүмкiн. Облигация иесiне қарағанда инвестордың акцияларға жұмсалған әз қаражаттары үлкен қаржы қатерiне төтелiп берiлуi мүмкiн.

Акциялар бойынша табыс екi элементтен құралады: дивиденд арқылы төленетiн табыспен, сонымен қатар сатып алу және сату бағаларының айырмасынан. Егер акцияға жұмсалған инвестицияның тиiмдiлiгiн салыстырмалы өлшеммен өрнектесек, онда акцияның тиiмдiлiк кәрсеткiшiн былай жазуға болады:

, (42)

мұндағы – акцияның сатып алу бағасы;

- акцияның сату бағасы;

d – акцияның иелену мерзiмiнде алынған дивидендтер.

Негiзiнде акция бағасы сан алуан түрлi факторларға байланысты анықталады, соның iшiнде ең бастысы дивиденд бойынша төлемнiң болжамды мөлшерi. Басқа түрлерiне жатындар: акцияны шығарған корпорацияға сенiмдiлiгi, кәсiпорынның iлгерi дамуының жоспарлануы, нарықтық несиелiк процент деңгейi және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]